Магистрант Ермеков А.К.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдерінің қатарына қосылу үшін мемлекетіміздің экономикасы қарқынды дамуын жалғастыру қажет, ал өз кезегінде экономиканың қарқынды дамуы елдегі Шағын және орта Биснестің дамуына тікелей тәуелді болып табылады. Өзіміз білетіндей кез келген жүйе мемлекет тарапынан заңнама арқылы реттеліп бәсекелестік сақталады. Сондықтан, ел нарығындағы бизнес саласын жоғары деңгейге жеткізу үшін заңнаманы жан жақты жетілдіру жолдауда да айтылған болатын.

Қазіргі таңда елдегі ШОБ реттейтін заңнамалардың ең маңыздыларына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президентінің ''Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттің қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы 1997 жылғы 6 наурызындағы N 3398 және ''Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы'' 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары кәсіпкерлік қуаттына өте үлкен серпін берді [1].

Ал, шағын және орта бизнесті жүргізуші кәсіпкерлер мен осы саладағы кәсіпкерлердің әрекеттеріне сипаттама берсек, менің ойымша, кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғыланатын нақтылы қоғамдық тап.

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы ең бірінші мемлекеттің қолдауы және құқықтық жағдайының жақсаруы кәсіпкерлерлердің дамуына және өркенденуіне үлкен серпін береді.

Біздің ойымызша осы даму факторлары үшке бөлуге болады:

- кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын құқықтық жүйенің жақсаруы;

- шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттің қолдау қажетілігі жөнінде мәселелері;

- мемлекеттің қолдауымен жеке кәсіпорындарын тексеруші органдардың санын азайту.

Жоғарыда аталған факторлардың барлығы қазіргі таңда қолданысқа енгізілуде, бірақ әрқашанда кез келген құқықтық жүйеде теориялық және пактикалық мәселелері кездесуде.

1)       Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын Заңдар өте көп, бірақ Республикамызда экономиканың дамуында Заңдар арасында қарама-қарсы кедергілерге әкеліп соқтырады, себебі кәсіпкерліктің дамуы жаңа нормативті құқықтық актілердің, Заңдардың, Заңға тәуелді актілердің нормаларын реттейтің құқықтар өте көп, осыған сәйкес кәсіпкерлер арасында бір заңға тәуелді болатын құқық жоқ. Қазақстан Республикасында Жеке кәсіпкерліктің дамуы үлкен маcштабты жаңа нормативтік құқықтық актілердің ұлғайуына алып келуде, кәсіпкерлік нормалары Азаматтық кодексінен бастап «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы, «Бәсекелесті туралы» Заңы және т.б. заңдармен қарым қатынаста. Осы салдарға сәйкес 2010 жыл мен 2020 жыл аралығында Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлік кодексін құру концепциясы жоспарлануда, бұл концепция ҚР Үкіметімен 2010 жылы 30 желтоқсанда №1468 бекітілген қаулысымен концепциясы құрылуда және қазіргі таңға дейін шешілмеген [3]. Менің ойымша, бұл концепция өте тиімді неге десеңіз, нормативтік құқықтық актілердің көптігі кәсіпкерліктің түсінігі ретінде Заңдардың ыдырауына және ұсақтануына алып келеді.

2)       ҚР Азаматтық Кодекс мазмұнының өзгеруі және оның рөлі консолидацияға алып келеді, себебі Кәсіпкерлік кодекстің қалыптасуына сәйкес. Кейбір ғалымдар Азаматтық айналымдағы қарым-қатынастарды экономикалық тұрғыда жалғыз ҚР АК жеткілікті деп өз ойларын ортаға салады, Сонымен ҚР Экономиканың дамуын жоққа шығарады, қазіргі таңдағы экономиканың дифференциялық жіктелуі өзге дамыған Мемлекеттерден Заңдарының тәжіребиесін қолдануға үлкен ынта береді, себебі АҚШ, Жапония, Франция мемлекеттерінде кәсіпкерлік даму соншалықты екі кодексті қолдануда, Коммерциялық кодекс және Сауда кодексі. АК жеке кәсіпкерлерлік Заңдарының толық реттелуіне басты үлгісі болуы тиіс, бірақ бұл функцияның атқарылуын бірте-бірте ыдырауына алып келуде бұған мамандандырылған Заңдарының көбейуі себеп. Заңдардың қарқынды дамуы соншалықты экономикалық сауда-саттық саласында формальды Азаматтық Кодекстің қаралуына жатады, бірақ нақты Заңға тәуелді емес мамандандырылған актілермен немесе заңға тәуелді актілермен реттеледі – бұларға Банктік қызмет, Құрылыс қызметі және Көлік саласы ретінде немесе т.б. Уақыт өте жоғарыда аталған экономикалық қызмет салалары АК шеңберінен алынып тасталуы мүмкін егерде кодификацияланған Заңдар қабылданса оларға Қаржы кодексі, Құрылыс кодексі, Көлік кодексі және т.б. ұсыныс ретінде уәкілетті органдарға сұрақтар қойылуда. ҚР АК жаңа нормалардың қалыптасу, көбісі жеке құқыққа жатпауда, мысалыға: «Қаржы құралы ретінде» АК банктік салада жеке құқық қарастырылмаған, бірақ жеке мемлекеттік емес банктер қаралуы міндетті, сонымен АК нормативтік құқықтық актілердің жиынына қалыптасуда соған сәйкес жеке кәсіпкерлікті жаңа денгейге жеткізу үшін «Көптіктен сапалылыққа жету мақсатында» Кәсіпкерлік кодекстің (КК) қабылдануы ҚР экономиканың  даму деңгейін көтеру мақсатында дұрыс болары анық. Кәсіпкерлік саласында барлық нормативтік құқықтық  актілерді бір Заңға ұжымдастыру мүмкін емес, бірақ кәсіпкерліктің бастауы ретінде экономикамен аралас КК құқықтық реттелуге бет бұрады. Сонымен қатар құқықтық қатынастың реттелуі барлық деңгейлерді қарастырады, ең бастысы шаруашылық деңгейде жүргізілуі оның ішінде өзі екі тармаққа бөлуге болады «Мемлекеттік» және «Нарықтық».

Жоғарыда баяндалғанның негізінде КК кәсіперлер арасында құқықтық регламентін анықтау «құқықтары - міндеттері» және кәсіпкерлердің тәуелсіз шаруашылық әрекеттернің құрылымына қатысты мемлекеттік органдардың араласу шектерін анықтау. Сонымен бірге, нақты мемлекеттік органдар азаматтардың мүліктерімен құқықты қорғалуына кепіл болу. КК міндеті кәсіпкерлік қатынастарда қатысушылардың мүделлерін емес сонымен қатар қоғамның мүделлеріне де назар аударылуы тиіс.

3)       ҚР АК және КК басты мәселесі субъектілердің арақатынастарын анықтау себебі екі жақтада бір текті болуы мүмкін емес, мысалыға АК мазмұнында субъектілер арасында жасасатын іс әрекеттері жөнінде құқықтық реттелулер жеке қарастырылмаған сол себептен басты екі мәселе туады: А) дара кәсіпкер немесе Заңды тұлға арасында шарт жасау кезінде туындайтын мәселелер. Ә) АК Заңына сәйкес дара кәсіпкер жеке кәсіпкерлік лицензиясыз шарт жасасу кезінде туындайтын мәселелер.

ҚР 2006 жылғы 31 қаңтарында қабылданған N124 қабылданған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 3,4,5, тармақтарын ескерсек кез келген дара немесе жеке кәсіпкер кәсіпкерлікпен айналасуға толық құқығы бар [4]. Бірақ АК 19 бабының 5 тармағында тоқталсақ, егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметі жүзеге асыруға құқығына лицензиясы болу міндетті [5]. Сонымен жеке кәсіпкерлік туралы Заңы және АК бір біріне қайшы келуде, сонымен қайсысы дұрыс деген сұрақ туындайды. Осы қайшылықтар ең бірінші кәсіпкерлер арасында шарт жасасу кезінде басты мәселе болып табылады, шарт Заңға сәйкес бір жақты, екі жақты немесе көп жақты болып бөлінеді және субъектілер жоғарыда айтылғандай кез-келген тұлға болуы мүмкін. АК және жеке кәсіпкерлік туралы Заңының қарама қайшылығы қайтадан жеке кәсіпкерлік кодексіне келіп тіреледі, Заңды тұлға мен Дара кәсіпкер шарт жасасу кезінде АК нормаларына және өзге Заңдарға сәйкес дұрыс құрылса, онда шарттық Заңды деп танимыз бірақ дара кәсіпкер АК 19 бабының 5 тармағына сәйкес лицензиясыз қызмет атқарса, шарттың жарамдылығын формальды болып табылады [5].

Бұл жағдайда екі мәселені қарастыруға болады, дара кәсіпкердің келісім шарт нысанын құқықтық деңгейде лицензиясыз жарамсыз деп танылуын және екінші жақтан Заңдардың бір-біріне қарсы тұруы кәсіпкерлердің құқықтық қатынасы жаңа қабылданатын кәсіпкерлік кодексте тұлғалардың құқықтарының реттелуі келісілген келісім шартына емес субъектілер арасында реттелуі тиімді.

Мемлекет тарапынан экономикалық қолдауға келетін болсақ, қазіргі таңда Елімізде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» компаниясымен 2008 жылы «ДАМУ» Кәсіпкерлерді қолдау Қоры құрылып мемлекет тарапынан отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бағдарламаларды іске асырушы мекеме болып отыр. Елбасы жолдауында көрсетілгендей отандық экономиканың негізгі тірегі шағын және орта бизнес болу керек деген ұранды сөздеріне осы қор арқылы жүзеге асырып отыр. Бизнес Жол картасы-2020 мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында бастаушы және жұмыс жасаушы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп отыр. Соңғы жылдары бірнеше аймақтарда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылып, бір терезе жүйесі арқылы кәсіпкерлерді толықтай кеңес беру қызметтерімен айналысуда.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында алға қойған кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмаларды орындауда тоқталсақ, қазіргі таңда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша қабылданған шаралар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қоғамда орта таптың қалыптасуын қамтамасыз етуін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылаушы органдардың негізсіз араласуы Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің тежеулі дамуының негізгі себебінің бірі болып отыр [2].

Ең басты мәселе шағын және орта кәсіпкерлерін жоспардан тыс тексерулерді тағайындаудың негіздерін жүйелеу және саралау болып табылады. Біздің ойымызша мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы заңына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізу дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы жаңалық, қолымызда тұрған электронды жүйелерді және ғаламторды қолдану, мысалы: бақылау мен қадағалау органдарының тексерулерінің нәтижелерін есепке алудың электронды жүйесін енгізу арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін және осы жүйені барлық құқық қорғау органдарында сонымен мемлекеттік басқару органдарында қолданылуы тиімді деп ойлаймын.  Бұл жаңалық жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүйелеуге және ретке келтіруге, мемлекеттік органдардың тәуекелділік жүйесіне баға беру жұмысын сапалы жүргізуіне жол ашуын жақсартады. Ал бұлар түптеп келгенде бизнеске әкімшілік қысым көрсетудің төмендетуіне жәрдемін тигізеді. Өз кезегінде әр кәсіпкердің өзіне тағайындалған тексерулерді қадағалап отыруына және оның қорытындысын көруіне мүмкіндік береді. Ішкі торапта «online» тәртібінде электронды бақылаушы органдар мен тексеру субъектілері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл пайда болады, ол өз кезегінде тексерулерді жоспарлау кезінде жүйелілікті, ашықтылық пен шынайылықты қамтамасыз ететін болады.

Қорыта келсек, Елбасымыз өзінің кезекті жолдауындағы ШОБ-ті қолдау және тосқауылдарды жою үшін ағымдағы заңнамаларда алдағы уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін айқын. Енгізілетін өзгерістерде ШОБ қолдау бойынша біріктірілген заңнама ретінде қарастырылу қажет деп ойлаймыз, себебі ол өз кезегінде ағымдағы заңнамалардың ішіндегі сілтемелер мен әртараптандырылғандығын қысқартады. Қазіргі таңда, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер туындаған кезде түрлі заңдардағы қарама-қайшылықтарды жоғарыда айтылғандай кездесеміз. Сондықтан еліміз өркениетті және дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін экономиканың тірегі ШОБ-ты реттеуші заңдарды қайта қарастыруды қажет етеді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президентінің ''Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттің қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы 1997 жылғы 6 наурызындағы N 3398 және ''Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы'' 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығы.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы «Қазақстан-2050 Стратегиясы».

3. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейін арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарлар бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1468 Қаулысы. 

4. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заң.

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 2013.03.07 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен.