К.М.Сейтметов
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
"Абай" трагедиясының тұңғыш сахналануының
ерекшелілігі
Қазақ сахна өнерінің қалыптасу кездеріндегі
актерлік шеберліктің
қаншалықты дәрежеде жетілгендігін,
көркемдік
деңгейінің
жоғарылағанын
білдіретін спектакль –
М.Әуезов пен Л.Соболевтің "Абай"
трагедиясының режиссер
А.Тоқпанов қойған нұсқасы. Мұнда
қоюшы режиссер мен рольдердегі
актерлер МХАТ-тың сахналық тәжірибелеріне, К.Станиславкий
салған жолға табан тірегені
байқалады. Бұл жол – қазақ актерлік өнерінің қалыптасуына ықпал жасаған шығармашылық бағыт. Сол үшінде олар
К.С.Станиславкий жүйесі элементтеріндегі герой бірнеше
"кедергілер жүйесінен
өтіп, олардың тұрмыстық, тарихтық,
психологиялық шындығы
алға қойылған айқын сахналық міндеттерді
орындауға көмектескен
жағдайда ғана "адам жаны жарқырап ашылады"
деген қағиданы мықтап
ұстанды"[1]. Мұндай күрделі бейнелеу актерлер
қауымынан шығармашылық мол ізденісті талап етті. Трагедияны
қоюшы режиссер Немирович-Данченко ілімінде көрсетілген
шығармадағы тарихи және әлеуметтік, сахналық
шындығын табу элементтерімен жұмыс істеу жолдарын да қарастырған. Автор мен қоюшы Абайды көрген,
оны білетін кісілердің бәрімен ауызба-ауыз сөйлесіп
ақынның тірлік-тынысын, сөйлеу мәнерін, күлкісін,
жүріс-тұрысын, өзін қалай, қайтіп ұстайтын
дағдылары жайында кең түрде міліметтер жинақтайды. Осы зерттеулер мен ізденістерден туған ойларын режиссер былай деп сипаттайды:
"Мұқаңның трагедияның
қым-қиғаш
тартыстарына өзі қатысып, басынан кешкен адамдай,
көзбен көріп, қолымен
ұстағандай дәрежеде бойына сіңіргендігін
таныдым. Әрбір адамның мінез-құлқын,
әдет-машығын анық, толық зерттеп білмей, бейне
жасаудың мүмкіндігі
жоқтығын терең ұқтым"[2]– дейді.
Осындай түйін-пікірге нақты бекіген қоюшы, орындаушы
Абай бейнесін оптимистік тұрғыда өмірге құштар
адам ретінде туындатуды көздейді. Ол декорациясын да, киген киімдерін де, қолданылатын
музыкасын да, актерлердің
образдарын да осы тұрғыдан
қарай отырып шешеді. Режиссер де, ойнаушы актерлер де "менікі жөн, өзімдікі дұрыс"
деген сенімді әрбір рольді ойнаушы өз бойына сіңіріп, сенгенде ғана трагедия мақсаты
мен идеясы ашылмақ деп түсінген. В.И.Немерович-Данченконың
"...Актердің творчестволық ісіне режиссердің бергені
қаншама терең, қаншама маңызды болса да, сол
бергендігінің ізі сезілмейтін
болсын. Ондай режиссерге ең қымбатты сыйлық – тіпті
актердің өзі режиссерден алғанын ұмытып,
режиссердің көрсеткенін соншалық өзінікі етіп сіңіру дәрежесіне
айналдырғаннан артық еш нәрсе жоқ... Егерде дән өнбесе, бітеу күйінде
қалады, ал егер өнсе, онда көптеген тұқым
береді". [2] – деген. Ол сахнадағы роль сомдаушы актерге рольді
қалай ойнауды көрсетіп беруді міндет тұтпай, кейіпкердің
ішкі жан дүниесінің қозғалысын терең түсіндіру,
ұғындыру, актерге бейнелі түрде жеткізу арқылы
роль сомдатуға болады деген
көзқарасты ұстанған. Сол себепті де ол актердің ой-санасын оятып,
қиялын жандандырып, кеңейте отырып ерік беру арқылы актерді "бәрін өзім таптым,
өзім ұқтым, режиссердің өзі де менен
үйренді..." [2] – деген
пікір мен ойға
итермелеген. Соның арқасында олар өз ісінің маманына айналып, оқиғаға
қатысты әлеуметтік, психологиялық күйлерді талдай отырып актерлік шеберлік деңгейлерін
көтеруге тырысты. Спектакльдегі
актерлер ойыны ең жоғарғы көркемдік дәрежеге
дейін жетті. "Автордың идеясын көрерменге жеткізетін актер –
сахнаның ақыны.
Қалғандардың бәрі осы актерге, сахнаның
белді жасаушысына көмекші, толықтырушы, әсірелеуші, тереңдетуші
ғана"[2] – дейді А.Тоқпанов.
Көркемдік деңгейі, актерлік орындаушылық шеберлігі
ең жоғарғы сатыда
көрінген "Абай" бейнесін сомдаушы Қ.Қуанышбаев
болатын. Актер ақын бейнесін жасау үшін оның
әдебиетімізде алатын орнын, жаңашыл поэзиясын, ойшыл философ, қоғам қайраткері,
композитор, кемеңгер дана адам екендігіне қатысты тарихи
шындықтарды, өскен ортасын терең зерттеді. Орындаушы Абайдың ел басқарушылық
жұмысқа араласпай,
кемеңгерлік ой-өрісінің, әлеуметтік
көзқарасының қалыптасуын тарихи шындық шеңберінде ашқан. Оған Абай характерін,
психологиясын ашу оңайға түспейді. Актер қаншама ізденіп, оның
тірлік-тіршілігін, ой-арманын, қайғы-мұңын,
жүріс-тұрысын қарастырса да Абай әлеміне сенімді
түрде ене алмай қатты
қиналысқа
түседі.

М.Әуезов «Абай»
Абай – Қ.Қуанышбаев.
Әйтсе де режиссер мен актер ұлы
ақынның портреттік гримін жасау
арқылы, яғни сыртқы бейнелеу тәсілімен
оның сахналық болмыс-бітіміне
өзінше жол ашқан. Ішкі сезім мен шынайы да шебер ойластырылған сыртқы суретке дана тұлғаның
осындай көзге көріне бермейтін адамдық қасиеттерін сан қилы толғаныстар
арқылы ашу – екінің
бірінің қолынан келе бермейтін
құдірет. Жасалатын бейнесіне лайық сахналық
бейнелеу құралдарын қарастыруда асқан шеберлік
танытқан Қ.Қуанышбаевтың ғана қолынан келетін жұмыс бұл. Қойылым
туралы сын мақалада актердің
орындаушылық өнерін аса жоғары бағалай келіп
ақын бейнесін: "...Ақын
Абай, халықшыл Абай,
просветитель Абай, ұлы азамат Абай"[3] – деп қорытындылауы да содан. Режиссер
спектакльді тарихи және этнографиялық
тұрғыдан шеше отырып
ұлттық
тұрмыс-салттық дәстүрге мол сүйенген.
"Абай дәуірінің, Тобықтының басына киетін
тақия, бөркінен бастап,
аяғына киетін етігі мен кебісіне дейін, тіпті қолына
ұстайтын қамшысына дейін
тән болуын қадағалап, (жалпыламай қазақтікі)
болмауына назар аудардық..."[3]– деген
сөздерінен-ақ қоюшының, актерлердің
қандай ізденістер үстінде
болғанын аңғаруға болатын сияқты.
Қ.Қуанышбаев актерлік өнерінің өзіне
тән ерекшелігін алғаш сахна
ашылған сәттен-ақ байқауға болады.
Ұлы ақынның Айдар мен Ажарды құтқару тұсында ұстанған
бейнелеу тәсілдері іштей психологиялық толғаныстарға толы. Енді бір сәтте сахнада
жалғыз қалған Абай– Қуанышбаев өткен
күндерді оймен шолып, көз жанары алысты шарлап кеткендей. Іштей
өзімен-өзі арпалысқан ақынның
толғаныстарын, ақыл-ой
парасаттылығын бет әлпетіндегі абыржу сәттерімен жан
азабына түскен жанның психологиялық сезімдерін
аңғаруға болатын сияқты. Кейбір көріністерде актер
сөзсіз-ақ
Абайдың болмысын жіті
барлап, соған қарай
сахнада жүйелі әрекетке бару, ойламаған орайлы
мизансценаны құрастыру
Қ.Қуанышбаев шеберлігінің қалыптасу сипатын танытса
керек. Трагедия тартысының дамуы
үстінде

М.Әуезов «Абай»
Абай –
Қ.Қуанышбаев, Долгополов – А.Нұрбек
орындаушы
нысанаға алған феодалдық заманның салт-санасы мен
әдет-ғұрпының кейбір көріністері, өмір
болмысының шынайы суреттері рет-ретімен көз алдыңда
өтеді. Жауыздық пен жамандықтың, арамдық пен
адалдықтың, қоғамның
әлеуметтік-этикалық шекарасын сөз ететін билер соты
сахнасында Абай–Қ.Қуанышбаевтың шеберлігі, сөз
құдіретінің
қуатының басымдығы сондай, оны тыңдаған
тыңдаушыларын ой тереңдігімен,
қисындылығымен
баурап отырып қуаттатады.

М.Әуезов «Абай»
Керім – Ш.Айманов
Актер ойнының шеберлік күші – тыңдаушысына сөз
эмоциясымен ғана әсер етіп
қоймай, сахнада ашылған шындық пен ақиқатқа
сүйене отырып әрекетке
көшуінде. Демек, орындаушы "...Абай ойының логика күші,
оның шындыққа арқа
сүйей айтқан ақиқатының қуатында екендігін біртіндеп ашады"[1] яғни, ұлы
ақынның тіршілікке, өмірге құштар гуманистік
идеясын дәріптейді. Біз өз
ойымызда "Абай" трагедиясын қазақ театр сахнасында дүниеге келтірген, театр тарихына
актер Қ.Қуанышбаевты ұлы Абай кейпінде танытқан,
режиссер–педагог А.Тоқпанов сөзімен тұжырымдағымыз келеді: "Режиссер –
педагогтың ерекше бір қасиеті – актер адамның бойындағы ашылымай, танылмай келген табиғи қабілетін
ашып, тіпті актерді қайта
туғызатын құдіретті жаңалыққа жету.
Меніңше, дүниедегі ең
үлкен баға – режиссердің қойған спектаклін
автордың мойындап қабылдауы, актердің актерді мойындап бас июі"[2]. Сонымен Абай
ролін тамаша ойнаған Қ.Қуанышбаевтың
мол жетістігі ұлттық актерлік өнердің дамып, қалыптасуының дәлелі.

Дәркенбай – Е.Өмірзақов
Мұндай пікірді
қойылымға қатысқан өзге актерлерге де
айтуға болады. Осындай мол актерлік табыс пен сәттілік режиссура,
ұлттық актерлік өнердің кәсіби тұрғыдан қалыптасқанын дәлелдейтін
құбылыс.
Сонымен 1932-1940 жылдар
аралығында қазақ театр труппасының алдында қойылған
шығармашылық мақсат тек орыс, батыс пьесаларын қоюмен ғана шектелу емес,
әсіресе актерлердің кәсіби деңгейін көтеру –
көркемдік мәселелерін шешу басты міндет болды. Қорыта келе,
айтарымыз 1926 жылы ресми түрде
өмірге келген қазақтың актерлік өнері
басқа ұлттардың
актерлік өнері тәрізді көне фольклорымызды,
ғұрыптарымызды, ойын-сауықтарымыз бен
әзіл-қалжыңдарымызды орындаушылардың табиғи
өнерінен бастау алып дүниеге келді. Алғашқы
орындаушы-өнерпаздар өздерінің суырып салмалық
табиғи дарындарымен, орындаушылық
ерекшеліктерімен тамаша әнші-күйші өнерлерімен
қазақтың алғашқы
актерлік өнер түрінің дамуына ықпал етті.
Халық өнерінің мол қазынасынан сусындаған,
ұлтымыздың тұрмыс-салтын, мінез-құлық ерекшеліктерін жетік білетін олар
актерлік өнерге жылдам бейімделіп кетті. Алғашқы актерлеріміз "Қызыл
керуен", "Ес аймақ", "Талап" секілді ойын-сауық
кештерінен, драмалық үйірмелерден тәрбие алып,
қалыптасты. Әсіресе қазақ актерлерінң
актерлік өнерінің туу, даму сәттеріне ықпал
еткен Ж.Аймауытов,
М.Әуезов, Б.Майлин, Ж.Шаниндер болды. Олар өздерінің
драмалық шығармаларымен,
алғашқы қойылымдармен актерлік өнердің
дамуына есекше әсер
етті.
Ұлттық актерлік
өнердің кәсіби жолға бет бұруына тәжірибелі
маман режиссерлердің
шақырылып актерлерге жаңа тұрғыда спектакльдер қоюы мен ұстаздық ізденістері мен
енгізген тәсілдері К.С.Станиславский
жүйесінің негізінде болды. Маман режиссерлер
қазақ актерлеріне ұлттық классикаларға қоса орыс және шет ел
классикаларын да қойды. Қазақ актерлері өзге ұлт
өкілдерінің пластикалық қимыл-қозғалыстары,
мінез-құлықтарын, әдететтерін, бітім-болмыстарын
зерттей отырып актерлік шеберлік деңгейлерін кеңейті.
1.
Қ.Қуанышбаев.
//Социалистік Қазақстан, 1936, 3 қазан.
2.
В.И.Немирович-Данченко.
"Из прошлого", М., 1938.
3.
Қ.Қуандықов
Тұңғыш ұлт театры. Алматы, "Жазушы",
1969.
4.
Қ.Қуанышбаев.
//Социалистік Қазақстан, 1936, 3 қазан.
5.
Б.Құндақбаев
Әуезов және театр. Алматы, "Ғылым", 1997.
6. М.Әуезов
Уақыт және әдебиет, Алматы,
"Қазмемкөрәдеббас", 1962.