Батырбеков А.Н. в.ғ.к.,Елубаева А.С.
5 курс студенті
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті
Қостанай ауданы базарында
сатылатын iрі қара мал етінің биологиялық және
тағамдық құндылығы
Қазіргі
нарық экономикасы Қазақстанда өсірілетін ірі қара
малдың тұқымдық құрылымына, олардың
таралуына, бас санына және өнімділік параметрлеріне белгілі бір
талап қойылады.
Халықты сапалы өнімдермен және
жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету ветеринария ісінің
дұрыс жүргізілуіне байланысты.
Республикамызда халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін
орындардын біріне базар жатады.
Сол себепті адам
пайдаланатын мал өнімдерін ветеринариялық-санитариялық
сараптау, олардың тағамдық, биологиялық
құндылығына қарай сапасын анықтау
ветеринариялық-санитариялық сараптаудың бүгінгі
күнгі өзекті мәселелердің бірі.
Осыған орай,
аталмыш мәселе бойынша Қостанай ауданы базарында сатылатын iрі
қара мал етінің ветеринариялық-санитариялық
сараптамасымен танысу мақсаты қойылды.
Зерттеу
жұмыстары Қостанай ауданы базарының ветеринариялық
санитариялық сараптау зертханасында жүргізілді.
Зерттеу
нәтижелері 1,2,3 кестелерде көрсетілген.
1 - кесте
Ірі қара мал етінің химиялық құрамы г
|
№ |
Ақуыз |
Май |
Ылғалдылығы |
Қоламта |
Энергентикалық
құндылығы 100 г (ккал) |
|
1 |
19,7 |
14,7 |
65,1 |
1,02 |
188 |
|
2 |
18,2 |
13,5 |
67,8 |
0,9 |
167 |
|
3 |
19,9 |
15,0 |
65,7 |
1,05 |
192 |
Дегенмен 1 – кесте мәліметтері көрсетіп
отырғандай, ірі қара мал етінің құрамында
ақуыздың мөлшері 18,2-19,9 г аралығында болса, ал май
14,7 -15,0 г, ылғалдылығы 65,1-67,8 г, қоламта 0,9-1,05 г,
энергетикалық құндылығы 188-192 (ккал)
құрады.
2 - кесте
Ірі қара мал етінің
құрамындағы алмастырылмайтын амин
қышқылдарының мөшері мг/100г
|
№ |
Валин |
Изолейцин |
Лейцин |
Лизин |
Метионин |
Треонин |
Триптофан |
Фенилаланин |
|
1 |
1200 |
864 |
1659 |
1674 |
517 |
860 |
230 |
805 |
|
2 |
1150 |
830 |
1581 |
1568 |
498 |
814 |
197 |
745 |
|
3 |
1260 |
915 |
1754 |
1717 |
565 |
921 |
264 |
912 |
Зерттеу барысында
ірі қара мал етінің құрамындағы
алмастырылмайтын амин
қышқылдары, яғни валин 1150-1260, изолейцин 830-915, лейцин
1581-1754, лизин 1568-1717, метионин
498-565, треонин 814-921, триптофан 197-264, фенилаланин 745-912 мг/г
аралығында болды.
3 - кесте
Ірі қара мал етінің
құрамындағы алмастырылатын амин
қышқылдарының мөлшері мг/100г
|
№ |
Аланин |
Аспарагин
қышқылы |
Гистидин |
Глицин |
Глутамин |
Оксипролин |
Пролин |
Серин |
Тирозин |
Цистеин |
|
1 |
1155 |
1905 |
719 |
987 |
3311 |
351 |
860 |
884 |
700 |
297 |
|
2 |
1265 |
1985 |
802 |
1015 |
3402 |
378 |
890 |
901 |
725 |
302 |
|
3 |
1281 |
2001 |
889 |
1095 |
3465 |
402 |
921 |
946 |
787 |
321 |
3 – кесте мәліметтері көрсетіп
отырғандай, ірі қара мал етінің құрамында
алмастырылатын амин қышқылдары, яғни аланин 1155-1281,
аспарагин қышқылы 1905-2001, гистидин 719-889, глицин 987-1095,
глутамин 3311-3465, оксипролин 351-402, пролин 86-9210, серин 884-946, тирозин 700-787, цистеин 297-321 мг/г
құрады.
Атқарылған тәжірибе жұмыстарын
қорыта келсек, зерттеу жүргізу барысында Қостанай
ауданының базарында сатылатын ірі қара мал етінің
биологиялық және тағамдық құндылығына
қойылатын мемлекеттік талаптарға сай келеді. Сол себептен шектеусіз
сатылуға рұқсат етіледі.
Әдебиеттер:
1.
Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С.Қ. Мал
дәрігерлік санитариялық сараптау және мал шаруашылығы
өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы, 1998,
167 б.
2. Посконная Т.Ф.
Сравнительная оценка методов отечественного и международного контроля
безопасности мяса и мясопродуктов / Т.Ф. Посконная // Проблемы ветеринарной
санитарии, гигиены и экологии, сборник научных трудов. - 2008. Том 119. -
С.41-52.
3. Синецкий К.В.
Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов
убоя.-дис….канд.вет.наук.-Краснодар, 2009.- 195 с.