УДК 94(510) 327(091)

 

Түркияның Еуропалық Одаққа ену проблемалары

 

Отарбаева Г.К.

ПИК10-3к тобының студенті Дәріқұлова Р.Б

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

 

Түркияның Еуропалық Одақпен қатынастары проблемасы – қазіргі түрік қоғамы үшін ең өзекті және күрделі, шиеленісті проблемалардың бірі. Міне, 50 жылдан аса уақыт бойына Түркия елдің дамуының және еуропалық институттарға бірігуінің негізгі жолы ретінде еуропаланудың пайдасына өзінің стратегиялық таңдауын әлемге паш етіп келе жатыр. Ал енді Еуропалық Одақтың өзіне келер болсақ, бір қарағанда осылай болып көрінердей, қандай да бір шамада ол, ең алдымен оның географиялық және геосаяси орнын ескере отырып, Түркиямен ынтымақтастыққа мүдделі. Өзімізге белгілі, 1945 жылдан бастап Түркия – Батыстың стратегиялық серігі, ал бүгінде Батыстың Орталық Азиядағы және Таяу Шығыстағы одақтасының ролін ойнап келеді.

Қазіргі халықаралық қатынастарға тән болып отырған белгі осылар дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында дамып отырған және мемлекеттердің өзара қатынастарының әртүрлі салаларын қамтитын интеграциялық процестер болып табылады.

Егер Шығыс Еуропа елдері үшін «Еуропаға қайтып оралу» ЕО-қа ену үшін негізгі мотивация болып қалып отырса, онда Түркия секілді елдер үшін Еуропаға интеграциялануға деген ниет ел дамуының негізгі жолы ретінде еуропаланудың пайдасына стратегиялық таңдау жасаумен байланысты болып отыр.

Алайда, Түркияның ЕО-қа енуі еуропалық тұрақтылық саясаты; Еуропаның христиандық қауымдастық ретіндегі өз өзін идентификациялауы; экономикалық және әлеуметтік факторлар; ішкі реформалардың ЕО-тың ең алдымен Копенгаген келісімдерінде (1993 ж.) бекітілген практикасына, критерийлеріне және нормаларына сәйкестігі секілді проблемалардың тұтастай қатарымен байланысты болып отыр

Қазақстан Республикасы үшін ЕО де, Түркиямен де ынтымақтастық оның әлем қауымдастығына интеграциялануының маңызды шарты, демократиялық өзгерістердің табысының және, әсіресе ЕО Еуропаның экономикалық және саяси дамуының аса ірі орталығы, заманауи мемлекеттер арасындағы мүлдем жаңа қатынастардың үлгісі болып отырған кезде толыққанды нарықтық қатынастарға көшудің маңызды аспекттерінің бірі болып табылады. еуропада интеграциялық процестің экономикалық та, саяси және әскери де тұрғыдан үнемі күш алып келе жатқандығын назарға ала отырып, ЕО тың әлемде жетекші көшбасшы орындардың бірін алып отырғандығы айдан анық.

Еуроодақтың Шығысқа қарай кеңеюі Қазақстан Республикасының Еуроодақпен де, Түркиямен де қатынастарының одан әрі оңды дамуына ықпал ететін болады. ЕО және ҚР серіктестік, сенім және өзара құрмет негізінде құрылатын ынтымақтастықтың жеткілікті тәжірибесін жинақтап та қойған. Бұл тәжірибе Түркияның толыққанды мүше ретінде ЕО-қа енген сәтінен бастап еселене түсетін болады. Орталық Азия мемлекеттері өздерінің сыртқы саяси бағытын қалыптастырған кезде ЕО пен Түркия арасында болып жатқан өзгерістерді ескеруге тиіс.

Түркия мен ЕО-тың экономикалық қатынастарының дамуындағы келесі кезеңдерді бөліп көрсетейік:

1) Бірінші кезеңде 1962 жылғы шілдеде Түркияға көмек көрсету жөніндегі Консорциум құрылды және 1963 жылғы 12 қыркүйекте 1964 жылы 1 желтоқсанда күші енген Қауымдастық туралы Анкара Шартына қол қойылды;

2) Екінші кезеңде сауда саласында ЕО-қа қатысты либералдандыру шараларын дамыту шамалаған Қосымша хаттамаға (1970 ж. 23 қараша) қол қойылды;

3) Үшінші кезең – түрік басшылығы өзінің ЕО-қа қатысты барлық міндеттемелерін тоқтатып қойған «дағдарысты» кезең;

4) Төртінші кезең әскери төңкерістен кейін азаматтық басқаруға көшу жүрген 1983 жылғы қарашадан басталады;

5) Бесінші кезең Түркия ЕО-қа толық мүшелік туралы ресми сұраныс жасаған 1987 жылғы 14 сәуірден келіп жетті;

6) Алтыншы кезең – жылы Түркия мен ЕО арасында Кедендік одақты құрудың аяқталуы болды.

Түркияның Еуропалық Одаққа ену проблемаларын Копенгаген критерийлерінің шектерімен ғана белгілеуге болмайды, олар біз белгілеп беруге әрекеттеніп көретін сан көптеген әртүрлі аспекттерді қосады.

Бірінші проблема. Шекаралардың кеңеюі және өзгеруі. ЕО-ты қандай географиялық шектерге дейін кеңейткен жөн? Заманалық өзгерістер Еуропалық Одақтың ішкі құрылысы саласында ғана емес, оның халықаралық аренадағы орнында да жасалып жатыр. Кеңейгеннен кейін ЕО-тың шекаралары қиыр Солтүстіктегі Баренц теңізінен Қара теңізге дейін созылатын болады, ал шекара маңындағы аймақтағы барлық оқиғалар, даму деңгейіндегі айырмашылықтар мен кикілжіңдер еуропалық саясаттың тақырыбы болып шығады. Оның тікелей көршілері аса терең өзгерістер мен бетбұрыстарды бастан кешіп отырғандықтан, Еуропа қауіпсіздікте тұрған жоқ.

Хельсинкидегі жоғарғы деңгейдегі кездесу барысында қабылданған, осыған сәйкес Түркия ЕО-қа енуге үміткер мәртебесіне ие болатын шешім де дәл осындай алысқа баратын нәтижелерге ие. Түркияның ЕО-қа енуімен еуропалық саяси тұрақтылықтың жаңа логикасы өзінің негіздемесін алуы мүмкін. Түркияның ЕО-қа енуіне қатысты күмәндерге жауап ретінде Еуропаны христиандықпен идентификациялауға болмайды деген дәлел айтылған болатын. Бұл Одақтың мәнісін ашық, плюралистік және дүниетанымдық бейтарап Қауымдастық ретінде өзінше түсінумен келісімін тауып отыр. Сонда да болса, бұл дәлел әлі де болса жеткіліксіз. Егер сәйкестік критерийі алынып тасталса, онда Ресей, Украина, Кавказ республикалары, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия есебінен ЕО-ты одан әрі кеңейтуден бас тарту негізсіз болып шыға келеді

 [1, 35 б].

Осыншама қатерлермен кеселге ұрындыратын саяси ландшафттың аса бір ұлғайып кеткен ЕО үшін оған, осыны Одақ барлық жағынан қоршап жататын Балқан аймағын қоса отырып, жаңа көршілестікті қалыптастырумен айналысуына тура келетіндігі тұрғысынан алғанда, үлкен маңызға ие болып отыр. Югославиядағы соңғы оқиғалар экономикалық және саяси импульстардың көмегімен ЕО-тың қолынан Балкан түбегінде демократияны нығайту келетіндігіне үміт беріп отыр. Осы көршілес қатынастардың сәтсіздіктеріне және табыстарына Еуропаның игілік-есендігі: шикізатты тасымалдау жолдары мен сауда, көші-қон қарым-қатынастары, байланыстары тікелей байланысты болады.

Еуропалық Одақ экологиялық қатерлер, қару-жарақтың таралуы алдында. Еуропада жаңа көршілік қатынастарды ресімдеу саласындағы істің хал-күйі Еуропалық Одақтың саяси белсенділігінің, азшылықтар маңайындағы ішкі кикілжіңдерді реттеумен қатар, халықаралық қатынастардың осы түрінде де шоғырланатындығын куәландырып отыр.

Осылайша, қазіргі кеңеюдің көпшілікке соншама ауқымды болып көрініп отырғандығы соншалықты, 25 елден тұратын Одақтың бұлыңғыр және қиын басқарылатын болып шығуы мүмкін. Алайда, қазір және 2007 жылы қабылданайын деп отырған елдер Еуропада тұр. Түркияны қабылдап, ЕО Таяу Шығыс елдерімен шекаралас болады және қабылдауға Мароккодан өтініш алуды күтуге құқылы, әрі бұл ислам елі өзінің осындай ниеті туралы ескерткен де болатын. Бұл ел Жерорта теңізінің Түркиядан диаметралды қарама-қарсыұшында орналасқан, бірақ түрік аумағын азиялық және еуропалық бөліктерге бөліп тұрған Босфор бұғазы Еуропаны Африкадан бөліп тұрған Гибралтар бұғазынан үлкенірек пе?

Бірақ, Еуропа тату көршілік қатынастарға негізделген, тұрақтылықтың қымбатқа түсетін стратегиялық концепциясын қалайша жасап шығара және іске асыра алады? Олардың тарихына, төніп тұрған қатерлерге және олардың мүдделеріне қатысты еуропалықтар арасындағы терең өзара түсіністіксіз осы тату көршіліктің өмірлік қажетті стратегиясын жасап шығару мүмкін емес. Еуропалық интеграцияны сонымен қатар оның өзіндік келбеті бар мәдениеттердің қатар тіршілік етуіне қандай шамада мүмкіндік беретіндігі бойынша да бағалаған жөн болады. Жаңа көршілестіктің осындай келешегін ескере отырып, болашақта сапалық түрде мүлдем өзге еуропалық іс-әрекетке қабілеттілік қажет болады. ЕО, бүгінгі ОБСЕ тәріздес, ортақ нарықпен толықтырылған дағдарыстарды реттеу жөніндегі ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің ролін өзіне алады. Еуропа шекараларының ішіндегі және одан тысқары мұндай кеңістіктің маңызын жете бағаламауға болмайды, өйткені Еуропалық Одақтың сыртқы саяси іс-қимылының ауырлық орталығы, сөз жоқ, өзінің тікелей көршілестік кеңістігін тұрақтандыруға көшірілуге тиіс емес пе.

Екінші проблема. Саясаттағы әскерилердің ролі. ХХ ғасырдың 60-80-і жылдарында Түркияны әскерилер басқарып келді, осында түрік армиясы мен қауіпсіздік қызметтері күрд бүлікшілеріне қарсы тұрған, ұзаққа созылған ішкі кикілжің болған еді (15 жыл ішінде бұл теке-тіресте 30 мыңнан аса адам қаза тапты).

Соңғы уақытта Түркияның жаңа исламдық-консервативтік үкіметі Еуропалық Одаққа енуді жандандыра түсті. Елдің премьер-министрі Эрдоган Түркияны осыдан кейбір батыс скептиктері қауіптенгеніндей Шығысқа емес, Батысқа бағыттап отыр. Өз жұмысының бір жылы ішінде Түркияның жаңа үкіметі, Түркия Еуроодаққа енуге өтінішін берген 1987 жылдан бастап барлығын бірге алғандағы алдындағы бүкіл түрік үкіметтерінен көбірек реформалар қабылдады. Түркия заңдарын ЕО талаптарымен үйлесімді етуге бағытталған реформалардың соңғы жинағында Эрдоган үкіметі қызу тақырыпты – саясаттағы әскерилердің ролін қарастырды. Эрдоганның генералдардың ықпал, әсерін азайтқысы келеді. Әрі Түркия, осылайша, әскери демократиядан азаматтық қоғамға көшеді. Бұл қадам 80 жыл бұрын республиканың құрылуынан бергі ең елеулі қадам.

Үшінші проблема. Копенгаген критерийлеріне сай келмейтін демократиялық құндылықтар. Еуропалық Кеңес 2000 жылдың қаңтар айының ортасында Биарритцтегі арнайы саммитте қабылдаған Негіз қалаушы құқықтар хартиясында ЕО өзі үшін міндетті құндылықтар жинағын алғаш рет жария етті. Ақыр соңында «Копенгаген критерийлерін» орындау кезінде осыны ұстану қажет болатын осы құндылықтар жинағы тұлғаның абыройын және еркіндігін, өмірге құқықты, физикалық және рухани қол сұғылмаушылыққа құқықты, қинап-азаптаудан қорғануға құқықты, сондай-ақ еркіндік пен қауіпсіздікке құқықты қамтиды. Қаншама таң қалдырарлық болғанымен де, Түркия әзірге Копенгаген критерийлерін орындау кезінде прогреске, алға ілгерілеуге қол жеткізуге ерекше бір дайындығын көрсетпей отыр. Түркияның Қылмыстық кодексінің сөз бостандығын шектейтін 312-бабы әлі алынып тасталған жоқ. Демократиялық құқықтардың шектелуін қарастыратын, терроризмге қарсы заңның да күші жойылмады. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің құрылымы және конституцияға сәйкес әскерилер алып отырған басым орын өзгеріссіз қалуда. сот төрелігінің тәуелсіздігі бұрынғысынша күмәнді; өлім жазасының күші жойылған жоқ; ұлт азшылықтарының құқықтары мәселесінде де Түркия алға қарай ілгерілеген жоқ.

2002 жылғы тамызда Түркия өзінің заңдарының және күнделікті практикасының ЕО критерийлері мен нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиісті ірі ішкі реформаларға барды. ЕО-қа енуге үміткерлерді қарастырудың заңдық негізі жоғарыда аталып кеткен Копенгаген критерийлері болып табылады.

ЕО-қа ену ниеті түрік заң шығарушыларын сөз бостандығын қорғауды реттейтін механизмдерді кеңейтуге итермеледі. Дүниежүзілік валюта қорының жетекшілігімен түрік өкіметі бірнеше саланы жекешелендіруді іске асырды, ал 2001 жылғы ақпанда қаржы секторының реформасын бастады. 2002 жылғы тамызда, қатаң еуропалық талаптарға сәйкес, Түркияда өлім жазалары күшін жойды (іс жүзінде бұлар 1984 жылдан бастап қолданылмаған еді және бұл тіптен ұстап алынған және дарға асуға өкім шығарылған, Күрд жұмысшы партиясының көшбасшысы, күрдтердің түрік өкіметіне қарсы қарулы күресін басқарған Абдуллах Оджаланға да таралған еді).

Төртінші проблема. Экономикалық деңгей. Бәлкім, Түркияның ЕО-қа барар жолында туындап отырған қазіргі қиындықтардың негізінде дәл осы экономикалық және әлеуметтік факторлар жатқан болар және Түркияның ЕО-қа енуге дайын еместігі дәл осы жағдаяттармен анықталатын болар. Түркиядағы өндірістің ғылыми-техникалық және технологиялық базасы қазіргі талаптарға барлық жағынан жауап бере бермейді.

Бесінші  проблема. Күрд мәселесі. Ел күрдтерге қатысты саясатын қайта қарастырды. Күрд тілінде сабақ беруге және теледидар хабарларын таратуға рұқсат етілген (бұрын тек осы тілдегі өлең тыңдағаны үшін түрмеге отырғызуы мүмкін болатын, бұл терроризмге дем берушілікке теңдестірілген еді). Оның үстіне бұған қоса қоғамдық бірлестіктер құруға, манифестацияларға, сөз бостандығына деген құқықтар кеңейтілді. Билік басындағылар сондай-ақ ЕО елдеріне заңсыз иммиграциямен тиімдірек күресуге уәдесін берді.

Осының барлығы – әсіресе өлім жазасына тыйым салу және күрд тілін заңдастыру Түркия үшін революциялық шешімдер. Жуырда ғана, 2000 жылы, түрік үкіметінің ЕО-қа енуге дайындықтың саяси бағдарламасын қабылдағандығын, бірақ мәтіннің мың бет парағында «күрд», «күрдтің» сөздерінің бір де бір рет еске алынбағандығын еске алсақ та жеткілікті болар [2].

Алтыншы проблема. Кипр мәселесі. Қазіргі уақытқа дейін Түркия мен ЕО-қа кіретін Грекия арасында Эгей теңізіндегі теңіз шекараларын шектеу туралы дау жүргізіліп келеді. Үлкен проблема – осының түрік-киприоттар мекендеген солтүстік бөлігін 1974 жылдан бері түрік армиясы оккупациялаған Кипр. Әзірге Кипр мәселесін реттеу туралы келіссөздер табысқа әкеле қойған жоқ.

Грек-киприоттар Аннаның жоспарына теріс жауабын бергеннен кейін осының институтрисдикциясы бүкіл аралға таралатын (ол аралдағы жалғыз ғана халықаралық мойындалған құқық субъектісі болып табылатындықтан) Кипр Республикасы 2004 жылдың 1 мамырында ЕО мүшесі болып енді.

Осылайша, аралдың бүкіл аумағы ЕО-қа енеді. Алайда, Түркияның аралдың 37% солтүстік аумағын заңсыз оккупациялауына орай, оларда уақытша Кипр Республикасының және ЕО-тың заңдары қолданылмайтын болады.

Іс жүзінде, 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Түркия Еуропалық Одақ аумағын оккупациялап отыр.

Әрине, халықаралық саясаттың осы бір нюансы Аннан жоспарының ағылшын-американдық демеушілеріне де, Еуропалық Одаққа да ұнап отырған жоқ. Кейбір саясаткерлердің оккупацияланған аумақтардан экономикалық эмбаргоны алып тастау және тіптен бұл жердегі Денкташтың түрікшіл режимін халықаралық тану туралы ұсыныстары айтылды.

Босния мен Косовоның сценариийі бойынша халықаралық Қауымдастықтың қамқорлығының аясында протекицонистік мемлекет құру ісі аяқсыз қалды. Ресей Кипр жағын қолдап, Кипрде референдум өткізердің қарсаңында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясының қабылдануына тосқауыл қойып, Кипр мәселесінің әділ шешілуіне елеулі қолдауын көрсетті.

Түрік-киприоттар, аралдың заңды тұрғындары, Кипр Республикасы азаматының барлық құқықтарына ие. Оның ішінде олар Кипр Республикасының заңды үкіметі бақылап отырған, аралдың еркін аумағында орнатылған сайлау учаскелерінде Еуропарламентке сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Кипр президенті Тасос Пападопулос мырза барлық партияларды, Еуропарламентке Кипрден 6 орынның 2-еуіне этникалық түріктер – Кипр Республикасының азаматтары сайлануы үшін, түрік-киприоттар қатарынан көбірек үміткерлерді ұсынуға шақырды.

Кипр мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздердегі АҚШ-тың арнайы өкілі Томас Вестон АҚШ-тың өз серіктесі ретінде тек Солтүстік Кипр Түрік Республикасының премьер-министрі (СКТР) Али Талатты ғана қарастыратындығын мәлімдеді, - деп жазады «Миллийет» газеті. Вестон сондай-ақ АҚШ-тың Рауф Денкташты түрік-киприоттардың бұрынғы көшбасшысы деп санайтындығын және ендігі жерде тек Талатпен істес болатындығын да айтты. АҚШ-тың арнайы өкілі өз үкіметінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының экономикалық оқшаулануын ендігі жерде болдырмауға ниетті екендігін және жуық болашақта осы бағытта нақты қадамдар жасайтындығын хабарлады.

Еуропа Кеңесінің жергілікті және аймақтық үкіметтер конгресі Кипр Республикасының Солтүстік Кипр Түрік Республикасының делегациясы Кипр Республикасының делегациясының аясында көрсетілуге тиіс екендігі туралы ұсынысын бекітті, деп жазады «Миллийет». Осындай шешім осы мәселе бойынша дауыс беруден қалыс қалған түрік делегациясының іс-қимылдарының нәтижесінде қабылданған болатын. Газет түрік делегациясының түрік-киприоттардың Кипр республикасы делегациясының құрамындағы өкілдігіне іс жүзінде қарсы болмағандығын баса көрсетеді.

АҚШ-тың бір де бір ресми тұлғасы Кипр Республикасының президенті Тасос Пападопулоспен кездесуге келіспеді деп жазады «Миллийет». Газет Кипр президентіне осылайша қарауды АҚШ-тың 2004 жылғы сәуірде болған, Кипрді біріктіру жөніндегі референдумның сәтсіз аяқталуына жауабы деп атайды. Қандай да болсын алдын ала уағдаластықсыз, лоббистік топтардың және АҚШ басшыларымен кездесулердің көмегімен АҚШ президенті Джордж Буштың әкімшілігінің Кипрге қатысты саясатына ықпал ету үшін АҚШ-ға сапар шекті. [3, 20-б].

Билік етіп отырған түріктің Даму және сот төрелігі партиясының көшбасшысы Эрдоган түрік-киприоттардың көшбасшысы Рауф Денкташтың атына қатты сынмен сөз сөйледі. «Мен аралда соңғы 30-40 жыл ішінде жүргізілген саясаттың жақтаушысы емеспін», - деп мәлімдеді Эрдоган. Ол Денкташты осыған сәйкес Кипр грек және түрік кантондарына бөлінетін, БҰҰ жасап шығарған ережелердің негізінде аралдың одан арғы тағдыры туралы келіссөздерге кірісуге шақырды. Бұрынырақта Еуроодақ, олай болмаған жағдайда ЕО-қа енуге аралдың тек грек бөлігі ғана шақырылатындығымен сес білдіріп, кипрлік гректер мен түріктерді 2003 жылдың ақпанының соңына дейін қандай да бір келісімге келуге шақырған болатын. 1974 жылы болған түрік баса кіруінің нәтижесінде Кипр аралы екі бөлікке – халықаралық тануын алған грек кипр республикасына және тек Анкара ғана мойындап отырған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына бөлінген еді.  Әлі күнге дейін Түркия үкіметі осы құрылымды жан-жақты қолдап келген болатын, алайда соңғы кездері түрік көшбасшылары Денкташтың қыңырлығы ЕО-қа Кипрдің түрік бөлігінің және Түркияның өзінің енуі мәселесін екіталай етуі мүмкін деп қауіптенуде.

Эрдоган Денкташты аралдың грек бөлігінің үкіметімен келіссөздерге отыруға шақырды. Қоғамдық пікірді елеп-ескермеуге болмайтындығын мәлімдеп және оны келіссөздер үстеліне қайтып оралуға шақырып, Эрдоган түрік-киприоттардың Денкташтың қатаң ұстанымына қарсы наразылық білдірген бұқаралық шеруі туралы еске салды. Гректік кипр үкіметі ресми Анкараның позициясының өзгеруін құптады.

Жетінші  проблема. ЕО-ты қандай идеологияға құру керек? Еуропа астаналарында Одақтың христиан құндылықтарында тұруы керектігі туралы күн өткен сайын жиірек айтылуда. Егер осылай болса, онда мұсылман Түркияға ол жерден орын табыла қоймасы анық. Осы көзқарасты жақтаушылар проблеманың діни қырын ғана емес, бұл бірыңғай саясатты, бірыңғай критерийлерді және бірыңғай бағалауларды жасап шығаруды іс жүзінде мүмкін емес қылатын, менталитеттегі, дәстүрлердегі, мәдениеттегі, әлемді қабылдаудағы, түсінудегі айырмашылықты баса көрсету үстінде. ЕО-қа еніп, Түркияның Ұлыбританиямен, Германиямен, Италиямен және Франциямен қатар, Одақтың барлық органдарында максималды өкілдікке және ықпалға ие болатындығы маңызды болып отыр. Қауымдастық алайда, әзірге таза христиандық ЕО туралы тезис ресми қабылданған емес.

Осының қарсыластары мынандай сұрақ қояды: ЕО елдерінде тұрып жатқан және олардың азаматтары болып табылатын ондаған миллион мұсылмандарды қайда жіберу керек? Олар сонымен қатар, Түркиядан діни белгі бойынша бас тарту мұсылман елдеріндегі байсалды саясаткерлердің зайырлы мемлекет және қоғам құруға деген әрекеттерін сәтсіздікке ұшыратады, оларды келешектен айырады және осы бір ренжіген елдерді радикалды исламшылардың құшағына итереді деп пайымдайды. Ақыр нәтижесінде бұл өркениеттердің, аталған жағдайда христиан және мұсылман өркениеттерінің қақтығысу теориясын жақтаушылардың тезисін нығайтуы мүмкін [3].

Осылайша, қазір және мұнда ресми Түркия, сөз жоқ, Копенгаген критерийлеріне сәйкес бола алатын орташа мерзімді келешекте - қандай да болсын шешім қабылданса да – бір нәрсе анық: бұл проблемалар ЕО тарапынан стратегиялық таңдау жасау қажеттігін шамалайды. Қалай айналдырсаң да, Одақ деген не екендігін, оған көршілермен қатынасты қалай құру керектігін, оның жуырдағы онжылдықтарда өзінің ішкі өмірін қалайша реттейтіндігін шешуге тура келеді.

Еуропалық Комиссия өз тарапынан Түркияда қабылданған және елді демократияландыруға бағытталған реформаларды құптап отыр. ЕО-тың атқарушы органының өкілі болған істі «алға қарай жасалған өте оңды қадам» деп атады. Бұл ЕО үшін маңызды болып отырған, өлім жазасын алып тастау және күрд азшылығының құқықтарын мойындау секілді мәселелер бойынша шешімдер қабылданғандығымен түсіндіріледі. Еуропалық Комиссия төрағасы Романо Продидің пікірін келтірейік. Болонья қаласында журналисттермен сұхбаттаса отырып, ол былай деді: «Комиссия Түркия алға жасаған қадамдарға аса жоғары баға беретіндігін анық мәлімдеді. Алайда, адам құқықтары жөніндегі Копенгаген критерийлері заңдардағы өзгерістерді ғана емес, жаңа нормалардың іс-тәжірибеде қолданылуын да қарастырады. Біз қол жеткізілген ілгерілеуге көзімізді жеткіздік және осы жолмен қозғалудың жалғасуын тосамыз. Нормалардың іс-тәжірибеде қолданылуын қарап көреміз, ал содан кейін бағамызды беретін боламыз» [4].

ЕО-тың Түркияның мүше болып енуіне реакциясы қазір осындай болып отыр.

ЕО өкілдері Копенгагенде, Түркияны Еуроодақ мүшелігіне қабылдамастан бұрын, осы реформалардың іс-тәжірибеде қалай жүзеге асырылатындығын қарап көру қажеттігін мәлімдеді. Бұл Түркияның реформаларды жалғастыруға қабілеттілігіне және Еуропаның осы елдегі прогрессивті өзгерістерді мойындауға дайындығына қатысты жаңа сұрақ, мәселелерді көтереді.

 

Әдебиеттер тізімі

1          Европа ХХ века: проблемы мира и безопасности.-М.: Международные отношения, 1985.-25 бб.

2          Европейское сообщество: проблемы единого рынка экономического и политического союза / сост. Е.Н. Муртазина. –М.:ИНИОН, 1989.-,ұ бб.

3          Кашлев, Ю.Б. Общеевропейский процесс, вчера, сегодня, завтра. –М.: Международные отношения, 1990. – 17 бб.

4          Борко, Ю.А. Что такое Европейский Союз.-М., 2000.-13 бб.