Магистрант Умбаев С.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУЛАР ЖҮЙЕСІ

Мемлекет басшысын сайлаудың негізгі үш үлгісі бар. Грецияда, Италияда, ГФР-да Президентті Парламент сайлайды. АҚШ пен Үндістанда тандаушылар арқылы сайланады. Францияда, Австрия мен Мексикада - төте және жасырын дауыс беру арқылы жалпыхалық сайлау арқылы сайланады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Германия Федеративтік Республикасында Президентті Парламент сайлайды. Мұндай тәртіп Парламенттік Респуликаға тән. Ол үшін Германия Федеративтік Республикасы Конституциясының 54-бабының 3 тармағында көрсетілгендей, Парламенттің (Бундестаг) төменгі палатасы мүшелерінен және пропорционалдық бастама негізінде өлкелердің халық өкілдіктері сайлаіаы мүшелердің тең санынан тұратын Федералдық Жиын құрылады. Президенттікке кандидаттарды алдыңғы қатарлы партиялар ұсынады және Конституцияда көрсетілгендей, осы сайлауларды жүргізу барысында Федералдық Жиында пікірталасына жол берілмейді. Федералдық Жиын мүшелерінің көпшілік дауысын жинаған тұлға сайланды деп есептеледі. Егер дауыс берудің екі турында басым көпшілік дауыс жинамаса, келесі турда неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланды есептеледі.

Греция, Португалия, Чехия, Словакия, Полыпа, Венгрия мемлекеттеріндегідей Германия Федеративтік Республикасьшың Президенті де бес жыл мерзімге сайланады. Германия Федеративтік Республикасындағы Президент сайлауына басқа да елдердегідей белгілі бір талаптар қойылады. Бұл талаптар Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңының 54 бабында көрсетілген. Біріншіден, ұлттық этникалық талап, яғни, президентке кандидат міндетті түрде ГФР азаматы болуы керек (әр бір неміс президент бола алады). Екіншіден, сайлаыу құқығы болуы қажет, яғни, оның Парламенттің төменгі палатасына сайлану құқығы болуы керек. Дәл осындай нормалар Австрияда да қолданылады. Үшіншіден, жас талабы, яғни, Президенттікке кандидаттын, жасы қырықтан төмен болмауы тиіс. Германия Федеративтік Республикасының Президентін бір мәрте ғана қайта сайлауға жол беріледі.

Францияда бұл үлгіні таңдау кездейсоқ емес, себебі француз мемлекеті басшысының жағдайы едәуір ерекшеліктерге ие. Бұл ең алдымен, Бесінші республика негізін қалаушы генерал Шарль де Голльдің жетекшілігімен жазылған және Франциядағы қазіргі Негізгі Заңнан өзінің жарқын көрінісін тапқан президенттік биліктің бүкіл концепциясына байланысты түсіндіріледі. Бұл концепцияның бастысы, президенттің халық алдында тікелей есеп беруі, зандылық пен тәуелсіздіктің жарқын бейнесі болатын халықтармен және осы тәуелсіздікті білдіретін адаммен байланысы болып табылады. Бесінші республика президентінің пікірі бойынша президент пен халық арасында өзіндік келісім шарт жасалынады, оны өзі сайлаған жетекшіге сенім білдіруден бас тарту арқылы халық қана бұза алады. Бұл жеті жылда бір рет өтетін жалпы сайлаулар арқылы мемлекет басшысын тікелей сайлаумен қамтамасыз етіледі. Президентке елді дамытудың ірі жобаларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік биліктің мұрагерлігін қамтамасыз ету үшін, ағымдағы саяси және партия аралық күреске тәуелсіз болмау үшін жеткілікті мерзім қажет. Франция Президенттігіне кандидатқа дауыс беру елде мажоритарлық жүйеде, барлық іс-қимыл ең ұсақ тетігіне дейін ойластырылған екі турда өтеді. Президенттік қызметке кандидат:

- 23 жасқа толған Франция азаматы болуға тиіс;

- қылмыстық іс және жекелеген азаматтық қылмыстар туралы сот үкімі (мәселен, сайлау қорытындыларын қолдан жасағаны үшін), сырттай үкімдер, кандидатурасын ұсынған кезде төленбеген қарыздары үшін сот қудалауы, және т.б. болмауы шарт;

- Францияда қазіргі кездегі мемлекеттік сайланбалы лауазымдағы парламент мүшелерінен бастап муниципалдық кеңесшілерге дейінгі қызметте отырғандардың 500 кепілдік қолын ұсынуы керек, және тек олардың оннан бірі ғана бір департамент пен Францияның теңіз сыртындағы иелігі атынан қол қоя алады;

- дауыс берудің бірінші турына дейін 17 күндік мерзімнен кешіктірмей 10 мың франк көлемінде кепілақы беруі шарт.

Осы талаптарды орындаған кез-келген адам 20 күннен аспайтын мерзім ішінде және қызмет жасап отырған президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға 35 күн қалғанға дейін кешіктірілмей дауыс берудің бірінші турына кандидат ретінде тіркеледі. Сайлау науқаны "Журнал офисьель" ресми бюллетеньде президенттік қызметке кандидаттар тізімі жарияланғаннан кейін басталады. Бұл сайлаудың бірінші турына 2 апта қалғанға дейін кешіктірілмей өткізіледі. Бірінші турдың алдындағы науқан екі аптаға, (әрдайым жексенбі күні өтетін келесі дауыс беруге дейінгі жұма күнгі 24-00 сағатта аяқталады), ал екінші турдың алдында - бір аптаға созылады. Оның өтуін құрамына мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары, кассациялық соттың және есептеу палатасының бірінші төрағалары, сондай-ақ олардың екі өкілі енген арнайы комиссия бақылайды. Америка Құрама Штаттары Конституциясының 1 бөлімінің П бабына сәйкес осы елде туған, онда кем дегенде 14 жыл өмір сүрген, 35 жасқа толған кез-келген азамат АҚШ Президенті болып сайлана алады.

Президент екі төртжылдық мерзімнен артық мерзімге сайланбауы керек. Бұл шектеу президенттік мерзімде төрт жыл отырған Рузвельт өнегесі қайталанбас үшін 1951 жылы конституцияға XXII түзету арқылы енгізілген болатын. АҚШ Президентін сайлау - өте күрделі процесс. Ол негізгі үш кезеңнен тұрады: партияның ішіндегі ниет білдірушілердщ сайлау алдындағы күресі, екі партиядан президентке ресми кандидаттардың сайлау науқаны, ел президентін сайлау.

Сайлау алдындағы сөрелік "жарыс" сайлау жылындағы ақпан айынан бастап шілдеге дейін созылатын президенттікке кандидаттардың "праймериздердің" бірінші сайлауымен аяқталады. "Праймершдерден" кейін талапкерлердің саны едәуір қысқарады. Оларды тек ұлттық партия съездері бекіткеннен кейін ғана талапкерлер АҚШ Президенті қызметіне партиялардың ресми кандидаты бола алады. Съезд делегаттары саяси дәстүрге сәйкес, бірінші турдағы өз дауыстарын өз сайлау округіндегі праймериз барысында жеңіске жеткен талапкерге беруі тиіс.

Үшінші кезеңнің басталуы - әрбір кәбиса жылдың бірінші сейсенбісінен басталып, АҚШ-тағы жалпыұлттық сайлауларға дейін созылады. Алдын-ала тіркелген сайлаушылар тұрғылықты жерлерінде дауыс береді. Бірақ бүл күні американдақ сайлаушылар Президент үшін емес, таңдаушылар алқасының мүшелері үшін дауыс береді. АҚШ Президентін сайлау тікелей емес, жанама түрде екі кезеңде өтеді. Таңдаушылар әрбір штатта бірыңғай тізіммен көпшілікке байланысты мажоритарлық жүйеде сайланады. Тізімі ең көп дауыс алған партия осы штаттағы барлық таңдаушыларды өзіне алады. Кейбір штаттарда дауыс беру тізімінде таңдаушылардың тізімі емес, нақты партиядан президенттік қызметке кандидаттардың аты-жөні тіркеледі. Дауыс беру тәртібі сайлау бюллетеньдерін, сондай-ақ сайлау машиналарын пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Таңдаушылар алқасы федерализм қағидасы бойынша қальштасады: әрбір штат конгреске қанша сенатор мен өкіл жіберсе, сонша таңдаушы сайлауға кұқылы. Колумбия федералдық округі үш таңдаушы сайлайды. Сол жылғы желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі бірінші дүйсенбіде бір ай бұрын сайланғаы таңдаушылар өз штаттарыньщ астанасында жиналып, өздерінің штатындағы қатардағы сайлаушылардың ең көп дауысын алған президеитке кандидатқа жеке дауыс береді. Президентті сайлау үшін карапайым көпшіліктің дауысы жеткілікті.

Грецияда Президентті депутаттар палатасы 5 жылға сайлайды. Президентті қайта сайлау бір рет қана мүмкін. Соғыс жағдайында президенттік мандат ол біткенге дейін ұзартылады (Конституциянын, 30 бабы). 32 бапқа сәйкес депутаттардың жалпы санының бестен үшінің дауысын алған тұлға республика президенттігіне сайлана алады. Италия Конституциясының 83 бабына сәйкес Республика Президентін мүшелерінід бірлескен мәжілісінде Парламент сайлайды.

Республика Президенті болып елу жасқа толған, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалана алатын кез-келген азамат сайлана алады. Республика Президенті қызметін басқа лауазыммен қосақтауға болмайды. Италия Республикасының Президенті жеті жылға сайланады. "РСФСР Президентін сайлау туралы" Завды қабылдауда әлемнің өзге елдерінде (мәселен, Францияда) осындай іс-қимылды заң арқылы рәсімдеу тәжірибесі ескерілді. Жоғары лауазымды тұлғаны және Ресей Федерациясының атқару билігінін, басшысын сайлауды жоғарыда көрсетілген заң бойынша Ресей азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жалпыға тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүргізеді. 35 жасқа толған және 65 жастан аспаған, осы Заңга сәйкес сайлау құқығы бар Ресей азаматы Ресей Президенті болып сайлана алады, ол 5 жыл мерзімге сайланады, бірақ екі реттен артық сайлана алмайды. Осы баптың талаптарын бұзу президент сайлауың заңсыз деп тануға әкеліп соғады.

Еліміздегі Президент сайлау тәртібіне тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 41 бабына сәйкес, республика азаматтары Қазақстан Республикасының Президентін жалпыға тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын сайлау арқылы жеті жылға сайлайды. Конституцияда көрсетілген нормалар бойынша қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кем дегенде он бес жыл тұрған азаматтың Президент болып сайлануға құқығы бар [1].

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияның 41 бабына және "Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес өткізіледі. Осы заңға және Конституцияға сәйкес Республиканың Президентін жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімғе сайлайды. Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды бекіткен. Республика Президенті болу үшін тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, әрі Қазақстан Республикасында кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады.

Менің ойымша, мұндай талаптардың қойылуы орынды, өйткені Президент болуға үміткер азамат өзі тұратын, болашақта басшы болатын елдің тілін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, ұлттық ерекшеліктерін білуі қажет. Тағы бір айта кететіні, Президенттікке үміткерге үлттық шек қойылып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алады. "Сайлау туралы" заңға сәйкес Президет лауазымына үміткерге тағы бір талап қойылады, үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан туындайды. Президент кез келген азамат секілді қайсыбір дінді ұстауы немесе ұстамауы мүмкін. Алайда, дін қайраткер болмауы, қандай да бір конфессияға қызмет етпеуі тиіс. Ол мейлінше, әр түрлі дінді ұстайтыы азаматтардың дауыс беруімен сайланады. Сондықтан Президент зайырлы мемлекеттің басшысы ретінде бүкіл халықты ойлауы керек. Үміткер заң тәртібімен белгіленген соттылығын өтемеген адам болмауы керек, ол белсенді сайлау құқығының иесі болуы тиіс.

Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінід жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасында да халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық және діни бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, шетелдік занды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың республикадағы сайлауды қаржыландыруына тыйым салынған.

Алайда, егер олардың қаржыландыруға қатысуы сот арқылы дәлелденген болса, осындай ұйымдар мен жеке адамдарға осы қаржыларды мемлекет бюджетіне алып, сайлауды ұйымдастыруға жіберу арқылы тиісті санкция белгілеу қажет. Бұдан басқа, сотқа республикалық бюджеттен президентке нақты кандидатты ұсыну және сайлау науқанын өткізу жөніндегі шығындарға бөлінген қаржылардың, шет елдік ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаржыландыру сомасының көлемін азайту туралы шешім қабылдау құқығын беру қажет. Мұндай қос жауаптылық заңда көрсетілуі шарт. Заңда материалдық қолдаудың шекті сомасын белгілеу қажет. Егер сотта осындай көмек көрсетілгені дәлелденген болса, тиісті санкция қабылдануы керек. Бұл өзгерістерді Қазақстан Республикасының сайлау туралы зандарына енгізген жөн.

Әдебиеттер:

1 Сахаров Н. А. Институт президентства в современном мире. - М., Юридическая литература, 1994. - 175 С.

2 Крутоголов М.А. Президент Французской Республики. -М., Наука 1980.

3 Центральные органы власти Французской республики. - М., 1956. -80 С.

4 Решетников Ф.М. Правовая система стран мира. N1.: Юрид.лит.,

1996.- 254 С.

5 Конституции Французской Республики. - М.: Наука, 1980.- 326 С.

6 Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 года. -Алматы., 2003

7 Конституционный Закон Республики Казахстан О выборах в Республике Казахстан от 6 апреля 1999 г.