Исаев Абдінабі
Исаұлы
аға
оқытушы
Әбділлаев
Әбдіқалық Көшербайұлы
ХҚТУ
профессоры
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МАМАНДЫҒЫ
СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоғары
оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру
тәжірибесінде ғылыми жұмыстар оқытушының да,
студенттердің де қызметінде барынша маңызға ие болуда.
Ғылыми
қызмет студенттердің оқу пәніне деген
қызығушылықты арттырады, ой өрісін кеңейтеді,
теориялық және практикалық міндеттерді шешуге сана- сезімін
және жеке тұлғалық қабілеттерін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Дене тәрбиесі
оқытушысының ғылыми жұмысы басқа пәндер
оқытушыларының ғылыми зерттеу жұмыстарымен тығыз
байланыста жүргізіледі. Оның басты өлшемі ретінде мыналарды атауға
болады: әділдік, шыншылдық, дұрыс және қайшы
келетін жақтарын айыра білу, оларды ұсынылған ғылыми
болжамды тәуелсіз талдауға қол жеткізу.
Дене тәрбиесі
тақырыптары бойынша ЖОО тәжірибесінде бар, кең ауқымда
ұсынылған студенттердің ғылыми-зерттеу
жұмыстарының негізгі бағыттарына мыналарды
жатқызуға болады:
1.Оқыту
үдерісінде оқытып, үйрету және тәрбиелеу
құралдары мен әдістерін жетілдірудің тәсілдерін
өңдеп, дайындау.
2. Жаттығу
үдерісі нәтижелеріне, дене жүктемелеріне әртүрлі
қозғаушы күштердің әсерін зерттеу.
3. Дене жаттығуларын
орындау кезіндегі жекелеген қимылдардың жиілігі мен оларды
дәл орындау байланыстылығын талдау.
Барынша
маңызды ғылыми зерттеулердің негізгі тегі мыналар болуы
мүмкін: дене мәдениетіне оқытып, үйретуді жандандыру
нәтижесі ретінде жүйке-психикалық күштенуді зерттеу;
әдістемені өңдеп, дайындау және дене мәдениеті
мен спорттағы жекелеген операцияларды басқару бойынша компьютерлік
бағдарламаны оқу үдерісіне ендіру.
Ғылыми
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кезінде
барынша әртүрлі бейнедегі әдістер қолданылады.
Олардың ішіндегі ерекшелері мыналар:
• эксперименттік,
бақылау және жеке ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
және жүргізу;
• өткенді
шолатын (ретроспективті) және ағымдағы ақпараттарды
жинау және талдау (контент-анализ);
•
педагогикалық эксперимент (табиғи және модельді,
лабораториялық және аабсолюттік, бірізді және параллель, сол
сияқты айқасқан және көп факторлы);
•
педагогикалық зерттеу (проблемалық, тақырыптық,
бағдарлық және негізгі, ашық және жасырын,
үздіксіз және кезеңдермен);
• хронометраждау
(уақытпен) және бақылау сынақтары;
•
құжаттық материалдарды талдау (фронтальды және іріктеу,
дәстүрлі және формальды әдістер);
• анкета
жүргізу (тұтастай және іріктеп, тікелей және сырттай,
топтық және жеке);
•
сұқбаттасу және интервью;
• матаматикалық
әдістер (орта арифметикалық мөлшер, медиана, орташа
квадраттық ауытқу, түрлендіру (варияция) коэфиценті, орта
мәннің стандартты қатесі, Стъюдент критериі және т.б.);
• кәсіби
жұмыс қабілеттілігін сараптамалық (экспертный) бағалау;
• дене дамуын, функциональдық
және психикалық жағдайын бағалау;
• дене
даярлығын практикалық тексеру;
• ғылыми
болжам жасау және алдын ала болжалдау;
• жүйелі
талдау және қорыту, талдап қорыту және салыстыру;
•
тарихи-логикалық әдіс;
•
педагогикалық үлгілеу (модельдеу);
• абстрактылыдан
(дерексіздік) нақтылыға
шығу;
• алынған
ғылыми зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық
талдау.
Ғылыми зерттеу
үдерісі әдеби және мұражай мұрағаттарын,
қызметтік құжаттарды талдауды, диссертациялық
жұмыстардың авторефераттарын оқып, зерттеу, нақтылы
деректік материалдарды жинақтауды алдын-ала қарастырады.
Ғылыми зерттеу
жұмыстарының педагогикалық әдістерін
материалдардың топтастырылуы есептеліп, қорытылып талданатын
көрсеткіштерді шығару мен материалды талдау, факторлық
талдау, ғылыми зерттеу нәтижесін математикалық
өңдеу, статистикалық әдістер толықтырады.
Ғылыми
жұмыстардың тақырыптарын таңдау, әдебиеттерді
оқып, зерттеу, мәліметтерді тиянақты жинақтау, оларды
өңдеу және талдап, қорыту, эксперимент жасау және
негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыру –
ғылыми зерттеу жұмыстарының маңызды кезеңі.
Ең алдымен
тақырып анықталады негізгі идея тұжырымдалады, оның
өзектілігі негізделеді. Одан әрі жұмысты жалғастыру
үшін жоспар құрастырылып онда мына мәселелер
қарастырылады: қаралатын мәселелер жағдайы зерттеледі,
зерттеу жүргізу, педагогикалық
эксперименттер, жекелеген нәтижелерді талдап, қорыту,
материалдарды практикада іске асыру.
Ғылыми зерттеу
жұмыстарының нәтижелері кесте, сурет, сызба және
графика түрінде тұжырымдалуы мүмкін. Кесте – безендірудің
барынша таралымға ие болған түрі, олар қандай да бір
заңдылықтарды және әртүрлі нәтижелерді
салыстыруды сипаттайтын сандық материалдарды көрсету үшін
қолданылады.
Ғылыми
жұмыстың қорытынды сатысында қорытынды, ұсыныстар
мен нұсқаулар тұжырымдалады.
Ғылыми
еңбек келесі бейнеде дайындалады: алғашқы титульдық
бетінде жұмыс орындалатын ЖОО-ң, зерттеу жұмысының
қоры, факультеттің, мамандық кафедрасының аты,
автордың аты, жөні, жұмыстың тақырыбы және
орындалған жылы көрсетіледі.
Кіріспе
бөлімінде қорғауға шығатын ғылыми зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеттері, ғылыми
жаңалығы, зерттелген жұмыстың теориялық
және практикалық маңыздылығы, өзектілігі, ғылыми
болжамдары, негізгі проблемалары ашып, көрсетіледі. Одан әрі
тақырыптың жан-жақтылығы туралы мағлұмат
беретін материалдар көздерін талдау жүргізіледі, зерттелмеген
аспектілерді айқындайды және оларды қайта өңдеп,
дайындау мүмкіндеріне автордың көзқарасын,
қатынасын көрсетеді. Зерттеу әдістері міндетті түрде
қарастырылады, жаңа және түп нұсқалық
үлгідегі әдістемелер сипатталады. Ғылыми жұмыстың
негізгі бөлімі алға қойылған проблеманың
мазмұнын ашады. Сәйкес келетін тарауда мәліметтер мен
дәлелді ақиқаттарды сипаттау келтіріледі, оларға
талдау, басқа мәліметтермен салыстыру, сараптамалық
бағалау, белгіленген заңдылықтар мен дәлелді
ақиқаттарға ғылыми негіздемеде жасалады.
Ғылыми зерттеу
жұмысының қорытынды бөлімінде қорытындылар мен ұсыныстар тізімі келтіріледі.
Ғылыми
еңбек мұқият редакциялаудан өткізіледі, сандық
(цифрлық) мәліметтер, цитаттар (сөз мәтінінен
алынған үзінділер), кестелер, автор жұмысында келтірілген
фамилиялар салыстырылып, тексеріледі. Ғылыми еңбектің
ресімделуі газетке, жұрналға немесе ғылыми
еңбектердің жинағына жіберілуіне байланысты
жүргізіледі.
Ғылыми
баяндама, автореферат және диссертациялардың
әрқайсысының өзіндік белгілі көлемі,
мазмұны, сол сияқты мазмұндау стилі болады.
Ғылыми
зерттеудің нәтижелері дене тәрбиесі бойынша оқу
үдерісінде, ғылыми-практикалық және теориялық
конференцияларда, семинарларда, симпозиумдарда, арнайы және іскерлік
ойындарда, сол сияқты оқу құралдарында және
ғылыми басылымдарда пайдаланылып, жүзеге асырылуы мүмкін.
Ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізуден басқа, оқытушылар ғылыми
семинар үйірмесі жұмыстарында белсенді қатысады,
өзінің педагогикалық қызметінде ғылыми
жұмыстардың әдістерін үнемі пайдаланады. Олар
жүйелі түрде озық педагогикалық тәжірибелерді
оқып, зерттейді, талдап, тұжырымдайды және өз
шығармашылығына ендіреді, еліміздің ғылымдағы
дене мәдениеті мен спорттық қозғалысындағы
барлық жаңа дүниелерге қызығушылық
танытады.
Студенттердің ғылыми жұмыстарын
ұйымдастыру. Суденттердің ғылыми
жұмыстары басшылыққа алынатын құжаттарға
сәйкес жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі барынша
маңыздысы білім беру мекемелеріндегі ғылыми жұмыстарға,
соның ішінде ең жақсы ғылыми жұмысқа, сол
сияқты өте жақсы жүргізілетін ғылыми
үйірмеге конкурс жариялау туралы ереже болып табылады. Оларда
ғылыми үйірмелер қызметінің мақсаттары мен
міндеттері, ғылыми жұмыстардың шарттары мен үлгілері
және т.б. мазмұндалады.
Студенттердің
ғылыми жұмыстарының мақсаты дене мәдениеті
құралдарының жәрдемімен мамандарды дайындаудың
сапасын арттыруға ерікті және белсенділікпен көмектесу болып
табылады. Ғылыми жұмыстардың негізгі міндеттеріне мыналар
жатады: танымның ғылыми әдістерінің дағдыларын
меңгеру; теориялық, ғылыми тәжірибелік және
практикалық ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау кезінде
студенттердің тәуелділіксіз дербес қызметін қалыптастыру.
Әртүрлі
оқу пәндерінің (педагогика, психология, физиология, биохимия,
биомеханика және т.б.) дене мәдениетімен, спортпен, туризммен
және кәсіпкерлікпен тығыз өзара әрекеттестіктегі
материалдарына талдау жасаудың маңызы өте зор.
Ғылыми білім
дене мәдениетінің маңызды бөлімдерін барынша
терең оқытып, зерттеуге мүмкіндік туғызады.
Жекелеген
ғылыми тақырыптарды өңдеп, дайындау, ғылыми
баяндамаларды, мақалаларды, рефераттарды жазу, білім алушы
студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарындағы біліктілігі
мен дағдыларын, ғылыми білімге деген
қызығушылығын қалыптастырады.
Студенттердің
ғылыми жұмыстарының ұйымдастыру бірлігі ықыласы,
ынтасы бар студенттер қабылданатын, дене мәдениеті және спорт
кафедрасы жанындағы ғылыми үйірме болып табылады. Ғылыми
туындаған өзекті мәселелерді талқылау оқу кезінде
де, сол сияқты оқудан тыс уақытта да жүргізіледі.
Дене мәдениеті
және спорт кафедрасындағы ғылыми жұмыстардың
негізгі үлгілері мыналар: ғылыми үйірме мәжілісінде
жекелеген мәселелерді өңдеп, дайындауға және талқылауға
қатысу; иницативалы (басты) тақырыптар бойынша ғылыми
зерттеулерді орындау; кафедралық мәжілістерде, студенттердің
ғылыми-теориялық конференцияларында хабарлама жасау үшін
баяндамалар жазу; әртүрлі басылымдарда ғылыми
жұмыстарды жариялату; алынған нәтижелерді практикада
пайдалану.
Үйірме
мүшелері оқытушының орындайтын ғылыми
тақырыбының жете өңделіп, зерттелуінде бірге орындаушы
болуы мүмкін. Олардың арасынан барынша белсенділері жоғары
оқу орындары арасындағы, республикалық
ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.
Ғылыми
үйірменің жұмысын ұйымдастырудың міндетіне мына
төмендегі мәселелер кіретін оқытушылар жүргізеді:
ғылыми үйірменің мақсаттары мен міндеттерін
түсіндіру және студенттерді ғылыми зерттеу қызметіне
тарту; ғылыми зерттеудің тақырыбын анықтау;
рефераттарды дайындауда көмек беру; үйірме мүшелерінің
мәжілістерін ұйымдастыру; баяндамалардың мәтіндерін
басылымға ұсынылар алдында редакциялау (тексеріп, түзетулер
ендіру).
Ғылыми
үйірме мүшелерінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
ғылыми жұмыстарды зерттеуде және талдауға белсене
қатысу; басылымдарда жариялату үшін орындалған ғылыми
жұмыстарды ұсыну.
Авторлық
ғылыми жұмыстардың сапасын бағалау үшін мыналарды
ескеріп, есепке алатын конкурстық (бәйге жариялау) комиссия
тағайындалады: ғылыми зерттеу жұмысының
өзектілігі, жаңалығы, түпнұсқалық
сапалығы және жаңа әдістемелердің саны;
алынған материалдарды математикалық өңдеудің осы заманғы
әдістерін пайдалану; мазмұндау үлгісінде (стилінде)
логикалық, жүйелі бірізділік және айқындық;
сыртын безендіру.
Конкурстық
комиссия жыл сайын жоғары оқу орнының басшылығына
ең жақсы ғылыми жұмысқа конкурстың
нәтижесі туралы есеп береді, сол сияқты ерекшеленген
студенттердің тізімін ұсынады. Конкурс жеңімпаздарын
марапаттау шаралары тәртіп бойынша университет ғылыми-практикалық
конференциясының қорытынды мәжілісінде немесе факультет
студенттерінің жалпы жиналысында тапсырылады.
ЖОО бітірген
соң, ғылыми жұмыстар бойынша тапсырмалар орындаған
студенттер бастаған ғылыми жұмыстарын өз
мамандығының магистратурасына түсіп одан әрі білімін
жалғастыруына болады.
Ғылыми
үйірме – студенттердің ғылыми қызметінің негізгі
ұйымдастыру бірлігі. Оған таңдауға және ізденіске
бейімділігі бар, зерделі студенттер тартылады.
Ғылыми
үйірмелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
• өз бетімен
ғылыми ізденістің әдістемесі мен тәсілдерін
оқытып, үйрету, ғылыми ұжымдардағы
жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;
•
шығармашылық ойлауды дамыту, оқытып, үйрету
барысындағы алған білімдерін бекіту және тереңдету;
• танып
білудің ғылыми әдістерін қолдану;
• теориялық,
ғылыми тәжірибелік және практикалық зерттеулердің
орындау дағдыларын қалыптастыру;
• ғылыми
білімдерді түсіндіріп тарату;
• техникалық
оқытып, үйрету құралдарын, қолданыстағы
стендтерді, макеттерді және спорттық қондырғыларды дайындауда
өнертапқыштық және рационализаторлық
(өнертапқыштық) жұмыстарға қатысу;
• барынша дарынды
студенттерді табу, олардың шығармашылық потенциалын
ғылымдағы өзекті мәселелерді жүзеге асыру
үшін пайдалану.
Студенттердің
ғылыми жұмыстарына жалпы басшылық жасау дене тәрбиесі
кафедрасының меңгерушісіне, сол сияқты кафедрадағы
білікті, тәжірибелі ғалымдарға міндеттеледі. Ғылыми
жұмыстардың негізгі үлгілері мыналар болып табылады:
• кафедраның
жоспарланған ғылыми жұмыстарына қатысу;
• бастамашыл
тақырыптар бойынша зерттеу жүргізу;
• практикалар
кезеңінде тапсырмаларды орындау;
• ғылыми
үйірме мәжілістерінде, ғылыми айтыстарда (диспуттарда)
және т.б. дене мәдениеті мен спорттың өзекті
мәселелерін талқылау;
• ғылыми
баяндамалар, жаңалық хабарлар, рефераттар жазу және
үйірме мәжілістерінде, семинарларда, кафедрааралық
мәжілістерде, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама
жасау;
• ғылыми
материалдарды басылымға дайындау;
• дене
мәдениеті бойынша білім беруде ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін пайдалану;
• ең жақсы
ғылыми жұмысқа жарияланған конкурсқа
қатысу.
Кафедрада
ғылыми жұмыстар үйірмесінің журналы жүргізіледі,
оқу семестріне жұмыс жоспары жасалынады. Оқу жылының
соңында қорытынды өткізіледі және ЖОО ғылыми
қоғамдастығы кеңесіне есеп беріледі.
Дене тәрбиесі
кафедрасы студенттерінің ең жақсы ғылыми
үйірмесіне және ең жақсы ғылыми
жұмысқа жарияланатын конкурс туралы ереже маңызды
құжат болып саналады. Конкурстың (бәйге) негізгі
мақсаттары: студенттерді оқытып, үйретудің сапасы,
оларды жүргізетін ғылыми жұмыстарына ынталандыру,
кафедраның ғылыми үйірмесі қызметін жақсарту,
ең жақсы ғылыми еңбектерді айқындау.
Конкурсқа
кафедраның ғылыми үйірме мүшелерінің бір немесе
бірнеше студенттерінің оқу жылы барысында орындалған
жұмыстары қабылданады. Басқа салалас кафедралардың
ғылыми үйірмелері студенттерінің де бұл конкурсқа
қатысуы мүмкін. Ғылыми жұмысты конкурсқа жіберу
туралы шешімді талқылаудан кейін кафедра қабылдайды. Ғылыми
жетекші жұмысты конкурстық комиссияға еңбектің
авторы мен ғылыми жетекшісі жайлы мәліметтердің орнына
титулдық бетте девизбен басты идеяны білдіретін
қысқартылған сөзді орналастырады. Жеке жабық
конвертте сол девизбен автор немесе авторлар ұжымы және
ғылыми жетекшісі туралы мәлімет беріледі. Конвертті конкурсқа
түскен барлық жұмыстар қаралып, шешім
шығарылғаннан кейін комиссия төрағасы (төрайымы)
ашады.
Авторлық
ғылыми еңбектердің және ғылыми үйірме
қызметінің сапасын бағалау үшін дене тәрбиесі
кафедрасының меңгерушісі кафедраның үш тәжірибелі
оқытушысынан конкурстық комиссия тағайындайды. Олар ашық
дауыспен басымдылық танытқан еңбекке шешім шығарады.
Комиссия конкурстық
қорытындысы жайлы есебін кафедра меңгерушісіне ұсынады.
Ең жақсы ғылыми жұмысқа және жақсы
ғылыми үйірмеге берілетін награда дене тәрбиесі кафедрасының
жалпы жиналысында табыс етіледі.
Әдебиеттер
1. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. –
368 б.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қояенбаев Р.М. Педагогика: Университеттер
студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы, 2002-384 б.
3. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениеті және спорт педагогикасы (лекциялық жинақ).
Түркістан., 2004ж,
4. Лихачев Б. Педагогика (курс лекция) Москва. 2006г.
5. Каинова Э.Б. Общая педагогика физической культуры и спорта. Москва. 2007г.