Кенжебай
Елмира,
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығының 2 курс
магистранты, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
ДЕБАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТҰЛҒА
ДАМУЫНА ӘСЕРІ
Бүгінде
біздің елімізде Дебаттық бағдарламаның нық
позицияда тұрғандығын толық сенімділікпен айтуға
болады. Бес жарым жыл бұрын біз ересектердің де, жастардың да
санасындағы стереотиптерді өшіруге қабілетті, соншама
мобильдік күштің пайда болатындығын болжай да алмаған
едік. Дебаттық бағдарлама бүгінде өмірдің
түрлі салаларынан лайықты орын алды, бірақ Дебаттық
бағдарламаның тұлға дамуына әсерін тудыратын,
өзгерістер талдауына тоқталу жете қажет.
Ақпараттық анықтама: 1993 жылы «Ашық қоғам» Институты арқылы Карл
Поппердің «Дебаттар» Халықаралық бағдарламасының
негізі қаланды. 1998 жылы «Дебаттарға» Батыс және
Орталық Еуропа мен АҚШ-тың 25 мемлекеттері қатысты.
Ресейде «Дебаттар» бағдарламасы 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Өзбекстанда
бұл бағдарлама өз қызметін 1998 жылдан бастады.
Бүгінде сабақта
дебаттар үлгісін пайдаланудың өзекті мәселелеріне:
нашақорлық, маскүнемдік және
қоғамдағы ВИЧ жұқпалы ауруы,
жұмыссыздық, жастардың эмиграция (басқа елге
қоныс аудару) мәселесі т.б. мысал бола алады. Осы
бағдарланың құндылығы неде? Ол қоғам
дамуына қалай әсер етеді?
Дебаттар
халықаралық бағдарламасы мектеп оқушылары мен
студенттерде өркениетті пікірталас, түрлі
көзқарастарға төзімділік пен құрмет,
мәселенің мәніне назар салу, шешендік өнер, топта
жұмыс жасай білу, көшбасшы рөлін орындау, танымал емес идеялармен
және пікірлермен жұмыс жасау дағдыларының
қалыптасуы мен дамуына бағытталған.
Бүгінгі
ізгілендіру үдерісінің адамдардың дүниетанымдық,
эстетикалық, құқықтық және саяси
мәдениетінің дамуымен тығыз байланыстылығы
сөзсіз. Тәрбие кеңістігінде оқытылған
тұлғаның жалпы мәдениетінің
қалыптасуының маңызды компоненті, мен дәл «Дебаттар»
бағдарламасы болып табылады деп есептеймін. Бір қарағанда
бұл екі ұшты ұғымның қалыптасуына алып
келетіндей болып көрінуі мүмкін, себебі адамға ойын
үдерісінде тақырыптың қолдаушы да, теріске
шығарушы да тезистерін қорғауға тура келеді. Алайда
тәжірибеде біз дебаттың мәселені барлық мүмкін
көзқарастар тұрғысынан зерттей білуді, сол немесе
басқа позицияның күшті және әлсіз жақтарын
түсінуді дамытатындығына көз жеткіздік. Бұл қарама-қайшы
өмір жағдайында, сөзсіз, адамдарға дұрыс шешім
табуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар,
дебаттар технологиясы жан-жақты және тәрбие
кеңістігінде сабақ формасы және тіпті ата-аналар жиналысы
түрінде қолданылады. Дебаттардың мәні – бұл
үш немесе екі адамнан (спикерлерден) тұратын екі топ берілген
тақырыпты талқылайтын пікірталас. Пікір таластырылған
мәселелер тобы өте кең: техникалық өрлеудің
жойқын әсері мәселесінен эвтаназияға (адамның
өз еркімен мойынсұнуы) баруына дейін, жалпыға бірдей сайлау құқығының
таралуынан адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы
мәселеге дейін, ашық қоғамдағы ашық
шекаралар мәселесінен өлім жазасын алып тастау мәселесіне
дейін, оқушы өміріндегі орта мектептің рөлі туралы
мәселеден қазіргі қоғамдағы ұлттық
азшылықтар мәселесіне дейін. Сонымен бірге бір топ тезисті
қолдайды, ал екіншісі оны теріске шығарады.
Дебатқа
дайындалуда іздену, саралау, ұғыну және алынған
ақпаратты дұрыс пайдалану дағдыларының қалыптасуы
айтарлықтай маңызды болып табылады. «Дебаттар» расында жастарда
адам әрекетінің кез келген аясындағы
қарым-қатынастың тиімділігі үшін қажетті
дағдыларды дамытады, сыни ойлауды қалыптастырады.
«Дебаттар»
нарықтық экономика, саяси құндылықтар мен
идеологиялардың плюрализмі (алуан түрлілігі),
құқықтар мен азаматтық құқықтардың
басымдығы жағдайларында адамның өмірге даярлығына
бағытталған, соны білім беру технологиясы болып саналады. Атап
айтқанда қазіргі өмірдің осы ерекшеліктері біздің
көптеген отандастарымыз, әсіресе подагогтар арқылы, ал кейде
ата-аналар арқылы да қабылданады. Сондықтан «Дебаттар»
қатысушылар үшін ғана емес, педагогтар, мектеп
әкімшіліктері үшін де маңызды. «Дебаттар» технологиясы:
мектеп оқушыларынның логикалық және сыни ойлауын, өз
ой-пікірлерді ұйымдастыру дағдыларын, ауызекі тіл дағдыларын,
риторика (шешендік өнер), төзімділік, өз-өзіне
сенімділік дағдыларын, топта жұмыс істеу қабілеттілігін,
мәселелердің мәніне назар салуға қабілеттілікті,
жұрт алдында сөз сөйлеу үлгілерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. «Дебаттар» технологиясының мағынасы мынадан
байқалады, ол:
1)
қатысушылардың коммуникативтік
мәдениетін қалыптастыру құралы болып табылады;
2)
мектеп
оқушылары тұлғасының дамуына мүмкіндік береді;
3)
балаларды ашық қоғам
құндылықтарына лайықты тәрбиелеудің тиімді
құралы болып табылады;
4)
қатысушыларды әлеуметтендірудің тиімді
құралы болып табылады.
Аз уақыт бұрын
студенттер мен оқытушылар белсенділігі туралы мәселе
айтарлықтай өткір болды. Бұл мәселеде Шығыс
дәстүрлері соңғы рөл атқарған
жоқ, оқытушы позициясы басым болуына сәйкес, студент,
өз кезегінде, қуыршақ бейнесінде болды. Осы
өткеннің сарқыншақтарымен біз осы күні тап болу
мүмкіндігіне ие болдық. Студенттер тәжірибесіне негізделе
отырып, оқытушыны сабақ беру әдістемесіне біршама
түзетулер енгізуге көндіру мүмкін еместігі фактісін
белгілеуге болады. Стереотипті ойлау оқытушыларға студентпен бір
сатыда тұрып, оның кеңестерін тыңдауға
мүмкіндік бермеді. Оқыту 70-жылдардағы классикалық
стандарттар бойынша өтті, оқытушы лекцияны бір сарында оқып
жатқанда, студент оны ықылассыз жазды, яғни лекцияға,
ең бастысы – осы тақырыптың сыни талқылауларына
түсініктеме берілмеді. Оқытудың осындай әдісі студентте
пессимизм және оқуға деген
қызығушылықтың жоқтығын тудырды. Дебат
элементтері оқытушыны жағдайға басқа жағынан
қарауға, өз кезегінде, студенттер көңілін
оқуға аударуға мәжбүрлей алды.
Осыған байланысты
бұл баяндамада тұлға дамуына Дебаттық
бағдарламаның еткен әсерінің екі аспектісін
қарастырғым келеді:
1.
Мұғалімдердің оқыту
әдістемесіндегі өзгерістер мен жетілдірулер.
2.
Дебаттық бағдарламаның жастардың
интеллектуалдық дамуына жемісті әсері.
Жоғарыда
байқалғандай, дебат элементтерін пайдалануға дейін
оқыту әдістемесі ерекше қызығушылықпен
қолданылмады. Тақырыпты бір полярлық түсіндіру
студентке сол немесе басқа мәселені кеңірек және
тереңірек зерделеуге мүмкіндік бермеді. Жай айтқанда, студент
тек оқытушы көтерген аспектіні ғана қабылдады. Осы
мәселені жеңіп шығу келесі мысалдан көрінеді.
Дебаттар бойынша
семинарлардың бірінде менде, СамГУ-дың эстетика пәнінің
оқытушысы болды, ол бұл пәнді біздің дебаттық
орталықтың белсенді қатысушылары болып табылатын студенттерге
дебаттарға дайындық үдерісі мен сәтті пікір жарыстыру
үшін қажетті дағдыларды түсіндіре отырып, сол немесе
басқа мәселені немесе осы жағдайда дебаттардағы сол
немесе басқа тақырыпты алуан түрлі көзқарастар
тұрғысынан қарастыру қажеттігіне жете тоқтала
отырып жүргізді. Дәл біздің тақырыпты қалай
ұғынып, түсінуімізден, дебаттардың одан арғы
нәтижесі байланысты болады. Негізгі мақсат семинарға
қатысушыларды тақырыпты жете талдауға, ең бастысы
–тақырыпқа қатысты түрлі идеяларды дебатшылардың
өздеріне қозғауға көндіру болды. Өйткені
жақсы жаттықтырушы – көп сөйлейтін емес, аудиторияны
сөйлеуге мәжбүрлейтін адам.
Бұл эстетика
пәнінің оқытушысына қатты әсер етті, әрі
келесі сабақта-ақ студенттер өздерінен эстетикадан сабақ
беру әдістемесіндегі өзгерістерді сезінді. Егер эстетиканың
өткен сабағында оқытушы оларға эстетиканың
категорияларын бірінші сыныптағыдай оқыған болса, келесі
сабақта ол аналитикалық пікірталас арқылы жетекші
сұрақтармен аудиторияны эстетикалық категорияларды
түсінуге жеткізді. Оқыту әдістемесіндегі бұл
жаңалық студенттерде белсенділік белгісін тудырды, себебі оларда
өз көзқарасын, сондай-ақ қойылған
мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін айтуға
мүмкіндік пайда болды. Сонымен қатар, мәселенің
жағымды және теріс жақтарын қозғағандар
арасында пікірталас ұйымдастырылды.
Тәжірибеде дебаттар
элементтері қолданылған біздің оқытушылар
арасындағы зерттеулерімізден тағы бір мысал келтіргім келеді. Міне,
филология пәнінің оқытушысы қолданған мысалдардың
бірі. Жоғары және орта мектепте сәтті
қолданылғандардың бірі «Бұрыштар» стратегиясы деп
есептеуге болады. Бірлесіп оқыту әрекеті болып саналатын бұл
әдісті қарама-қарсы ойлар мен пікірлер тудыратын дебаттар мен
пікірсайыстар ұйымдастыру тәсілдердің бірі ретінде
қолдануға болады. «Бұрыштар» тыңдалған лекцияны
немесе, мысалы, тәжірибелік сабақта ортаға салынған
көркем мәтінді жақсы толықтырады. Олар оқу
бағдарламасы бойынша педагог ұсынған
тақырыптардың біріне дебаттар өткізуде де қолданылуы
мүмкін.
Алдымен оқушыларға
берілген тақырыпты ойлап алу
және нәтижесінде белгілі бір қорытындыға келу
қажет. Сосын оларға мәселеге байланысты пайда болған
көзқарастар қатарын, айтылғандарды дәлелдерге
негізделе отырып, көпшілік алдында айту ұсынылады. Бұдан
соң оқытушы аудиторияға өз көзқарасын дәлелді
және нанымды түрде дәлелдейтін және
қорғайтын қысқаша шығарма жазуды ұсынады.
Бұған үштен бес минутқа шейін уақыт беріледі.
Шығарманы аяқтаған соң аудитория позицияларының
үйлестігі принципі бойынша екі топқа бөлініп,
бөлменің екі жағына отырғызылады. Олардың
арасындағы орынға бейтарап позицияда пікір білдірген студенттер
отырады. Келесі бес минут әр топ ішінде пікірлерді «алмастыруға»
жұмсалады. Студенттер бір-бірімен жазбалармен алмасады, дауыстап оқылғанды талқылайды
және ортақ позицияны қорғаудағы ең
жақсы дәлелдерді жазады. Әр топ өз ортасынан
«спичрайтерлерді» – ұжымдық пікірді ұсынуға тиісті
шешендерді таңдайды. Содан соң шешендер кезекпен
қарсыластарын өздерінің дәлелдерімен таныстырады,
осымен дебат басталады. Пікірсайысқа өз дәлелдерін
айтқысы келетін, топтың басқа барлық мүшелері де
қатыстырылады. Қарсыластың дәлелдерінің
әсерінен дебатшылардың көзқарастарын өзгертуі
рұқсат етіледі. Бұл жағдайда олар пікірсайыстың
кез келген уақытында өзге топқа ауысу мүмкіндігіне ие
болады. Ол үшін қатысушы енді дәлелдерімен пікірлес топ
мүшелері отырған бөлменің бөлігіне ауысып отыруы
қажет. Мұндай ауысулар айыпталмауы тиіс, керісінше, педагог оларды
тіпті мадақтауы тиіс.
Пікірсайыстар уақыт
жағынан шектелген болуы тиіс. Олар аяқталған соң
әр топ жасаған жұмысын өз көзқарастары мен
оларды қорғауға келтірілген дәлелдерді жинақтай
отырып қорытындылайды. Бұған қоса оқытушы барлық
дебат қатысушыларынан өз көзқарастаын жазбаша
түрде баяндауды және оны қолдауда сендірерлік дәлелдер
келтіруді сұрайды. Жұмыстың бұл бөлігін
студенттерге өзінің жазбаша мәтініне қарсыластар
дәлелдерін енгізуді және өз позициясын контраргумент
көмегімен қорғап қалуды ұсына отырып
күрделендіруге болады. Егер де қатысушылар өздеріне
тағайындалған уақытқа сыйғыза алмаса,
оқытушы студенттерге өз ой-пікірлерін жазбаша түрде, сабақтың
ең маңызды бөлігі туралы пікірлерді,
жасалғандарға жалпы түсініктеме және пікірсайыс
тақырыбы бойынша бір сұрақты қамтитын үш
тармақ бойынша баяндауды ұсына алады. Сабақты
жүргізудің осындай формасы студенттерге тек өзін жаңа
материалмен байыту ғана емес, өзін оқыту
үдерісінің тең құқылы қатысушылары
ретінде сезінуге де мүмкіндік беретін сияқты көрінеді. Ал
бұның маңызы аз емес және болашақ маманның
азаматтық позициясының қалыптасуы үшін өте
қажет.
Тағы көптеген
мысалдар келтіруге болады, бірақ дұрысы пайыздық
арақатынасқа қарайық: дебаттар бойынша семинарды
тыңдаған оқытушылар 100% құрайды, ал дебаттарды
өз жұмысында қолданатындар – 85%. Бұл біздің
орталық арқылы соңғы жарты жылда жүргізілген
сауалнама нәтижелері, және мен мұндай сандар осы
кезеңде бізді қанағаттандыруы тиіс деп есептеймін, бұл
біздің жұмысымыздың бос уақыт өткізу емес
екендігін білдіреді.
Осылайша, дебаттардың
мұндай элементтері мәселелерді оның барлық
артықшылықтары және кемшіліктерімен толық талдау,
сондай-ақ идеяларды интеллектуалдық пікірталас арқылы сыни
және аналитикалық талдауға мүмкіндік береді деп
айтуға болады:
1)
оқытушы өзімен және өзінің
оқыту әдістерімен жұмыс жасай отырып, лекцияларды
қызықты ете және сол арқылы аудиторияны жұмыс
жасауға мәжбүрлей отырып өзі жетіледі;
2)
аудитория интеллектуалдық пікірталас және
аналитикалық пікірсайыстар арқылы қойылған
мәселені тереңірек зерделейді, ең бастысы, студенттер
өз бетінше сол немесе басқа мәселені пысықтайды,
педагог мұндай жағдайда тек жұмыс арнасын бағыттайды.
Бұл мысалдан дебат
элеметтерін енгізуден кейін мүмкін болған прогрессивті
өзгерістер айқын көрінеді. Педагогтың
сабаққа ыждағатты дайындығы және
инновациялық әдістерді қолдануы аудиториямен жұмыс
сапасын жақсартады және студенттер мен мектеп оқушыларында
шешендік өнердің, сыни ойлаудың, төзімділіктің,
өз көзқарасын қорғау және өз
позициясын дәлелдеу, еркін ойлау мен жасқаншақтанбау іскерліктерінің
дамуына мүмкіндік береді.
Келесі мысал адам
стереотиптерінің Дебаттармен танысқанда қалай
өзгеретіндігін көрнекті түрде көрсете алады. Бізге
Жастар Орталығының клуб ісіне таяудағы аудандардан,
қыстақтардан келген студенттерді тарту қиын болды. Олардың
діліне сәйкес, оларға басқа дебатшылармен
қарым-қатынас жасау өте қиын болды.
Жасқаншақтық, ұялшақтық сияқты мінез
ерекшеліктері, сондай-ақ олардың кей сұрақтардан хабар
еместігі байқалды. Біздің бақылаулар олардың белсенді
қатысушыларға айналу уақыты аралығында, өзара түсіністіктің
біздің орталық қабырғаларында орнаған сол жайдары
күйінің олардың дүниені сезінуін түпкілікті өзгертуге
көмектескенін көрсетті. Сыни ойлау, өз пікірін еркін айту және ақпараттану сияқты
сондай позитивті қасиеттер пайда бола бастады.
Бірақ осы
сұраққа жауап беруде балалардың бірі дебаттардың
сыни талдау сияқты элементтерін пайдалана отырып, байлық пен билік
үшін күрес болған, өмір сүрудің
табиғи жолымен болған крест жорықтары қамтыған
сол ортағасырлық дәуірге сәйкес өз
көзқарасын айтты, себебі ол кезде өндіріс тиісті
деңгейде дамымаған еді.
Ол бұл сұрақты
екі түрлі тәсілдеме тұрғысынан қарастырды,
крестік жорықтардың жағымсыздығы туралы
дәстүрлі көзқарастан бөлек, ол егер жағымды
болмаса, күрестің тарихтың табиғи барысынсыз
мүмкін емес, сол объективті себептерін айқындауға және
дәлелдеуге тырысты.
Қойылған
мәселе «келісемін» және «қарсымын» позициясынан
қарастырылғанда, сұраққа сондайлық бірегей
жауап берілгеніне оқытушы таң болды деп айта аламын. Енді сол тарих
пәнінің оқытушысы өз сабағын қызықты
ету үшін, және тағы біздің семинардан кейін,
өзінің сағат жоспарына сыни ойлаудың көмегімен
студенттер тарихтың жеке үзінділерін көре алтындықтан
енгізді. Қайталай отырып, осындай қасиеттердің дебат
тудыратынын атап айта аламын. Біз бүгінде осындай қасиеттерге
дебаттар бойынша семинардан өткен көптеген студентерді
үйреттік. Студентті тек оқытушы ғана үйрете алмайды,
оқушының өзі де семинарларда берілетін дебат
дағдыларына ие бола отырып, сабақ барысына, оқытушының
сабаққа деген жаңа тәсілдерге ден қоюына
әсер ете алатындығын атап айтқың келеді. Өзара
үйренген қандай қандай жақсы! Әрі адамдар:
«Ғасыр жаса, ғасыр бойы үйрен» деп бекер айтпаған.
Біздің жағдайда оқыту әдістемесінде ескі стереотиптерді
бұзып, жаңа түзетулер енгізуге болатыны, ал нәтижесі
ретінде – тұлға дамуына әсер ету де қандай жақсы.
Оқушының
тұрақты сұраққа жауап
құрылымының өзгеруінде, ол өз жауабын бекіте
алуымен, студентке сол әдістермен танысуға және
түсінуге мүмкіндік беретін әдістемелік негіз шешуші фактор
болады. «Дебаттар» бағдарламасына бірнеше жылдар бойы
жаттықтырушы-төреші ретінде қатысқан оқытушылар,
осы жылы жаңа жобаны – «Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндерді оқыту құрылымында дебат элементтерін пайдалану»
оқулығын дайындауды жүзеге асыра бастады. Бұған
дейін біз дебат элементтерін пайдаланудың кейбір тәсілдері жазылан
шағын зерттемелерді шығарған едік. Бұл материал осы
бағдарламадағы өзге оқытушыларды
қызықтырды, себебі оқыту әдістемесі мен студент жауабы
құрылымында өзгерістер нақты байқалды. Осылайша,
қойылған сұраққа жауапта дебат элементтерін
пайдалану тәсілдерімен танысқан студенттер оларды сәтті
қолдана бастады.
Менің
баяндамамнан Дебаттардың тұлғаға, оқытушы немесе
мұғалім болсын, оң әсер ететінін түсінуге болады.
Дебаттарды біздің сұрақты талқылау үшін: Дебаттар
тек оң әсер ете ме? Жаңа келген адамға Дебатта
қызықты, барлығы жаңа, жаңа техника
ұғынылады, жаңа материал игеріледі. Дебаттық
бағдарламада өте ұзақ болатын және әлденеше
рет жеңімпаз және «үздік» болған біздің
«қартаң» мысалдардан қарастырамыз. Олардың көбі уақыты
жеткенде тек жағымды қасиеттерді иеленбей, агрессия, ашу, абыржу,
оппоненттерді құрметтемеу, менмендік сияқты жағымсыз
сипаттарды көрсете бастайды. Негатив тек Дебат ойыны кезінде ғана
емес, дебатшының күнделікті жеке өмірінде, ата-аналарымен,
достарымен және өзге адамдармен өзара
қарым-қатынаста да байқала бастайды. Иә, мен,
әрине, барлығын бір өлшеммен өлшеуге
болмайтындығын, брлығы әр адамның өзіне
байланысты екендігін түсінемін. Сонымен бұдан қалай
құтылуды, Дебаттардың оң нәтиже, дұрыс
нәтиже беруін ойланайық. Бұл психологиялық
тұрғыда айтарлықтай маңызды рөлді бізге – жетекші
және тәрбиеші рөлінде көрінуі тиіс Дебат бойынша
жаттықтырушылар болуы тиіс. Дебатты дұрыс түсіндіру, Дебат –
бұл оппоненттер тұлғасына ешқашан өтуге
болмайтын, өз эмоцияларын бақылауды үйренуге қажетті белгілі
бір сұрақ, ойын бойынша пікірталас екендігін дебатшылырдың
есіне үнемі салып отыру қажет. Бұл үлкен және
табанды жұмыс!
Біз Дебаттық
технологияда оқушылардың үлкен санын тартуды
өзіміздің мақсатымыз етіп қоямыз. Бүгінде біз
дебаттар бойынша семинардан өткен, дебаттар бойынша жаттықтырушы-төрешілер
бола отырып, өзінің педагогикалық тәжірибесіне дебат
элементтерін енгізу арқылы өзгерістерді сезінген, үздік
топтар дайындайтын оқытушылардың қолдаймын деген уәдесін
алдық.
Дебаттық технолоияның оқушы
тұлғасының дамына жақсы нәтиже беретінін ескере
отырып, біз білім беру жүйесіне интеллектуалды дамыған
тұлға, ашық демократиялық қоғамның
көзі болып табылатын сол тұлға негізін қоятын өзгерістер
енгізе аламыз. Сонымен қатар бұл әдісті «өзін-өзі
тану сабақтарында» негізгі әдіс ретінде қолданамыз.
Біз, өз
кезегімізде, дебаттардың ойлау мен қарым-қатынастың
ажырамас тәсілі болуы үшін қолымыздан келгеннің
бәрін жасаймыз. Ал негізгі мақсат – Дебаттық технологияны
«өзін-өзі тану сабақтарында» сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру үшін қолдану.
Пайдаланған
әдебиеттер: