Секция
филология
Сапарова К.О.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, магистр
СӨЗЖАСАМДЫҚ
ЖҮЙЕНІҢ ТІЛГЕ, СӨЗ ТАПТАРЫНА ӘСЕРІ
Тіл, ең бастысы, адамдар арасында қатынас
құралы болғандықтан, ол белгілі бір ортада, дамып,
үнемі толығып, адам санасының өсуіне байланысты
өмірде жаңа заттар мен ұғымдар туып, оларда атау
қажеттілігі артып отыруы нәтижесінде тілдің бай лексикасы
үздіксіз дамиды. Күнделікті
тұрмыста, оқу-ағарту, білім-тәрбие саласында,
мәдени өмірде, қоғамдық саяси өмірде,
ғылым саласында, іс-қағаздар ісінде т.б.
қажеттіліктерден туындаған сөздер тіліміздің
сөздік құрамының баюына белгілі орын алғанымен,
тіліміздің сөздік құрамының баюына негізгі
қызметті сөзжасам жүйесі атқарады да, тілде жаңа
сөздер жасалып сөздік қорымызды үнемі байытып отырады.
Сөзжасам
ертеден келе жатқан тілдік құбылыс
болғандықтан бір жүйеге келіп тұрақты
болғанымен, үнемі толығып отыруына байланысты ол қатып
қалған құбылыс емес екендігін өмірдің
өзі де дәлелдеп отыр. Тілімізде байырғы сөздермен
қатар басқа тілден енген сөздер де қоғамдық
өмірдегі өзгерістерге сәйкес толығып отырады. Жаңа ұғымдар пайда болып
сөздердің пайда болуы мен жасалуының белгілі
заңдылықтары орнығады. Сөзжасам жүйесінде тіл
көне заманнан бері үнемі толығып, дамып, күрделеніп,
әбден қалыптасқан заңдылықтары арқылы
ғана жүзеге асады.
Сөздік
қорымыздың ұдайы дамуынан ана тіліміздің күші мен
құдіретін сезінуге болады. Туған халқымыздың
ертеден-ақ бағдарлап, сөз өнерін, бүкіл өнердің басы деп санады.
Қазақ халқының тіл байлығы жер бетіндегі бай
тілдердің біріне жатады. Оның бай сөздік құрамы
неше бір ғасырлар бойы қалыптасқан. Сөзжасам
жүйесіндегі көптеген тілдік құбылыстар,
заңдылықтар сонау көне түркі тілінен бастау
алған. Мәселен, Орхон-Енесей ескерткіштеріндегі грамматикалық
заңдылықтар негіз бола алады.
Түркі
тілдері зерттеу нәтижесінде сол кездің өзінде-ақ
сөзжасам жүйесінің өзге шет ел тілімен де
толығуын көруге болады.
«Орхон
–Енесей жазба тілдерінде шетел кірме сөздерінің азғана
мөлшері бар – кейбір лауазым атаулары, қытай және соғды
тілдерінен этно және топонимдер» [1,134]. Осыдан тілдің
сөзжасам жүйесі ертеден қалыптасқан тек тілдің
даму процесінде сөз жасаушы элементтер, сөз жасау тәсілдері,
модельдері өмірдің елеулі өзгерістеріне сәйкес бірде
активтеніп, бірде пассивтеніп, бірде мағынасы кеңейіп, тіпті кейде
қолданыстан шықса, енді бірде жаңа қосымшалармен
толығып отырады.
Түрлі
сөздердің сөзжасамы жазу-сызу пайда болмай тұрған
кезден бастап бастау алған ал сол
сөздерді жүйелейтін сөздіктер қажеттілігі
әртүрлі мақсат-мүдделерге сай, белгілі жүйе
бойынша топталып, нақты ұғымдарды білдіретін нышандардан,
белгілерден, сөздерден жасалған азамзаттың даму жолын
айғақтайтын куәлік тәрізді, рухани
мәдениеттің жазба шежіресі.
«Қазіргі қазақ лексикографиясында
белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығын көрсететін
анықтамалық еңбекті сөздік деп атайтын болса» [2, 354],
сол сөздік құрамы барлық
әдебиет пен мәдениеттің, ғылым мен білімнің тілі,
оқу мен өнердің тілі, баспасөз бен саясаттағы
түрлі іс-қағаздарының тілі. Сөз белгілі бір
мағына беруі арқылы айқандалады.
Сөздік қор, сөздік құрамның дамуына
сыртқы себептер мен қоса ішкі себептер, яғни, ішкі тілдік
құбылыстар, сөз мағынасының кеңеюі деген
мәселелер (этимологиялық құбылыстар) әсер етеді
де, соған сай жаңа сөздеррдің пайда болуына ықпал
жасайды. «Сонда тілдегі байырғыы сөздердің мағынасын
ауыстыру арқылы пайда болып, жаңа ұғым атауы болатын
сөздің түрі лексикалық (семантикалық) жолмен
жасалған туынды сөз деп аталады» [3, 279]. Мысалы: сарт етті,
сарт саудаласты, кілт бұрылды, белім кілт етті, нота кілті, кілт ете
қалғыш т.б. Аталған сөздердің мағынасы
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былай
беріледі:
САРТ І Екі заттың қатты
соқтығысынан шығатын дыбыс.
◊
Сарт ете түсті [қалды] - а) бір нәрсе сарт етіп
қатты тиді; ә) сап ете қалды, тез жетті. Сарт еткізді
[етті] - тарс ете қалды.
Сарт ІІ көне Саудагер, бақалшы [4, 711].
КІЛТ І Құлыпты, есікті
сандықты ашып-жабатын ашқыш. 2. Ауысп. Белгілі бір нәрсені бұрап бекіту не босату
үшін жұмсалатын құрал. 3.Бір нәрсенің
түсініп-білудің, іске асырудың тетігі, түйіні.
КІЛТ ІІ муз. Нота жолының басында тұрып,
нотаның мәнін айқынқындайтын белгі.
КІЛТ ІІІ Шұғыл, тез. ◊ Кілт етпе – а)
бел, аяқ буындарының ауруы; ә) аяқ астынан лезде
өкпелегіш. Кілт етті - өкпеледі, ренжіді [4,
437], т.б.
«Сөзжасамның
басты белгісі - жаңа сөздер (лексикалық туындылар) жасап, сол
арқылы тілдің сөздік құрамын байыту, жаңа
ұғым атауларының қатарын көбейту, сөйтіп
лексикалық сипаттағы құбылысты танытатын тілдің
бір саласы болады» [3, 9]. Қазіргі қазақ тілінде
тіліміздің байлығын, көркемдігін танытын әр алуан
сөздіктер, яғни, түсіндірмелі сөздік,
фразеологиялық сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдер
және омонимдер сөздігі, терминдер сөздігі, екі тілді аударма
сөздіктер, орфографиялық және орфоэпиялық
сөздіктер, т.б бар. Осыған орай қазіргі қазақ
тілі - басқа тілге аудару немесе басқа тілден аударуға,
түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол,
сөзжасамдық жүйесі кемелденген тіл. Яғни сөзжасам
жүйесінің жұмсалу аясының кеңдігін,
әлеуметтік және қоғамдық қызметінің
шарықтап өскендігін көрсетеді. Әрі тіліміздің сөздік қоры
байып, мүмкіншілігі мол құдіретті тіл болып
қалыптасуының бір тетігі тілдің сөзжасам жүйесіне
байланыстылығын көрсетіп, оның тілде атқаратын
қызметі мен оның маңызын айқындай түседі.
Cөзжасам
жүйесі бойынша кез-келген сөздің мағыналық
түрі, байланысы, негіз сөз мағынасы болмаса ол
өзінің мағыналық қасиетін жоғалтып
сөз жасаудан қалатынын көруге болады. Мысалы: балкон
сөзін қазақша алғашқы кезде аударғанда
қылтима де нұсқасы ұсынылды. Ал ол сөздің
мағынасы «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде былай берілген: ҚЫЛТИМА Қылт ете қалғыш, өкпелегіш [4, 557]. Осы
тәріздес сөздерді аудару барысында сөздердің
барлық мүмкіншілігін анықтай отырып саралаған
дұрыс шығар. Сонда ғана тіліміздегі бай лексикалық
мағынасы бар сөзжасамдық құрылымы
анықталған жүйе қалыптаспақ.
Қорыта
келе, әр сөз таптарының ерекшеліктеріне байланысты сөзжасамға қатысу
қабілеті әртүрлі. Басқа сөз таптарына
қарағанда зат есім, сын есім, етістіктер сөзжасам процесінде
әлдеқайда белсенді түрде қатысса, ал сан есім, еліктеуіш сөздер,
одағай сияқты сөз
таптарының сөзжасамдық мүмкіндігі төмендеу.
Шылауға келетін болсақ оның сөзжасамдық
элементтері де жоқ. Осыған қарап қазақ тіліндегі
барлық сөз таптарының мүмкіндігі бірдей еместігін
байқауға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Түркі тілдері. Энциклопедиялық
басылым. – Астана: Фолиант, 2002.
–
700
б.
2. Қазақ тілі:
энциклопедия. – Алматы: 1998. – 509 б.
3. Жахина Б.Б. Сөзжасамды
оқытуға қосымша. Оқу құралы. –
Көкшетау: Келешек-2030, 2007. – 151
б.
4.
Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. –
Алматы Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.