А.Қайыпбаева, филол.ғ.к., доцент

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай, Қазақстан.
   
Қазақ-француз тілдеріндегі сұраулы сөйлемдердің семантикасы

Сұраулы сөйлемдер сұрақтың  ішкі логикалық мазмұнына қарай да бөлініп жатады. Сұрақтың бұл бөлінуі арнайы тілдік формасынан да көрінеді. Сұрақты логиктер мазмұнына қарай екі топқа бөліп жүр:жалпы сұрақ,альтернативтік сұрақ. Сұраулы сөйлемдердің мағынасы осы логикалық мағыналарға негізделгенімен,коммуникация үстінде түрлі өң алатыны бар [1,135]. Соларды ескеріп біз сұраулы сөйлемдерді мағынасына қарай төрт топқа бөлдік: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер,альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер,риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер,түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Әуелі француз тілінің сұраулы сөйлемдері құрылысына тоқталайық.
      Егер құптаушы сөйлемде   etre етістігі қолданылса(je, suis, tu es, il est, elle est, nous sommes, vous etes, ils sont, elles sont), онда жалпы сұрақ төмендегідей құрылады:

C’est le rang 10.                 Est – ce le rang 10? Бұл 10-шы қатар ма?

C’est le siege 10C               Est – ce le siege 10C?Бұл 10-шы орын ба?

     Күнделікті өмірде  көп кездесетін тілдің мәдени аспектілеріне де тоқталып кетсек артық емес.

Егер біреудің мазасын алсаңыз,немесе біреудің назарын өзіңізге аудартқыңыз келсе,ондайда, көбінесе,төмендегі сөйлемді қолдануға болады:

Je demande pardon, pardon. Жауабы төмендегідей болуы мүмкін: Оқасы жоқ (ca ne fait rien). Бәрі ойдағыдай. (Tout va bien). Қазақ-француз диалогінен мысал келтірейік.

La rencontre des amis a la gare

Victor: Excusez-moi, pourriez-vous me dire a quell quai arrive le train  13 heures de Grenoble?/Кешіріңіз, сағат 13-те  поезд Греноблге қай платформадан аттанатынын айта  аласыз ба?/

Le porteur: Au premier quai. /Бірінші платформадан./

Victor: Merci, Monsieur. Il arrive a temps?/Мырза,рақмет.Ол уақында жүре ме?/

Le porteur: Je pense que oui il a quelques minutes de retard. Plusieurs trains sont en retard aujourd’hui./Ол аздап кешігеді деп ойлаймын, Бүгін көптеген поездар кешігуде./

Victor: Merci, Monsieur. Et ou est la sale d’attente?/Мырза,рақмет. Ал күту залы қайда?/
Le porteur: Derriere, la caisse./Кассаның дәл артында./

Грамматикаға тоқталайық. Егер сұраулы сөйлемдер мына сөздермен басталса  Pouves – vous me dire..? Savez – vous…онда келесі бағыныңқы сөйлемдерде сөйлем мүшелері орын тәртібін сақтайды.

Pouves – vous me dire de quel quai part le train pour Rouen? /Бұл поездың қай платформадан  кететінін айтып жібересіз бе?/                                                                                                                                                     

Savez-vous quel est ce quai?/Бұл қай платформа екенін айтасыз ба?/

Savez-vous quand il arrive exactement?/Қай уақытта келетінін тура айтасыз ба?

Savez-vous s’il part chaque jour?/Сіз білесіз бе, бұл поезд күнде келе ме?/                                                           

Келтірілген мысалдардан көріп отырғандай туыс емес тілдердегі сұраулы сөйлемдердің семантикасы лингвистердің көңілін аудартып сан қырынан сөз болуы мүмкін.

                                        Пайдаланған әдебиет тізімі:

1. А.С.Холкина. Особенности  французского языка: разговорная речь  и художественная литература. Вестник Московского университета.  Научный журнал. Серия 19. 340 с.

2. Ә.Қайдар.Тіл білімінің өзекті мәселелері.Алматы.1998. 304 б.