Нурсеитова
А.А.
А.
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің аға
оқытушысы,
гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Көркем
шығармалардағы сөздердің тура немесе номинативті
мағынасы.
(М.Дулатов,
А.Байтұрсынов шығармалары нег).
Тілдегі көптеген
сөздер заттар мен құбылыстардың және
олардың әр түрлі белгілерінің бейнесімен байланысты
болады. Сөздер заттар мен құбылыстардың және
олардың белгілерінің
бейнесімен тікелей байланысты. Сөздердің лексикалық
мағынасы тура мағына немесе номинативті мағына деп аталады.
Сөздер өзінің номинатвиті мағынасында аталатын заттар
мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей
бағытталады. Тура немесе номинативті мағынада
қолданылған сөздердің басқа сөздермен байланыстары мен қатынастардың
арасындағы байланыстар мен қатынастарға сәйкес келеді.
Номинативті мағынасы бар сөздердің басқа
сөздермен байланысы мен қатынасы заттық-логикалық тұрғыдан айқындалып
белгіленеді. Сондықтан да сөздердің тура немесе номинативті
мағынасында басқа сөздермен байланысы бірен-саран сөздермен
ғана шектеліп қоймайды. Сөз номинативті мағынасында
алуан түрлі сөздермен қарым-қатынасқа
түсіп, олармен емін-еркін тіркесе алады. Сөйтіп, оның басқа сөздермен тіркесіп
жұмсалу мүмкіндігі мол болады. Мысалы, оқу деген етістік кітап деген сөзбен де (жорнал
оқу), газет деген сөзбен де (үнқағаз
оқу), хат деген сөзбен де (роман
оқу), жақсы деген сөзбен де (қызығып оқу) және т.б. сөздермен
тіркесіп қолданыла береді. Сөздің тура немесе
номинативті мағынасынада
көптеген сөздермен қарым-қатынасқа түсіп,
олармен емін-еркін мағына деп те аталады. Еркін мағына
сөздің лексикалық мағыналарының бір түрі –
фразеологиялық байлаулы
мағына дегенге қарсы қойылады және одан ажырату
үшін қолданылады.[1,75]
Сөз тура немесе номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарға
тікелей бағытталады дедік. Мысалы пәтер,
биік, кіру деген сөздердің әрқайсысының
белгілі-белгілі номинативті мағынасы бар. Бұлардың бірі,
мысалы, пәтер белгілі бір затты (бас пананы) тікелей атаса, екіншісі
(биік) – сапаны, үшіншісі (кіру) қимылды атайды. Бұл
сөздердің осы номинативті мағыналарында басқа
сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі мен шеңбері
олардың заттық-логикалық қатынасымен, яғни сол
сөздермен белгіленетін шындық болмыстағы
құбылыстардың өз ара қатынасымен
айқындалады. Мысалы, үйдің биік немесе аласа, кең
немесе тар болуы, жылы немесе салқын болуы, ағаштан немесе кірпіштен салынуы мүмкін.
Осыған орай, пәтер сөзі
биік, аласа, кең, тар,жылы, салқын деген сөздердің
әрқайсысыман тіркесіп, биік пәтер, аласа пәтер, кең пәтер, тар пәтер, жылы пәтер, салқын пәтер түрінде жұмсала береді.
Содай-ақ, биік, кіру деген сөздер туралы да осыны айтуға
болады. Бұл сөздердің номинативті мағынасында
басқа сөздермен байланысты
заттық-логикалық жағынан байланыса алатын құбылыс
немесе зат атауларымен тіркесіп
жұмсала береді. Мысалы, биік деген сын-сапа көптеген заттармен
құбылыстарға тән болғандықтан, бұл
сөз де (биік) олардың (заттар мен құбылыстардың)
атаулары – көптеген сөздермен тіркесе алады (мысалы: биік тау, биік
қарағай, биік терек, биік үй, биік өкше және
т.б.)
Бір
сөзде бірнеше номинативті мағына болуы мүмкін. Алайда
соның ішінде біреуі негізгі болады да, қалғандары туынды
болады. Академик В.В.Виноградов мұндай мағыналарды номинативті
туынды мағыналар (номинативно производные значения) деп атайды. Мысалы,
қазақ тілінде аяқ деген сөз негізгі номинативті
мағынасында дене мүшесін (бұраң бел, бойы сұлу,
кішкене аяқ. Абай) білдіреді. Ал жұмыстың аяғы,
жиналыстың аяғы т.б. осы тәріздес тіркестерде «соң»
деген мағына білдіреді. Бұл соңғы мағына –
аяқ деген сөздің номинативті туынды мағынасы.
Күту деген сөздің негізгі номинативті мағынасы – «тосу,
аялдау»; сонымен бірге, бұл сөздің «сыйлау,
құрметтеу» деген номинативті туынды мағынасы да бар. Мысалы:
Итбайдың жақсы күтуіне Асқар қайран қалды.
(С.Мұқанов). Қыңыраймай, оң шыраймен күтсін (М.Әуезов).
Сөздің туынды мағынасы оның негізгі номинативті
мағынасы арқылы, соның негізінде ұғынылады.
Негізгі номинативті мағына әр түрлі туынды, келтірінді
мағыналардың тірегі, ең негізгі арқауы болып саналады.
Ал
ну орман, қас батыр, тас төбе, су жаңа, мидай дала,
асқар тау, шырт ұйқы, тал түс, қыпша бел,
оймақ ауыз деген сөз тіркестерінің құрамындағы
ну, қас, тас, су, мидай, асқар, шырт, тал, қыпша, оймақ
деген сөздердің осы тіркестердегі мағыналары мен
қолданылу өрісіне назар аударсақ, бұлардың
жоғарыда аталған номинативті мағынасы бар сөздерден
мүлдем басқаша екенін көреміз. Ну орман деген сөз
тіркесіндегі ну сөзі «қалың», «ит тұмсығы
батпайтын» деген мағынаны білдірсе, қас батыр деген сөз
тіркесінің құрамындағы қас сөзі
«нағыз» деген мағынаны білдіреді. Мұнымен бірге,
бұл сөздер кейбір
сөздермен ғана тіркеседі. Жоғарыда аталған тас төбе,
су жаңа мидай дала, тал түсте, асқар тау, шырт
ұйқы, қыпша бел, оймақ ауыз деген сөз
тіркестерінің құрамындағы бірінші сыңарлары
(сөздердің) осы
тіркестердегі мағынасында қолданылу өрісі
өте-мөте тар, басқа сөздермен қарым-қатнасқа түсіп, олармен тіркесіп
жұмсалуға икемсіз. Бұл сөздердің аталған
сөз тіркесіндегі мағынасы басқа сөздермен тіркесіп
жұмсалуға икемсіз болуының себебі неде? Мұның
себебі: олардың мағынасы
номинативті еркін мағына емес, фразеологиялық байлаулы мағына. Енді, сөздің
лексикалық мағынасының осы түріне
тоқталайық.
Фразеологиялық байлаулы мағына. Сөздің
тұрақты сөз тіркестерінде көрінетін (жүзеге
асатын) лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы
мағына деп аталады.
Фразеологиялық байлаулы мағынаның табиғаты сөздің тура немесе номинативті
мағынасынан басқаша болады. Сөз өзінің
номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарға
тікелей бағытталып,
көптеген сөздермен тіркесіп жұмсалуға икем болса, фразеологиялық байлаулы
мағынасында тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп, санаулы
ғана тұрақты сөз тіркесінің құрамында
қолданылады. Мысалы, су деген
сөздің су құю, су тасу, сумен жуу, су төгу деген
сөз тіркестеріндегі мағынасы
- номинативті (еркін) мағына.
Су деген сөз номинативті мағынасында басқа да
сөздермен емін-еркін тіркесе береді. Ал су жаңа немесе судай
жаңа деген тұрақты сөз тіркестерінің
құрамындағы су, судай деген сөздердің «өте, тіпті» деген мағынасы
– фразеологиялық байлаулы мағына. Бұлай дейтініміз мынадан:
біріншіден, - су, судай деген сөздер «өте, тіпті» деген
мағынасында басқа сөздермен
емес, тек жаңа сөзімен (су, жаңа, судай жаңа)
немесе қараңғы сөзімен ғана (су қараңғы) тіркеседі; екіншіден бұл
сөздер (су, судай) «өте,тіпті» деген
мағынаға басқа сөздермен тіркескенде емес, жаңа
және қараңғы деген сөздермен тіркескенде
ғана ие болады. Сонымен,
сөздің лексикалық мағыналарының
айрықша бір түрі – фразеологиялық байлаулы мағына
белгілі бір тұрақты сөз тіркестеріне тіленіп, соған
маталып байланады. Лексикалық мағынаның мұндай түрі тұрақты
сөз тіркестерінде ғана
көрініп, белгілі бола алады. Сондықтан да байлаулы (связанное) деп
аталады. Бұлай деп атауда оны еркін (номинативті) мағынадан
ажыратудың қажеттілігі де ескеріледі. Лексикалық
мағынаның бұл түрінің фразеологиялық
«байлаулы мағына» деген терминмен аталуында тағы да мынадай
мән бар: бұл мағына сөздердің еркін тіркесінде
емес, фразеологиялық оралым деп аталатын тұрақты
тіркестерінде ғана көрініс алады. Аталған терминнің
бірінші сыңарының мәні осы ерекшелікпен байланысты.[1.132]
Сөздің лексикалық мағыналарының бұл
түрінің тұрақты сөз тіркестеріне тіленіп маталуын
және оның сол тіркесінде ғана көрініп белгілі болуын
басқа мысалдардан көруге болады. Қазақ тіліндегі мидай
деген сөздің «жазық» деген фразеологиялық байлаулы
мағынасы айқындалады. Осы аталған мағынасында мидай
деген сөз басқа ешбір сөзбен жанаспай, тек дала деген
сөзбен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөзді
онымен мәндес келетін басқа бір сөзбен ауыстыруға
болады. Мысалы, тас қараңғы немесе тастай қараңғы деген
тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы
тас немесе тастай деген сөздердің фразеологиялық байлаулы
мағына өте, тіпті деген сөздердің бірі
мәндес келіп, оны
мағыналық жақтан алмастыра алады. Сондай-ақ, ата мекен,
немесе ата жау, мидай дала деген сөз тіркестерінің құрамындағы
ата деген сөздің орнына ежелгі мекен немесе ежелгі жау, жазық
дала деген түрде айтуға болады. Бірақ бұлай еткенде,
ежелгі мекен, ежелгі жау, жазық дала дегендер тұрақты тіркес
болудан қалады және бейнелілігін жояды. Бұл-бір.
Екіншіден, фразеологиялық байлаулы мағынасы онымен мағынасы жағынан мәндес келетін сөзбен алмастырып
айтуға мүмкіндік болғанымен, ол мағына
(фразеологиялық байлаулы мағына) синонимдік қатарлардың
жасалуына негіз бола алмайды. Фразеологиялық байлаулы мағынасы бар сөзді басқа
сөзбен алмастырып айту ол
мағынаның қандай мағына екенін айқындау үшін ғана қажет.
Сонымен, сөз фразеологиялық байлаулы мағынасында
бірен-саран сөздермен ғана тіркесіп қолданылады да,
оның мағынасы тұрақты сөз
тіркестерінің құрамында
айқындалады. Мысалы, жоғарыда
аталған ата мекен, ата жау деген сөз тіркестерінің
құрамындағы ата деген сөздің «ежелгі, ертеден
бері келе жатқан» деген фразеологиялық байлаулы мағынасы осы
тіркестердің құрамында ғана айқындалып, белгілі
бола алады. Ал ата деген сөздің «арғы әке» деген
мағынасы – номинативті мағына. Бұл мағынасында ата
деген сөз көптеген сөздермен тіркесіп жұмсала береді.
Аталы деген сөздің «жүйелі, мәнді, орынды» деген
фразеологиялық байлаулы мағынасы аталы сөз деген
тұрақты сөз тіркесінде ғана
аңғарылады.[2.23]
Фразеологиялық байлаулы мағына сөздің
лексикалық мағыналарының бір түрі ретінде әр
түрлі тілдердің лексикасындағы сөздердің
мағыналық мазмұнына еніп қалыптасқан. Мысалы,
орыс тілінде отвратить деген етістік «бірдемеден алдын ала сақтандыру», «бірдеменің іске
асуына жол бермеу», «тойтарыс беру» деген фразеологиялық байлаулы
мағынасында опасность, беда, несчастье, угроза тәрізді бірен-саран
сөздермен ғана тіркессе, безвыходный деген сөз тоска, скорбь,
печаль, грусть, отчаяние, положение деген сөздермен ғана тіркеседі.
Орыс тіліндегі чревато деген сөз последствии деген сөзден
ажырамайды және осы сөзбен ғана тіркесіп жұмсалады
(мысалы, события, чреватые последствиями) – «соңы кеселге
ұшырасатын, насырға шабатын уақиғалар» дегенді
білдіреді.
Сөздіктерді сөздің номинативті мағынасы мен
туынды номинативті мағынасы және фразеологиялық байлаулы
мағыналары лексикалық мағыналардың әр басқа
түрлері ретінде қарастырылып, бір-бірінен ажыратылып беріледі.
Сөздің тура немесе номинативті мағынада
қолданылуын М.Дулатов, А.Байтұрсынов шығармаларынан да
көруге болады. Мысалы:
Ноғай қыз айттыруға асықпайды, Жас балаға құда боп
мал шықпайды. [3.55]
Жас қызға хұтба
оқиды молла тағы, Ризлығын білмейді сондадағы [3. 55]
Жақсылыққа бастап жастан баулығың,Жас буынға енді даңғыл
соқпаған[3. 108] Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа заман-ай. [3.109] Көрсе баға бермедім,
Бозбала жас келгенше [4. 35] Жігіттік жас келді де,Ойды біраз
бөлді де [4.35]
Келтірілген мысалдардан М.Дуатов шығармаларында «жас»
есіміне бала деген сөз тіркесіп
(жас бала), қыз деген есімге тіркесіп (жас
қызға), буын есімімен
тіркесіп (жас буын), ұлан
есімімен тіркесіп (жас ұлан)
өздігінен еркін тіркес жасалып тұр. Ал, А.Байтұрсынов
шығармаларынан «жас» сөзінен бозбала жас, жігіттік жас сияқты тіркестерді байқаймыз.
Бұлар аталған сөздердің қолданылу
ерекшелігінен туған мағыналық
реңк түрінде танылады да,
өз алдына дербес мағына , қолданыс ретінде қалады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қалиев Ғ.Болғанбаев Ә.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Алматы.1997-245 б.
2.Кеңесбаев І.К. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, «Ғылым»
баспасы, 1997-712.
3.М. Дулатұлы М. Шығармалары. 1-т.
Алматы: Ғылым 1996 – 280 б.
4..Байтұрсынов А. Б.20 Шығармалары:
Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.