Дәулетбекқызы
Қ.
ҚР, М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің
«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс
студенті
Болатбекова Г.С.
ҚР, М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің педагогика магистрі,
жетекшісі
СЫНЫПТАН ТЫС
ТӘРБИЕДЕ БОС УАҚЫТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие
жұмыстарының тәрбие процесінің бірізділігін
қамтамасыз ету. Бұл тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып
балаларының дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы
іс -әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап
етіледі. Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны
жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық
білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықталып,
оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей
болғаны жөн. Ондағы материалдың
мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы
мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының
дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.
Осы орайда В. А. Сухомлинский былай дейді: "Балалар әсемдік, ойын,
ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде
өмір сүруі міндетті". Оны тандау негізінен
тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне,
қызметінің тәрбиелік маңызына және
оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына,
сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты
атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір
дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер
етуге сай (жеке-дара, топтық, көпшілік формалары) және
тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалык, дене, еңбек, экологиялық,
экономикалық, құқықтық) жіктеу
ұсынылады. Ол мынандай болады:
1. Тақырыптық
сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық
жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом
жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу,
оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды
үйрету.
2. Қызықты
кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен,
әртістермен, еңбек озаттарымен, халық, соғыс ардагерлерімен
және интернационал, жауынгерлермен).
Сыныптағы саяси
хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру тақырыптық,
шолулық, жедел хабар әртүрлі тақырыпта ән айту,
би билеу, өлең оқу, сурет
салуға арналған байқауларды ұйымдастыру,
қолымен жасалған
шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер
өткізу.
Оқушылардың
көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларын
жұмысын жүргізу, оқушылармен ток-шоу, дөңгелек
стол, пікірталас әңгіме
түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, спорттық
жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, құмалақ, волейбол,
баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с., оқушылардың
оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын,
оны өзара талқылауын, пікір алысудың ұйымдастыру,
әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе
отырып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру, мектептегі
үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері,
қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру;
пәндік, көркемөнер, спорттық, елке тану, жас техниктер
т.б., үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай
байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу, "Атамекен" бағдарламасына сай
жұмыстарды жүргізу, мейрам күндерін,
Республиканың атаулы мерекелерін атап өту, сынып жиналыстарын
өткізу, оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін,
жалпы тазалыққа
қатысуын, кабинет жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік
алаңын жөндеу, мектеп
маңайын тазалау, безендіру,
сенбіліктерге қатысу
секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру,
олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру. Мұражайларға,
көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс
орындарына саяхат жасау, соғыс, еңбек ардагерлеріне,
жалғызлікті қарттарға көмек көрсету
жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың қысқы, жазғы
демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу, сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі
мен бейімі, талабы еске алынады. Олай болса сынып жетекшісі
өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда
оқушылармен сыныптан және мектептен тыс бағытта бағдар
беру және дұрыс басшылық ету.
Болжамдылық
қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі
бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір
заттық және рухани құндылықтарды жасау болады.
Егерде сынып сағатының ағартушылық
қызметі айнала қоршаған өмірмен
танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі.
Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмең де ол сынып
сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.
Бағыттаушылық
қызметі оқушылардың өмірін шынайы
практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты
бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері
төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде
тұлғаның мінез-құлқында келеңсіз
жағдайдың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық
қызметінде жоғарыда аталған 3 қызметтің
орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және
өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды
дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра
білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін
қорғай білуді көздейді.
Сынып
сағаты негізінен екі бағытта жүргізіліп кеңейтеді.
Яғни, онда- қарастыратын нысана өмірдің барлық
саланы қамтиды.
Болжамдылық
қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі
бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір
заттық және рухани құндылықтарды жасау болады.
Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала
қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік
берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі.
Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмең де ол сынып
сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.
Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның
мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың
қабілетін анықтаудан басталады.
Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында оқушылар
сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын
құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие
сағатын өткізу барысында,- сынып жетекшісі оның
тақырыбын сыныптың нақты жағдайын,
оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың
адамгершілік сапасының көлемін, белгілі бір бағытта
көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын ала
анықтау барысында белгілейді (сауалнама, әңгіме жүргізу
арқылы, зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша т.с.с.).














![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Тәрбие сағатын дайындау және өткізу
жұмыстарында әр түрлі формалар мен әдістер және
құралдар қолданылады: әңгіме, газет және
жүрнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау,
мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәрістері,
"дөңгелек стол" өткізу, өнер туындыларымен
танысу, оқушылардың өздері жасаған
шығармашылық жұмыстары т.б. Тәжірибе
көрсеткендей, оқушылар үшін ең қызықты да өткен
тәрбие сағатына, олардың ұжым болып
шығармашылық әрекеттерінің амал-тәсілдері,
сондықтан сынып немесе тәрбие сағаттарын сынып
жетекшілерінің еске алатын негізгі міндеті, оқушылардың
өздерін қатыстыру, оған олардың асуын, кез-келген оқушының тәрбиелік
шаралар яғни оларды дайындау және өткізу кезінде қалыс
қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін
отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы
жұмысының барысында оның нәтижелі болуын камтамасыз етеді.
Сондықтан, сынып жетекшісі сынып белсенділерін алдын ала атқарылатын
тәрбиелік шаралар жайында әңгімелесіп, олардың
қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап,
әрқайсысына жеке-дара немесе топта тапсырмалар беріп отыруы
қажет. Сонда ғана ол қызықты әрі табысты өтеді.
Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының
тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі
мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып
сағатын дайындау және оны өткізіп жеке басты
қалыптастыруда біріңғай тәрбиелік міндеттерді
атқарады. Мұнда қайсыбіріне ғана баса назар аударуға
болмайды. Барлық кезең тәрбиенің негізгі
құралы болып табылады. Себебі сынып сағатын дайындау
барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше
іздеп-тауып, оған қатысты альбомдар әзірлейді,
қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге ат салысса,
кейбір жекеленген топ оның мазмұны мен өткізу
бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды
іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын
қалыптастыра отырып, білім дәрежелерінің артуына да оң
ықпалын тигізеді.
Сынып сағаттарын өткізуде
оқушыларға ұнамайтын, іш пыстыратын әңгіме
жүргізу немесе жаттанды, таптауырын болған сценарий бойынша әдеби-музыкалық
монтаж жасау арқылы тәрбие шараларын ұйымдастыру тәсілі
мектеп өмірінде орын алған. Қазіргі кезде ескірген мұндай
тәрбие тәсілдері оқушылардың жан дүниесін тәрбиелеп.
олардын адамгершілік мінез-құлық нормаларын
қалыптастыру орнына, керісінше оларды мезі етеді. Ол үшін ток-шоу пікірталас
/диспут/, сұрақ-жауап кештері, қоғамдық-саяси
үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциялары мектеп театрлары
мен үгіт бригадалары, туристік жорықтар т.б. бағыттағы
жұмыстарды жандандыру қажет. Тіпті болмаса. қажетті
тәрбиелік шараларды оқушылардың өздерінен сұрап,
ақылдасып шешсеңіз, қаншама жаңа, тың
ұсыныстар қызықты
кештерді олардың өздері-ақ ұсынып, ұйымдастырып
алар еді. Тіпті болмаса оларға сауалнама сұрақтарын тарапынан
олардан, мысалы: "Өз жолдастарыңа қандай сынып
сағаттарын дайындап, өткізгенді қалар едің? «деп
және оларға сенім артсаң, онда сынып сағатының.
маңызы артып, өз нәтижесін
беретіні анық болар осындай ұйымдастырушылық жұмыстан
кейін сынып рөлі өзгеріп, оқушылар алдында беделі артады.
Ендігі жерде ол ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беруші
кездерде өзінің жоғары қызметін атқарды.
Мұндай
оқушылардың
өзін-өзі басқаруға ықыласы мен
белсенділіктері де артады. Ал, басқа болған жағдайда сынып
жетекшісі оқушылардың қатынасуынсыз белгіленген
тәрбиелік шараларды ілгері атқаруға мәжбүр
болады. Мұндай
жағдайда кімді-кім тәрбиелеп жатқанын айыру
қиынға соғады.
Тағы да бір
ескеретін жайт, кейбір жағдайда сынып сағатын сынып жиналысымен
шатастырады. Бұл негізінен дұрыс емес,
әрқайсысының ұстанымы мен ерекшелігіне жете мән
бермейді, оларды ұйымдастыру тәсілдерін дұрыс
қолданбайды.
Сынып
сағатын дайындау барысында оның өту мерзімі мен уақытын
алдын-ала белгілеп, өтуін сол кезде нақтылы ұйымдастыру,
оқушылар арасында берік сенім мен тәртіптің
қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Егерде дәлдік болмаса, онда тәртіп те, жауапкершілік те болмайды. Мұндай
әрекет негізінде тәрбие сағатының маңызы
төмендеп, оның мақсатына жету оңайға
түспейді.
Кейбір
жағдайда мектеп көлемінде бір мезгілде бірнеше тәрбие
шаралары белгіленеді. Осы орайда кейбір сынып сағатының мерзімі
басқа уақытқа өзгертіледі. Мұндай жағдай
оқушыларда салғырттық пен немқұрайлық
мінездің пайда болуына әкеп соғады.
Бұдан
шығатын қорытынды оқушыларды тәрбиелеу процесі тек сынып сағатын
өткізу барысында ғана емес, оның өн бойында, яғни
оған дайындық кезеңінен, өткізу және одан кейінгі
мерзім аралығында бірыңғай, біртұтас жүйеде
атқарылатындығын естен шығармауымыз керек.
Тәрбие сағатының мазмұны, формасы, әдіс-тәсілі және дайындау мен өткізу
әдістемесі
жағынан әртүрлі болып
келеді. Тәрбие сағатын балалар әрекетінің
сипатына, және белсенділігі және дербестігі, өздігінен
жұмыс істеу әдісіне тәрбие сағатын дайындау және өткізуде
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Белозерцев Е.П. Подготовка учителя в условиях
перестройки.- М.: правительства Свердловской области,1997.-Ч.2.
2. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная
педагогика: курс лекции.-М.: Издательский центр «Академия», 1999.
3. Гагин В.Н. Интересно ли в вашем клубе. – М.:
Политиздат,1989.
4. Грушин Б.А. Свободное время. Актуальные проблемы. -
М.: Мысль,1967.
5. Киселева Т.Г., Красильников Ю.Д. Межведомственные
культурно-досуговые центры открытого типа/ Буклет ВНИК «Школа-микрорайон».-
М.,1991.- С.3.
6. Кон И.С. Социология личности. - М.: Политиздат, 1967.
7. Красильников Ю.Д. Культурно-просветительская деятельность
развитого социалистического общества. - М.: МГИК, 1983.
8. Культурно-просветительская работа в СССР / Под ред.
Т.А. Ремизовой.- М.: Просвещение, 1974.
9. Чижиков В.М. Методическое обеспечение
культурно-досуговой деятельности.- М.: МГИК,1991.