Сартбаева Жаннат Оразалиевна, Демеубаева Ақмарал
Оспановна
Инновациялық
кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны мен ұйымдастыру
түрлері
«Инновация»
ағылшын тілінен аударғанда - жаңалык енгізу, жаңашылдық деген ұғымды
білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік үрдісті,
өнімді немесе қызметті игеру, әйтпесе жаңалықты
инвестициялау деген ұғымды білдіреді. Ал, бұл термин латын тілінде жаңару, өзгеру
сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық
қажеттіліктерін қанағаттандырудың
жаңа әдісі дегенді білдіреді.
Қазіргі
уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогресті инновациялық
қызметтің ителлектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін емес,
бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі
қалыптасуда. «Инновация - жаңа техника мен технологияға
салынған капиталдан алынған материалдық игілік,
қызмет көрсету, басқару және тағы басқа да
жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары» деген анықтама
береді [1].
Экономикалық
қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны ерекше. Себебі
нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік
күресте инновация, өнімінің өзіндік құнын
азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыру және жаңа нарықтарды,
оның ішінде сыртқы нарықтарды
бағындырудағы аса зор құралға айналды.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
"Қазақстан-2030" Стратегиясының 10 жылдығына
арналған конференцияда сөйлеген сөзінде: «Технологиялық
жаңғыртудың басым бағыты венчурлық
қаржыландыру жүйесін дамыту болуы керек» деп айтқан болатын.
[2]
«Жаңа экономика кең
тұрғыда – бұл
жоғары технологиялар ғылымды көп
қажет ететін,
барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен
қаныққан
экономика. Шикізаттық
және индустриялық экономикадан санаткерлік
ресурстарға,
ғылымды көп қажет
ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық
басқа
құбылысқа
көшу әлемдік шаруашылық барынша маңызды үрдістерінің біріне
айналды» - деп
атап өткен өз
еңбегінде Ел Президенті Н.
Назарбаев .[3]
Жалпы ел экономикасының
қарқынды дамуы мен халықтың
әл-ауқатының жақсаруы
ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуына тікелей
байланысты болып табылады. Ал ғылыми-технкалық жетістіктердің
дамуы тікелей оны қаржыландыру көздеріне байланысты.
Көбіне
қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа
да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды
қаржыландырудан бас тартады.
Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан
бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды
қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлық
қорлар құрылады.
«Венчур» –ағылшынның «venture» тәуекелді кәсіпорын,
бастама дегенді немесе мекеме тәуекуелділігі деген мағынаны
білдіреді.
Ұлттық иновациялық жүйені құру мен
дамыту жөніндегі бағдарламада көрсетілгендей, ҰИЖ –
нің ең басты элементтерінің бірі – венчурлік қорлар.
Осы бағдарламаларға сәйкес «венчурлік бизнесті инвестициялау»
дегеніміз:
-
идеяның, жаңа өнімнің
пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы
зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін
бағалау;
-
алғашқы сериялық өндіріс
және өнімді алғашқы сатулар;
-
өндірістің алғашқы
кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа
рыноктарға шығу.
Венчурлік қорлар – венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі
болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде
қызметті инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған
компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту
мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік
қорларды құрғанда мүмкін болады.
Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар
осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін
төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының
бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай
үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін
көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің
қатысуы ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының
басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік
инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік
қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%)
арқылы венчурлік қорларды құру болып табылады.
Венчурлік қор–венчурлік инвестициялауды жүзеге асыру
мақсатында заңды тұлға қуру арқылы немесе
құрмай-ақ жеке және заңды тұлғалар
капиталының шоғырлануын атайды.
Венчурлiк инвестициялау-идеяларды жаңа өнiмнiң
тұсаукесер үлгiлерiн құруға және оның
коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге
байланысты қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi; бастапқы
сериялық өндiрiс және өнiмдi бiрiншi сату;
өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi
өткiзудiң жаңа рыноктарына шығу кезеңдерiнде
инновацияларды құруға және коммерцияландыруға
бағытталған инвестициялау.
Венчурлық инвестициялау келесі түрде
жүзеге асырылады: Венчурлық
қор инвестицияланатын объектінің акцялар пакетінің бір
бөлігін сатып алады. Бұл жердегі қорды басқаратын
компания заңды тұлға ретінде бір немесе бірнеше
инвесторлардың қаржы құралдарын пайдалана алады.
Қаржыландыру объектісі осы қаржылар негізінде дамып өз
құнын арттыра береді. Белгілі бір келісілген уақыт ішінде
объектіні қаржыландырған
инвестор, осы компанияның пакет акцияларын өзіне сату арқылы
қаржысын толығымен және үстемесімен қайтарады.
Осы модель негізінде Microsoft, Intel, Apple
және Sun сияқты атақты компаниялар пайда болған.
Осы түрдегі яғни компания объектінің
акционерлік капиталының бір бөлігін сатып алу акционерлік қаржыландыру (equity
financing) деп аталады. Ал егер инвестор компания объектінің
шығарған облигациясын сатып алуға шешім қабылдаса онда
бұл міндетемелік қаржыландыру
(debt financing) болып табылады.
Венчурлық қаржыландыруға:
· Инвесторлар;
· Венчурлық қорлар;
· Қорды басқару компаниясы;
· Қаржыландырылатын объекті немесе компания жатады.
Алғашқы кезде пайда болған венчурлық
қаржыландырудың «америкалық» моделіне («бір инвестор - бір
қаржыландыру объектісі») қарағанда, қазіргі кезде
көп даму алып келе жатқан венчурлық қаржыландыруда
бірнеше инвестордың венчурлық қор арқылы басқаруы
нәтижесінде қауып-қатер инвесторлар арасында бөлініп,
соның нәтижесінде азаюда. Бұл сонымен қатар
венчурлық қорлардың да жалпы қауіп-қатер
деңгейін төмендетеді.
Қазіргі заманғы компьютерлік бизнестің алыптары Apple
Computers, Compaq, Sun Microsystems, Microsoft, Lotus, Intell венчурлік капитал
көмегімен осы дәрежеге жетті. Сонымен қатар, персоналды
компьютерлер мен биотехнология секілді жаңа салалардың да
қарқынды дамуы негізінен венчурлік инвестицияның қатысуымен
мүмкін болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Бабаев
Ф.А., Борисов В.Н. Инновационный фактор оценивания результативности управления
в промышленности // Проблемы прогнозирования. – 2005. - №4. – С. 136-142.
2 Қазақстан-2030 стратегиясы іс үстінде:
табыстың 10 жылы. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030"
Стратегиясының 10 жылдығына арналған конференцияда
сөйлеген сөзінен. "Егемен Қазақстан", 2007
жыл 13 қазан
3 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030:
барлық Қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы»
Ел Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1998 ж. 96б.
4 Акчурин
А. Некоторые проблемы инновационного развития Республики Казахстан // Қаржы-Қаражат-Финансы
Казахстана. – 2005. - №3. – С. 67-76.
5 Панфилов
В.С., Шураков А.Г., Стуков А.С. Инновационный тип экономического развития и
ограничения финансирования // Проблемы прогнозирования. – 2005. - №2. – С.
3-18.
6 Бойко
И. Перспективы инновационного развития восточно-европейских стран // Экономист.
– 2005. - №2. – С. 78-82.
7 Волкова
Т. Условия инновационного обмена // Экономист. – 2005. - №3. – С. 54-60.