ф.ғ.м., аға оқытушы Сатеева
Б.С.
п.ғ.м., оқытушы
Ақжүнісова Н.Б.
оқытушы Жандарбекова Л.Ө.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Қазақ тілі сабағын
оқытудағы әдіс-тәсілдер
Әдіс деген
сөз гректің "metodos" деген сөзінен
шыққан. Метод деген ұғым белгілі
ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа
жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Қысқаша
психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" —
мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен
тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама
береді.
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес. Осы
оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кетейік.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды
бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің
мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен
және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің
нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің
тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол
оқытушы мен студенттің бірігіп жұмыс атқаруы.
Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының
қалыптасып, студенттің дүние танымдылығы мен
қабылеттілігінің артуы. Жалпы педагогиканың әдістерінен
әр пәннің өзіне тән әдістері шығады.
Оқыту
әдістері - оқытудың
мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын студенттерге
меңгертуде оқытушы мен студенттердің қолданатын
амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып
табылады. Оқытушы оқыту әдістерінің көмегімен
студенттерге білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін студенттердің
таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқытушы
оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне
қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның
құралдарын да пайдаланады.
Қазақ
тілі сабағында қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме,
әңгімелесу, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде
ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік
немесе оқытушының
ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге
қарағанда
жетекші роль атқарады.
Көрнекілік
әдіс: Сабақ сайын жүргізілетін
әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі
және жиі қолданылады. Студенттерге түрлі суреттер мен
заттарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады.
Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни
эсттетикалық жағынан жақсы, ірі, екі немесе үш түстен
болуы керек .
Интерактивтік әдіс: Интерактивтік деген сөз энциклопедияда
көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады.
Ал интеракция жеке индивидтердің , топтың, жұптың,
өзара біріккен әрекетке бір – біріне алма – кезек әсер етуі.
Бұл әдіс әсіресе, сұхбат құруда
студенттердің белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге
үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен
әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интерракция кезінде
студенттердің істі ұйымдастыра білу қабылеттері де
көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде
оқытушы кеңесші , серіктес рөлін атқарады. Ал топ
белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін- бірі қолдау,
толықтыру арқылы сұхбат құруға
үйренеді. Екі студенттің сұхбатына үшіншісі де
араласуына болады. Ол қарсы топтың студенті болуы да мүмкін.
Бұл әдістердің негізгі мақсаты – оқу
процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай
жасау. Әр студент жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ
мүддесін ойлауға үйренеді [1].
Әдіс –
оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған
міндеттерді дұрыс орындау үшін оқытушы мен
студенттердің бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдер. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін
істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері
танымға қызығушылық туғызып, студенттің
ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге
ықпал етеді.
Тәсіл
– оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау,
студенттердің зейінін сабаққа аудару, студенттердің
оқытушыға көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы,
ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу
материалын түсінуге үлес қосады.
Сонымен
тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді,
әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің
басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,
ұйымдастыру.
Әр оқытушы жұмыс барысында әдіс-тәсілдерді
дұрыс таңдап,тиімді пайдаланғанда ғана көзделген
мақсатқа жете алады. Сондықтан осы мәселені
ойдағыдай шешіп, екі жақты құбылысты тиянақты
жүзеге асыру үшін
төмендегідей әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
Аударма әдісі,тірек сызба әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік
әдісі, пікір-сайыс әдісі, жаттау, оқу, талдау, т.б
Тірек
сызбалар студенттердің сөйлесу тілін арттыру мақсатында
пайдаланатын тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану студентті
сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін
арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай
тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, аудиториядағы
студенттерді түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем
құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап
беруге көмекгеседі, үшіншіден, әңгіме
құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйретеді
және есінде сақтауға ықпалын тигізеді,
төртіншіден, студентті пәнге қызықтырады, ынтасын
арттырады және оқытушыға сенімді көмекші. Осы
арқылы студенттер қиын тақырыпты жеңіл меңгереді,
үлгерімі нашар студенттерде белсенділік пайда болады [2].
Студенттердің
сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім
дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін,
әр пәннің оқытушысы сол пәннің өзіне
тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың
принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс
тілінде жүретін аудиторияларда қазақ тілін оқитын
студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын,
дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын,
оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін
жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті
дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және
қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде
қарым-қатынас жасай алуы қажет. Сөздік
жұмысының енді бір саласы-әңгіме, өлең
оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттаумен байланысты.
Осыған орай әр сабақта жаңа сөздерді, сөз
тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын
қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген
жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі
қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары
нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық
анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста,
өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға
жауап бергенде де жүргізіліп отырады [3].
Қазақ
тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы стдуденттердің
білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау
қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың
жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Өйткені әрбір
оқытушы өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер,
адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген
ұрпақ дайындауға міндетті дейтін болсақ, әрбір
студенттің жеке басын құрметтей отырып, білім беру –
қазіргі білім беру жүйесінің негізгі талабы. Өйткені
студенттердің бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес.
Сондықтан бұл мәселеге психологиялық
тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет,
әдістемелік шеберлікпен келу керек [4].
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту
методикасы. -Алматы, 1965.
2. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық
негіздері. -Алматы, 1999.
3. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. -Алматы, 1995.
4. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. -Алматы, 1958.