м.ғ.м Алибиева Динара Тулеутаевна
п.ғ.м Жунусова Гульзат Туякбаевна
Қарағанды
Мемлекеттік Медицина Университеті, Қазақстан
Студенттердің
өздік жұмысы құзіреттіліктерді
қалыптастырудың тәсілі ретінде
Қазіргі кездегі өзекті мәселенің
бірі – бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында
сұранысқа ие бола алатындай, елдің интеллектуалды зиялыларын
қалыптастыру; ғылым, білім, өндіріс, медицина және
басқа қызмет салалары үшін кәсіби мамандарды дайындау.
Бұл жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру,
әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру
арқылы ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты, еліміздегі жоғары оқу
орындарының бағдарламалары белгілі дәрежеде
халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім берудің мемлекеттік
стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне бағытталып
жасалынуда.
Болон процесіне ену нәтижесінде жоғары білім
беру жүйесіндегі реформаларға сәйкес қойылған
міндеттерді Қазақстан Республикасындағы жоғары
оқу орындарының өз беттерімен шешуіне мүмкіндік
жасалуда. Жоғары оқу орнын бітірушілердің біліктілігін
жоспарлау, тұжырымдау және бағалауға қойылатын
талаптар да өзгеруде.
Осыған байланысты, білім беру мекемелерінің
алдында дайындығы қажетті деңгейдегі мамандарды
қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқытудың
дәстүрлі тиімді технологияларын инновациялықпен
шоғырландыру; олардың кәсіби құзіреттіліктерін
қалыптастырудағы оқытудың мазмұны мен
технологиясы қатынасындағы акценттердің
ауыспалылығының міндеттері қойылады.
Яғни, білім беру үдерісін жобалау
адамның мамандығымен қатар, жұмысын қоса
алғандағы тіршілік әрекетінің үлгісіне
сүйенуі қажет. Бүгінгі маманның біліктілігі, оның
білімінің нәтижесі - құзіреттіліктер болып танылуда.
Олар - құзіреттердің жиынтығынан көрінетін
тұлғаның өзекті сапалылығы.
Құзіреттілікті қандай да бір қызметте жеке
қасиеттерімен бірге, білім, іскерлік, дағдыларды қолдану
қабілеттілігі (дайындығы) деп анықтауға болады.
Осыған қоса, құзіреттілік ұғымына
әлеуметтік бейімделу,оқу немесе кәсіби қызметтегі
тәжірибе де жатқызылады. Бұл компоненттер жиынтығы
қандай да бір жағдайға байланысты өз бетімен
ыңғайын табуға, күрделі тапсырмаларды білікті
түрде шеше білу іскерлігін қалыптастырады.
Құзіреттілік – жеке
тұлғаның теориялық білімі мен практикалық
тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен
қабілеті. Ол жаттанды білім түрінде емес, жеке
тұлғаның танымға, ойлауға қатысын
және әрекетке, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім
жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға,
ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға
деген белсенді іс-әрекеттерінен көрінеді.
Құзіреттілік тұрғысынан
қарағанда, қазіргі үздіксіз білім беру, соның
ішінде кәсіби білім беруде, білімді дамытудың
төмендегідей бағыттарын
айқындап отыр.
Біріншіден, үздіксіз білім берудің жалпы
жүйесінде өздігінен білім алу кезеңдерінің
мәнділігі. Сондықтан білім берудің қазіргі
кезеңінде білім алушылардың өзбетіндік, танымдық
және практикалық іс- әрекет дағдысын қалыптастыру
міндеті ерекше өзекті.
Екіншіден, өздігінен білім алуды дамыту жағдайында оқыту
құралдарының рөлі артады.
Үшіншіден, білім беруді жүзеге асырудың
даралап оқыту ұстанымының рөлін күшейтеді,
әрбір білім алушы үшін оқу үрдісін даралауды
жүзеге асыруды көздейді.
Құзіреттілік тәсілі –
студенттердің өздік жұмысының ролі мен тиімділігін
арттырудың перспективті және нәтижелі
бағыттарының бірі болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысы -
алынған білім, дағды және іскерлікті бекіту,
сабаққа дайындалу, оқу жобаларын, курстық және
дипломдық жұмысты орындау кезіндегі білім алушылардың жеке белсенділігін жобалайтын оқыту
процесінің маңызды құрамы.
Осыған сәйкес, Қарағанды
Мемлекеттік Медицина Университетіндегі биологиялық статистика пәнін
оқытуда студенттердің өздік жұмысы
қарастырылған. Бұл жұмыстың мақсаты –
өздік жұмысты орындау кезеңінде құзіреттілік
тәсілдерін анықтау мүмкіндігінде. Ғылыми мақаланы
талдау үлгісіндегі студенттердің өздік жұмысы пәнді оқыту, меңгеру
және мәселелік медициналық тапсырмаларды шешудің
әдістерінің бірі болып табылады.
Аталған жұмыстың өзектілігі -
студенттер талдаушы ретінде қандай да бір медициналық
мәселені шешудегі ғылыми зерттеудің адекваттылығын
анықтаудан бастап, жүргізілген зерттеудің технологиясын
талдай отыра, алынған нәтижелерді бағалауында.
Студенттердің өздік жұмысын
ұйымдастыру процесі келесі кезеңдерден тұрады:
·
Алынған мақаланың ғылыми
бағытын айқындау.
·
Зерттеу объектісін, мақсаты мен міндеттерін
көрсету.
·
Зерттеудің болжамын анықтау.
·
Жүргізілген зерттеудің әдісін табу.
·
Зерттеу нәтижелерін талдау.
Соңында, бірінші кезекте «биомедициналық ғылымдарды білу» құзіреттілігі,
яғни, өмірдің шығуы мен дамуының жалпы
заңдылықтарын, қалыпты және патология кезіндегі
жасушаның, ұлпаның, ағзаның құрылымы
мен қызметін, ағзаның қызмет істеуінің
физиологиялық механизмдерін білуі қажетті; содан соң «коммуникативті дағдылар»-зерттелушінің
көрсеткіштерін тіркеу кезінде және нәтижелерді
мазмұндауда коммуникацияның ауызекі және ауызекі емес
құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын игеру; «ғылыми
зерттеудегі дағдылар» - мұнда
медициналық-биологиялық зерттеулердегі (талдау, синтез, жалпылау,
жүйелеу, индукция, дедукция, мәселелерді шешу, болжам және
т.б.) қолданылатын ғылыми
терминологияны білу, медицинадағы
статистикалық талдау негіздерін білу, материалды жинақтауды
өткізу дағдысын игеру, әртүрлі құжаттарды
дұрыс рәсімдеу және зерттеудің нәтижелерін
баяндай білу дағдысын иелену.
Студенттердің өздік жұмысының
жетілдірудің құзіреттілік тәсілінің ерекшелігі іс-әрекеттің
жетістігін жоғарлатуға, өзін-өзі ұйымдастыруға,
өзін-өзі дамытуға және тұлғаның
өз беттілігіне бағытталған білім алушыдағы
ақпаратты-танымдық құзіреттіліктер тізімі туралы
ақпараттылықтың қалыптасуынан көрінеді.
Студенттің өзінің іс-әрекетіндегі өздік рефлексия
және өздік коррекция (түзету) барлық процестерді
белсендіруде көрінетін «өзі»
қалыптасады: өздігінен білім алу, өзін-өзі тану,
өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару,
өзін-өзі жетілдіру,
өз дегенін іске асыру, өзін-өзі дамыту («тұрақты өзін-өзі
жетілдіру құзіреттілігі»).
Осы құзіреттіліктердің дамуын
анықтау мақсатында 3 курс студенттерінің кейбір
топтарының арасында сауалнама
жүргізілді. Сауалнамаға 24 студент қатысты. Олардың
әрқайсысына студенттердің өздік жұмысы
қаншалықты тиімді түрде өткізілетіндігі, оны орындау
барысында қандай қиындықтар туындайтындығы және
студенттердің өздік жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар
туралы сұрақтар қойылды.
Ең алдымен, биостатистика пәнін
оқытудан кейінгі дайындықтың деңгейін
қаншалықты бағалайтынын анықтадық.
Студенттердің көбісі, оның ішінде 75% өздерінің білім деңгейін
жоғары деп есептесе, ал 25% орташа деп санайды, төменгі деңгейді
көрсеткендер жоқ.
Келесі қадамда биостатистика пәнінің
студенттердің болашақ кәсіби қызметіндегі ролін
анықтауда 75% қажеттілігін көрсетсе, оның ішінде 8%
ғылыми іс-әрекетпен байланыстырған, ал 25%
қажеттілігін көрмейді.
Сауалнаманың соңында СӨЖ орындау
барысында қандай құзіреттіліктерге ие болғандығы
туралы айта кетсек әр студент бірнеше құзіреттіліктерді
таңдағандықтан келесідей нәтижелер алынды: «биомедициналық ғылымдарды білу»-45,8%;
«коммуникативті дағдылар»-29,2%;
«тұрақты өзін-өзі
дамыту»-45,8%; «ғылыми
зерттеудегі дағдылар»-70,8%.
Студенттердің өздік жұмыс тапсырмаларын жетілдіру
бойынша ұсыныстар келтірілмеген.
Диаграмма 1.
Құзіреттіліктерді меңгеру

Сөйтіп, құзіреттілік тәсілі,
бітірушілердің еңбек нарығындағы қабілеттілігін
арттыруға бағытталған. Мұндағы тірек,
«бастапқыдағы» параметрлерден
(мазмұн, сағат көлемі, оқыту процесі) гөрі
«соңындағы» алатын
нәтижелерге (білу, істей
алу) жасалған.
Сонымен, кәсіби
құзыреттілік дегеніміз ең алдымен студенттің
функционалдық сауаттылығы мен кез-келген
мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады.
Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз
жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген,
ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын,
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол,
т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби
құзыретті маман бола алады.
Студенттің
кәсіби құзыреттілігі кәсіптік және жеке
сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті маман
деп өзінің іс-әрекетін жоғары дәрежеде
жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым
дайын, кәсіптік үдерісте үнемі оң
нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға
болады.
Әдебиеттер:
1.Телеуов М.К., Доcмагамбетова Р.С., Калиева Ш.С., Тургунов Е.М., Гитенис Н.В,
Нурбеков А.А. Сферы
компетентности выпускника медицинского вуза. Компетентность: навык постоянного самосовершенствования: - Методические
рекомендации. - Караганда. - 2010 г.-99 с.
2.Телеуов
М.К., Досмагамбетова Р.С., Молотов-Лучанский В.Б.,
Мациевская Л.Л. Сферы
компетентности выпускника Карагандинского государственного медицинского вуза. Компетентность:
Коммуникативные навыки:
- Методические
рекомендации. –
Караганда. – 2010г. - 46
с.
3.Телеуов М.К., Досмагамбетова Р.С., Тургунова Л.Г., Риклефс И.М., Ларюшина Е.М.,
Муратова А.З. Сферы
компетентности выпускника Карагандинского государственного медицинского
университета: знание биомедицинских наук: - Методические рекомендации. – Караганда, 2010. - 44 с.