Магистрант Ермеков А.К.
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
ҚАЗІРГІ
ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нарықтық
қарым-қатынастарға көшу үрдісінде жаңа
типтегі экономиканың құрылуына тиімді жолдарды іздестірілуін
талап етеді. Алуан түрлі меншік нысанындағы
кәсіпорындардың құрылуы және қызмет етуі
еліміздегі бұндай экономиканың жеке секторының пайда болуына
әкелді. Оның дамуы мен орнығуы еліміздің маңызды
мәселелерінің біріне айналды. «Қазақстан-2030»
жолдауында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жаңа әлемдік
экономиканың шешімі болу үшін жеке сектордың
белсеңділігіне жәрдем жасап, ынталандырып арттыра түсіру
керек екендігін айтып өткен [1].
Жеке сектордың
маңызды элементтерінің бірі – шағын бизнес. Шағын
бизнес экономикамызды реформалаудың болашағы зор бағыты болып
табылады. Біздің ойымызша кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар
құрған бірлестіктердің белсенді, дербес
шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар
тәуекелге бел буып, мүліктік жауап-кершілікті сақтай отырып,
пайда табу жолын көздейді. Кәіпкерлікті тапқырмашылық
күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа,
жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға
бөлуге болады: біріншіден, коммерциялық
бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен
кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру
ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға,
ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей
қатысты.Кәсіпкер қабылданған заңға
қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Оларға: шаруашылық-өндірістік,
сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін
консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық
делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар
операциялары. Қазақстан Республикасында Жеке
кәсіпкерліктің дамуы үлкен маcштабты жаңа нормативтік
құқықтық актілердің ұлғайуына
алып келуде, кәсіпкерлік нормалары Азаматтық кодексінен бастап
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы, «Бәсекелесті туралы»
Заңы және т.б. заңдармен қарым қатынаста. Осы
салдарға сәйкес 2010 жыл мен 2020 жыл аралығында
Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлік кодексін
құру концепциясы жоспарлануда, бұл концепция ҚР
Үкіметімен 2010 жылы 30 желтоқсанда №1468 бекітілген
қаулысымен концепциясы құрылуда және қазіргі
таңға дейін шешілмеген [2]. Менің ойымша бұл концепция
өте тиімді неге десеңіз, нормативтік
құқықтық актілердің көптігі
кәсіпкерліктің түсінігі ретінде Заңдардың
ыдырауына және ұсақтануына алып келеді. ҚР
Азаматтық Кодекс мазмұнының өзгеруі және
оның рөлі консолидацияға алып келеді, себебі
Кәсіпкерлік кодекстің қалыптасуына сәйкес. Уақыт
өте экономикалық қызмет салалары АК шеңберінен алынып
тасталуы мүмкін егерде кодификацияланған Заңдар
қабылданса оларға Қаржы кодексі, Құрылыс кодексі,
Көлік кодексі және т.б. ұсыныс ретінде уәкілетті
органдарға сұрақтар қойылуда.
ҚР АК
жаңа нормалардың қалыптасу, көбісі жеке
құқыққа жатпауда, мысалыға: «Қаржы
құралы ретінде» АК банктік салада жеке
құқық қарастырылмаған, бірақ жеке
мемлекеттік емес банктер қаралуы міндетті, сонымен АК нормативтік
құқықтық актілердің жиынына
қалыптасуда соған сәйкес жеке кәсіпкерлікті жаңа
денгейге жеткізу үшін «Көптіктен сапалылыққа жету
мақсатында» Кәсіпкерлік кодекстің (КК) қабылдануы
ҚР экономиканың даму деңгейін көтеру мақсатында дұрыс болары анық.
Кәсіпкерлік
саласында барлық нормативтік құқықтық
актілерді бір Заңға ұжымдастыру мүмкін емес,
бірақ кәсіпкерліктің бастауы ретінде экономикамен аралас КК
құқықтық реттелуге бет бұрады. Сонымен
қатар құқықтық қатынастың
реттелуі барлық деңгейлерді қарастырады, ең бастысы
шаруашылық деңгейде жүргізілуі оның ішінде өзі
екі тармаққа бөлуге болады «Мемлекеттік» және
«Нарықтық». Жоғарыда баяндалғанның негізінде КК
кәсіперлер арасында құқықтық регламентін
анықтау «құқықтары – міндеттері» және кәсіпкерлердің
тәуелсіз шаруашылық әрекеттернің құрылымына
қатысты мемлекеттік органдардың араласу шектерін анықтау. КК
міндеті кәсіпкерлік қатынастарда қатысушылардың (Мемлекеттік
басқарма органдары) мүделлерін емес сонымен қатар
қоғамның мүделлеріне де назар аударылуы тиіс. ҚР
АК және КК басты мәселесі субъектілердің
арақатынастарын анықтау себебі екі жақтада бір текті болуы
мүмкін емес, мысалыға АК мазмұнында субъектілер арасында
жасасатын іс әрекеттері жөнінде
құқықтық реттелулер жеке
қарастырылмаған сол себептен басты екі мәселе туады:
- дара
кәсіпкер немесе Заңды тұлға арасында шарт жасау кезінде
туындайтын мәселелер.
- АК Заңына
сәйкес дара кәсіпкер жеке кәсіпкерлік лицензиясыз шарт жасасу
кезінде туындайтын мәселелер.
ҚР 2006
жылғы 31 қаңтарында қабылданған N124
қабылданған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының
3,4,5, тармақтарын ескерсек кез келген дара немесе жеке кәсіпкер
кәсіпкерлікпен айналасуға толық
құқығы бар [3]. Бірақ АК 19 бабының 5
тармағында тоқталсақ, егер жеке кәсіпкер
лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның
осындай қызметі жүзеге асыруға құқығына
лицензиясы болу міндетті [4]. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы
және АК бір біріне қайшы келуде, сонымен қайсысы дұрыс
деген сұрақ туындайды. Осы қайшылықтар ең бірінші
кәсіпкерлер арасында шарт жасасу кезінде басты мәселе болып
табылады, шарт Заңға сәйкес бір жақты, екі жақты
немесе көп жақты болып бөлінеді және субъектілер
жоғарыда айтылғандай кез-келген тұлға болуы
мүмкін. АК және жеке кәсіпкерлік туралы Заңының
қарама қайшылығы қайтадан жеке кәсіпкерлік
кодексіне келіп тіреледі, Заңды тұлға мен Дара кәсіпкер
шарт жасасу кезінде АК нормаларына және өзге Заңдарға
сәйкес дұрыс құрылса, онда шарттық Заңды
деп танимыз бірақ дара кәсіпкер АК 19 бабының 5
тармағына сәйкес лицензиясыз қызмет атқарса,
шарттың жарамдылығын формальды болып табылады [4]. Бұл
жағдайда екі мәселені қарастыруға болады, дара
кәсіпкердің келісім шарт нысанын
құқықтық деңгейде лицензиясыз жарамсыз деп
танылуын және екінші жақтан Заңдардың бір-біріне
қарсы тұруы кәсіпкерлердің
құқықтық қатынасы жаңа
қабылданатын кәсіпкерлік кодексте тұлғалардың
құқықтарының реттелуі келісілген келісім шартына
емес субъектілер арасында реттелуі тимді.
Сонымен, жеке
кәсіпкерлерді қолдау және кедергілерді жою мақсатында
ағымдағы заңнамаларда алдағы уақытта
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін айқын. Енгізілетін
өзгерістерде кәсіпкерлерді қолдау бойынша біріктірілген
заңнама ретінде қарастырылу қажет деп ойлаймыз, себебі ол
өз кезегінде ағымдағы заңнамалардың ішіндегі
сілтемелер мен әртараптандырылғандығын
қысқартады. Қазіргі таңда, кәсіпкерлік
саласындағы мәселелер туындаған кезде түрлі
заңдардағы қарама-қайшылықтарды жоғарыда
айтылғандай кездесеміз. Сондықтан елімізде жеке
кәсіпкерлердің құқықтық
жағдайын жақсарту мақсатында заңдарды қайта
қарастыруды қажет етеді.
Әдебиеттер:
1. ҚР Президентінің жолдауы
«Қазақстан-2030 Стратегиясы».
2. ҚР 2010 жылдан 2020
жылға дейін құқықтық саясат
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 жылға арналған
іс-шаралар жоспарлар бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2010
жылғы 30 желтоқсанындағы № 1468 Қаулысы.
3. «Жеке кәсіпкерлік туралы»
ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заң.
4. ҚР Азаматтық Кодексі
2013.03.07 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен.