Педагогика/Проблемы подготовки
специалистов
Аға
оқытушы Жақанова Г.І.
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ МОНИТОРИНГ ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі білім
жүйесі бүкіл әлем деңгейінде
қоғамдық-әлеуметтік дамудың өлшемі мен сол
қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің
біріне айналды. Сондықтан да әлемдік
қауымдастыққа айтарлықтай ықпалы артып келе
жатқан еліміздің білім сапасын халықаралық
дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман
даярлау мақсатында нақты қадам жасалуда.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ақыл ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маманды даярлау – уақыт талабы.
«Мониторинг» дегенiмiз - қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.[1]
Мониторинг - үздiксiз үдеріс. Кез-келген білім беру жүйесінде, соның ішінде жоғары оқу орындарында да мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне байланысты жоспарланады. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.[2]
Қазіргі қолданылып жүрген білім үлгісінде этикаға, моральға және дүниенің жаратылыстану - ғылыми көріністеріндегі адамгершілікке мүлдем орын берілмеген. Мән-мағыналық міндеттерді қазіргі бар дүниені танып білудегі оны мақсатты түрде өзгертуге бұрғанда білім берудің мүлде өзгеше мақсаттары қажет болады.
Жаңа (инновациялық) білім беру жүйесі білімді ізгілендіру проблемаларын шешуді талап етеді.[3].
Жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары мыналар:
1) адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту;
2) құрылғыны жобалаудан іс-әрекетті жобалауға өту.
3) білім алушының бойында шешімдерін көп өлшемділігіне, басқаша
ойлауға, төзімділікке және өзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасты қалыптастыру;
4) пәнаралық байланысты дамыту;
5) оқытудың интеллектуалдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған солардың бірі - педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық даму адам өмірінің, қызметінің барлық саласын қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялық және технологолиялық өзгерістердің жалпы стратегиясы ғылымның тұрақты өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастырады, білімді еңбекпен ұштастырып іс-әрекеттің саналылығын дамытады, мақсаты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы – оқу бағдарламасында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі, құралы және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы.
Барлық берілген анықтамалардан біз «технология» - tecni - өнер, шеберлік және loga – ғылым, заң деген мағына беретінін білеміз. Технология – шеберлік, өнер туралы ғылым.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдері негізінде жасалған дамытушы тұлғалық, бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.
Оқытушылардың білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі.
1. Оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік модельдеу құралдары
мүмкіндіктерін жүзеге асырудың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен қолданушы арасындағы өзара
кері байланыс; объектілер немесе құбылыстар мен заңдылықтардың моделдері туралы оқу ақпаратының компьютерлік кескінделуі; есептеу үдерістерінің, ақпаратты іздеу іс-әрекетінің және ақпараттарды жинау, өңдеу, беру көбейту операцияларының автоматтандырылуы, сонымен қатар өте үлкен көлемді ақпараттардың сақталуы, оған кез-келген уақытта ену мүмкіндігінің бар болуы; білім беру нәтижесін бақылау мен оқу іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесінің автоматтандырылуы;
2. Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқу-тәрбие процесінің
ерекшеліктері, оның ішінде математикалық және ақпараттық моделдеу құралдарын қолданудың педагогикалық тәжірибесі, дербес жағдайда арнайы пәндерді оқыту үдерісіндегі ақпараттық жүйелер;
3. Білім беруге арналған электронды, мультимедиялы құралдарды жасау мен қолданудың негізгі ережелері;
4. Пәндерден білім мен біліктіліктерді бақылауға бағытталған компьютерлік бақылау, тестілеуді қолдану ерекшеліктері.
Жоғары оқу орнының оқытушылары мен білім алушылардың ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері: мотивациялық құндылықтарды; мазмұндық және іс-әрекеттілік сияқты көрсеткіштерді қамтиды. Педагогикалық үдерісте ақпараттық технология негізінде мониторинг өткізудің мазмұны мен тәжірибесін талдай келе, төмендегідей ұсыныстарды еске алар болсақ болашақ педагог мамандарды даярлауда және оқытушылардың өзінің кәсіби іс-әрекетінде жетістіктерге жетуде әдістемелік мүмкіндіктерге қол жеткізіледі.
Педагогтардің оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі білім беру жүйесіндегі білім сатыларында және педагогика ғылымының қарқынды дамуына ықпал етуі керек.
Оқыту технологияларының
қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан
білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты,
шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты
және мол дайындықты қажет етеді.
Бір өкініштісі - білімнің сапасы мен нәтижесін жыл қорытындысы мен білім сайыстарынан бірден көруге болса, тәрбиенің сапасы мен нәтижесін ұзақ уақыт күтуге тура келетіндігі. Ал оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оны мониторингілеу ерекшеліктерінің маңыздылығы жоғарыда айтылған мәселені шешудің бірден-бір жолы болып табылатын ескеру керек.
Әдебиеттер:
1. Шишов С.Е.,Кальней В.А. Мониторинг
качества образования в школе.- М.: Педагогическое общество.
2. Мирсеитова С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2006.
3. Ж.Қараев «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы».
4. Таубаева Ш.Т. Научные основы формирования исследовательской культуры
учителя общеобразовательной школы: дис...док. пед. наук. – Алматы, 2000. –
409с.