Журсиналина Г.К.,
ф.ғ.к., Такиров Орал
1 курс студенті.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті
Қазақстан,
Қостанай қ.
Абай мен Ахмет
аудармаларының үндестігін пайымдау
Эпостың шағын өткір жанры
мысалдың қазақ әдебиетінде жедел дамып,әдеби
процессте ықпалды маңызға ие болған кезеңі XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына дәл
келеді.
Мысал –
қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында
еніп, ХХ ғасырдың басында сәтті жалғасын тауып, ерекше
дамыған жанр. Аталған кезең аралығында дүниеге
келіп, дербес жанр ретінде қалыптасқан мысал қазақ
әдебиетіне шығыстан да, сонымен бірге батыстан да енді деп
айтуға әбден болады. Өйткені аталған кезеңде
шығармашылық еткен қазақ қаламгерлері алдымен
төл фольклорлық және әдеби мұрамыздан,
қалай сусындап өссе, қалыптасса, соң олардың
әрқайсысы білім алған ордаларының
бағыт-бағдарына сай не батыс не шығыс әлемінің
фольклорлық және классикалық әдебиет үлгілерімен
танысып өсті. Осыған
орай олардың шығармашылықтары алдымен ұлттық
соң не шығыстық, не батыстық әдебиет
үлгілерімен тығыз байланыста қалыптасты. Мысалы, Дулат
Бабатайұлы, Майлықожа, Молда Мұса, Тұрмағамбет
Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары секілді ақындардың
мысал өлеңдері мен дастандары шығыс фольклоры және
әдебиеті материалдарының негізінде шығыспен тығыз
байланыста дүниеге келді деуге келеді. [1,62]. Ал, Ыбырай, Абай секілді ұлы ағартушы
ақындарымыз бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр
Көбейұлы, Бекет Өтетілеуұлы, Сәбит
Дөнентайұлы қостаған келесі топ орыс әдебиетін
оқып өсті, қалыптасты. Олардың дені негізінен орыс
әдебиетінен мол аудармашылық жұмыс жасады.
Ол
кезеңде Дулат Бабатайұлы, Ыбырай Алтынсарин,Абай
Құнанбаев,Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан
Бөкейханов,Машһүр-Жүсіп Көпеев,Сұлтанмахмұт
Торайғыров секілді алыптар буыны дүниеге әкелген мысылдар,
Мұсабек Байзақов,Тұрмағамбет Ізтілеуов,Сәбит
Дөнентаев,Бекет Өтетілеуов,Спандияр Көбеев т.б. мысалдарында
жалғасын тауып,жанрдың тұтас тұлғасы
көрінеді. [2,86]. Дәл осы кезеңде мысал жанрының жедел
дамуы кездейсоқтық емес.Бұл кезең қазақ
халқының өмірінде ірі-ірі тарихи
оқиғалар,қоғамдық қарым-қатынаста әлеуметтік өзгерістер
әкелген ерекше уақыт екені
белгілі.
Қазақ даласындағы сол бір қоғамдық
тарихи мезгіл қазақ халқының рухани өміріне де
әсерін тигізбей қойған жоқ.Міне,осы әлеуметтік
өзгерістер мен рухани серпіліс мысал жанрының дамуына ықпал
еткен негізгі факторлар еді. Жалпы,өміріндегі өзекті
мәселелерді көтерер көсем сөз сияқты
өтімді, өктем жылдам жанарлардың әдеби аренаға
толық шықпай,шыққанның өзінде бүкіл
халыққа мол дәрежесінде жетпей жатқан кезде
халықты елдікке,бірлікке,оқу-білімге шақыруды
ғибраттық сарында,табиғатында поэзиямен егіз мысал
жанрының халық үшін маңызы ерекше болды. Мысал
жанрының дамуы бүкіл қазақ поэзиясын жаңа
деңгейге көтерген қазақ әдебиетінің
классигі Абай дәуірімен тұспа-тұс келді. [3,96].
Рухани серпіліс кезінде,
Абай дәстүрін жалғастыра мысалды әдебиетімізде
жаңа биікке көтерген - Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет
Байтұрсынұлы мысалдары сол кездің өзінде
қазақ әдебиетіндегі өзгеше құбылыс ретінде
танылды. Репрессия құрбандарының бірі болған Ахмет
Байтұрсынұлының артына қалдырған мол мұрасы
халыққа қайта оралды. Қазіргі кезде,осыған орай
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының арналы
саласы-мысалдарын зерттеу,сол арқылы қазақ мысал
жанрының күрт өрлеу кезеңінің табиғатын
тану әдебиеттану
ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мысал
жанры қоғамдағы
немесе жеке адамның бойындағы кейбір жағымсыз жәйт,
кемшілік,дерт,ұнамсыз мінез-қылықты ашық,тура
санамай,аллегориялап сынап-мінейді. «Аллегория» - грекше астарлап
айту,басқаша айту деген сөз. Яғни мысал-аллегория
әлгідей кемшілік дертті көбінесе адамның емес,басқа бір
хайуанаттың,құстың немесе бір заттың басында
болған оқиға етіп суреттейді.Өзінің айтар
идея,ой-пікірін жасырып,жұмбақтап айтады[4,54].Әңгіме
бір жәндік,бір зат туралы болғанмен,оның ар жағында
адам бейнесі,адам ісі,адам характері тұрады.
Кейде мысал бір адамның басында болған хикая
деп те жазыла береді.Бірақ мұндай адам туралы жазғанымыз
мысал болу үшін оны екінші мағынасы астарлы пікірі болу
керек.Мысалшы әлгі адамның теріс әрекет-қылығын
көрсету арқылы басқа біреулердің басындағы,немесе
соған табына,әлеуметтік тобына тән жөн-жозықсыздықты
сынап-мінеуге тиісті.
Ахмет Байтұрсынов сөз
дұрыстығына,тіл анықтылығына,тіл тазалығына,тіл
дәлдігіне,тіл көрнекілігіне зор талғаммен қарауға
шақырған ғалым және өзі асқан
талғампаздық танытқан ақын.Стиль сипаты алдымен шығарманың
тілінен танылатыны анық.
Ахмет Байтұрсынов
мысалға шығармашылық даралығымен келген жаңашыл
суреткер болды.Ақын мысалдарының өзіндік бір
ерекшелігі-уақиғаға құрылуы эпостық
сарыны.Мысалы «Аңдарға келген індет» атты драмалық
тартысқа құрылған мысалдың көтерген
жүгі қайсібір шұбалаңқы поэмалардың
сюжетінен салмақтырақ. [5,56]. Ахмет
Байтұрсынұлының мысалдарыңның эпостық
тынысты жазылуы жанр табиғатын түсінбей
шашыраңқылыққа ұрыну емес,қайта
әлемдік белгілі сюжет мазмұнын терендете мысалды драмалық
сипатты шығарма деңгейіне көтеруінде.
Ахмет Байтұрсынов мысалдары
тапқырлық жағынан сан-салалы. Дегенмен,ойшыл
ақынның халық тағдырын ойлаған «елшілік
ұраны»(М.Әуезов.) көтерген мысалдарына жаңа
идеялық сипат дарытады.
Ахмет Байтұрсынов
— жанр табиғатын терең таныған адам.Ол өз мысалдарында
фольклорық,жанрлық және көркемдік дәстүрді
үйлесімді берген.Мысалдың сюжеттік ортақтығы
сияқты фольклорық дәстүрмен бірге,жанрлық
дәстүрді,әртүрлі көркемдік тәсілдері
(пернелеу,ғибрат,персонаж,әңгімелеу,сатира,драмалық
тартыс,сентенция) ұтымды пайдалана білген.Стиль қалыптастыруда
жанрдың өзіндік өзгешілігінің мәні
зор.Соколовтың тілімен айтқанда, «стильдің жанрға
тәуелділігі» мысалда анық байқалады.Әрине,қандай
стильдік көшенденуі,жарқырап көрінуі көркемдік
шеберлікке байланысты.
Ұлы
адамдардың ойы бір жерден шығып отырды. Қазақ
халқы қашан да астарлы сөзді,тұспалды мысалды
іліп-қағып айтуды ұнатады және оның астарын
жақсы түсінеді. Ояна бастаған қазақ елінің
жетесіне жеткізіп айтатын оңтайлы тәсілі де осы мысал еді. Крыловтың
неліктен ұлы аталғаны,қай қасиетімен классик
дәрежесіне көтерілгені әдебиетші қауымға
мәлім. Бұл тұста біз үшін маңыздысы-АхметБайтұрсынов
Крыловтың қай қырына қызықты,оны өзіндік
ақындық мұратына қалай жаратып,қалай пайдаланды
,сол арқылы айтар сөзін халқына қалай жеткізді?Ал,
Крыловты аудару арқылы Ахаңның ойлаған мақсатына
жете алғанын,атқан оғы нысанасына дәл тигізбегенін біз
білеміз.Оны кезінде Мұхтар Әуезов жеткізе айтқан,
«Қырық мысалды» ол «қалың қазақ
жұртының алғашқы естіген төңкеріс
рухындағы сөзі» деп бағалаған.
Қаракетшіл тіршіліктен мүлде хабарсыз, марғау
жатқан халықты ең әуелі нысаналы,нәтижелі
өмірге көтеру үшін Ахмет Байтұрсыновқа
бағдар етерлік осындай пайымды практикалық мән қажет
еді.Оны ол Крыловтан тапты.Ендігі мәселе соны жеткізе білуде еді. Осы
тұста Белинскийге тағы да жүгінуге тура келеді. «Біздің
заманымызда мысал ақылгөйлікке салынатын болса,поэзияның
жалған түріне айналып кетеді де,балалардан басқа ешкімге
керек болмай қалады.Ал енді ащы әжуа (сатира) түріндегі мысал
- бұл поэзияның нағыз тұнған жері»,-дейді
Белинский. [6,42].
Мысал арқауы-хикая,
көздейтін нысанасы-соның ішіндегі мәні, ал қолданатын
қаруы-әжуа мен мысқыл. Крылов өзінің суреткерлік
түйсігімен мысалдық эстетикалық заңдарын тап басып
игерген.Орыс мысалының атануы да сондықтан. Ахмет те
жаңағы пайымды практикалық рухты дарыту үшін
мысалдың мазмұнын Крыловтан алады да ,ал жаңағыдай
уыттай қарауды өз халқының даналығынан ,ана
тілінің ішкі мүмкіндігінен іздестіріді және ол да . Крыловша
дәл басып табады.Ал,Абай
аудармалары еркін аударылғанның өзінде аударманың
классикалық үлгісі болып қала бермек. Крылов мысалдары тілі, стилі, формасы,
ұйқасы, ырғақ-бунақтары жағынан өте
күрделі. Дегенмен Крылов мысалдарын әрі классикалық
формасымен де, терең идеялық мазмұнымен де қазақ
оқырмандарына аударып, толық түрде ұсынатын кез жеткен
секілді. Осы ретте ұсынылып отырған бұл аударма ақын
мысалдарының түпнұқасын, формасын, ұйқасын,
бунақ-тармағы мен ырғағын барынша сақтауға
тырысқан бірден-бір толық түрі болып саналады. Әрине,
мұның бәрі аудармашыға көп күшке
түскені әрі көркемдік сапасына да әсерін тигізбей
қоймағаны анық. Аудармашы-автордың мақсаты
бүгінгі қоғамда да маңызын жоя
қоймаған. [7,13].
Ахмет Байтұрсынов
поэзиясының үлкен бір арнасы-оның аудармашылық
өнері.Тіпті,анықтаңқырақ айтсақ, Ахмет
Байтұрсынов ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы
танылды.Оның жұртшылыққа баспа бетінде алдымен
ұсынған еңбегі -
И.А.Крыловтан аударған «Қырық мысал» болатын.
«Маса»жинағына да сол Крыловтан үш-төрт мысал,Пушкиннің
«Алтын балық»және «Алтын әтеш» жайындағы ертегілері мен
бірділі-екілі өлеңдері,тағы басқа орыс, Европа
ақындарының шығармалары енгізілген. Абай мен
Ахмет мысалдары аудармадан гөрі
қазақтың өз топырағында
жаратылған шығарма кейпінде
ортақтасқан үні мен өзіндік стилі мен иірімдерді
бірлесе тоғытқан үндестігі кейпінде көрінеді Қазақ әдебиетіндегі көркем
аударма тарихы бай екендігі мәлім.А.Байтұрсынов аудармамен
шұғылданған тұста, яғни XX ғасырдың
бас кезінде аудармада, әсіресе, орыстың классикалық
әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде
едәуір тәжірибе жинақталған еді.
Ахмет Байтұрсыновтың
«Қырық мысал» жинағы қазақ әдебиетін
жаңа тақырыптар мен идеялармен,ойлармен,өрнектермен
байытты.Абайдың ақындық дәстүрі ілгері
жалғасты,заман талабына сай жігерлі поэзия туды. Абайға
дейінгілермен бірлесе Дулат ,Шортанбайлар, Майлықожа
Сұлтанқожаұлы,Молда Мұса, С .Көбеевтер, Ы.
Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов, С.Торайғыров,
С.Дөнентаев,Т.Ізтілеуовтер
жалғастырды.
Ахмет
Байтұрсыновтың сүйікті жанры-мысал. Грек мысалшы Эзоп,француз
Лафонтен, орыс Крыловтың өткен замандардың
қалдықтары мен керітартпалықтарын,өз табы ішіндегі
басқа да топтардың кемшіліктерін сынау үшін мысалды
құрал еткені сияқты,Байтұрсынов та
бүйе,тағы да сол сияқты бейнелерге орыс патшасы
чиновниктерінің зорлықтарына және феодализмнің
қалдықтарына өз табы тұрғысынанқарсы
шығады.
Ахмет
Байтұрсынов мысалдарының тіліндегі ұлттық бейнелік
ерекшеліктері, сипат-белгілері мысалдарының төлтума сипатын
айқындауға айрықша мән беріліп, мысалдарының Абай
,Крылов мысалдарымен үндестігі және өзгешілігі салыстырыла
қаралады. Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» атты
кітабындағы мысал өлеңдер осы жанр саласындағы
қазақ әдебиетінде стильдік биіктен көрінген
көркем туындылар екені даусыз.Бұл мәселенің
ғылыми-теориялық және практикалық мәні зор.
Өзінің «Қазақтың бас ақыны» деген
мақаласымен Абайды жұртшылыққа танытқан,
өзіне рухани ұстаз ретінде таныған Абайдың жолын
жалғастырған, халқымыздың рухани көсемі,
әрі ұстазы Ахмет мысалдары ұлы Абайдың ойымен,
шығармаларымен үндесіп жатқан, қазақтың
төл әдебиетінің биік шығармалары дейтін болсақ
,әділет,шындық алдында да, аруағы алдында да азаматтық
парызымыз өтелгені дер едік.
Әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Шығармалары (Өлендер, аудармалар,
зерттеулер). – Алматы, 1989 – 297 б.
2.
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.- 463 б.
3.
Жұбанов Қ.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999. –
581 б.
4.
Құнанбаев А. Тндамалы шығармаларының
жинағы ( «Ғасырлар даналығы» сериясы»). – Мәскеу, орыс
раритеті, 2006.
5.
Құнанбаев А. Шығармалары
( Қара сөздер). – Алматы, Жалың, 1979, 1982.