Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы

Қалиев Нұржан Қажымұханович

АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

Еліміздің мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіре отырып, әлемдік өркениетке ұмтылудың көрсеткіштерінің бірі спорт және дене шынықтыру салаларындағы жетістіктер маңызды орын алатыны белгілі.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңында, “Қазақстан – 2050” бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламалары мен ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамаларында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген [1].

Студенттің білімі мен экранға үңіле беру көзге салмақ түсіреді, адамның жүйке жүйесін қажытады. Сондықтан студенттердің ақпараттық технологияларда жұмыс істеуін оқытушы жетекшілігімен ғана жүзеге асыру керек.

Ақпараттық-компьютерлік технологияларды оқу үдерісіне енгізуде студенттердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеруі тиіс. Бұл ұстанымдар студентті кәсіби біліммен байытуға, жалпы білімдік міндеттер мен пән туралы білім идеяларын жүзеге асыруға, оқыту мен тәрбиелеудің кешенді мәселелерін есепке ала отырып, сабақты жүргізудің вариативті әдістерін қолдануға жол ашады.

Қазір компьютер өндірісімен айналысатын фирмалар оқу орындарында қолданылатын түрлі бағдарламаларды әзірлеп ұсынуда. Бағдарламаларда көрініс, дыбыс, анимация сияқты ерекшеліктерге көбірек мән беріледі. Компьютер білімгерлерге театр, кино, мультфильм сияқты әсер етіп, берілген ақпараттарды бекітуде маңызды рөл атқарады. Оқыту жүйесінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды енгізбеген оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз. Бұл, әрине, оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Оқытушының сабақты ауызша өз мәнінде меңгертуі қиын болса, бұрынғыға қарағанда әрбір жаңа тақырыпқа деген студенттің құштарлығы оянады. Мәселен, қазіргі заман талабына сай мультимедиялық құралдардың ғажайып мүмкіндіктерін қолдануға болады.

Бейнекөріністер сабақты қызықты етіп жандандыра түседі. мұндай бағдарламаларға белсенділік білімгерлерді немқұрайдылықтан (пассивтіктен) құтқарады. Бұл тәсіл арқылы студенттердің өзі белсенді жұмыс істей алады. Студенттің жеке жұмыс істеуі оқытушының жұмысын жеңілдетіп, тек қана алғашқы сәтте жол көрсетушілік рөл атқарады. Сондықтан оқытушы студенттің өзіндік жұмысына бағыт беріп оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады. Мұнда оқытушы белсенділігі кеміп, студент белсенділігі артады. Уақытты пайдалану да тиімді түрде өтеді [2].

Зерттеу барысында байқалғаны оқыту үдерісінде арнайы кәсіби пәндерді оқытуда ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын қолдана отырып, ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу негізінде білім беру электронды оқулықтар, мультимедиялы және ақпараттық-компьютерлік құралдарды да өздері жасау керектігін білдірді.

Электрондық оқулықтар компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып-білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады. Сондықтан оқу сапасына жағымды әсер ететін ақпараттық-компьютерлік оқыту жүйесін кәсіби оқыту сабақтарында пайдалану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады және сабақтың қарқынын күшейтетін мықты құрал болып табылады.

Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басындағы саяси және экономикалық болмыс білім саласында бірінен бірі тәжірибе алмасуға алып келген интенграциялық үдерістерге тікелей байланысты болып отыр.

Қоғамымызда демократиялық түрде болып жатқан өзгерістер еліміздегі үздіксіз білім беру саласының барлық құрылымын, оның ішінде жоғары мектепті де соған лайық жетілдіруді талап етеді. Жоғары білім беру жүйесінің құрылымы бірдеңгейлі, сатылы емес көпдеңгейлі жүйе болып отыр.

Бұл ретте үздіксіз білім беру жүйесінің қызмет етуі жағдайында қоғамның тікелей әлеуметтік сұранысынан шығатын арнайы кәсіби пәндерді және ғылыми-техникалық үдерістің талабынан туындайтын ақпараттық-компьютерлік технологияларды меңгеру болып табылатын атап көрсеткен жөн. Бұл екеуі де ЖОО түлектерінің қарым-қатынастық мәдениетін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Бұларды білмесе, олар қазақстандық қоғам жағдайында функционалдық сауатсыз маман болып қала береді.

Сондықтан, жоғары білімді мамандарды дайындау бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін қоғам сұранысына дер кезінде жауап бере алатын мейлінше икемді жүйені орынды пайдалану қажет. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бірнеше сараланған деңгейлерді қамтитын жүйенің келешегі зор. Осыған сәйкес қазіргі жоғары білім беру мамандарды дайындаудың көпдеңгейлік жүйесін ескере отырып құрылады.

Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие. Жоғары білімнің сапасы дегеніміз - жоғары оқу орнының қызмет біліктерінің барлық қырларын қамти отырып оның негізгі сипаттамаларын анықтап беретін көпқырлы ұғым. Осы ретте оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етуде оқыту әдістерінің атқарар қызметі зор, себебі ол оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін көрсететін фактор болып табылады.

Қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дүниетанымдық мәдениеті жетілдірілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға бағыттау керек. Сонымен қатар өндірістің әр саласында ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарды тез игеріп, икемделетін мамандарды әр түрлі сипаттағы кәсіби, қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени қызметкер етіп даярлау - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар, түрліше кәсіптік бағдарламаларға негізделген жаңа типтегі оқу орындарының пайда болуы болашақ мамандарды жүргізіліп жатқан өзгерістерге тән жоғары оқу орындарына жаңа типтік құрылымдар мен әдістерді енгізу әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау үшін күш жігерлерін ғылыми тұрғыда байланыстыра отырып, қызмет жасайды.

Мұғалім мамандығын даярлау барысында білім беру жүйесінің жаңа бағыттарының бірі - болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Болашақ мамандар дайындау, оларды кәсіби-педагогикалық бағдарда оқытуға байланысты мәселелерге әрқашан педагогтар мен психологтардың зертеулерінде басты назар аударылып келуде [4].

Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып, даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады»,- делінген [5].

Халыққа білім беру концепциясының негізгі бағытының бірі - жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру барысында бүкіл оқу-тәрбие үдерісін жаңаша құру. Осыған байланысты студенттердің білімінің дәрежесін, мұғалімдердің кәсіптік деңгейі мүмкіндігінше жоғары қалыптастыру негізі қалануда. Жоғары оқу орындарында оқыту мен тәрбие беру үдерістерін бір-бірімен байланыстыра отырып, студенттердің бойында ғылыми дүниетанымын, адамгершілік, саяси сапаларын, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру қажет.

Бұл әрбір оқытушының міндеті болып табылады. Осыған байланысты студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай жоспары мен ұстанымдары құрылады. Мамандар дайындау міндеттерінің жылдам шешілуі үшін бізге оқыту-тәрбие үдерісінің барлық жақтарын бірінші кезекте оқу және әдістемелік жұмысты қарау және оны қайта іріктеуге тура келді. Бұл үшін әр түрлі жолдарды қарастыру керек. Осындай әдістер, жолдар жасалынып, біз оны өзіміздің практикалық қызметінде басшылыққа алуымыз қажет.

Қазіргі уақытта оқыту үдерісіндегі міндет студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары деңгейде болуы, яғни мамандар даярлаудың аумағын кеңейту, оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру және оқыту арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін арттыратын белсенді оқыту әдістерін кең түрде қолдану көзделуде.

Осы орайда жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі студенттерге жан-жақты және фундаментальдық білім беруді мақсат етеді.

 

 

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004.

2. Ембергенова Ж. Жастарды салауатты өмір салтына халықтық педагогика құндылықтары негізінде ұрпақ сабақтастығымен ұштастыра тәрбиелеу п.ғ.к. дисс. авторефераты. Қарағанды- 2000.

3. Оңалбеков Ж.К. «Болашақ мұғалімдерді дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» п.ғ.д. ғылыми дисс авторефераты. Түркістан 2007ж

4. Кабиров Р.Ф. Формирование позитивного отношения студентов к
физической культуре средствами ценностных ориентации. Дис­сертация ... к.п.н. - Челябинск: УАФК, 1996. -130 с.

5. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008. - 216 б.