Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века
Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті. «Дене тәрбиесі» кафедрасының магистр-оқытушысы
М.С.Дайрабаев
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН БІЛІМГЕРЛЕРДІ
ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі
таңда еліміздің іргетасын нығайту мақсатында жеткіншек
ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру
қоғамның алда тұрған міндеттерінің бірі
болып саналады.
Әр
елдің ықылым заманнан бері ұлттық спорт өнері –
халықтың ұлттық салт-дәстүрі және
мәдениетімен бірге қалыптасып, қанаттас дамып отырған
ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық спорт түрлері дене
шынықтыру мәдениетінің одан әрі дамып гүлденуіне
және спорттың әр саласынан спортшылардың үлкен
шоғырын даярлауға әсерін тигізеді. Қазақ
халқының тарихында ержүректікке, күштілікке,
табандылыққа, шапшаңдыққа, шыдамдылық пен
төзімділікке, адамгершілікке баулитын ұлттық спортқа
бай. Тарихымыздың бастауына үңілетін болсақ, жас
шыбық иілуге қандай тиімді болса, жас бала да тәрбиені
қабылдауға сондай бейім
екенін аңғарған дана бабаларымыз ұрпақ тәрбиесін
ұлттық спорт ойындары арқылы баланың жастайынан
ой-өрісін, таным-түсінігін жетілдіріп отырған.
Өскелең ұрпақ ат құлағында ойнап,
садақты толғай тартып, алмас қылышты сермеп, найзамен жауын
түйреген ерлігі осы ұлттық дене шынықтыру
жаттығуларын жеті меңгеріп, шыңына жеткендігінің
арқасы. Халық мұрасы саналатын бұл ұлттық
спорт ойындарын белгілі бір жүйеге сайып келген тәрбие
құралы ретінде де қарауға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Елімізге, бойында ата-бабаларымыздың ел мен жерге деген
сүйіспеншілік қасиеті бар, егеменді елімізге аямай қызмет
ететін ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да
салауатты азаматтар қажет, сондықтан болашақ еліміздің
намысын жықпайтын азаматтардың бойына патриотизмді
қалыптастыруда, бабалардың ерлік-істерін үлгі ретінде
тәрбие саласында қолдану керектігін» айрықша атап өткен
болатын [1]. Біздің басты міндетіміз болашақ
ұрпақтың тән мен жан сұлулығын қатар
алып жүріп, өмірде денсаулығы мықты жеткіншек
тәрбиелеумен жалғастыруды үйрету.
«Қазақтың
ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар:
аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен
ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін,
соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің
өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің
ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.
Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып,
балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын
оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,
еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф –
ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен
ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде
б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан.
Олардың ішінде тоғызқұмалақ, асық ойындары
Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы
мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы
ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі
халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық
қарекеттерінен бастау алады».
Солардың ішінде ойындары әлі күнге дейін өзінің
ұлттық құнын жоймай келе жатқан
қазақтың ұлттық ойындарына тоқталдық.
Олар: «Қазақ күресі», «Бәйге», «Көкпар»,
«Қыз қуу», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Жорға жарыс»,
«Аударыспақ», «Тоғызқұмалақ». Ойын дегеніміз –
адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып
ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін,
қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Көшпелі
қазақтың тұрмыстық, әлеуметтік
өмірінде үзілмейтін той, ойын-сауық жиындарда күштілік
пен ептілікті сынайтын дәстүрлі сайыстар өтіп, жылдар бойы
өз мәртебесін арттырып келген[2]. Бұның дәлелі этникалық
және фольклорлық шығармалар, тарихи-этнографиялық
тастағы жазулар және де петрографикалық фрагменттер
композициясын тілге тиек ете аламыз. Онда сол заманның сайыс
өнеріне тән ережелері мен күштілердің, ептілердің
әдіс-айлалары туралы құнды мағлұматтарды танып-біліп
келеміз. Геродоттың, Д.Перигеттің жазбаларында сақтарды
ержүрек, ат құлағында ойнап, садақ тарту мен
жекпе-жек сайыста ешбір жеңіліс көрмеген жаужүрек батырлар
туралы баяндайды. Итальян саяхатшысы – Марко Поло Азияны шарлаған
жиһанкерілігінде сақ елінде күрес өнерінің
өркендеп, дамып, әскери-қолданбалы жаттығуларының
бір түріне айналғанын және де жігіттермен бірге
қыздардың да түстетінін тарихи шежірелерінің
өзегіне айналдырған. Р.Г.Клавихо еңбектерінде де өте
құнды деректер бар. Ол әйгілі қолбасшы Темірдің
сарайында ең күшті балуандар белбеуден ұстап
күресетінін тамаша суреттейді.
«Сақ
дәуірінде Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен
айналысатын тайпалардың дене тәрбиесін дамудың ең биік
шыңына көтерілді. Байланыстардың кеңінен дамуы,
көшпелі тұрмыстың өзара қатынасқа икемі,
дәстүрлі сауда-саттық түрлі тайпалар мен ұлыстардың
мәдениетін жақындастырып жібереді. Кейбір ойындар мен жарыстар
бір-біріне ұқсай бастайды. Мәселен, ежелгі ат добы ойыны
көптеген шығыс халықтарына ортақ болды.
Бұған шет ел оқымыстылары Каттриердің, Юле мен
Юерналдың, Модидің еңбектері куә. Сақ тайпалары
сол кездің көптеген тарихи оқиғаларына араласқаны
соншалық, дене тәрбиесі саласында тығыз байланыс,
қатынас болмады деп айта алмайсың. Өйткені мәдениет пен
тұрмыстың осы бір айырып ала алмас бөлігі көшпелі
халыққа да, отырықшы халыққа тиесілі еді.
Сондай-ақ А.Диваев мына мәселеге ерекше көңіл
бөлген: "бұл жерде менің айтарым, егер қыз
баланың қолдан жасайтын қуыршақтары мен ер
балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы
мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса,
қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ, ... Бірақ
та антрапологиялық қөзқараспен қарайтын
болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары
баланың өз шығармашылық қиялымен
туғандықтан құнды болып есептеледі".
Шындығында балалардың өмір сүрген ортасына байланысты
алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын
оятумен қатар өзін қоршаған дүниенің танып
білуіне мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны
күмән тудырмаса керек.
XIX
ғасырдың бірінші жартысында казақ даласында Сібірге жер
аударылған поляк А.Янушкевич өзінің жазып жүрген
күнделіктерінде қазақтың ойын сауығының
халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен
қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін
сөз етеді. "Кешкісін біздің үйде бір қызық
болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың,
әсіресе, түйенің, құланның,
бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық
айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді" - деп
таң-тамаша болған. Мемлекетіміз бен үкіметіміздің
қашанда маңызды міндеттерінің бірі – жас
жеткіншектердің дене тәрбиесі болып келеді. Спорт – бұл үлкен саясат.
Ол арқылы ел елді танып жатады, спорт арқылы ел өзінің
әлем алдындағы беделін көтереді. Әр елде өтетін
спорттық жарыстарда спортшының жеңімпаз болуы да сол
елдің ерлігінің символы іспеттес [3].
Қорыта келгенде олимпиадалық
ойындарда Қазақстан өзін әлемге таныта бастады.
Мәселен, соңғы жылдары бүкіл әлемге
Қазақстанды спорт жағынан жұдырығы темірдей
боксшыларымыздың әйгілі екенін мақтана айта аламыз.
Қазақстанды әлемге танытатын бұдан басқа
ұлттық спорт түрлері, оның ішінде, қазақша
күресі, ат жарысы, көкпары, тоғызқұмалақ
және тағы басқа көптеген ұлттық
спорттық ойындарымызды дамытып, әлемдік деңгейге шығару
үшін әлі алда атқарылар көп жұмыстар бар. Бұл
еңбекте қазақтың материалдық мұралармен
қоса мәдени қазыналарна енетін дүниелердің бірі –
ұлттық ойындар екенін аз да болса айқындап,
көрсеткендей болдық. Ұлттық спорт әлі де
терең зерттеу мен үлкен шығармашылық ізденісті талап
етеді. Қазақтың ұлттық ойындары туралы әлі
де жазылада, зерттеледі де. Бізге мұра болып жеткен бала тәрбиесіне
қолданылылып келе жатқан бабалар салған мығым іргетасы
баяғыдан қалынап қойған. Тек талай аумалы-төкпелі
заманның тоқырауына ұшыраған ұлтымыздың
тәрбие құралын кеше мен бүгінін байланыстырып,
жетілдірі ұрпақтар міндеті. Яғни біздің мінтедіміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы:
Атамұра, 1999.
2.
Болғанбаев М. Қазақтың ұлттық спорт
түрлері. -Алматы: Қайнар,1985. 128 б.
3.
Оңалбек Ж.К. Спорттың
ұлтаралық қатынасты дамытудағы рөлі.
Түркістан, 2002. 136 б.