Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті «Дене тәрбиесі»
кафедрасының меңгерушісі доцент, Сейдахметов Ермек Ергешович
Түркістан қаласы
Болашақ білім алушылардың шығармашылық
қабілетін арттыруға және дамытуға даярлау жолдары.
Қазіргі
Қазақстан Республикасында болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім
саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы
оқу-ағарту, білім беру саласындағы гуманитарландыру мен
демократияландыру процестері ең алдымен, білім мазмұнын
жаңартудың қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын
қажет етіп отыр.
«Білім
берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі
ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным
субъектісі, мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген,
әрі өзінің щығармашылыққа деген
құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі
ретінде көрінуімен бедерленді», - делінген Қазақстан
Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне,
мұндай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен
қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін
жүзеге асыруды қажет етеді. [1].
Студенттер болашақта алған білімдері
мен дағдыларын оқыту жүйесінде, дене тәрбиесі
пәнінде спорт түріне қарай берілетін
жаттығулардың түрлі әдістерін практикада қолдана
алатындай дәрежеге жетуі үшін оқытудың ғылыми
және әдістемелік жолдарын ұйымдастырылуымен қатар,
бірге ұштастыра білуі қажет [2].
Білім беру саласында шешілуі тиіс
мәселелердің бірі өмір талабына сәйкес оқыту
әдістерін анықтау болып отыр. Себебі болашақ мамандарды
дайындауда қойылатын талаптардың бірі – маманның білімі
нарыққа сай сұранысты қанағаттандыруы, яғни
нақты бір мәселені шешу барысында шынайы нысандар моделін
қолдану қажет болып отыр. Осы тұрғыдан жобалар
әдісі және бағдарламалау арқылы оқыту әдісі
маңызды саналып келеді.
Қоғамды индустрияландыру
кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, білімі
жоғары, қабілетті, заман талабына сай жаңа
ақпараттық жүйелерді меңгерген сауатты мамандарды
дайындауға бағытталуы керек. Яғни, студенттердің
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, оны
ізгілікті адамгершілікке даярлау басты нысанаға айналу қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада білім беру мазмұнын білім
үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған
біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына
ерекше назар аударылған. Қазіргі білім берудің басты мақсаты
– мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан
өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы
тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді
дәстүрлі емес әдістермен шешуді ұсыну заңды
құбылысқа айналып отыр. [3].
Адамның
іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігінің ең
жоғарғы сатысы – шығармашылық. Сондықтан
оқу–тәрбие процесінде студенттердің шығармашылық
қабілетін дамытуға айрықша көңіл бөлінуі
тиіс.
Педагогикалық
қызметке даярлық педагогикалық жоғары оқу
орындарында ұзақ уақыттарда мамандарды дайындау жүйесін
қалыптастыру және жаңа жетілдіру жолдарын жасау болып
табылады.
Жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайындағы
жұмыстардың қажеттілігін қарастыра отырып, компьютерді
білім беру саласында пайдалануды оқу құралы ретінде
қолдануға бағытталған қосымша оқу
құралы ретінде ұсынуға болады. Педагогтың
жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға дайындығы
жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:
а) психологиялық дайындық,
яғни педагогикалық қызметтегі жаңа
ақпараттық технологияны пайдалануға бағытталған
әр түрлі дәреженің қалыптасуы мен осы сала
бойынша өз білімін жетілдіру қажеттілігімен компьютермен
жұмыс істеу қызығушылығы, кәсіптік ойлау
қабілетін дамыту;
б) ғылыми-теориялық дайындық,
яғни педагогикалық оқу орындарында жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану жағдайында педагогтық
қызмет үшін қажет арнайы білім мен
психологиялы-педагогикалық біліктілік қажеттілігін жетілдіру;
в) практикалық дайындық,
яғни жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың
педагогикалық іскерлігі мен дағдыларының деңгейіне
қойылатын талаптардың қалыптасуы;
с) психологиялық және дене
даярлығының мамандығы бойынша --педагогикалық
қызметті игеруде алғы шарттарының бар болуы, жеке
тұлғаның педагогтық мәнді сапасының
қалыптасуы, ақпараттық қоғам жағдайында
педагогикалық қызметтің денсаулық жағдайы мен
физикалық даму талаптарының сәйкестігі. [4].
Жоғарыда
көрсетілген педагогтық қызметтерді орындау барысындағы
даярлық түсінігінен, сонымен қатар оқытудағы
жаңа ақпараттық технология мәселесін зерттеуде
және студенттерді болашақ педагогтық қызметіне
жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып дайындауда,
оқу-тәрбие процессінде жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану даярлығының анықтамасы қалыптастырылды.
Әртүрлі
психологиялы-педагогикалық дайындық модельдерінде
студенттердің компьютерді пайдалануын оқыту құралы
және мектеп оқушыларының білімін жетілдіріп дамытушы ретінде
қарастырып, келесі даярлық элементтерін
қалыптастыруымызға болады:
1. мотивациялық жаңа
ақпараттық технологияның мектепте дұрыс
қолданылуына деген ұмтылыс, компьютермен бірге жұмыс
жүргізуді үйрету, жаңа ақпараттық технологияны
пайдаланып, білімнің сапасын арттыруға қол жеткізу жолдары
және т.б.
2. танымдық жаңа
ақпараттық технологияны оқытудағы қолданылуын
түсіну оған баға беру, берілген қызмет түрінде
білім мен іскерліктің бірігуін қамтамасыз етуі және т.б.
3. эмоционалды-ерікті жоғары
оқу орнын бітірушілердің мектептегі компьютер жүйесінде
жұмыс істеуге деген жауапкершілігі, педагогикалық
қызметтің болашақтағы жетістігіне сенуі, жаңа
ақпараттық технологияны пайдаланып дайындық жұмыстарын
жүргізе білуі.
Болашақ
мұғалімді дайындау барысында педагог маманы үшін келесі
қағидалар мен көзарастар қалыптасады:
- оқу
процесіне жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың
мотивациялы-құндылық қатысы;
- жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану жағдайындағы
оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқара
білумен сипатталатын ұйымдастырушылық компоненті;
- жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану жағдайында
оқушылармен педагогикалық жұмысқа қатынасты
орнататын қабілет – коммуникативті компоненті;
- түрлі
типтегі үйретуші программалар тапсырмаларын құрастырып,
оқушылар үшін түсініктілік дәрежесін талдау және
оқытушы қызметінің ерекшеліктеріне байланысты
программаның ішкі типінің қиындықтарын жеңе білу
жолдарын меңгеруі;
Зерттеулерде
студенттердің оқу-танымдық қызметін
ұйымдастырудағы мәселелер шешілді және оның
әрқайсысы өз қабілетіне сәйкес жұмыс жасап,
жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның белгілі бір болашақ
педагогтық қызметін құрайтын жаңа
ақпараттық технология аймағындағы білімі, іскерлігі
және дағдыларын табысты игеруіне болады.
Қорыта
келе қарапайым даярлық деңгейінде меңгерген
теориялық білімді диалектикалық түрде теріске
шығармаймыз, ол педагогтың практикалық қызметі
процесінде мағынасы ауысады, содан басқа сапалы, жоғары
деңгейлі функциональды даярлыққа өту жандандырылады.
Есептеу техникаларын пайдалану бойынша алдыңғы деңгейдегі
практикалық қызметтің білімі мен іскерлігін
жеделдетудің психологиялық механизмі жасалады. Бұдан
әрі теориялық танымға тереңдеп енген практикалық
іскерлік синтезі, педагогикалық қызметке компьютерлік
техникалардың қолдану жүйесінін теориялық негізі болып
табылатын, сана-сезімін сапалы, әрі құрылымдық
жетілдіруге айналдыру мен қайта игерген ішкі қызмет
тәсіледеріне әкеледі. Сонымен қатар ойлаудың жаңа
түрі – компьютерлік ойлау қалыптасады, бұл жүйелі
даярлық деңгейіндегі педагог жеке тұлғасының
маңызды жаңа бейнесі. Осы даярлық деңгейінің
негізгі көрінісі деп жаңа ақпараттық технологияны
ғылыми және әдістемелік жұмыстарға,
оқушыларды оқыту мен білімін дамыту үшін еркін, өз
орнымен және бірдей қолданады деп есептеуімізге болады. Арнайы
психологиялы-педагогикалық дайындығы жоқ көптеген
педагогтар мен студенттердің білімі қарапайым даярлық
деңгейінен төмен болуы мүмкін.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. //Химия мектепте. - 2005. – № 3 – 16 б.
2. Мухамеджанов Б.Қ. Болашақ дене мәдениеті мамандарын
кәсіби дайындаудың ғылыми практикалық негіздері Пед.
ғыл. докт. дисс....- Түркістан, 2010.
3. Құсайынов А. Ұстаз биігі: қазіргі заман
мұғалімінің кәсіби шеберлігі туралы толғаныс.
//Егемен Қазақстан. 2002, 30 тамыз. 6-б.
4. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика:
Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений
/Н.Н.Никитина, Н.В.Кислинская.- М.: Изд. центр «Академия», 2004.- 224 с.