ЖОО-да БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ӨНДІРІСТЕГІ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Утебаева Балауса Хантаевна

Биология магистрі, ҚМУ оқытушы, Қостанай қ.

Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркінде кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білімберудің негізі болып тұлғаның өздігінен білімалу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі және теория жүзінде алған білімін тәжірибеде қолдана алуы жатады[1].

Студенттердің танымдық, кәсіби дайындығы барысында тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев В.П., Вербицкий А. т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып қана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, оны өндірісте қолдана білуі яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ[2].

Студенттердің кәсібіне сай алған теориялық білімідерін ұштастыруда ЖОО-да әртүрлі зерттеушілік тәжірибе жұмыстары әр курс сайын ұйымдастырылған. Яғни оларға оқу-дала  практикасы, өндірістік практика, дипломалды практика, педагогикалық практикалар жатады.  Мұндай тәжірибелер студенттердің біліктілігін жетілдіруде толықтай мүмкіндік бермейді. Алайда қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет етеді.

Сондай білімді де және білікті мамандарды дайындайтын ЖОО бірі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті болып табылады. Университет тәжірибеге бағытталған оқытуды  қолдана отырып, осы заманғы өндірістерде жұмыс жасауды игертуге,  болашақ мамандарды  даярлау ісіне аса кең көңіл бөлуде. Осындай білім беру шеңберінде жетекші өндірістік кәсіпорындарында кафедралардың филиалдарын ашу жұмысы бағытқа алып отыр.

Соған сәйкесінше Биология және химия кафедрасы бірнеше өндірістік кәсіпорындармен кафедра  филиалдарын ашты. Атап кететін болсақ, ЖШС «Зеленострой», МК «Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» және тағы басқалары.

5В050600-Биология мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер оқу процесінде аталған кафедра филиалдарында теория жүзінде алған білімдерін тәжірибеде ұштастырып жүр. Биология мамандығының 4-курс студенттері «Ландшафты дизайн» пәні бойынша үш аптада бір рет ЖШС «Зеленострой» кәсіпорынына барып, дәріс, тәжірибе сабақтарында алған теориялық білімдерін іс жүзінде шыңдауға, тәжірибе жинауға мүмкіндіктері болды. Мысалы, «Ландшафты дизайнда қолданатын сәнді гүлдер» тақырыбын сабақ барысында талдап, теориясы оқытылса, сол тақырыпты тәжірибе жүзінде кәсіпорында талдаған гүлдерді көзбен көріп, морфологиялық талдау жасап, тұқымдарын егіп қандай жағдайларда өсетінін өздері бақылап зерттеп үйренді. Ол әрине өз кезегінде студенттер үшін үлкен тәжірибе болды.

Сонымен қатар кәсіпорынның алдыңғы қатардағы кәсіби мамандар студенттерге дәріс оқып, білген түйгенін үйретіп отырды.

Осындай тәжірибеге бағытталған оқыту кафедрамызда жылдан жылға шыңдалып жүзеге асырылып жатыр. Биылғы оқу жылында студенттер кәсіпорындарда тәжірибе жинап, біліктіліктерін дамытуда.

Еліміздің экономикасына ауадай қажетті кадрларды даярлауда Биология және химия кафедрасы игілікті әдістерді қолдана отырып, еңбек нарығы талаптандыратын мамандарды қалыптастыруда үлкен жұмыс атқарып жүр.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Михеев В.А. Основы социального партнерства: теория и политика, практика: Учебник для вузов. М., 2007
  2. Солянкина, Л.Е. Модель развития профессиональной компетентности в практико-ориентированной образовательной среде / Л.Е. Солянкина // Известия ВГПУ. – 2011. – № 1