Экономические науки/16.Макроэкономика.
Аға оқытушы,
экономика магистрі Теңізбаева Д.С.,
аға оқытушы, қаржы магистрі Алибекова В.Н.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Еуразиялық
экономикалық одақ - бұл Жер шарының ең ірі
тұтынушылық нарықтарының бірі. Бұл - энергия ресурстарының ірі
экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестік. Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ,
бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық
ақиқаты дүниеге қадам жасап отыр.
2014 жылдың 29 мамырында
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа үш
мемлекет басшылары Астанада қол қойды. Кейіннен Еуразиялық
одақ кеңістігі Армения Республикасымен толығып, «үштік»
одақ болып құрылған ұйым, «төрттік»
бірлестік ретінде жұмысқа кірісіп отыр.
Ал мұндай
экономикалық Одақ мүше мемлекеттер халқының
өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде мемлекеттер
экономикасының тұрақты дамуы үшін жағдай жасайтын
болады. Бұл бірден-бір принцпті мәселе.
Айта кетерлігі, тек
соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына
қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88 пайызға
өсіп, 24 млрд. долларлық мөлшерге жеткен. Ресей мен Беларусь
еліне қазақстандық экспорт 63 пайызға
ұлғайып, 6 млрд. доллар құрады.
Ендеше,
Еуразиялық интеграцияның тарихи кезеңіне қатысты
бірқатар мәселелерге назар аударсақ. Еуразиялық
экономикалық одақ ең алдымен
теңқұқылық, мақсатқа
сәйкестілік, кезеңділік, прагматизм және ортақ
тиімділік қағидаттары негізінде құрылды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт
Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының
әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге
бағытталған. Оның аясында тауарлардың,
қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін
қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясатты
жүргізу көзделеді. Сарапшылар болашақтағы
интеграциялық тиімділік шеңберінде 2030 жылға қарай
Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімін 900 млрд. доллар көлемінде
бағалап отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың
әлеуеті барынша жоғары екенін осыдан да аңғаруға
болады. Ал одақ елдерінің жиынтық экономикалық
ауқымы 2,2 трлн. долларды құрайды.
Әлемдік экономиканың өсу қарқыны
төмендеп отырған аса қолайлы емес жағдайларда
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық
одаққа қатысуы экономиканы әртараптандыру, еңбек
өнімділігін көтеру, әлемнің неғұрлым
бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену секілді
маңызды миссиялар үшін қажетті іргетасты
қалыптастыратынын алға тартады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттер нарығына отандық тауарлардың шығуына
кедергілер жойыла түседі. Сонымен қатар, экспорттаушылардың
әріптес елдердің көлік инфрақұрылымына қол
жеткізу үшін қолайлы жағдайлары да қамтылатыны
анық. Мұның өзі көліктік шығындарды
азайтуға және үшінші елдер нарығында
қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Еуразиялық
экономикалық одақтың Қазақстан
үшін пайдалы біршама тұстарын тарқатып, ашып айтқан
болатын. Енді соларға тоқталсақ.
Бірінші – Қазақстан
Ресейдің газ тасымалы инфрақұрылымына қол жеткізетін
болады. Тоқтала
кететін жайт, Еуразиялық
экономикалық одақ аясында 2025 жылға қарай
өзара саудада экспорттық кеден баждары мен шектеулерді
қолданбауды көздейтін мұнай және мұнай
өнімдерінің жалпы нарығы қалыптасатыны
жоспарланған. «Бұл ретте Қазақстан
үшін әріптес елдердің, соның ішінде, ең алдымен,
Ресейдің газ тасымалы инфрақұрылымына қол жеткізу 2025
жылға қарай жоспарланып отыр. Қазақстан жыл
сайын 8 млрд. текше метрден астам
газ экспорттайтыны белгілі. Ал келешекте Қашаған мен
Қарашығанақ кен орындарынан өндірілген газдың
арқасында республикамыздың әлеуеті арта түседі.
Екінші – Қазақстан
көлік инфрақұрылымына да қол жеткізіп, Еуропа мен
Қытай арасындағы транзиттік рөлін нығайта алады. Айта кетерлігі, Қазақстан –
теңізге шығар жолы жоқ ел. Қазақстан
өзінің жүгін Ресейдің теңіз порттары арқылы
төмен тарифпен үшінші елдерге асырады.
Үшінші –
электр энергетикасы саласы. Бұл ретте Беларусьтің, Қазақстан мен
Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын
интеграциялау арқылы жалпы электр энергетикасының нарығын
2019 жылға қарай қалыптастыру жоспарланған.
Қазақстанның электр энергетикасы саласының
экспорттық әлеуетін толық көлемде іске асыруға
мүмкіндік береді.
Төртінші – инвестициялық тартымдылық
күшейіп, қайта өңдеу өндірісі артады.
Қазақстанның еуразиялық интеграциялық процеске
қатысуға мүдделі болуының шешуші факторы
инвестициялық тартымдылықты арттырудың негізінде қайта
өңдеу өндірістерін дамыту болып табылады.
Қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақ
үшін базалық болып табылатын Кеден одағы мен
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің
уағдаластықтарын іске асыру жағдайларында бұл
бағыттарда оң үдерістер байқалуда.
Бесінші – Еуразиялық интеграциялық
процестің перспективасы жоғары. Мәселен,
бүгінгі таңда Армения мен Қырғызстан
интеграциялық ұйымға қосылудың белсенді
сатысында. Үндістан,
Вьетнам, Египет, Түркия, Иран сияқты елдер, сондай-ақ
Еуропалық еркін сауда қауымдастығының мемлекеттері,
соның ішінде Исландия, Норвегия, Швейцария мен Лихтенштейн Кеден
одағы елдерімен еркін сауда аймағын құруға
мүдделіліктерін білдірген. Еуразиялық интеграция Еуропа елдерін,
Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия мемлкеттерін қоса
алғанда Еуразия өңірінің барлық елдерінің
экономикалық кооперациясы үшін үлкен мүмкіндіктер
ашатынына анық.
Алтыншыдан – ірі
ортақ нарықтағы экономиканың өсімі есебінен
жаңа жұмыс орындары құрылады.
Еуразиялық экономикалық интеграцияның
басымдықтары:
Интеграцияның жаңа кезеңіне – Еуразиялық
экономикалық одаққа өту еліміздің сұранысын
тез арада емес, керісінше ұзақмерзімді іргелі бағытта
қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда, еуразиялық интеграция
қатысушы-мемлекеттердің орнықты экономикасын
нығайтуға, олардың нарықтық әлеуетін
арттыруға бағытталады. Әлбетте, бірлестік ел кәсіпкерлері
үшін барлық проблемаларды бірден жойып тастай алмайтыны
айқын, алайда, одақ аясында кәсіпкерлікті дамытудың
жаңа деңгейі үшін жағдайлар құрылады,
іскерлік айналымның барлық циклдары үшін жаңа
мүмкіндіктер ашылатын болады.
Еуразиялық
экономикалық одақ Қазақстандағы кәсіпкерлік
пен өнеркәсіп салаларын дамытуға оң ықпалын
тигізеді.Ал біздің елде жасалып жатқан жағдай бизнес секторды
дамытып, Ресей мен Беларусьтен инвестиция тартуға мүмкіндік береді
Бұл ретте капиталдың, тауарлар мен қызметтердің,
жұмыс күшінің еркін айналымы Еуразиялық
экономикалық одақ аумағындағы бизнесті жүргізуді
барынша оңайлатады. Ішкі шекараларда кедендік, фитосанитарлық,
ветеринарлық және басқа да бақылаулардың жойылуы
бизнес айналымын шапшаңдатып, кедергілерді керте түседі. Мұның
аясында көліктік инфрақұрылымдарға теңдей
қолжетімділік үлкен маңызға ие. Интеграциялық
бірлестіктің тұтастай аумағында көліктік
инфрақұрылымды бірыңғай пайдалану шарттары да осыны
дәлелдей түспек. Бұл қазақстандық
кәсіпкерлер үшін көліктік шығындарды төмендетуге,
оның ішінде Ресей арқылы арзан тасымалдардың
қолжетімділігіне жағдай жасайды.
Бүгін құрылған Еуразиялық экономикалық
одақты оған қатысушы-мемлекеттердің
жаһандық бәсекелестіктегі ұстанымдарын
нығайтуға арналған бірлестік деуге келеді.
Ал жалпы Еуразиялық
экономикалық одақ – бұл терең
экономикалық ынтымақтастықты көздейтін аса үлкен
ауқымдағы мейлінше маңызды жоба. Бұл ретте
Еуразиялық одақ шеңберінде ортақ нарық
құрылып, инвестициялар тартуда, жаңа өндіріс орындарын
ашуда, ең бастысы, халықтың әл-ауқатын арттыруда
тың мүмкіндіктер туындайтынына сеніміміз мол.
Отандық кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім
өндіріп, қызметкерлер жоғары деңгейдегі маман иесі болу
қажет.
Тұтастай алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ ел
экономикасының дамуына, соның ішінде энергетика, көлік,
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы бар
әлеуетті толық көлемде іске асыру үшін зор
мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Әдебиеттер:
1. Международная экономика. Автор:
Миклашевская Н. А. Холопов А. В. Издательство: Дело и Сервис. Стр: 191
2. Пело Роберто, Роберто Пело, Торрембини Витторио,
Витторио Торрембини, Международные отношения, 2010 г.
3. Евразийское экономическое сообщество.
Правовые и экономические основы. Т. Кулматов, Н. Мамбеталиев, М.Бобоев, П. Алексий, изд: Юнити-Дана,2004г.