Хаирлаева Гульсая Жеткергеновна
ғылыми
жет.п.ғ.к.,Е.Қ.Нұрланбекова
Абай атындағы ҚазҰПУдың 1-курс
магистранты
Аударма жанрының жіктелуі
Қазіргі кездегі аударма қызметінің ерекшелігі : техникалық мәтіндердің
көлемді түрі болып табылады.
Бұл аудармалар -
аудармашының негізгі білімінің сол саладағы
жоғарылығын қажет етеді. Ғасырдың ғылыми-
техникалық төңкеріс
және ауыр қаржылық – экономикалық
қарым-қатынас кезеңінде кең оқырмандарға
арналған газеттер мен журналдарда
жиі ақпаратқа көру мүмкін, бұл
ақпараттардың мәнін түсіну маманның өзіне
қиынға түседі.
Ғалым А.Алдашева көркем
аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:
а) көркем аударма – ойлаудың
образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық
даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек
қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан
мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық
еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл
әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма да төл
әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз
оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ
тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік
нормалары сақталуы тиіс[1,26б.].
2)
Ақпараттық аударма – қандай да болмасын ақпаратты,
мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық
аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:
- ғылыми-техникалық аудармаға
ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады.
Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі,
термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы
шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді,
кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс.
Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және
синтаксистік құрылымға ие, сөздің
бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан.
Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді
қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн[2,57б.].
- ресми-іскери
аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен
(өтініш, арыз, мінездеме және т.б.) бастап күрделі
түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т.б.)
дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар
түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.
-
газеттік-ақпараттық аударма – жаңа мәліметтерді,
тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға
жеткізу. Мұндай мәтіндер әр түрлі сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар,
ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді
сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге
қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде
беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік
бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық
стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса,
мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы
мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің
өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны,
тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады.Газеттік-ақпараттық
аударма өз ішінде екіге бөлінеді:
а) Газет мәтіндерін аудару.
Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын
қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл
көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы,
жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды
құжаттарда қатаң сақталынады.
ә)Публицистиканы
аудару – қоғамдық өмірдің өзекті
мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық
мәтіндер оқиғалық, ақпараттық,
сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді.
Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық
құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала
пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан
дәлелдейді.- тұрмыстық аударма─тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және
мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы
жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен
қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған
өзара қарым-қатынасқа бағыттылған
ауызша мәтіндер жасалады[3,38б.].
Жазбаша аударма
процесіндегі ең басты құрал – сөздік. Қазіргі
«ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын
сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы
арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың
қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай
ретпен
әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.
Ақпаратты
ңбарлық дереккөздерін екіг ебөлуге болады
:1)Жалпы дерек
көздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен
энциклопедиялар жатады.
2) Арнайы
дереккөздерге– арнайы
сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және
ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған
арнайы әдебиеттер жатады [4,38б.].
Зерттеуші-ғалым А.Қ.
Жұмабекова «Аударматанудың негіздері» атты кітабында
аудармашылық қызмет субъектісінің сипаты мен оның
аударылып отырған мәтін авторына қарым-қатынасы бойынша
ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:
1. Дәстүрлі
(қолжазбалы) аударма – адам жасайтын аударма. Дәстүрлі
аударманың келесі түрлері ажыратылады:
а) Авторлық емес
аударма (немесе жай аударма) – түпнұсқа мәтінінің
авторы болып табылмайтын аудармашының тәржімесі.
ә)
Авторлық аударма (немесе автоаударма) – түпнұсқа
мәтіні авторының өзі жасаған аудармасы.
б) Автор
мақұлдаған аударма– автор талқылауынан өткен
түпнұсқа мәтінінің аудармасы.[3,34б.]
2. Машиналық
(автоматты) аударма – арнайы бағдарлама бойынша компьютер жасаған
аударма. Машиналық аударма негізгі үш жағдаяттарда
сәтті қолданылуда [5]: Біріншіден, бағдарлама
лексикалық және грамматикалық құрылымы шектеулі,
стандартты, тар шеңберде мамандандырылған мәтіндерді аудару
үшін құрастырылады. Екіншіден, машина арқылы
түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік
беретін көп көлемді аударманы алуға болады. Үшіншіден,
жұмысқа редактор кіріседі. Ол мәтінді аударуға
дайындайды, яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап
немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған
мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді түзетеді[6,338б.].
3.Аралас аударма –
мәтіннің дәстүрлі (немесе машиналық)
өңдеуінің едәуір үлесін пайдалану арқылы
жасалған аударма. Аудармаға
қойылатын басты талап – автордың стилистикалық
өзіндігін сақтау, яғни адамдардың түр-сипаты,
қимыл-әрекеті бір-біріне қандай ұқсамаса,
олардың сөздерде бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше
сол ерекшелікті айыра білу керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және
лингвомәдени мәселелер. –Алматы: Арыс, 1998. –215 б.
2. .Тарақ Ә. Ғылыми-көпшілік
және ғылыми техникалық аударма // Аударматану
(ғылыми-практикалық көмекші құрал).
Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік
орталығы, 2008.
3. . Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың
негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. -
296 б.
4. Жұмабекова
А., Жабағиева Г. Жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктері
// Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші
құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығы, 2008.
5. Комиссаров В.Н. Современное
переводоведение. Учебное пособие. – М.:ЭТС. -2002. – 424с.
6. Тікенбай Г. Аударма лингвистикалық зерттеу нысаны
ретінде және оның лингвомәдени мәселелері //
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2012. №1(135)