Күрделі сөздердің
табиғаты және
оның түрлері.
Испандиярова А.Т., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,гуманитарлық
ғылымдар магистрі.
Күрделі сөздер: күрделі біріккен сөздер,
күрделі кіріккен сөздер,
күрделі қос сөздер,
күрделі қысқарған сөздер және
тіркескен болып бөлінеді.
Қазақ тіліндегі
кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, биыл,
бүгін, тоқсан, қарлығаш тәрізді сөздер
жатады. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын кіріккен сөздерге
компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр-тұрпатынан өзгерген
сөздерді жатқызады.
Мысалы: бәйшешек, бәйтерек
сөздерінің
құрамындағы
бәй деген элемент
әуел баста бай формасында болғаны, кейін
соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты дыбыстың ықпалынан «а» фонемасы, «ә» фонемасына айналып, бәйшешек, бәйтерек болып
қалыптасып кеткені
мәлім.
Біріккен сөздерге:
қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке,
итмұрын,
қарақұс, аққу тәрізді сөздер жатады. Біріккен сөздер біріншіден
кейбір жұрнақтар арқылы туынды сөздің
жасалуына негіз болады. Мысалы, ақсақалды, аққудай т.б. Екіншіден, кейбір терминдік
атаулардың құрылымын
жасауға қатысады.
Мысалы: тасбақа, өнеркәсіп, құндыз [1,7].
Күрделі
қысқарған сөздер әрі ықшамдалып,
әрі бірігіп жасалады.
Күрделі
қысқарған сөздер ғылыми-техникалық,
қоғамдық-саяси
терминологияда, мекеме, ұйым аттарында ұшырасады.
Күрделі атаулар мынадай жолдармен
ықшамдалады:
а) Күрделі атаудың әрбір
сөзінің басқы дыбысынан
құралады: ТМД,
АҚШ, ХҚТУ.
ә) Күрделі атаудың құрамындағы
алғашқы сөзінің басқы дыбыстарынан
құралады: ҚазМУ, АлМи;
б) Күрделі атаудың
құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан
құралады:
партком, совхоз, обком ;
в) Күрделі
атаудың
құрамындағы
алғашқы
сөздің
басқы буыны мен соңғы сөздің бірігуінен
құралады:
мединститут, пединститут т.б. [2, 97].
Күрделі сөздердің келесі бір түрі — тіркескен
сөздер. Мысалы, су жылан, түлкі тымақ, қоңыр ала, көк ала, он бес, сатып ал, екі
жүз, алып қайт, күні
кеше т.б. Осындағы су
жылан, түлкі тымақ сөздері зат есімдерден; көк ала, қоңыр
ала сын есімдерден; екі жүз, он бес сан есімдерден; сатып ал, алып
қайт етістіктерден; күні
кеше үстеуден жасалып тұр
[2,88].
Жоғарыда аталып
өткен күрделі сөздердің бір түрі күрделі кіріккен
сөздер жайлы профессор
Қ.Жұбанов өз пікірін білдірген. Ол кісі 1930 жылдардың өзінде-ақ қандай сөздерді кіріккен
сөз дейміз, кіріккен сөздердің қандай белгісі болады
деп сауал қойып, соған берген жауабында: «Бірнеше сөзден
құралған болса да, кіріккен
сөздер бір-ақ нәрсені атайтын, бір-ақ
сөздің орнына жүретін болу керек. Екінші, кіріккен сөз
болу үшін, мұның ішіндегі жеке сөздердің
әрқайсысы сөйлемде өз алдына бір–бір мүше болмай,
бәрі жиналып барып сөйлемнің бір-ақ мүшесі болу
керек...Үшінші, кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не
екеуінің де формасы жай қалпындағыдан өзгеріп
басқа түрге түседі. Төртінші, кіріккен
сөздердің бір айырмасы — мұнда екпін біреу-ақ, онда кірігуші сөздердің
ең соңғысында ғана болатындығы» — деп
тұжырымдайды [3, 223].
Профессор Н.Сауранбаев
қазақ тіліндегі изафеттік топтың түрлеріне
тоқтала келіп: «Бірінші топтың өзгешілігі –олар синтаксистік
шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз тудыру жүйесіне айналған тәсіл... Изафеттің
бұл түрі қазір тұтас бір атау болып ұғынылады»– дейді. Мысалға,
қаламұш, баскиім, желбеу дегендерді келтіреді де сөйлемге бір
мүше болатынын айтады [4, 21].
Қазақ тіл біліміндегі біріккен сөздерді зерттеумен шұғылданған екінші тіл маманы Г.Жаркешева: «...біріккен сөз
дегеніміз семантикалық бір мағынаны білдіретін,
сөйлемнің бір ғана мүшесі болатын, біріккен екі
сөздің аралығына дыбыс үндесу заңы әсер
ететін сөздер деп түсіну
керек» [5,82], – дейді. Сонымен, Г.Жаркешева біріккен сөздердің ерекшеліктері
дегенге мағына тұтастығын, сөйлемге дербес бір ғана мүше болуын, компоненттерінің
қалыптасуына дыбыс үндесу заңы
қатысуын жатқызады.
Түркі тектес халықтарда көп қолданылған,
олардың сөздік қорындағы сөздік
тұлғалардың бірі – қос сөздер. Сондықтан
көптеген ғалымдардың назарын аударып зерттеу
еңбектерінің объектісі
болды. Қос сөздерге арнайы жазылған еңбек деп Н.К.Дмитриевтің еңбегін атауымыз керек. Автор
башқұрт тілі деректерінің негізінде қос
сөздердің жасалуы, түрлері, мағыналары жөнінде
ғылыми тұжырымдар жасайды. Осы мәселе
төңірегіндегі зерттеулерді сала-салаға бөліп,
саралағанда, морфологиялық, этимологиялық,
стилистикалық тұрғыда қарастырылған бірталай
еңбектерге кездесеміз.
А.Есенғұлов
көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қос сөздердің
табиғатын көрсетсе, Ә.Керімов қос сөздерді құрамына қарай
қайталама және қосарлама қос сөздер деп бөледі.
Негізгі көпшілігі таза түркі сөздерінің
қосарлануы арқылы жасалған дей отырып, кірме сөздерді
де айқындайды: Екі сыңары да араб сөзі: мал-мүлік, екі
сыңары да парсы сөзі: парә-парә, бір сыңары араб,
бір сыңары түркі сөзі: шәһар-бол, мал-товар,
қазғу-хасрәт [6, 49-45].
А.Есенғұлов: Көне түркі жазба ескерткіштерінде
қос сөздердің қосарлама түрі қолданылады да
қайталама қос сөздер кездеспейді», - деп көрсетеді
[7,138]. Тағы бір атап өтетін жайт: Көне жазбаларда қос
сөздердің орын тәртібі өте тұрақты. Егер
сыңарларының орнын ауыстырса, қос сөз болудан
қалады. Мысалы: қыз-оғул — қыз бала,
оғул-қыз —балалар, қыз-қудуз — қыз бала,
қудуз-қыз — әйел [7,139].
А.Байтұрсынов
өзінің еңбегінде қос сөздерге былай
анықтама береді: «Қос сөз дегеніміз – қосарынан
айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі
түрлі болады, біреуі нәрсенің көбін атайды, екіншілері
айыра атайды. Алдынғысы жалпылағыш қос сөз деп соңғысы жалқылағыш
қос сөз деп айтылады» [8,45], — дейді. Жалпылағыш қос сөздерге:
аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман, киім-кешек,
бақа-шаян сияқтыларды жатқызса, жалқылағыш
қос сөздерге: жел-бау, жүк-аяқ, ер-батыр, есен-аман,
өмір-қопса, шекті-бай,
төсек-ағаш т.б. жатқызады.
А.Байтұрсынов қос сөздерді жалпы екіге бөліп қарастырса, белгілі тіл маманы Ж.Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа
бөліп көрсетеді.
1. Мәндес
қос сөздер (қыз-келіншек).
2.
Қайшы мәндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық).
3.
Сыңар мәндес қос сөздер (алай-дүлей,
кәрі-құртаң).
4.
Қайталама
қос сөздер (тау-тау, бес-бестен).
5.
Қоспа буынды
қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тәп-тәтті)
[9, 64].
А.Қайдаров,
Н.Сауранбаевтың қос сөздерді беске бөліп жіктегенін
қостай келе,қос сөздердің осы бес түрі
барлық сөз таптарына да ортақ екенін, бірақ қос
сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі сөзден
құралатындығын, оның әрбір сыңарының
кейде толық мағыналы, кейде мағынасы жоқ сөз
болатыны белгілі дейді. Ол зерттеушілердің екі сөзден
құралатындығына сүйеніп, қос сөздерді
сөз тіркесі түрлеріне жатқызатындығын да айтып
өтеді.
А.Қайдаров кейбір басқа еңбектерде қос
сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың сөз тіркесінен
төмендегідей айырмашылығы
барлығын көрсетеді.
Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос
сөздер сөз тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі
сыңары да мағыналы болғанымен, бір сөздің орнына
қолданылады. Қос сөздердің әрбір сыңары басқа
тілге калька бойынша аударылмай, тек
мағынасы жағынан аударылады. Қос сөздердің
сыңарының
мағыналық жағынан жақындастығы
соншалық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты айтуда арасына кідіріс жасап
айтуға болмайтындығын А.Қайдаров өзінің еңбегінде
айтып өтеді [10,12].
Қос сөздердің
күрделі түрі үтір арқылы жазылады және екі
сөзден ғана емес,одан да көп сөзден, тіпті екі
сөйлемнен жасалады. Бұл жайтты анықтаған
Кеңесбаев былай дейді: «жалаң қос сөздерге
қарағанда, күрделі қос сөздер, көбінесе,
метафоралық мағынада айтылады. Бұл
есептен олар «идиомдық» немесе «фразалық» қос сөздер
бола алады. Оларға мынадай мысалдар келтіреді: «ұзын-арқан,
кең тұсау», «үлде мен бүлдеге оранып», «айрандай аттап,
күбедей пісіп», «бір сырлы, сегіз қырлы», «алалы жылқы,
ақтылы қой», «әулиеге айтып, қорасанға қой
айтып». Оның айтуынша қос сөздер деп атау үшін
сызықшамен жазылу шарт емес, яғни тілімізде бір-бірінсіз
айтылуға келмейтін тиянақты сөздерді қос сөздер
деп тануға болады» [11, 93].
Стилистика тұрғысынан қос сөздердің
қолданылу жайына алғаш көңіл аударған ғалым
Ф.Мұсабекова. Ол қос сөздерді зат есімдік тұлғада қарастырып,
сөйлем ішіндегі қолданылуына, стильдік мән-мазмұнына
түсініктеме береді. Ғалым қос сөздерді
қолданудың сөйлем
мағынасына әсерін былайша
көрсетеді: «Көшені араладық»дегенде немесе
«көше-көшені араладық» деген екі сөйлемде айтылып
тұрған ой мағыналас, бірақ бұл екі сөйлем
арасына мағыналық жағынан тепе- теңдік белгісін
қоюға болмайды, себебі «көше-көшені араладық»
дегенде, даралап, бөліп-бөліп айырып, әлденеше көшені
аралағаны айқын берілсе
«көшені араладық» дегенде, даралау көптік ұғымнан
гөрі жалпылық ұғым басым беріледі. [12, 133].
Жоғарыда айтылған пікірлердің
бәрін қорытындылай келе,
қос
сөздердің
стилистикасы мынадай
мәселелердің
айналасында болған:
1.
Қос сөзді қолданудың сөйлем
мағынасына әсері.
2.
Қос сөздердің экспрессивті- эмоционалдық мағыналары.
3.
Қос сөздерді қолданудың
ұтымдылығы.
4.
Жеке жазушылардың қос сөздерді қолдану ерекшелігі.
Сонымен, күрделі сөз, оның табиғаты
мен морфологиялық құрылымы және
түрлері жайындағы жоғарыда айтылған
мәліметтерді жинақтай
келгенде, күрделі сөз кемінде екі түбірдің
бірігуінен, тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар әр басқа
ұғымды емес, бәрі жиналып келіп бір ғана
ұғымды білдіреді.
Күрделі
сөздің шыққан
тегі — сөз тіркесі. Тілдің
даму барысында сөз тіркестері семантикалық жағынан да,
морфологиялық жағынан да,
синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен
күрделі сөздер жасалған.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.- Алматы:
«Ана тілі», 1991 ж. -320 б.
2.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: «Мектеп», 1972
ж.-240 б.
3.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер.-
Алматы, 1975 ж. -180 б.
4.
Сауранбаев Н. «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер
жүйесі» Алматы, «Мектеп» 1948 ж.
-150 б.
5.
Жаркешова Г. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің
орфографиялық сөздігі.- Алматы: «Жалын», 1960 ж.-140 б.
6.
Кәрімов Ә. Қазақ әдеби тілінің
қалыптасу тарихы мен даму жолдары.- Алматы, 1981 ж. -240 б.
7. Есенғұлов А. Көне түркі
жазба ескерткіштеріндегі қос сөздер және олардың
қазақ әдеби тіліне қатысы жайында. – Алматы, 1982 ж.
-150 б.
8. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы: «Ана тілі»,
1992 ж. -110 б.
9. Сауранбаев Н. Қазақ тілі педучилищеге
арналған. – Алматы:
«Жазушы», 1953 ж.-150 б.
10. Қайдар Ә. Қазақ
тілінің өзекті мәселелері.
Алматы, 1998 -180 б.
11. Кеңесбаев І. Қазақ тіліндегі
фразалық қос сөздер. - Алматы, 1950 ж. -190 б.
12. Мұсабекова Ф.
Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.- Алматы,
«Мектеп» 1982 ж.-145 б.