Серікбаева Н.Н.
ҚР, М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің
«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс
студенті
Болатбекова Г.С.
ҚР, М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің педагогика магистрі,
жетекшісі
МЕКТЕПТЕГІ МӘДЕНИ БОС УАҚЫТ ЖҰМЫСЫ
Жеке тұлғаның қалыптасып
дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның
жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде гана емес, сабақтан тыс
жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен
ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс
болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие
жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің
басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың
мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие
жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие
әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға
кең көлемде тәрбиелік ықпал сыныптан тыс әр
түрлі тәрбие жұмысының айналысу балан
ың жеке әлеуметтік
тәжірибесін жандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізінен білімдерін байытып, қажетті
практикалық дағдысын калыптастырады. Үшіншіден, сыныптан
тыс түрлі тәрбие жұмысы әрекеттің
әртүріне қатысты қызығушылығының
дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын
тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке
деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір
практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз
бетінше тапсырманы нәтижелі орыңдауды қамтамасыз ете алады.
Бүгінде бала өзінің бос уақытын қаңдай іске
арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында
қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл
өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі
тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың
өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен
бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.
Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және
қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара
ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін
басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі
болмасын, танымдық, спорттық, еңбек,
қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара
ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады,
қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол
жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды
делік, онда өзара қарым-қатынас төжірибесін
меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса,
онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін,
бәрі бірі үшін" оған қағиданың
маңызын жете түсінеді т.с.с.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие
жұмысының жауапкершілігін арттырады. Бұған
қосымша, шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие
жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау
мүмкіндігінің болмауы, себебі, онда тұрғысында
әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші тек жалпы жетістік пен оқушылардың
жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана
мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма
немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте
қиындық туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен
табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен
қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол
бермеуді және оңың нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен
жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден,сыныптан тыс тәрбие
жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос
уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі
және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.
Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен
жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі
тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі
болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған -балаға
қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік
тәжірибені меңгерту және қоғамдық
тұрғыдан қабылданған құндылықтар
жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ
үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру
және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым
толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен
ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын
дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының
ерекшелігі төмендеп аталған міндеттерде
көрсетілген:
1.Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты
қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың
әділдігін қамтамасыз ету. Бүл баланың одан әрі дара
дамуының негізі себебі, тәжірибе көрсеткендей
"қиын балада" өзі жағымсыз көзқарас
қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында оны не күшейтеді,
болмаса өзіне деген жағымды өзгертеді. Соған орай
дұрыс ұйымдастырылған тыс тәрбие жұмысы оқу
процесіндегі шектеуді мүмкіндік
береді және баланың өзі жөнінде жағымды
әсер қалыптасуына, өзінің күш-қайратына
сенімінің нығаюына
жағдай туғызады.
2.Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара
әрекет ету дағдысын
қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты
дағдылы көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл
табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру,
көмектесу білікгілігі қалыптасқан
жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара
жағынан әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада әртүрлі
көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу
арқылы оңдағы қажеттілікті қалыптастыру.
Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін
және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде
калыптастыру. Басқа сөзбен йтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен
шұғылдануы тиіс және оны
өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4.
Баланың дүниетанымының компоненттері:
адамгершілік, эмоциональдық, ерікжігерін қалыптастыру.
Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік
арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық
нормаларын меңгереді.
Эмоциалдық сала
шығармашылық
әрекетте
эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5.
Баланың таным қызығушылығын
дамыту. Мұндай міндетте
сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің
сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс
жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай
көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін
арттыруға бағытталған. Баланың таным
қызығушылығын дамыту,
бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда,
балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған
міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат міндеттері тұтас
педагогикалық процестің қызметіне сипат береді - білімділік,
тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді
басымдылыққа бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие
жұмысында тәрбиеден және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда
көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие
жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер
жүйесін және
оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді,
керісінде балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын
қалыптастыру ұжымдық өмірді, қарым-қатынас
мәдениетін т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс
тәрбие жұмысының дамытушылық
қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке
байланысты оқушылардың психикалық процестерін,
оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды көздейді.
Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін,
қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде
оқушы бір нәрсеге
қызығушылығы болса, онда мұғалім сол
сұраққа қатысты қосымша қызықты
мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет
ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның
қызығушылығын арттырады.
Осындай
жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу
үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет.
Мысалы, мұғалім "қонаққа барған
жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау"
қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді
жоспарлады делік, ол үшін оның мақсатына
баланың "мінез-құлық ережесі" туралы
білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие
жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни,
балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір
мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру;
этикалық нормаларын сақтауға үйрету;
"мінез-құлық нормалары" деген этикалық
ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп
қалатын "мінез-құлық нормаларына"
қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға
арналған міндеттерін белгілейді.
Осы бағыттағы жұмыстың мақсат,
міндеттері қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны
мен формасын таңдауға ықпал етеді.
v біріншіден,
сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны
сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді және осы
арқылы ақыл-ойына әсер етуді көздейді;
v екіншіден,
баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды
(әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді;
v үшіншіден,
жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі
тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу
біліктілігін машықтандыру.
v төртіншіден,
коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда
өмір сүре білу, ұжым болып ауыз бірлікте
қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.).
v бесінішіден,
этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Тәрбие жұмысының
формасы. Тәрбие оқу процесі секілді
нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс.
Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме
қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше
ұғым қалыптасқан: "тәрбие
жұмысының формасы", "тәрбие шаралары", "тәрбие
ісі" т.б. Соған орай "Педагогикалық энциклопедия" сөздігінде
"форма" ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме
берілген:
§
заттың нұсқасы, сыртқы
көрінісі, сыртқы кескіні;
§
белгілі бір мазмұнның сыртқы
көрінісі;
§ бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
§
бір
нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.
Сірә,
солардың әрқайсысының мағынасы "тәрбие
жұмысының формасы" және "тәрбие процесін
ұйымдастыру формасы" деген ұғымдарды бейнелейтін
секілді. Соған орай оны педагогакалық тұрғыдан
қарастырсақ, онда тәрбие ұйымның формасы деп - бұл
тәрбие процесінің өмір сүретін және көрініс
беретін ұйымдастыру. Онда белгілі бір құндылық ретінде
(зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси,
эстетикалық, адамгершілікке, пәнге, құбылысқа,
оқиғаға, адамдарға және олардың әрекеттестіктің
қарым-қатынастары ашық жарияланады.
"Тәрбие
жұмысының формасы" оқушылардың нақты
тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын,
олардың үлкендер, мен өзара әрекеттестігін,
нақтылы істің композициялық құрылымын, оның
мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін дайындық және
өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
"Тәрбие
шарасы" топтық (ұжымдық) әрекет ретінде
ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы ретінде қарастырылады
(Н. Е. Щуркова бойынша).
"Тәрбие
ісі" ұжымдық шығармашылық
әрекеттің әдістемесінде шығармашылық
әрекеттің субъектісі тұргысынан қарастырылады - үлкендердің
(мұғалімдер, ата-аналар, жәй қатысушылыр) және
тәрбиеленушілердің (И. П. Иванова бойынша),
қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру,
тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас
жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы,
мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге
тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты
оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге
дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта
құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен
іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың
оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді - белгілі
бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты
дамыту: музыкаға, қылқалам (живопись), табиғат, кітап
оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы
таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар
конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың
жас жеке дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы
тақырып атауы анықталады. Мысалы, "Адамға музыка не үшін
қажет?" - пікірталас, "Оқуда менің жетістігімді кім
анықтайды?"- тәрбие сағаты,
"Қоғамдағы өзгеріс, оған менің
көзқарасым" - дөңгелек стол, "Батыл да, күшті,
ептілер ("Сильные, смелые, ловкие") - спорттық ойын т.с.с..
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты
әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа
жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті
болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Белозерцев Е.П. Подготовка учителя в условиях
перестройки.- М.: правительства Свердловской области,1997.-Ч.2.
2. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная
педагогика: курс лекции.-М.: Издательский центр «Академия», 1999.
3. Гагин В.Н. Интересно ли в вашем клубе. – М.:
Политиздат,1989.
4. Грушин Б.А. Свободное время. Актуальные проблемы. -
М.: Мысль,1967.
5. Киселева Т.Г., Красильников Ю.Д. Межведомственные
культурно-досуговые центры открытого типа/ Буклет ВНИК «Школа-микрорайон».-
М.,1991.- С.3.
6. Кон И.С. Социология личности. - М.: Политиздат, 1967.
7. Красильников Ю.Д. Культурно-просветительская
деятельность развитого социалистического общества. - М.: МГИК, 1983.
8. Культурно-просветительская работа в СССР / Под ред.
Т.А. Ремизовой.- М.: Просвещение, 1974.
9. Чижиков В.М. Методическое обеспечение
культурно-досуговой деятельности.- М.: МГИК,1991.
10.Ядов
В.А. Социологические методы исследования клубной работы. -М.: ВНМЦ НТ и КПР МК
СССР, 1986.