Прикрепите Вашу научную
работу в виде файла Microsoft Word с расширением .doc или . rtf .
|
Ваши данные |
|
Название секции:
ПЕДАГОГИКА. Социальная педагогика |
|
Авторы: Нарыкбай Р.Т |
|
Название работы: ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІ ПӘНІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
Количество страниц: 6 |
|
Количество
журналов(сборников): 1 |
|
Страна: Казахстан |
|
Мобильный телефон: +7 701
835 34 10 |
|
Наука: ПЕ |
|
Подсекция: 6 |
|
Сборник после публикации
выслать на адрес |
|
Почтовый индекс: 161200 |
|
Почтовый адрес: г.Туркестан
ул.Жансугурова №75 |
|
Получатель : Омаров
Бахытжан Султанович |
|
E-mail: Bahitzhan01@mail.ru |
|
Название
(журнала)конференции: Научная мысль информационного века |
Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века
Магистр-оқытушы
Нарықбай Роллан Таженұлы
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ (Түркістан)
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңда қоғамның
салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі
жасөспірімдерді тәрбиелеуде олардың салауатты өмір
сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей
тұрып, оларды білімді, білікті тұлға ретінде
қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр жасөспірімнің
денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ
халқымыздың білім және экономикалық
қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының
бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени
орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген эканомика
құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер
құра алмаймыз, демографиялық, эканомикалық және
әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке
басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра
алмаймыз», - деген болатын [1].
Жеке адамды
жан-жақты дамытуда дене шынықтырудың маңызы өте
зор. Әрбір адам денесінің дұрыс дамуы,
денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің
артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы
тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және
қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының
маңызды кепілі.
Адамның
денсаулығына қамқорлық жасауға біздің
қоғамымыз мүдделі. Әрбір мектепте,
кәсіптік-техникалық училишеде, орта және жоғары
оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және
құралдармен жақсы жабдықталған спорт залдары мен
алаңдары болуы тиіс. Білім алушыларға дене тәрбиесін беру
үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен
мекемелердің базасы кеңінен пайдаланылуы керек.
Өмірге
қажетті дағды және іскерлік табиғи
қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи
қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу,
жүзу, лақтыру, шаңғы коньки, велосипед тебу, акробатика
және т.с.с.
Жас
адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік
сияқты адам қабілеттерін дамыту балалардың
қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене
қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең
қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, ал ептілік
адамның жаңа қимылдарды тез игеру және
жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім
қабылдау қабілеті.
Дене
шынықтыру саласында ырғақ және гигиена, дене
шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене
шынықтыру жұмыстарында күн ырғағы, дене
жаттықтыру, ағзаны шынықтыру, тамақтану гигиенасы,
ұйқы және т.с.с. жөнінде адамдар нақтылы білім
алуы тиіс.
Дене
шынықтыру ең басты күнтізбесін (режим дня), яғни,
еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыттарын
дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі
күнтізбе қатарына әр түрлі іс-әрекеттері
түрлерінің ұзақтығы және олардың
кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу,
ұйқының ұзақтық мерзімі жатады.
Күнтізбесін сақтау, ағзада белгілі бір ырғақтың
және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз
етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және
олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал
жасайды.
Оқу,
еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар
негізінде адамдардың әрбір жастық топтары еске алынып
жасалады. Сондықтан кез-келген маман әрбір адамның психологиясын
меңгеру қажет [2].
Дене
тәрбиесі мектеп бағдарламасының басқа да пәні
сияқты жалпы тәрбиелік міндеттерді шешеді. Дене тәрбиесі
бағдарламасында айтылған: мектептегі дене тәрбиесі
саяси-идеялық,танымдық, еңбек және эстетикалық
тәрбиемен тығыз байланысты дамиды.
Тұлғаның
жалпы даму, қалыптасуына адамның жас ерекшелігіне байланысты
әсер ететін жағымды немесе жағымсыз факторлар үлкен
маңызға ие. Көптеген әрекет түрі тұлғаның
танымына байланысты жасқа тәуелді. Физикалық жаттығулар
бала-бақшада және жеткіншек жаста тұлғаның
жан-жақты дамуына қатты әсер етеді. Балалық шақта
және жеткіншек кезеңде физикалық қабілетті рационалды
түрде қолдану көптеген жағымды
қабілеттердің қалыптасуына соның ішінде
тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің дамуына
ықпал етеді. Дене тәрбиесінде танымдық сапалар -
ұжымдық, еңбек сүйгіштік, достық, гуманизм,
адалдық, борыш пен міндет болып қалыптасады.
Дене
тәрбиесі сабақтарында оқушыларда жолдастық және
достық қарым- қатынастың дамуына арнайы жағдай
туғызу қажет. Жолдастық қатынасқа
тәрбиелеуді көмек көрсетуден және қарым-
қатынас орнатудан бастау керек. Мысалы, сабақта екеуден біреуден жүруді
үйрену мақсатын қою қажет. Сабақ жалпы дамыту
жаттығуларынан басталады, ол екеу арасында болады. Бұл міндет
топпен шешуге бағытталған. Мұғалімнің ескертуі оқушылар
назарын көмек көрсетуге бағыттайды: «жолдасыңды
қалыптан шығарма» «жолдасыңа көмек бер» және т.б.
Тәрбиелік міндеттерді шешуге жаңа жаттығуларды жүргізу
маңызды, оған қатысушылар бір-біріне көмек беру
мүмкіндігіне ие болу керек және жаттығудың орындалуын
бағалай білу қажет. Сабақты былай ұйымдастыру
бір-біріне көмектесуге үйренеді, сонымен қатар
жолдастық қатынас және ұжымдық сезімі оянады.
Ұжымдық,
достық, жолдастық тәрбиелеу тапсырма нәтижесінің
дұрыс болуына байланысты. Көбіне, мысалы, ойыннан соң немесе
эстафетада енді нәтиже айтылғанда көрінеді. Егер әр
команданың тәрбиесіне анализ берсе, онда ұтқан команда
өз күштерін дұрыс жұмсағанын бір-біріне
қолдау көрсеткенін және сондықтан ұтқанын
көрсетіп айтса, сабақтың тәрбиелік мәні біршама
жоғарылайды.
Адамның
көптеген қажеттілігінің ішіндегі негізгісі -
қозғалысқа бейімділік болып табылады, адам осы арқылы
пайда болады.
Адамның
денсаулығына және дамуына деген осы қажеттіліктердің
маңызы туралы өз дәуірінде Песталоцци, К.Д.Ушинский,
П.Ф.Лесгафт, Н.Г.Чернышевский және т.б. көптеген жазушылар
жазған. Қанағаттану баланың өмірдегі бірінші
сағатынан басталады. Адамның психикасын, оның
психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін
ғылымды психология деп атаймыз. Психология адамның психикалық
құбылыстарын баяндаумен қатар олардың пайда болу
себептерін де түсіндіреді. Яғни психология ғылымының
зерттеу пәні – психика және психикалық құбылыстар
болып табылады [3].
Психика
дегеніміз жүйке жүйесінің қасиеті болып табылады.
Психикалық құбылыстар үш тармаққа
бөлінеді. Оларға, психикалық процестер (зейін, түйсік,
ес, қабылдау, сөйлеу, ойлау, қиял), психикалық дара қасиеттер
(мінез, темперамент, қабілет, дарындылық), психикалық
қалып пен күй (сезім, эмоция, ерік) жатады. Осыдан дене
тәрбиесі мен психология ғылымдарының өзара
байланыстылығын айтуға болады.
Балалық
шақтағы психиканың дамуы қозғалыспен бірге
дамиды. Жас ерекшелігіне байланысты қозғалысты
қанағаттандыру сезімі шектеледі. Жаңаша талаптарда,
физикалық еңбекті машина иемденгенде қозғалыс
белсенділігі бірден қысқарады. Осының салдарынан жас сайын қозғалысқа
деген қызығушылық төмендеп, өше береді.
Сонымен,
басты спецификалық тәрбие міндеті, осы уақытта дене
тәрбиесі алдына сонымен қатар мектептік және
жоғарғы оқу орынының бағдарламасына әруақытта
даму және қозғалыс қажеттігін қолдау.
Оқушылар, 1- сыныптан бастап, денсаулық біреудің емес
баршаның жұмысы екенін ұғынуы керек. Біздің
денсаулығымыз өзімізге ғана емес және басқа да
адамдарға, қоғамға қажет.
Академик Н.М.
Амосовтың пікірінше: адамның денсаулығы оның ауру
болмағанымен ғана анықталмайды, көлемінен,
қозғалыс күшімен әртүрлілігімен, күніне
орындалатын қозғалысымен анықталады. Қозғалыс
мүмкіндігін шектеу ауру белгісі болып табылады.
Қандай
психологиялық жағдайда дене тәрбиесі оқу
жұмысының формасында және әртүрлі басқа формаларда
мемлекет алдындағы міндетті шеше алады. Дене тәрбиесі әрбір
адам үшін мынадай жағдайда ғана басты байлыққа
айналады: егер денсаулыққа пайдасын, әрбір
тұлғаның дамуына әсер ететінін ұғынса
ғана.
Дене
тәрбиесінің маңыздылығын арттырып жаттығулар
арқылы жүзеге асыру қажет. Ең басты түрткі -
міндетті екенін сезіну (мектепке оқушы дене шынықтыру
сабағына қатысу тиіс және әрбір бағдарламаны меңгеруі,
білуі қажет) және эмоция себеп болады. Алғашқы қызығумен
түрткіні қалыптастырудағы қиындық, ол
қажеттілікті түсінбеу, мойындамау т.б. Бұдан шығатын қорытынды,
дене тәрбиесіне деген бір жақты шешім қабылдамау,
қызығушылықтың тепе - теңсіздігі.
Мұғалімнің
әрекетін сипаттайтын факторлардың ішінде
қанағаттануға басшылық ету және жеке сапа
әсер етеді. Көп қанағаттануды басшының
демократиялық стилі туғызады. Жеке сапаға терең
кәсіби білім, қаталдық, оқушыларға деген
адалдық әсер етеді [4].
Дене
тәрбиесінің қанағатты түрде өтуіне
сыныптың деңгейі: оқушының тұлғалық
статусы және жұмысқа деген ынтасын әсер етеді.
Дене
тәрбиесінің өтуінің жағымды факторы - оқу
процесінің маңыздылығы, оқушының белсенділігі,
олардың оқу мен тәрбиедегі алғырлығы.
Белгілі
болғандай, мектепте оқу бағдарламасында дене тәрбиесін
үйде орындауға күнделікті өзіндік тапсырмалар
қарастырылған. Бағдарламаның толық түрде
орындалуын қамтамасыз етуді қатысушылардың өзін
тәрбиелеу мекемелері арқылы жүзеге асады. Бұл
үшін оларда шығармашылық белсенділігін бақылау және
өз тәрбиесін қадағалау инициативасын және
өзіндік ерекшелігі қалыптасуы қажет.
Өзін
тәрбиелеу мекемесі оқушылардан көптеген жағдайларды
орындауды талап етеді. Өзін тәрбиелеу бұл өз еркімен
орындалатын әрекет. Оқушыларды өзін тәрбиелеуге
бағыт беріп, оны орындауын талап ету қажет. Бұл үшін
мұғалім өзін тәрбиелеудің барлық алғы
шартын білу қажет.Олар екі топқа бөлінеді; ішкі және
сыртқы.
Сыртқы
алғы шартқа мыналар жатады:
а) мұғалімнің
өзін тәрбиелеу (метод) әдісі жайлы білімі;
б) балалар ұжымы
дамуының жоғарғы сатысы;
в) оқушы өмір
тәрбиесінде өзін тәрбиелеу әдістерін қолданады.
Өзін
тәрбиелеу процесін басқару қатысушылардың ішкі белсендігін
басқару, қалыптастыру және қайта жасаумен байланысты.
Ұжымның дамуының
жоғары дәрежесі жоғары ұжым аралық талаппен байланысты.
Бұл өзін тәрбиелеу мекемесінде болу тиіс. Өзін
тәрбиелеу тәрбие процесінің маңызды бөлігі болуы
тиіс. Қатысушылар өзін тәрбиелеуге өздері
қызығып, тәрбиелік қадағалаудан басталуы
қажет.
Ішкі
алғышарттар:
а) өзін тану және
өзін түсінудің белгілі деңгейі ;
б) оқушының
өзінің ішкі дүниесін білуге қызығуы;
в) еріктің дамуы;
Қорыта
келе, өзін тәрбиелеудің ұжымдық міндеті
жеткіншектерде және жоғары сынып оқушыларында бірдей
тәрбиелік баға алуға, бекіген қоғамдық
ойға, ең соңында сынып ұжымының ұйымдасып, қалыптасуына
мүмкіндік береді.
Жеке
тұлғалық формасы жеке оқушының өзіндік
міндеті қаралады, сонымен бірге онда жеке тұлғалық
ерекшеліктері есепке алынады. Бұл оқушымен
мұғалімнің қоғамның жоғарғы
дәрежесі, ол адалдыққа, сенімге, ішкі сыйластыққа
құралады.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә.
Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257б.
2. Гогунов Е.Н., Мартьянов Б. Психология
физического воспитания и спорта: Уч. пособие.- М., 2000г.стр-145.
3. Попов А.Л. «Психология спорта» Москва 1998г.
стр-189.
4. Ашмарин Спорт
ғылымын зерттеу М., ФиС, 1978. стр -210