ОӘЖ: 330.142.212
КӘСІПОРЫНДА
АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ КӨЗДЕРІН НЕГІЗДЕУ
Жолдыбаева А.К.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
Тараз қ., Қазақстан
Кәсіпорын құрылғанда
айналым қаражаттары жарғылық қордың бір
бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық
өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы
қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім
қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға
жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші
ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық
көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі
салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен
бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл
ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да
кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да
қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер,
несиелік берешек, банк несиесі және басқа да несиелер.
Өндірістік
бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым
қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай,
қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет
етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі
кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым капиталының
қалыптасу көздері маңызды дәрежеде олардың
тиімділігі қолданылуын анықтайды. Шаруашылық субъектідегі
қордың айналымының арналымды ерекшеліктермен шарттасқан
меншікті және тартылған қаражаттардың оптималды
сәйкес келуі басқарушы жүйесінің маңызды
мәселесі болып табылады. Айналым капиталдарын қалыптастыруды
басқару процесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаражаттарды рационалды және тиімді пайдалану жауапкершілігімен
бірге құқықтары қамтамасыз етілуі қажет.
Меншікті және қарыз қаражаттарының жеткілікті минимумы
айналымның барлық кезеңіндегі айналым капиталының қозғалысының
үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет, бұл
өндірістің ақша және материалды қаражаттарға
қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар
жабдықтаушылармен, бюджетпен банктермен және басқалармен
уақтылы және толық есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
Қалыптасу көздерінің
құрамындағы маңызды рөлді меншікті айналым
қаражаттары ойнайды. Олар рентабельді кәсіпкерлік қызмет
үшін қажетті кәсіпорынның мүліктік және
оперативті өзіндігін қамтамасыз ету қажет. Меншікті айналым
қаражаттары кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының дәрежесін, оның қаржы
нарығындағы деңгейін куәландырады.
Кәсіпорынның айналым қорларына
мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі
факторларға байланысты тұрақсызданады, мысалы:
- өндірістің
маусымдылығы;
- тауарлы-материалдық
құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
- қоймалардағы
сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.
Нарықтық
экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым
қорлардың жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда
өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірістік
қосалқы қорлар жасаған дұрыс. Оларда
материалдардың артық қоры болмауы керек.
Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына
төмендегі талдау мақсаттарына байланысты болады:
Стратегиялық мақсат. Осы
кәсіпорын
қызметі
нәтижелілігінің
өзімен бәсекелестік басқа кәсіпорынның
қызметімен салыстыру қажет. Осыған орай, қорытындылау
көрсеткіштерін және қызметін қандай бір
элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
Тактикалық мақсат.
Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір
бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің
жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
Жоспарлау міндеті. Түрлі
ресурстардың немесе осы ресурстардың түрліше
ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
Басшылықтың
басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық
шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және
коммерциялық қызметі қасиетінің әр
түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің
көптеген түрлеріне ықпал етеді.
Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып
бөлінеді. Талдау мақсатына байланысты көрсеткіштер:
абсолюттік, салыстырмалық және орта мөлшерлік нысаны
түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық
көрсеткіш сапалық анықтықта (кеңістік,
уақыты және мөлшері) болады.
Нарықтық қатынастарға өтуде
экономикалық, қаржылық және статистикалық
көрсеткіштер жүйесі олардың есеп айырысу бөлігі
және есеп жүргізуі қалай болса, шешімдерді негіздеу ролі
солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге
ұшырайды. Мысалы, шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе
жағдайында кәсіпорын қызметін бағалағанда мынадай
көрсеткіштер маңызды роль атқарады: жоспарлы орындау, тауарлы
өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері, ал
нарықтық жағдайда: бірінші кезекте сату мөлшері, пайда,
пайдалылығы және толып жатқан оңтайландырулар.
Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді
төмендегідей бөлуге болады:
- бағалылық, қол жеткен
немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі;
- жұмсалмалық,
қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты
жұмсалатын шығындар
деңгейі.
Мұндай болу өте шартты және ол жүргізілетін
талдаудың мақсатына байланысты болады.
Тәжірибе жүзінде кеңінен қолданылып жүрген
ең маңызды бағалық көрсеткіштерге мыналар жатады:
·
кәсіпорынның
сатудағы жалпы мөлшері;
·
жалпы табыс;
·
шартты таза
пайда;
·
шартты таза
өнім;
·
процент
төленгеннен кейінгі пайда;
·
салық
төленгеннен кейінгі пайда;
·
барлық
қосымша төлемдерден кейінгі пайда;
·
өндірістің
дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі
өтімділігі;
·
дивиденд
төленгеннен кейінгі өтімділік.
Өзінің негізгі қызметін кәсіпорын ең
алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға
бағыттайды.
Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп
тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар
және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің
құнын анықтайды.
Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған
үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары.
Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық
түрлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға
қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе
сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің
құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың
құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар,
қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер,
амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған
шығындар және т.б.).
Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің
тізбесі төмендегідей көрсеткіштермен қаралады:
Есеп айырысуда ең күрделісі – сапа көрсеткіші болып
табылады. Сол себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы
сату мөлшерінен тұтынушылардың кепілдік қызмет
көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары,
тұтынушылардың кері қайтарған өнім
мөлшерлері процент бойынша бағаланады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан
экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың
тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп
құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға
күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған.
Қалған негізгі қорларды қайта бағалау
нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту
жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты.
Жекешелендіру үрдісіндесінде алыпсатарлық (спекуляция)
қатынастардың және жемқорлықтың орын алуы
құрылымдық қайта құруға еркін келетін
нарықтық капитал ағымын шектеді.
Отандық кәсіпкерлер тек жаңадан
пайда болып жатыр, сондықтан оларда экономиканың дамуына
құятын қажетті қаржы қорлары жетіспейді.
Мемлекеттеде өндірісті несиелеуге қажетті өзіндік несиелік
ресурстар жеткіліксіз. Басқа мемлекеттерден келетін
қарыздарға бағдарлану, оның да өзіндік
қиындықтары бар, біріншіден, сөз тек байлаулы несиелер жайында,
екіншіден, ондай қаражаттарды мемлекет кепілдігіне алу тиімсіз,
үшіншіден, басқадай дамушы мемлекеттер жағдайына түсіп
қалуымыз мүмкін, яғни дұрыс ойластырылмаған несие
саясатының нәтижесінде басқа дамыған мемлекеттерге
экономикалық және саяси жағынан толық
тәуелділікке түсіп қалулары. Ондай дамушы мемлекеттер
ұлттық табысының көп бөлігін несиенің
пайыздық төлемін төлеуге жұмсайды, дегенмен де
олардың қарыздары уақыт өткен сайын
ұлғаюда. Соңында экономикалық артта
қалушылық ұлғайып, әлеуметтік жағдай
қиындай түседі.
Айналым қаражаты кәсіпорынның жұмыс істеуіне
өндіріс пен өнімді өткізу барысында әсер ететін басты
құрал болып табылғандықтан, өндіріс саласында
өнім өндіру мен шикізат пен материалдарды сатып алуға,
жұмысшыларға жалақы беруге және көптеген
өндірістік шығындарға қажет ақшалай қаражат
ретінде оның экономикалық маңызы өте зор. Өнім
шығаруға қажетті шикізаттар мен материалдарды сатып алу,
жұмысшыларға төленетін еңбек шығындары және
өндірілген дайын өнімді өткізуге кеткен шығындар
үшін ақшалай қаражат керек. Осыған орай, айналым
қаражатының қалыптасуы мен оны қаржыландур өнім
өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз
процесін қамтамасыз ететін мүмкіндік.
Әдебиеттер тізімі
1.
А.Қ.
Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов. «Кәсіпорын экономикасы»,
Алматы, 2009ж.
2.
Р.Ә.
Әмірқанов, А.Қ. Тұрғұлова. «Қаржы
менеджменті», Алматы, 2008 ж.
3. В.В Бочаров, В.Е. Леонтьев. «Корпоративные финансы»,
Москва, 2011 г.
4. Под ред. А.М. Ковалевой. «Основы финансового менеджмента»,
Москва, 2010