Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы

Байжұманов Болат Шаймерденұлы

Дене тәрбиесі сабағында студентерді өнегелікке, эстетикаға және еңбекке тәрбиелеу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының бағыты даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан коғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене тәрбиесінің жүйесі жалпыхалықтык, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. [1]

Қазіргі кезеңде еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулыктарын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық касиеттердің жан-жакты жетілуіне, барлық қызметін бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылуға тиісті.

Дене тәрбиесінің жүйесі әр түрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін, өзара байланыстағы жекелеген дене тәрбиесі жүйесін құруга тиісті. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалардың, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметке баратын, жоғары оку орындарындағы жастардың әлеуметтік ұйымы болып табылады.

Дене тәрбиесі сабағындағы ортақ тапсырмалардың бірі жеке қатысушыларды тәрбиелеуге көмектесу болып табылады. Жеткіншектік кезең – бұл жауапкершілік сезімді, борышты, ұйымшылдықты, достықты, азаматтықты және тағы басқа жеке мінезді орнату сияқты кезең. Дене тәрбиесінің әдістемесімен дұрыс қойылған сабақтары бұл қасиеттермен тәрбиелеуде көмектесуге жол береді. [2]

         Университетте өтілетін дене тәрбиесіндегі сабақтарда студенттерді тәрбиелеу былай жүзеге асырылады: ілімдік еесеп айырысуды үйрету, бөлім командирі, кезектегі төреші сияқты тағы басқа функцияларды анықтауды жеткіншектерге сабақ үстінде орындату; бағдарламалық материалдарды меңгеру процесі кезінде қатысушылар арасында эстетикалық әңгіме өткізу және өзара өнегелі қарым-қатынаста болу.

         Спортшылардың, яғни жігерлі, батыл және күшті адамдардың мінездерін, білімдерін әр түрлі қырынан көрсетуді ілімдік мәлімдеме үйретеді.

         Әлем көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік туғызатын, спортпен және дене тәрбиесімен айналысудың ағзаға және жеке өзіне қозғалыс заңдылықтарымен әсер етеді.

Өнегелілікті тәрбиелеу ашық көрнекі үлгі және өзіне сену әдісінде үлкен маңыз береді. Жағымды мінезді қолдай қымбаттан кем емес болып табылады. Студенттердің өзін-өзі жоғары бағалауын есептей келе, бұл жаста сену және үйрету әдістерін жиі қолданады.

         Қатысушылардың еріктерін тәрбиелеу дене тәрбиесі сабақтарында үлкен маңыз береді. Қозғалыс әдеттерін үйреніп алу, қозғалыс сапасының дамуындағы жаттығулар қатысушылар үшін маңызды болуы керек, бірақ қолдан келетін қиындықтар болады. Оларды жеңу және жеткіншек еркі тәрбиеленеді. Жаттығудағы қиындықтар дәрежесі бұл жастағы қатысушылардың дербес қасиеттеріне қарай өзгеруі тиіс.

         Қатысушылардың жеке тәрбиесінің маңыздылығын құрайтын жолға – эстетикалық тәрбие жатады. Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиелеудің негізгі жолы – қатысушылардың түсіндіруінен, көрсетілімнен, музыкалық жаттығумен алып жүру және тағы басқа эстетикалық көрсетілумен қалыптасудан тұрады.

Дене тәрбиесі сабақтары елеулі табыстар мен еңбек тәрбиесін енгізу керек. Шаршау сезімін ептілікпен жеңу, мақсатқа жету – еңбек тәрбиесін жасау үшін сәйкес жігерлі күш салуда ынталы болу керек. Қатысушының шыдамдыық қасиетін тәрбиелеу үшін, қатысушылардың жаңа қозғалыс әрекеттерін ойланып жасау, олардың әр қайсысын дұрыс, әдемі, анық орындауға ықылас білдіру, университеттің спрттық мүмкіндігіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, қатысушыларды инвентарьларды жөндеуге қызықтыру, снарядтарды дайындату, алаңдар мен ғимараттардың тазалығын сақтату – бұл тапсырманы шешудің маңызды компоненті. [3]

Дегенмен, "дене тәрбиесі", "спорт", дене шынықтыру" және т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылыктарын білу үшін ең әуелі оның ғылыми ілімдік анықтамасын білу талап етіледі.

Дене тәрбиесі негізгі 2 бөлімнен түрады: біріншісі - спорт, бұл жеке тұлғаның белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы. Екіншісі - дене шынықтыру, бұл жеке адамның тек өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал "Дене тәрбиесі", "Денені шынықтыру" деген түсініктен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып саналады. "Дене тәрбиесі" педагогикалык жүйеде үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

Соңғы кездерде арнайы спорттық әдебиеттерде жиі кездесетін түсініктердің бірі "дене рекреациясы" дегеніміз - белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін баска бір іспен айналыса отырып, үзіліспен дене тәрбиесінің тағы бір міндетін шешуді көрсетеді. [4]

"Дене реабилитациясы" дегенімізді денені қайта қалпына келтіру деп түсінуге болады. Атап айтқанда, дене шынықтырумен немесе спортпен шүғылдану барысында жарақат алып немесе басқа аурулармен ауырып, уақытша денсаулығын жоғалтқан адам ағзасының мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалануын айтады.

"Денені шынықтыру мәдениеті" жекеден жалпыға сияқты "мәдениет" деген түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жүмыс тәртібі деп үғынамыз.

          

 

Қорыта келгенда зерттеп отырған мәселенің жан-жақтылығы бейімделу факторлары құрылымының күрделілігін көрсетеді. Олардың барлығы бейімделу сәттілігі, әсерінің ұзақтығы және даму деңгейіне байланысты әсерін тигізеді, өзара байланысты бұл факторлар жағдайларының өзара сертті жүйесі ретінде біртұтас жағдайда әсер етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004.

2. Тайжанов С., Қарақов А.   Дене тәрбиесін үйретудің әдістері-Алматы 2009ж

3. Қазақстан Республикасы. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1995.-251б.

4. Оңалбек Ж.К. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері: пед.ғыл.док. ... дис. – Түркістан, 2007. – 330 б.