А.Қайыпбаева. филол.ғ.к., доцент.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай. Қазақстан.
Ұлттық
бояуды сақтай отырып қазақ жарнамаларын дамыту
Көшеміздегі жарнамаларда шалалықтың
етек алуы шындық.Аударма барысында қолданылған әдістер
қиылыспай жатқанда лингво-этникалық түзетулер енгізуге
тура келеді.Бұған мысал ретінде орыс тіліндегі «Министерство
юстиции» деген атауды алсақ, қазақ тілінде «Әділет
министрлігі» деп беріліп жүр.Егер сөзбе-сөз аударса
қате болар еді.
Кез келген тілде іскери хат әдеби нормаға
сәйкес аударылады [1,144]. Қазақ жарнамаларында шетелдік
жарнамалардың көшірілуі байқалады, ұлттық
мәдениет белгілерінің жасанды өзгертілуі көзге
айқын көрінеді.Бұлар қазақ жарнамаларының
ықпал ету қызметін төмендетеді.
Әрине, «іші – алтын, сырты – күміс» сөз
жақсысын келістірген сәтті аудармалар да бар. Мысалы, «еселеп артар
кірісің, үнемді болса әр ісің» - «тройной результат без
лишних затрат», «зачем полцарства за коня!»-«астыңдағы атыңды
алты ай іздеме!». Бұл аударма тіл емес, қазақша мәтін,
ой.[2,4].
Сочетание качеста и цены! Сапа мен баға
үйлесімділігі!
Артық
жалғаулар мен жұрнақтар жоқ. Әрбір сөз
орнында тамырын терең жайып тұр. Бірнеше мысал келтірейік:
Офисный мир Кеңсе
әлемі
Звонки на все мобильные по одной цене!
Барлық ұялы байланысқа қоңырау бір бағамен!
Все для отделки и ремонта! Бәрі де өңдеу және
жөндеу жұмыстары үшін!
Присоединяйся! Бізбен бірге бол!
Нағыз өмірге сән беретін
құбылыс.Осыларға қарап күнделікті өмірде де
бір жаңалық барын білеміз, десек те қазақша жарнама
тілін қалыптастырып, ұлттық бояуды сақтап отырсақ іргесі берік ел болатынымыз
айғақ.
Тоқсан сөздің
тобықтай түйіні, көрнекі ақпарат пен жарнаманың
аударма нұсқасын емес, семантикалық,
грамматикалық, стилистикалық нормалары сақталған
қазақша жарнама тілін дайындауға ерекше көңіл
бөлу керек.
Жарнама агенттіктері және олармен мемлекеттік тілді
жетік меңгерген, қазақ халқының
этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа
тілдерді де жақсы білетін тілші мамандар мен аудармашылар қажет.
Жарнама түрлерімен айналысатын агенттіктер мен
кәсіпорындарға тіл нормаларын сақтауды талап ету,
оларға жауапкешілікті жіктеу, заңды бұзғандарға
айыппұл салғызу керек.
Міне бүгінгі қазақ қауымы алдында
тұрған, салмағы екі ұрпаққа да тең
түсетін, ел болып, жұрт болып ойлана-толғана отырып шешетін
ұлт тағдырына байланысты, күрделі де қиын мәселе
осы болса керек. Бұл проблемадан бой тасалап, сырт қалам деушілер
түбінде мықтап қателеседі, ал тіл заңын сөз
жүзінде қолдаған болып, іс жүзінде жүрдім-бардым
қарайтындардың күйкі тірлігі – елді емес, ең алдымен
өзін-өзі алдағаны. «Жұмыла көтерген жүк
жеңіл» - деп дана халық тегін айтпаған.
Ел конституциясы бойынша
бекітілген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
қолдау мен қорғау - әрбір ұлтжанды
азаматтың парызы мен міндеті. Осы жауапкершілікті түсінгенде
ғана біз «жарымжан» жарнама мен шалажансар ақпаратқа бейжай қарамайтынымыз
анық. Тілімізді дамыту оның күнделікті өмірде
қолдану аясын кеңейту үлкен-кішінің,
барлығының парызы. Онсыз біз ертең мықты мемлекет бола
алмаймыз. Біз бүгінгі заманның баласы болғанымызбен,
келешектің кілтін ұстар ұрпақтың атасымыз. Ана
тіліміз үшін күрес – елдің амандығы үшін,
жұрттың тыныштығы үшін, яғни отбасымыз үшін
күрес.
Қолданылған әдебиет тізімі :
1.
С.Қ.Құлманов.филол.ғ.к.доцент.Аудармадағы
сәйкестіктер мен қателіктер түрлері. ҚР
ұлттық ғылым академиясының
хабарлары.5/291/қыркүйек-қазан 2013ж. 168 б.
2. Ә.Қайдаров,
Ө.Айтбайұлы. «Тіл майданы» Алматы 2000ж.