Нұрбаева Жаңагүл Рысбекқызы
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекетік университеті,Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАС
ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТАРИХЫ
Тарихтың әрқилы даму жолдарынан өтіп, бүгінгі
күнге жеткен жазуы бар тілдер адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы болуға тиіс міндетін шама шарқынша атқарып
келеді.
Қандай тіл болмасын, оның орфографиясында шешілмеген
сұрақтардың қатар өмір сүріп отыруы
заңдылық, өйткені тіл бір орында семіп тұрмайды, әрдайым
өзге тілдермен қарым-қатынаста қоғам өмірімен бірге өсіп,
дамып отырады.
Қазақ орфографиясы –бүгінгі
қоғамдық-әлеуметтік міндеттерге толық жауап беріп
отырған,кемел дәрежедегі орфографиялардың бірі.
Қазақ орфографиясы бірнеше дүркін өзгерістер мен
толықтырулардан өтті;қайта қарап,
толықтырудың әрбір сатысынан өткен сайын
қазақ емлесініңжалпы және жекелеген мәселелері
жеттіге,жетіле түсті.Дегенмен,тіл ұдайы
қозғалыстағы,үздіксіз даму,өзгеру процесіндегі
құбылыс екендігін ескерсек,онда оның
қалыптасқан,тұрақталған емлелік
қағидаларының өзінде де тыңнан қарап,
жаңаша тиянақтауды қажет ететін проблемалардың туып
отыратындығы – заңды жағдай.
Пайда
болып, дамып қалыптасуы тарихтың тереңінен келе жатқан
қазақ тілінің графикалық формасы осы күнгі
қалпына қалай жеткендігін «Қазақ тілі
энциклопедиясында» берілген Ә. Қайдардың деректері бойынша былай көрсетіледі: «Қазақстан
жерін мекендеген көне ғұн, сақ, скиф, тайпалары (б.э.б.
V-IVғғ.) пайдаланған көне («Есік») жазуы сол
тайпаларға тән мәдениетінің, жазуының тарихи
мұрагері қазақ халқының негізін
құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б.
тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне
замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ, Орхон,
Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы
(V-XIIғғ.), көне ұйғыр жазуы, VIIIғ. бастап
күні бүгінге дейін (ҚХР қазақтары тілінде)
қолданылып келе жатқан араб жазуы, бір кездерде (1929-1940;
ҚХР 60-70жж.) қолданыста болған латын жазуы, (1940ж. кейін)
кирилл жазуы – осылардың бәрі қазақ жазуының
негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ
әліпбиі кезінде А. Байтұрсынұлы тарапынан тіл ерекшеліктеріне
сай жетілдіріліп, 30 жылға дейін «төте жазу» деген атпен
қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфологиялық
дәстүрлі принципке негізделген. 1940ж. орыс графикасы негізінде
қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық
емлесіне әр кезде (1957, 1970) әр түрлі өзгерістер
енгізіліп келеді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне
тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына
байланысты кейінгі жылдары (1993ж. бастап) қазақ ұлттық
жазуын латын графикасы негізінде қалыптастыру мәселесі
қойылып көбірек көтерілуде» [1, 198 б.]. Соңғы уақытта латын қарпіне
көшу мәселесінің көтерілуінде жалпытүркілік
ортақ бір қаріпке түсу, компьютерге бейімделу деген
сияқты тағы басқа себептердің бар екені жасырын емес.
Латын қарпіне көшудің тиімділігі неде екені Ә.
Қайдардың «Латынның болашағы зор» деген
мақаласында, Ә. Қайдар мен Ө. Айтбайұлының «Тіл майданы» еңбектерінде [2]
толығымен ашылып көрсетіледі.
Бас әріппен жазу/жазбау мәселесі 1926
жылғы Баку қаласында I Түркологиялық съезде және
1927 жылы Самарқант қаласында болған жиылыста,
сондай-ақ 1929 жылы 18-23 қазан айында Орталық жаңа
әліпкіндік комитеті ұйымдастырған III пленумда мәселе ретінде
қаралады. 1929 жылы
өткен III пленум 11 отырыстан құрылып, оған 44 адам әртүрлі
мемлекеттерден келеді.Пленумның алтыншы отырысындағы күн
тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі – бас
әріп болды. Мұндағы көзқарастар
әртүрлі қарама-қайшыға толы. Мысалы, бір топ
ғалымдар бас әріп мүлдем керек емес десе, екінші бір топ
кішкене әріпті үлкейтіп жазуды ұсынды. Енді бірқатары
бас әріпті еуропа ұстанған түрінде бұзбай алуымыз
керек деген сияқты пікірлер айтылды. Отырыста Шонанұлы,
Күлбешеров, Ағмалы-оғлы, академик Самойливич, профессор Н.Ф.
Яковлев, Поливанов, Өзбекстаннан келген профессор Бату бас әріп мәселесін
талқылайды. А.Н.Самойлович, Жирков, Ағымалы-Оғлы түркі
халықтарына бас әріптің көрегін айтса, професор Н.Ф.
Яковлев өзінің жасаған баяндамасында түркі
халықтарының бәріне бірдей бас әріпті кіргізуге
болмайтынын дәлелдейді.Мұнда ғалым жазу дәстүрі
қалыптасқан халықтар және жазу дәстүрі
қалыптаса қоймаған халықтар деп екіге бөліп, жазу
дәстүрі қалыптаспаған халықтарға бас
әріптің еуропа ұстанған нұсқасын емес,
кішкене әріпті үлкейтіп алу керек дейді. Қазақстаннан
барған Т.Шонаұлы бас әріпсіз де жазуға болатынын айтады
[3, 135]. Ал Дағыстандағы жаңа әліпбиді қарайтын
комиттетің төрағасы Гажибеков бас әріп таңбасы
алынуы тиіс деп, к және о таңбаларына арнайы таңба
іздемей-ақ , оларды үлкейтіп қолдануға болатынын айтады
[3,198]. Ағылмалы-оғлы алтыншы отырысты қорытындылап, Орта
Азия халықтарына мәселенің байыбына барып, тексеруді
сұрайды. Сонымен Орта Азия халықтарына мәселені
дұрыстап шешуге уақыт беріледі.
Осы кезде Қазақстанның
түкпір-түкпірінде, яғни Омбы, Алматы қалаларында
студенттер, оқытушылар бас қосып, бас әріп туралы айтыстар
жүргізеді. Мәжілістердің соңында мынадай
қорытындыға келеді: « ... бас әріп мәселесіне
жұртшылық түгел қатысып , өз ойларын ортаға
салсын және жер-жерлерде айтыстар ұйымдастырылсын» [4,201].
Бас әріптің керегі шамалы, бас әріпсіз
күн кешуге де болады деген пікірлер де болады. Мысалы, Қ.Басымов
«Бас әріп – қол бөгеу» деген мақаласында бас
әріпті алсақ оның араб әліпбиіне айырмашылығы
болмай қалатынын, қайта оқыту мүлде қиндайтынын
былайша дәлелдейді: «Бас әріптің баспа түрі мен жазба
түрі бір-біріне ұқсас келмейді. Жазуда бір төселдірсек,
баспада қайтадан төселдеруге тура келеді. Оқу – жазу да,
қай жағынан болса да аяқты орап салады отырады.
Жұмыстан жұмыс туғызып, еңбекті еш келіп адымыңды
аттатпайды. Қосар әріптің бұл қылығы сау
басқа сақина тілеп алған емей не?» [5, 4] .
Cонымен еуропа үлгісіне негізделген бас әріп
таңбасы 1930 жылы 2 маусым айында Қазақстан Орталық
Атқару комитетінің қаулысымен 4 баптан тұратын емле ережесі
бекітіледі. Қаулы
қабылданып, ереже бекітілгеннен кейін де газет, журнал беттеріндегі бас
әріппен берілген топонимдік, гидронимдік атаулар екі-үш не одан да көп
нұсқада жазылып жүрді. Қысқарған
сөздер де осы тәрізді кейде кіші әріппен жазылып, жазу
нұсқасы бірыңғайланған жоқ болатын,
яғни бір жерде олар ереже бойынша жазылса, екінші бір жерде кіші
әріппен немесе екі сыңары да бас әріппен жазылды.
Қаулыдағы бас әріпке арналған ереже дұрыс
сақталынбады.Сонымен, латын графикаы негізіндегі әліпбиге
көшкен қазақ жазуының басты орфографиялық
қатесі – бас әріппен жазылу ережелерінің сақталмауы болды.
Бұрын-соңды орфографиялық ережелер қатарында
болмаған еуропа үлгісіне негізделген нормалар ( топоним, гидроним,
антропоним, ороним атауларының бас әріппен жазылуы (?,!)
белгілерінен кейін сөздің бас әріппен жазылуы т.б)
қазақтың жазу болмысына алғашқы рет жат,
тұрпайы көрінді. Бұл ережелерге бейімделу біршама
уақытты талап етті.
1.Қайдар Ә.
Қазақ әліпбиі. Қазақ жазуы. Қазақ тілі // энциклопедия «IDK-TIPO» редакциялық
баспа орталығы. Алматы, 1998. – 509 б
2. Қайдар Ә., Айтбайұлы Ө. Латынның
болашағы зор // Тіл
майданы. ІІ. (Сардарлар мен сарбаздар) Алматы, 2004. 260 б.
3.«Стенографический отчет 3-го всесоюзного пленума
всесоюзного центрального комитета нового тюркского алфавита заседавшего в
Казани, от 18-23/ XII–1928». Казань, 1928-228 с.
4. «Стенографический отчет 1-го плнума НС ВЦКНА 15-19
февраль 1933. Под редакцией К.Алавердова, С.Диманитейна, Д.Коркмава, А.Кухрет –
язык и писменность народа СССР
5. Бас әріп
– қол бөгеу. Басымов Қ. II Еңбекші қазақ – 1930.-4 ақпан. (№ 28)