Жумашева
А.Ж.
Тараз инновациялық
гуманитарлық университеті, Қазақстан
Жанилова
А.Т.,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ТЕПЛИЦА ЖАҒДАЙЫНДА ЖҮЗІМНІҢ
ТЕХНИКАЛЫҚ АЛИГОТЕ СОРТЫНЫҢ ҚЫСТАП ШЫҒУЫНА ӘР
ТҮРЛІ ЖАБҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ
Жүзім дақылын
суықтан сақтау үшін оңтүстік шығыс
аймақтарында жүзім түптерін топырақпен жабады.
Сабақтары қысқы аяздан жақсы сақталуы үшін
топырақтың биіктігі 30-35см болуы қажет. Бірақ
бұл жұмыс қаражатты
көп талап етеді. Жүзім дақылдарымен шұғылданатын
шаруа қожалықтарында, фермерлерде өнімнің
құнын арзандату үшін біздің алдымызға қойып
отырған мақсатымыз, жүзім түптерін суқтан
сақтауда басқа агротехникалық шараларды қолдана отырып,
қайсысының тиімді екенін анықтау болып отыр. Себебі
жүзім дақылының бүршіктерінің қыстап
шығуы, яғни үсікке шалдығып қалмауы келесі
жылғы өнім беруіне әсер ететін негізгі
көрсеткіштерінің бірі.
Тәжірибеге
алынған сорттың қысқа төзімділігімен
қардың қалың түсуіне байланысты. Агоруниверситет
оқу тәжірибе жағдайында жапқыш ретінде алынған
жадығаттардың жүзім өнімділігіне өз әсерін
тигізетіндігін байқатты. Әр нұсқадағы
көзшелердің сақталу дәрежесі осы аймақтың
орналасу биіктігіне және желдің зиянды әсерінің
төмендігіне байланысты болды. Осы жағдайларды әр
нұсқадағы қыстап шыққан көзшелердің
сақталу дәрежесі 3-кестеде көрсетілген.
Кестедегі мәліметтерге
сүйене отырып анықтығанамыз көзшелердің
қыстап шығыуына әр түрлі жапқыш жадығат
әсері бар екенін байқап отырмыз.
Қамыспен
жабылған түптердегі көзшелердің сақталу
дәрежесі, топырақпен жабылған түптерге
қарағанда айтарлықтай жоғары болаттындығын
көрсетті. Сонымен қатар қамыс бумалармен үлкен
жүзімдіктерді аз еңбекпен табуға болады. Бірақ
көктемде жүзім көзшелерінің өне бастау көзінде бүршіктердің
нәзік болуына байланысты қамыстың салмағынан
түптерді ашу кезінде кейбір көзшелер зақымдалады. Ал
топырақпен жабылған нұсқалардағы
көзшелердің зақымдалуы топырақты ашудың қолайсыздығы мен еңбектің ауырлығына байланысты. Күзде
қалдырылған 63 көзшенің 30 ғана сақталды.
Қамыспен жабылған нұсқадағы
көзшелердің сақталу дәрежесі 77,7% болды.
Күзде
шырпу жұмыстары аяқталғаннан кейін түптерді
өзінің шырпудан қалған сабақтарымен немесе
сабанмен, басқа да өсімдік қалдықтарымен жабуға
болады. Топырақпен жабу тәсілімен салыстырғанда өте
тиімді, бірақ көзшелерінің қыстап шығуына
өз әсерін беріп отыр.
Өсімдік қалдықтарымен жабылған түптердегі
көзшелердің сақталуы екі нұсқаға
қарағанда жоғары нәтиже көрсетті. Яғни
күзде қалдырылған көзшелердің 9 данасының
біреуі ғана
зақымдалған. Көзшелердің сақталу дәрежесі 89%
болды. Бұл тәсілде табылған жүзімнің
өнімділігі жоғары және қосымша жапқыш
жадығаттардың сатып алынуына шығынның болмауына
байланысты жүзімнің өзіндік құны төмен болады. Өсімдік
қалдықтарымен жабу
дақты никроз аурулары кездесетін аудандарда тиімді тәсіл.
Ал
жабылмаған түптің көрсеткіштері әлдеқайда
төмен болды. Себебі қысқы аяздың әсерінен
сабақтарының саны да азайып, көзшелері де үсікке
шалдығып оянбай қалған. Бұған биылғы
қыстың қатты суық болуына да себеп болды. Айта кетер
болсақ көктемде түптегі сабақ саны 4, жалпы
түптегі көзше саны 25 болды. Көзшелердің сақталу
дәрежесі 39,8% , яғни бұл аймақта мұндай
тәсіл тиімсіз екенін байқап отырмыз.
Жапқыштардың
әсерін зерттей келе мынандай қорытынды жасауға болады.
Төменгі таулы аймақтарда орналасқан жүзімдіктерді
қыста жабуға оңай, арзанға түсетін
органикалық жабындылар өте тиімді.
Фенологиялық бақылау
жүзім дақылының биологиялық ерекшелігін және
оның қоршаған ортаға қояр талабын зерттеу
үшін қолданады. Көптеген жүзім түптері
көмілетін аймақтарда қозғалуы мен жапырақтардың түсу
мерзімін анықтауға мүмкіндік болмайды. Сондықтан
фенологиялық бақылау көзшелердің оянуы мен жидектердің
толық пісуі мезгіліне
сәйкес жүргізіледі. Орта мезгілде пісетін сорттардың
вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 130-145
күнге сәйкес келеді.
Фенологиялық
фазалардың өту мерзімдері мен вегетацияының
ұзақтығы сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, олардың жасына, ауа
райы топырақ жағдайына
қолданылатын агротехникалық шараларға және теңіз деңгейінен
орналасқан биіктігіне байланысты болады. Фенологиялық
фазалардың өтуі келешекте жүзім дақылының
өніміне үлкен әсерін тигізеді. Фенологияның жақсы
өтуіне біздің әсіресе Алматы облысының ауа
райының құбылмалылығына байлананысты ерте
көктемдегі болатын үсіктер әсіресе соңғы
көктемдегі үсіктер бұл дақылдың гүлдеріне үлкен
зиян келтіреді.
Нұсқа |
Фазалардың
өту мерзімдері |
Тіршілік
кезеңінің ұзақтығы (күн) |
|||||
Бүршік ояну |
Гүлдей бастауы |
Жаппай гүлдеу |
Жидек пісе бастауы |
Жидектердің
толық пісуі |
|||
Топырақпен жабу
(бақылау) |
7. V |
18.VI |
7.VII |
18.VIII |
28. IX |
145 |
|
Қамыспен жабу |
5. V |
15.VI |
5.VII |
16. VIII |
24. IX |
143 |
|
Өсімдік
қалдықтарымен жабу |
5.V |
13. VI |
2. VII |
15. VIII |
18. IX |
140 |
|
Жабылмаған |
5.V |
13. VI |
2.VII |
14. VIII |
17.IX |
140 |
|
Орта мезгілде
пісетін жүзімнің Алиготе
сортының топырақпен
жабылған нұсқада бүршік оянуы 7-ші мамырда басталып, 28
қыркүйекте жидектері толық пісті. Фенологиялық фазалардың
өту мерзімі 145 күн. Ал гүлдей бастау мерзімі 18-ші маусымда
болса, жидектерінің
пісуінің басталу мерзімі 18 тамызға сәйкес келді.
Қамыспен жабылған жүзімнің бүршік ояну мерзімі
топырақпен жабылған нұсқаға қарағанда
сәл ертерек, яғни 5-мамырда басталды. Жидектерінің
толық пісу кезеңі 24-қыркүйекте байқалып,
тіршілік кезеңінің ұзақтығы 143 күнге
созылды. Жүзім өнімін екі күнге ертерек жинауға
мүмкіндік жасады. Гүлдей
бастау мерзімі 15-ші маусымда басталып, аяқталуы 5-шілдеге
сәйкес келді. Нәтижесінде органикалық материалдардың
тиімділігі байқалды.
Өсімдік
қалдықтарымен жабылып
қыстап шыққан жүзім түбінде бүршік ояну
мерзімі 2 мамырда басталып, тіршілік кезеңінің
ұзаңтығы 140 күн болды. Гүлдей бастау мерзімі 13
маусымда басталса, 15 тамызда жидектер пісе бастады. Өсімдік
қалдықтарымен жабылған нұсқада фенологиялық
фазалардың өтуі барлық көрсеткіштер бойынша жақсы
нәтиже берді.
Ал
жабылмаған жүзім түптері басқа нұсқалармен
салыстырғанда ерте көктемнен бастап жарықтың, күн
сәулесінің жақсы түсуіне және фотосинтез
процесінің ерте басталуынан
бүршіктері ертерек оянды.
Сабақтардың пісу
дәрежесі вегетациялық кезеңнің
ұзақтығына тікелей байланысты.
Құрғақшылық жылдары және
саңырауқұлақ ауруына шалдығу және
тағы басқа зиянды факторлардың әсерінен
сабақтың қысқа төзімділігі айтарлықтай
төмендейді.
Топырақтағы судың жетіспеуі ассимиляцилық
және транспирациялық процестерді тежеп сабақтардағы
органикалық қордың азаюына байланысты сабақтардың
пісуі тежеледі. Мұндай жағдайда жүзім түптерін
жеткілікті мөлшерде суару қажет. Сабақтардың пісуіне
сорттың биологиялық ерекшеліктері, ауа – райы мен жүргізілген агротехникалық
шаралардың (тұқырту, шырпу, тыңайтқыш енгізу,
суару, жүзім түптерін қалыпты жүктеу) уақтылы
жүргізілуі сабақтарының пісуіне үлкен әсерін
тигізеді.
Әдебиеттер:
1.
Алшанов Р.А Казахстан на миравом аграрном рынке, 2006
2.
Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С Жүзім шаруашылығы, -Алматы, 2001
3.
Джангалиев А.Д., Понамарчук В.Г
Сорта винограда Казахстана –Алматы. Қайнар, 1967
4.
Миржаниан А.С. Виноградарство.- М: Колос, 1967