Магистрант Серикова А.

 «Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ШАРТЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды реттейтін ең бірінші нормативтік құқықтық акт болып 23 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы болды. Сол қаулыда лизингтік қатынастар тек агроөнеркәсіптік кешенде ғана бұл қатынастарды реттеу керек деп баяндалды. Кейін оны қолдану спектрі кеңейді.

Лизингтік қарым-қатынастардың дамуының келесі кезеңі ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін алуға болады. Онда көрсетілген негізгі лизингке қатысты түсініктер және оның негізін ашатын құқықтық ережелерге тоқталып кетейік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімінің 29 тарауы «мүлік жалдау» деп аталады. Мүлік жалдау (аренда) шартына сәйкес жалға беруші тарап жалға алушы тарапқа мүлікке ақысын төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Жалға алушының жалға алған мүлікті Азаматтық Кодекстің белгіленген жағдайлары мен тәртібі бойынша иелік етуге құқылы. Лизингте, прокат шарттарыда, сондай-ақ мүлікке ақы төлеп уақытша иеленуі мен пайдалануға беруіне байланысты шарттарының өзгеде түрлерін де мүлікті жалдау шарттарына жатқызады [1].

Жоғарыдан көретінімізге сәйкес лизинг мүлік жалдау шартына жатады. Ал лизингтік шартқа сәйкес лизингті беруші лизингті алушының көрсетілген мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизингті алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатында пайдалануына беруге міндеттенеді [1].

Қазақстандағы экономиканы дамыту, ғылыми-техникалық прогрессті тездету, қаржылық құралдардың шектеулі болғандығы себебінен негізгі фондты жаңарту мақсатында жаңа әдістерді енгізуді талап етеді.  Осындай дәстүрлі емес, бірақ та тиімді жолдардың бірі болып лизинг табылады. ол өзімен дәстүрлі инвестициялаудың түрлеріне альтернатива ретінде көрініс табады. Әсіресе қаржылық лизинг қызық болып табылады [2].

Көбінесе лизинг сол мезетте өз қаражаты есебінен керек құрылғыларға қол жеткізуге мүмкіндігі жоқ компанияларға тиімді. Өйткені олар өз ісін алға жүргізу мақсатында лизингқа жүгініп, еш қиындықсыз керек құрылғысына қол жеткізеді. Лизинг біртекті қаржылық тауар болып табылмайды. Әрбір елде өзінің белгілі бір сауда құқығында, қаржылық, бухгалтерлік есепке байланысты болып табылады. Әрине олардың бір ұқсастығы бар. Ол белгілі бір уақытқа мүлікті ақылы пайдалану құқығына беру болып табылады.

Осындай құжаттардың бірі болып 1994 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шетел инвестициялары туралы» №266 Заңы болып табылады. Ол заңда мемлекеттің қолдауы туралы және отандық нарықта лизингтің дамуына үлкен мүмкіншілік жасалатыны айтылып кеткен. Бұл заң лизингті жан-жақты қарастырып және оны инвестициялаудың бірден бір жолы ретінде ашып көрсеткен болатын. Лизингтің мәні мен оның табиғатына деген көзқарас нақтыланып, көптеген лизингтік компаниялардың қызметі арқылы оған көз жеткіздік.

Келесі лизингтің нормативтік қамтамасыз етудің жолы ретінде 2000 жылы 5 шілдеде қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» №78-ІІ Заңды айтсақ болады. Осыдан кейін банктер лизингті жаңа қаржылық құрал ретінде қарап, көптеген енішлес лизингтік компаниялар құратын болған.

Осы жылдар ішінде заңнамалық, нормативтік, әдістемелік база қалыптасқан болатын. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестициялардың 15-20 пайызы лизингке тиесілі, ал АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияға 30 пайызы тиесілі болып келеді. Қазақстандағы лизингтік бизнес бірте-бірте дамып келеді, инвестициялық қызметке үлесін тигізеді. 2003 жылдың басынан бастап Қазақстанның лизингісінің тарихы өз бастауын алады. Біріншіден ол Қазақстанның экономикасының тұрақты болуымен байланысты болып келеді.

Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №475 Қаулысының әсер еткені зор. Қазіргі таңда оның күші жойылған. Қазіргі таңдағы лизинг өте жас. Әлемдік қаржылық жүйеге тез еніп кеткен. Лизингтік қызметтің анализі көрсеткендей АҚШ, Жапония, Ұлыбритания секілді мемлекеттердің қызметіне қарап, өз қызметіне қолданыла бастаған.

Қазақстандық лизинг үшін ең нәтижелі болған 1996, 1997 жылдар және 1998 жылдардың басы болды. Қазақстандық және шетелдік банктер, машиналарды жасаушы ірі кәсіпорындарға жаңа қаржылық құрылғылардың түрі – лизинг пайда болды. Осы аралықта көптеген лизингтік компаниялар пайда болды. Лизингтік холдингтер пайда бола бастады. Лизинг шарттарының жылдық көлемі  1 млрд. долларға жеткен еді. 1998 жылдардың көрінісі бойынша ол алдыңғы жылдың көлемінен асып түседі.

Отандық лизинг берушілерге арзан кредиттік ресурстарға, тауарлық кредиттерге жол ашылды. Қазақстандық нарықта лизинг әртүрлі түрлері қолданыла бастады. Олар қаржылық, қайтармалы, компенсациялық, жедел болып бөлінеді. Қаржыландыру схемасының сан түрлілігі пайда болды, ол қатысушыларға кепілдіктер берді.

Лизингпен айналысушы компанияларға лицензия беріліп, олардың саны өсті. Алайда олардың барлығы биік деңгейлерге жетпесе де, өз талпыныстарын көрсетті. Сонымен қатар 1998 жылы басталған қаржылық дағдарыс лизингтік бизнеске кері әсерін тигізгені сөзсіз. Көптеген лизингтік компаниялар әрі қарай не болады деген сұрақ қойған екен. Шетелдік және Қазақстандық банктер, тауар шығарушы компаниялар кішігірім демалыс алды. Қиындықтарға қарамастан қазіргі уақытта лизингтік компаниялардың активизациялануы басталды.

Халықаралық тәжірибеге сүйене келе, лизингтің басқа инвестициялаудың түрлеріне тиімділігін атап өту керек. Біріншіден, лизинг лизинг алушыларға нарықта болып жатқан өзгерістерге шапшаң қимылдауға, өзінің бастапқы капиталын жаңартуға мүмкіндік береді. Кішігірім және орта бизнестегі фирмалар үшін лизинг тіпті олрадың қызметін қаржыландырудың жалғыз түрі бола алады. Лизинг лизинг алушыны меншік иесіне жүктелетін көптеген ауыртпашылықтардан босатады. Лизинг бухгалтерлік есеп үшін өте тиімді. Өйткені жалға алынатын құрылғы компанияның балансына есептелмейді. Ал лизингтік төлемдер олардың кезекті шығындары ретінде есепке алынады. Көптеген зерттеулерге сәйкес республикамыздағы лизингтің даму қызметі пайда болған мәселелерді шеше алмады. Мысалы, аграрлық кәсіпорындар аудандар бойынша қамтылу деңгейі төмен болуда.  Соңғы 15 жылдарда ауыл шаруашылық техникасының азаюы: тракторлар - 81,1 %, бидай жинаушы комбайндары - 77,4 %, картоп жинаушы - 88,0%.

Лизингтік компаниялардың ішінде АҚ «Лизингтік компания «Астана-финанс», ол соңғы 5 жылдарда Қазақстан аумағы бойынша ауыл шаруашылық техникасымен жабдықтау лизингтік қызметімен айналысқан.

Республикамыздың барлық аумағын қамту мақсатымен, облыстық филиалдары және өкілдіктері құрылған болатын. Өзінің құрылу уақытында акционерлік қоғам Қазақстандағы ең үлкен лизингтік компания болып табылады. Қазіргі уақытта лизингтік компанияда 5300 бірлік ауыл шаруашылық техникасымен қамтылған. Оның ең басты мақсаты – республикамыздың ауыл шаруашылық лизингтік жоспарларды қамту. Мысалы, 50 пайыз клиенттер ауыл шаруашылық компанияларға тиесілі.

Лизингтік нарықта тракторлар мен бидай жинаушы комбайндарды АҚ «Лизингтік компания «Астана-финанс» алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болып табылады. Оған сәйкесінше лизингтік қызметтің 30 және 35 пайызы тиесілі. Лизингтік көрсетулерді тікелей нақты көрсеткіштер бойынша қарастыру қажет. Ондай көрсеткіштер ретінде бухгалтерлік есепті алсақ болады. Оған әр кәсіпорын бағытталады. Демек, лизингті біз кәсіпорындарды қолдау ретінде қарастыруға болады.

Әдебиеттер:

1.                 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1999 жылғы 1 шілде (Ерекше бөлім), соңғы толықтырулар мен өзгерістер 2013 жылы 6 наурызда енгізілген.

2.                 Рахимова С.А. Лизинг, оның мәселелері және даму перспективалары//Қазақстан Банктері.2004 № 11