Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті з.ғ.к., доцент Мұқалдиева Г.Б.;

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының 2 курс магистранты

Сайлаухан Динара Манарбекқызы

 

Факторингтік қатынастардың қазақстанда  дамуы мен жетілдіру мәселелері

Қазіргі заман талабына сай кәсіпкерлікке айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, оны тиімді басқаруды үнемі жетілдіріп отыру керек. Нарықта жетістікке жетудің тиімді жолы ол менеджменттің жаңа қолдарын іске қосып отыру қажет, бұның өзі келесідей талаптарға жауап беруі қажет: жоғары тиімді болу, іс-тәжірибесіне оңай енгізілуі керек, ағымдағы және болашақтағы ең маңызды басқару мәселелерін шешу керек және тағы басқа. Қазақстанның қазіргі экономикасының жағдайында осындай инновациялық басқару құралдарының қатарына факторингті жатқызуға болады.

Бәсекелестік күрестің шарықтауы, тұрақсыз экономикалық орта, бизнес табысының төмендеуі, қаржы нарығының құбылмалылығы кәсіпорындарды тәжірибеге қазіргі заманның ең тиімді жаңа құралдарын енгізуін талап етеді, бұл құралдар, кәсіпорынға тек қана қысқа мерзімде ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімгеде өтімділігін, қаржылық тұрақтылығы, жоғары пайдалығы, нарықтығы қызметін кеңейтуіне мүмкіндік туғызып отырады.

Факторинг бүгінгі күні бүкіл әлемде кәсіпорындарының қаржы жағдайын жетілдіруін, ақша-есеп айырусылардың жағдайын жақсартудың тиімді құралы ретінде танылып отыр. Сонымен қатар, факторинг әлемдік қаржы нарығында ең табыстылығы жоғары құралы ретінде танылып отыр. Ол қазіргі күні дамыған және дамушы алдыңғы қатарлы елдердің экономикасында жоғарғы қарқынмен дамуда. «Факторинг» термині кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық қызметін қаржыландыру қажеттілігінен туындай тұтынушылардың қарыздық міндеттемелерін сатып алу қаржы операцияларын білдіреді.

Факторинг серіктестер арасындағы есеп айырысуларды айтарлықтай жеңілдетеді. Тауар сатушы тиеп жіберілген тауарлары үшін ақысын дереу тауарды жібере салып ала алады, ал сатып алушы сатушылармен төлемақының кейінге қалдырудың уақытын өзара келісе алу мүмкіндігіне ие болады. Сатушы қарыздың өтелуіне қадағалауға байланысты әкімшілік шығындары болмайды. Ол сонымен қатар белсенді түрде өз өндірісін әрі қарай жетілдіруіне, жаңа технологияларды жетілдіруіне мүмкіндік алады. [1, 244 б]

Факторинг қызметі коммерциялық ұйымдарға немесе кәсіпкерлерге көрсетіледі, олар тұтыну тауарларын жабдыұтаумен айналысады, яғни; азық-түлік және дәрілер, гигиеналық тауарлар, парфюмерия және косметика, автобөлшектер, бензин, канцтауарлар, тұрмыстық техника және құрылыс құралдары тағы басқа, сонымен бірге кейбір бірқатар қызмет саласында туризм, жарнама, тағы басқа қолданылады. Бұл қызмет салаларында факторингтік қызмет көрсетілетін тұтынушылар тұрақты болуы тиіс, ал оларды тауармен жабдықтау үздіксіз болуы тиіс. [1, 320 б]

Ең алдымен қазіргі факторингтік операциялардың есебі біздің елімізде 26 желтоқсан 1995 жылғы № 2732 «Бухгалтерлік есеп турылы» Заңына, бухгалтерлік есеп стандарттарына, субъектілердің қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік  есебінің бас жоспарына сәйкес жүргізілетіндігін атап өтеміз. Бұлардан басқа да Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің аудит және бухгалтерлік есеп методологиясы Департаментінің 7 ақпан 2001 жылғы №23-2-6/1570 хатында атап өтуіміз маңызды. Мұнда векселдік айналымның бухгалтерлік есебін жүргізудің тәртібі анықталған.

Факторинг әлемдік тәжірибеде ұзақ уақыттан бері әрі кең түрде қолданылуда. Факторингті біздің дәуірімізге дейінгі 4000 жыл бұрын Рим империясы Хамурапи патшасы дәуірінде саудагерлер өз қызметінде қолданған. Соңғылығында сауда банктерінің операциясы болып қалыптасқаны бізге мәлім. [2,588 б]

Әлемдік тәжірибеде көрсетіп отырғандай нарықта өз орнын тапқысы келетін жас фирмалар үшін факторингті қолдануы өте тиімді, осы құралдарды өз қызметінің барысында атақты әлемде танымал фирмалар қолдануда. Олардың қатарында: ASER (компьютерлік техникалар, Тайвань), PARLAMAT LEWIS (тамақ өнімдері Италия), GLOBAL TOYS (балалар тауары, АҚШ).

Факторинг алғашында Англияда 17-ғасырда құрылған «факторилар үйі» - де белсенді дами бастады, бұл сол кездегі текстильді индустрияның дамуымен байланысты болды. Сол кездері өндіріс орындары мен өнімді өткізу орындары бір-бірінен алшақта орналасқандықтан факторлар өндіруші кәсіпорындар мен сатып алушы тұтынушылар арасында делдал болған. Тауарлы нарықты жақсы білетін, сатып алушының төлемдік қабілетінен хабардар және сол елдің заңдары мен салт-дәстүрлерін жаұсы меңгерген факторлар алдында сенімді сатып алушы табу, тауарды сақтау мен оны өткізу, одан әрі қарай сатылған тауарлар үшін төлемді инкассалау мәселелері қойылды.

19-ғасырдың аяғында АҚШ-та көптеген факторингтік компаниялар пайда болды. Олар неміс және ағылшын тоқыма өнімдерін өндірушілердің «делькределе» агенттері деп аталған, сонымен қатар штаттардың арасындағы заңдардың әр-түрлі болуынан және елді мекендер ара қашықтары алшақтығынан олар ішкі өндірушілерге де қызмет көрсете бастаған. Делькредере барлық тауардың төлемділігіне кепілдік берген. Төлемсіздік тәуекелділігін компенсациялау мақсатында олар қосымша комиссия алған. Ал факторингтік компаниялардың өсуімен жоғарыдағы аталған қызметтерге өнімді жабдықтаушыны қаржыландыру қызметіде қосылды.

Көрініп тұрғандай ақ, факторингтің қызмет ету механизмі аспектілері жан-жақты барлық жағдайда да факторинг кәсіпорынның қаржылық ағымдарын ретке келтіріп, айналым қаржысы тапшылығын шешеді, сонымен қатар факторинг кәсіпорынның стратегиялық әрі бухгалтерлік есебін жетілдіруге ықпал етеді. Ал бұл қазіргі экономикалық жағдайда көпшілік отандық кәсіпорындардың күрделі мәселелері болып отыр. Бұл аталған мәселелерді шешуде қазірше отандық нарықта тек қана несие қолданылып отыр. Ал көпшілік шағын және орта кәсіпорындарда тәжірибе көрсетіп отырғандай жеке меншіктерінде мүліктері жоқ, көбінде олар мүлікті жалға алу арқылы қызмет етеді. Факторингтік қаржы алуда кәсіпкерлер үшін басты артықшылықтары мұндаймүліктік кепілдеменің қажет болмауы, онда кепілдік ретінде кәсіпорынның дебиторлық қарызы бола алады. Бұл жағдайда факторингтің атқаратын қызметі өте жоғары болып табылады. [3,458б]

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Носкова И.Я Валютные и финансовые операции.-М.:Финансы, ЮНИТИ, 1998.-244с.

2.     Банковское дело. Справочное пособие. Под.ред.к.э.н. Бабичевой Ю.А. М.: Экономика, 1993.-597с.

3.     Б.А. Көшенова Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары.-Алматы, 2000.- 328 б.