Абдумуталипов А.Б.

ҚР, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс студенті

 

Болатбекова Г.С.

ҚР, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің педагогика магистрі, жетекшісі

 

МӘДЕНИ БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

 

Алғашқы қауымда бос уақыт болған  жоқ, ол кезде адамдардың іс-әрекеті  тамақтану және өз өмірлерінің  қауіпсіздігімен байланысты болды. Ал, құлиеленушілік қоғаммен бос уақытың алғашқы  элементтері  жоғары қоғамда – аристократиялық элитарлықта  бос уақытты  өткізу  тұлғаның гармониялық дамуына  бағытталды. Орта ғасырдың басында  бос уақытты діни жолмен байланыстырды, құдайға сенушілік,  шіркеу адамды  екінші  жоспарға қойды.

Қайта өрлеу кезеңінде бос уақытты  ұйымдастыру  құндылықтарды,  қажеттіліктерді адамның қызығушылықтарын  қайтадан элитарлық түрде  жүзеге асыра бастады.

Капиталистік қоғамда  бос уақыт  екінші жоспарға  қойылып, ол еңбек іс-әрекеті «сервисіне» айналды.  Капиталистік қоғамда  бос уақытты  ұйымдастыру коммерциялық индустрияға айналды.

Социализм дәуірінде еңбекке қарай көп көңіл бөлініп, бос уақыт екінші  жоспарда болды. Осы себептен көне заманнан бері осы уақытқа дейін бос уақытты ұйымдастыру көптеген өзгерістерге ұшырады. Бос уақытты зерттеуде және  өткізуде эмперикалық  ізденістен теориялық маңызды және ғылыми анықтауда зерттеулер ізделді (экономистер, социологтар, психологтар, және т.б.).

Мәдени бос уақыт қызметі әлеуметтік педагогикалық жүйе құра отырып, басқа да белсенді рөльдермен қатар, саясат экономикамен тығыз   байланысты. Мәдени бос уақыт қызметі адам өмірінің дамуын тұтас теория ретінде, көп жақты табиғи қызметпен байланыстырады және өзіне мақсат,  функция, кезең мен әдісті енгізеді.

Мәдени бос уақыт қызметі жалпы түрде - күрделі,  көп салалы  құбылыс.  Жеке ішкі тетік компоненттері жүйелік байланыс бірлігін құрайды. Ол   келесі компоненттерден тұрады: субъект, объект, мазмұн, қаражат, әдіс, түр, материалды-техникалық база және процесстің қаржыландыру жағдайы. Мәдени бос уақыт қызметі бұл белгілі бір қоғамдық қатынас, қоғамға қызмет ету, даму түрі, адам өмірінің белгілі бір қызметі, өткен және осы аралық пен келер кезеңдегі болмысты ұғыну болып табылады.

Мәдени бос уақыт қызмет технологиясын әртүрлі көз қараста   салыстыру негізгі мазмұн мен қайнар көзін ұғыну концептуалдылығын  көрсетеді.

         Біріншіден, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың әр аймақта бір қалыпта болмауы. Екіншіден, әр жеке аймақтың даму механизмдері теориялық тәжірбие жағдайына сәйкес келеді.

 Ғылыми әдебиеттерді талдап қарап отырсақ, «бос уақытты ұйымдастыру»; «бос уақытты ұйымдастырудағы іс-әрекет» және  «мәдени-бос уақыттағы іс-әрекет» анықтамалары көбінесе сөздіктерде  бос уақытты ұйымдастыру саласында «социомәдени іс-әрекеттер» ретінде қарастырылады.

Біз келесі дифференциациялық категориядағы мәліметтерді ұсынамыз:

Бос уақытты ұйымдастыру – бос уақытты әр түрлі іс-әрекет түрлерімен мазмұнды толтыру. 

Бос уақыттағы іс-әрекеттер– бұл бос уақыттағы әр түрлі іс-әрекеттер, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған: физиологиялық, бағдарлаушылық, танымдық, эмоционоалдық, және басқа да сипаттағы (К. Обуховскийдің ұсынысымен қажеттіліктердің классификациясы негізінде).

Мәдени-бос уақыттағы іс-әрекеттер – бұл бос уақыттағы іс-әрекет,  қоғамдағы қабылданған, және адамның бос уақытында тұлғалық жетілуіне,  өзін-өзі тануына, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мәдениет арқылы жүзеге асатын әрекеттер. 

Бос уақыт саласындағы социомәдени іс-әрекеттер – бұл мәдени-бос уақыттағы іс-әрекет, бос уақыт аясындағы  қоғамдағы қызығушылықтар мен тұлғаның қызығушылықтарының  өзара байланысы негізінде жүзеге асады. 

Әдістемелік қамтамасыз ету мазмұнын талдау шығармашылық әдістердің кең спектрін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тәсілдер туралы сұрақ сондай ақ әлеуметтік – педагогикалық және мәдени-шығармашылық жерлер жүйесінің толыққандылығы үшін маңызды болып саналады. Сондыктан да күнделікті- этномәдени жұмыстың әрекеттілігін қамтамасыз ететін, әлеуметтік-этномәдени білім тәсілі ретінде былай бөлуге болады:

Ø     Этно және жалпы адамзаттық мәдениеттің белсенді таным тәсілі: қарым-қатынас, ойын;

Ø     Материалдық мәдениет тәсілі іс-әрекет, табиғат;

Ø     Рухани мәдениет тәсілі: сөз, ана, тілі, фольклор, дін, өнер, ойын;

Ø     Соционормативті мәдениет тәсілі-дәстүр, әдет-ғұрып, қоғамдық пікір.

Әртүрлі топтарда қандайда бір тәсілдердің көрсетілуі, олардың жеке тұлғаға әсерінің жоғары деңгейін куәландырады. Қалғандары, көмекші категорияны құрады.

Әлеуметтік тәрбие жөніндегі барлық субъектілер әрекеті  келесі бағыттарды болжайды:

Ø     Әлеуметтік іскерлік әрекетін ұрпақтан ұрпаққа қалдыру және жағымды жағдай тудыру, және тұлғаны дамыту қоғамдағы барлық қажеттіліктермен, әлеуметтік-педагогикалық әрекеті жастармен  жұмыс жасауда әлеуметтікт тәрбие кеңістігі негізінде; оларды салт-дәстүрмен  әдет-ғұрыппен тілмен басқа да этникалық мәдени құндылық  тарихымен, топпен әлеуметтік - педагогикалық жұмыс индивид пен адамға  келесі көмек түрлерін көрсету, негізінде қолданылады.

Ø     Оның физикалық және  рухани күшін дамыту.

Ø     Әлеуметтік тәрбие беру  бірақ ол топтық ұйымдар негізінде топтарды сондай-ақ келесі тұрақты белгілері бойынша  ажыратуға болады;

Ø     Мүшелік мінездеме (жасына әлеуметтік критерийіне және т.б.)

Ø     Мәселе мінездемесі барлық топтарға қатысы бар, және топтық терапия, жұмыскерлер критерийлері, (мысалы, қысымдық топтар).

Ø     Топтық программаның түрі; студенттер тобы этнотоптар, екі және одан да көп белгілерімен  араласқан.

Осы байланыс негізінде ұйымның мәдени бос уақыт жұмысын жүргізуші  бағыттардың бірі болып жүйеде, тиімді этномәдени білім беру ұйымдары  әрекеті индивидті этникалық мәдениетпен жақынырақ таныстырады, тұрақты халықтар мәдениеті мен шығармашылық-творчестволық мұрагерлік, және салт-дәстүрмен таныстыруды қамтамасыз етеді, ол басқаша, индивидті мәдени творчестволық процеске қатыстыруға мүмкіндік береді.

Қәсіпқойлық пен кейіпкержандылык өнер ағымы К. С. Станиславскийге дейін өмір сүріп, өктемдік еткен өнер үлгісі. Ол кейіпкержандылық мектебі XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас жағында Ресей жерінен келген. Оның іргесін еріп, қабырғасын қалаған - әлемдік сахна өнерінің ұлы    реформаторы Станиславский. Ол кісі өзіне дейін өмір сүрген дүние ірі театр төрағасы мен тәжірибелерін егжей-тегжейлеп, тұңғыш рет жаңа сипаттары режиссер актер шеберлігінің сахналық ережесін жасады. Ол - кейіпкержандылық өнер мұратына көгенделген «Станиславский жүйесі» еді. Бұл әлемдік театр саласында бұрын-болып көрмеген бірден-бір прогрессивті жеке-дара болды. Күллі мәдениет ошағы-«Станиславский» ашқан   заңдылықтар негізінде кереге жайып, үрдіске көшті. Сөйтіп, сахна қызметі мен режиссура, актер шеберлігінің теориясы К.С.Станиславский-негізін салған «кейіпкержандылық өнер» мектебі - қуат алып, сусындайтын болды. Ендеше, аталмыш өнердің бұдан былайғы тарам-тараулары тұтастай осының теориялық қыр-сырын талдап, тарқатуға арналды. Кейіпкержандылық өнері саласында кейіпкер бейнесінің саналы және шамадан тыс жақтары, яғни «адамның рухани тіршілігінің» психологиялық қос қыры, егіз екпінмен сынға түседі.

Ағылшын психолог ғалымы Геври Модсли (1835—1918): «Сана өзіне меншіктелген функциялардың оннан бірін де атқара алмайды» десе, эксперименттік -психологияның профессоры, американдық ғалым Эльмар Гетс (1895—1923): «Біздің ақыл-ой тіршілігіміздің ең аз дегенде тоқсан проценті санасыз тіршілік» деп айтыпты.

Психологиялық процесс осылай болғанда, біз сахнада рольдің саналы тіршілігінің оннан бірін ғана сомдай алады екенбіз.

Бар тетік, бар тылсым - адамның табиғат қойнауларында болып шықты. Ал, актер табиғаты - кәусар сезім, қуаныш пен қайғысы, мақсат-мұрат, ой мен арман, қимыл-іс; роль табиғатынан бастау алатын - ойын өрнегі, оқиғалар ошағы, идея ізгілігі, творчестволық толғақ сияқты көңіл күй пернелерінен үн төгетін күрделі құбылысы. Бейнелеп айтқанда, кеудесінен күй төккен күйсандық іспеттес тылсым жаратылыс. Творчествода ең басты көркемдік критерий табиғатқа ғана тиесілі болса, сол табиғат тудырған творчество іргетасы –актер сезімінің түйсігі болып саналады. Яғни актер табиғаты - өз сезімінің түйсігінен тамыр тартады. Анықтап айтар болсақ, қуану үшін немесе жабырқау үшін, адам алдымен түйсінеді, сонан соң барып не қуанады, не жабырқайды.

Солай десек, санасыздық процесінің бір ұштығы актер сезімінің түйсігімен байланысты емес пе екен? Біз санасыздық процесін әрекетке   жетуге бейімбіз ғой. К.С.Станиславский: «артист рольдің рухани тіршілігінің тек, саналы жағын ғана емес, санасыз жағында ашу керек» демей ме? Сондықтан асыкпайық.

Жерге дән егіп, оны өсіріп, орып алғанға дейін табиғаттың өзі белгілеген  мерзімі болады ғой. Сол сияқты рольді тудырьш, жетілдіру үшін де   творчествоның өз табиғаты қалыптастырған мезгіл-мерзімі бар. Оның да сәбилік, жастық, жасамыстык шақтары болады. «Бір сөзбен айтқанда, кез келген сахналық туындының, кез келген рөльдің жан мен тән секілді   органикалық тірі элементтерден тұратын өз өмірі, өз тарихы, өз табиғаты болады» дейді ұлы реформатор.  Ал, сезімнің атқаратын творчестволық қызметі –рөльдің рухани тіршілігінің өмір сүру процесін сахнадан терең толғаныс арқылы бейнелеп берумен іске асады. Кейіпкержандылық өнер қағидасы - актер әр ойын сайын рөлімен бірге тығыз өмір сүріп, оның сезім пернесін тұтыну болып табылады. Бұдан шығатын түйін аталмыш өнер ағымының творчестволық табан жол танабы - сахнада шынайы өмір сүру мен сезіну процесі екен. К.С.Станиславский: Кез келген адам өз өмірінің кезеңінде сәт сайын бір деңені сезініп отырады, ал, егер ол ештеңе сезбейтін болса, онда ол, өлікпен тең. Тек өлік қана ештеңе сезбейді дейді.    Осылардан байқалғандай К.С.Станиславский сезім процесін ылғи да алдыңғы планға шығарып отырады. Сезімнің творчестволық қызметі-адамның рухани тіршілігінің  шынайы өмір сүру процесінің сахнада терең толғаныс арқылы   бейнелеп беруімен іске асады. Творчествоны әр қайталаған сайын рольмен қосылып өмір сүру керек, яғни рольдің сезімін түйсіну керек-дейді ол. Артист қызметінің іргетасын өріп шығаратын өмір сүру процесінің кейіпкержандылық өнері аталып, актер шеберлігінің грамматикасына айналу себебі-кейіпкердің рухани тіршілігімен, мөлдір сезімі-мен қосылып ғұмыр кешу концепциясы ірге тепкен. Ал кәсіпқойлық өнер арнасында-таптаурындылық пен қайталау принципі өрнек өрсе, кейіпкержандылық өнер негізіне-сыртқы әсем пішінді бейнелеу үлгісі тән. Сахнада рольдің тіршілігімен өмір сүріп, оның жан дүниесін сезіну қасиеті оларға жат. Кейіпкержандылық өнерінің алдьңғы екі ағымнан айырмашылығы осындай көркемдік сипатымен айқындалады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Белозерцев Е.П. Подготовка учителя в условиях перестройки.- М.: правительства Свердловской области,1997.-Ч.2.

2. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: курс лекции.-М.: Издательский центр «Академия», 1999.

3. Гагин В.Н. Интересно ли в вашем клубе. – М.: Политиздат,1989.

4. Грушин Б.А. Свободное время. Актуальные проблемы. - М.: Мысль,1967.

5. Киселева Т.Г., Красильников Ю.Д. Межведомственные культурно-досуговые центры открытого типа/ Буклет ВНИК «Школа-микрорайон».- М.,1991.- С.3.

6. Кон И.С. Социология личности. - М.: Политиздат, 1967.

7. Красильников Ю.Д. Культурно-просветительская деятельность развитого социалистического общества. - М.: МГИК, 1983.

8. Культурно-просветительская работа в СССР / Под ред. Т.А. Ремизовой.- М.: Просвещение, 1974.

9. Чижиков В.М. Методическое обеспечение культурно-досуговой деятельности.- М.: МГИК,1991.

10.Ядов В.А. Социологические методы исследования клубной работы. -М.: ВНМЦ НТ и КПР МК СССР, 1986.