Магистрант Абитаев Е.Е.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары экономика саласындағы қылмыстар өте көп болды. Бұл жағдай 1990 жылдан бастап 2000 жылға дейін өршіп тұрды. Қазақстанның экономикасы осы қылмыстың өршуіне байланысты біраз уақыт жетіспеушілікке ұшырады. Әрине, мұндай жағдайдың  орын алуына өзінің себебі бар. Мысалы, тәуелсіздік алған жылға дейін, ел елдерде, жер жерлерде, жаппай көтерілістер болды, мемлекеттер тәуелсіздігін жариялап жатты (оның ішінде ТМД мемлекеттері) тауарлар жетіспей, базарлар жабылып, адамдар үйіндегі жалғыз дүниесін сатып жіберуге дейін барған. Өйткені ақша жоқ болды, экономикалық тұрақсыздық болды, осының барлығы экономикалық қылмыстардың бастамасы болып қалыптасты. Экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика деген қылмыс түрлеріне, ол кезде толық түрде ешқандай ғалым түсінік бере алмаған.

Қазіргі таңда РФ-ның және Қазақстан заңгерлері бұл мәселенің түп тамырын нақты зерттеп экономикалық қылмыстардың шығу тегін және пайда болу тетіктерін біліп, қылмыстық кодекске арнайы нормаларды енгізе бастады. ҚР қылмыстық кодексін 1997 жылы қабылдаған кезде осы экономикалық қылмыстардың бүкіл түрлерін енгізе алмады. Әрине ол кездегі экономикалық қылмыстардың жасалу жолы басқаша болса керек. Экономикалық қылмыспен күресудегі ең басты саясат ол ҚК-тің нормаларының дұрыс жолға қойылып, заң жүзінде іске асуы б.т. ҚК негізінен экономикалық қылмыспен күресетін бірден-бір заңды күш десек қателеспейміз. Өйткені экономикалық қылмысты жасау өмірдің түрлі-түрлі саласында жолығады. Бұл қылмыс экономика дамыған сайын бірге дамиды. Әрине мұндай жағдай өкінішті, мұндайды басқа мемлекеттердің тәжірибесінен байқауға болады. Ал біз тек заң жүзінде әділ норма жасап, сол норманы жазылғандай орындап отырумыз қажет, сол кезде баланс сақталады деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттен ұрланған әр тиын, мемлекеттің экономикасын құлдыратуға дейін апарады. Сондай-ақ қазіргі кезде мемлекеттің барлық саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметте экономикалық қылмыстың алдын алу мақсатында бірнеше нормалар қабылданып жатыр. Бұлда мемлекеттің қылмысқа қарсы саясаты.      

ҚР Президенті, елбасы, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевта өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауында бұл мәселені қозғамай өтпейтінін баршамыз білеміз. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жыл сайын ҚР Үкіметіне, Парламентіне экономикалық қылмыспен күресетін Қаржы полициясы Агенттігіне, экономикалық қылмыспен күресу үшін тапсырмалар беріп отырады. Ел президенті Қазақстан 2050 стратегиясында да бұл мәселеге көңіл бөлген болатын.

ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес Агенттігінің қылмыстармен күресудегі орны ерекше б.т. ҚР ЭҚСЖҚА (қаржы полициясы) органдары жедел іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдарының міндеттері: өкілеттілігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісіне мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу; қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Қаржы полициясы органдары қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы, «ҚР Қаржы полициясы органдары туралы» ҚР заңы және өзгеде нормативтік құқықтық актілері құрайды. Қаржы полициясы органдарының қызметі заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадір қасиетін құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы жүйесінің бірлігі, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру, құқық қорғау және басқа  мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс қимыл жасау принциптері негізінде жүзеге асырылады. Қаржы полициясының төменгі бөлімшелері жоғары тұрғандарына бағынатын біріңғай орталықтандырылған жүйесі бар. Қаржы полициясының бірыңғай жүйесіне орталық атқарушы органы (уәкілетті орган) және аумақтық, мамандандырылған органдарын қамтитын, сондай-ақ қаржы полициясының оқу органдары жатқызылады [1].

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің миссиясы қоғамдық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық және ел экономикасындағы қылмыстылық деңгейін төмендету болып табылады. Агенттіктің пайымы – мемлекеттік аппараттың жүйелі сыбайлас жемқорлықтан арылуы, азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерінің экономикалық құқық бұзушылықтардан сенімді қорғалуы. Стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Бұл бағыт кездейсоқ таңдалмаған және ол – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірі болып табылатын еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарынан, оның «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстарды ашуынан және сақтандырудан туындайды [2]. ҚР-сы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, экономикалық қылмыстың алдын алу үшін эәне оның пайда болу жолын кесу мақсатында іс-шаралар жүргізілетінін баршамыз білеміз. Мысалы, құқық қорғау органдарынан шығатын арнайы сенім телефондар, жарнамалар, видеороликтер т.б. Қылмыстық ескертудің 3 мақсаты болады: Әлеуметтік; Криминологиялық; Жеке криминологиялық алдын алу [3].

ҚР Конституциясының 26 бабына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар. Сол сияқты монополистік қызмет заңмен реттеледі, және шектеледі. Жосықсыз бәсеке тыйым салынады. Осы аталған Конституциялық ережелер, ҚР дағы экономиканы құқықтық реттеудің нормативтік негізі б.т. Нарықтық экономикаға көшуге себеп болған экономикадағы ең маңызды өзгерістер, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған қылмыстық құқықтық нормаларды реформалауға негіз туғызды [4].

ҚР да экономикалық қылмыспен күресу үшін аз еңбек етіліп жатқан жоқ, бірақ экономикалық қылмыстың саны керек деңгейге дейін түсер емес. Мысалы, 2013 жылдың қорытындысы бойыншы соңғы 8 айда сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстардың саны 13%-ға артты. Салдарынан мемлекетке 107 млрд. теңгеден астам шығын келтірілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде белгілі болды. Мамандар жалған кәсіпкерлікпен айналысу дерегі де биыл көптеп тіркелгендігін айтты. Мәселен, заңды белшесінен басып, оңай олжаға тап болмақшы болғандардың үстінен 715 қылмыстық іс қозғалған. Ең сорақысы, бұл өткен жылдың барлық көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Олқылықтың алдын алу үшін мамандар жалған кәсіпорындарды анықтап, жедел бақылауды орнатуға мүмкіндік беретін ақпарат алмасу алгоритмін жасамақ. Қазір мүдделі мемлекеттік органдар арасында талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жалған кәсіпорындар және олардың қызметтеріне қатысы бар азаматтар жайлы ақпарат Ұлттық және екінші деңгейлі банктерге де берілмек [5].

Әдебиеттер:

1.     ҚР Конституциясы.

2.     Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің  (қаржы полициясының) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

3.     Қылмыстық құқық ерекше бөлім.

4.     Қаржы полициясы Академиясының ғылыми еңбектері.

5.     www.24.kz