АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
АБДРАХМАНОВА ГУЛНУР
САБЫРОВНА
Абай атындағы
ҚазҰПУ, 1-курс магистранты
Ғылым
мен техника дамыған және елдердің өзара
бәсекелестігі күн сайын күшейе түскен ХХІ ғасырда
Қазақстанның сыртқы саясатының жан-жақты
тереңдеп, ағылшын тілін меңгеру аса қажет. Оның үстіне, еліміздің дүние
жүзіндегі дамыған 50 елдің қатарына ену
стратегиялық бағытын іске асыру үшін, шетел тілін,
әсіресе ағылшын тілін меңгерген білімді де білікті
ұрпақ тәрбиелеудің маңызы зор.
Ағылшын тілін сапалы
оқытудың кілті – оқытушыда. Бүгінгі таңда
оқытушылардың өз біліктілігін өсіру, сабақ алды
дайындық қызметі, аудиториядағы ұйымдастыру қабілеті,
оқыту әдістемесі т. б. барлығы да оқыту сапасына
тікелей әсер ететін факторлар болып табылады.
Ағылшын
тілін оқытудың мақсаты мен міндеті:
- сабақ барысында жаңа
технологияларды қолдану арқылы әрбір тіл үйренушінің
ойлау қабілетінің дамуына, пікір алмасуға,еркін сөйлеу
әрекеттерін жандандырып, сауатты жазуына толығымен мүмкіндік
туғызу;
- тіл үйренушілерді шет
елдердің салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен
күнделікті тыныс тіршілігімен таныстыру;
- оқыту технологияларына
қатысты оқу құралдарын зерттеу, оны тәжірибеге
енгізу.
Білім беру саласының негізгі
бағыты жан-жақты білімді, сауатты, ынталы, адамгершілігі мол
азаматты тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мемлекеттік тіл мен
қатар ағылшын тілін оқытып үйретудің жаңа
жолдарын іздеу талап етіп отыр.
«Интерактивтік” деген сөз энциклопедия мен
ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей интеракция деген
ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен
әрекет болып табылады. Ол оқыту процесінде студенттерді бірігіп белгілі бір
мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін
сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын,
ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік
береді. Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп болып,
бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге
көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл
ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай
келеді.
-
Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне
өткізеді.
- Оқушы
өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін
өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін
арттырады.
-
Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп,
танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ
студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық,
топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды
белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен
әрекет етуге үйретеді.
-
Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай
алады.
Әрине мұндай тәсілді
қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі
әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім
деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес.
Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде,
соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде
меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен
дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып
әрі оқу атмосферасын орната білуі керек.
Біріншіден,
ағылшын тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолдану
кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың
оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса,
оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен
болса, жалығуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден,
жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу
құралдары, жаттығулар оқушылардың білім
деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден,
оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен
өздері табуы керек.
Оқушылар әр түрлі
болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам
ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін
қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай
студенттер нақты нені түсінгенін ұғына алмай
сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдай
оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға
ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір
студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда
әр оқушының өз жұмысына жауапты болып, жалпы
жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят
пайда болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар
үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз
болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы оқушылар
топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық
оқушылардың, әсіресе білімі төмен
оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуін көздейді.
Осылайша оқушылар қиындықтың алдын алады.
Интербелсенді
тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап,
қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін
тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс
арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды да олар
алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады.
Жалпы шетел
тілі сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар,
іскерлік ойындар, пікір талас, студенттердің баяндамалары мен
ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг,
дөңгелек үстелдер, ұжымдық – таныдық
оқу, иммитиация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту
әдісінің интербелсенді әдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың
топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы
іс-әрекетті талқылау, қарама-қарсы
қайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру
оқушылардың мәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады. Сабақ
барысында қолданылған төмендегі бір-екі мысалға
көңіл аударайық. Белгілі бір өтілетін тақырыпты
пысықтау мақсатында оқушыларды үш топқа
бөліп, оларға негізгі тақырыпқа байланысты («Travelling»
тақырыбын алайық) тақырыпшаларды береміз:
1
топқа: «Travelling by train», 2 топқа: «Travelling by bus», 3
топқа: «Travelling by plane»
Әр бір
топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша ассоциограмма жасайды. Ассоциограмманың көмегімен топ
оқушылары бірігіп, өздеріне берілген саяхат түрлері жайлы
толық мағлұмат бере отырып оның тиімді және
тиімсіз жақтарын ашып айта білулері керек. Сонымен қатар әр
топқа қойылатын талап тақырыпқа байланысты жаңа
сөздер мен сөз тіркестерін көбірек пайдалану және
талқылауға топ оқушылардың түгелдей
қатысуын қадағалау. Соңында оқытушы
топтарға бірін - бірі бағалауға мүмкіндік беріп,
өзінің қойған бағасымен қорытындылай
отырып, әр топтың ортақ бағасын шығарады.
Осы
тәрізді тәсілді грамматикалық жаттығуларды орындату
кезінде де пайдаланған өте тиімді. Мұндай жағдайда топ оқушылары әр бір ұпай
үшін күреседі. Себебі грамматикалық тұрғыдан
әрбір дұрыс жасалған сөйлем оларға ұпай
әкеліп отырады. Тапсырманы орындау кезінде студенттер
өздерінің бар білгендерін топ мүшелерімен бөліседі.
Бұл кейбір грамматикалық материалдарды түсінбей жүрген
студенттерге үлкен көмегін тигізеді.
Қорыта айтқанда, интербелсенді тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып
құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға
оқытылып отырған тілдің практикалық
тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге
мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін
оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Сонымен қатар оқушылар әрекетін белсендіру, оқу
материалдарын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру
сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Гальскова, Н.Д. Современная методика
обучения иностранным языкам. М.:АРКТИ- ГЛОССА,
2000. - 165 с.
2. Гегечкори, Л.Ш.
Обучение устной иноязычной речи на интенсивной основе. Тбилиси, 1988.
228 с.