Ф.ғ.к. Жүсіпов А.Е.

Оқытушы Абдулла ж.

Оқытушы Қасенбаев А.Қ.

Оқытушы Жүсіпова А.Е.

Оқытушы Айдарбекова Ж.К.

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана, Қазақстан

 

Бағалауыш сөздердің құрылымдық ерекшеліктері

 

Қазiргi таңда тiл бiлiмiндегi өзектi мәселе бiрi - тiлдiк бiрлiктi салыстыра және салғастыра зерттеу. Тiлдiк бiрлiктi салыстыра және салғастыра зерттеу заман талабы, олардың құрылымы мен мағына қалыптасуында өзiне сай ерекшелiгi бар.

Көптеген ғалым А.Бодаренко, Г.Щур, Р.Гайсина, Е.Шендельс, О.Духачек, А.Гильберт, Б.Городецкий, Ю.Апресян, В.Гак, В.Абрамов, П.Чесноков, Ф.Филин, М.Оразов, З.Ахметжанова Б.Момынова және т.б. өздерiнiң ғылыми еңбегiн семантикалық өрiске арнаған болатын.

Дүниеде бағаланбайтын зат, бағасын алмайтын құбылыс болмайды. Шетелдiк ғалым Д.Бикертонның бинарлық бәйтерек түрiнде берiлген бағалау классификациясын негiзге ала отырып [1,299], сызбасын берсек, оған көз жеткiзуге болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Барлық бағалауыш категория оң/жағымды және керi/жағымсыз деп екiге бөлiнедi. Бiрақ бұл категорияға қосымша бейтарап бағалау түрi бар[2,134].

Бағалауыш - сөйлеушiнiң өз тарапынан құбылыс пен затқа iс-әрекет атауына берген бағасы, көзқарасы, оған деген қарым-қатынасы.

Түрлi лингвистикалық, философиялық, логикалық еңбекте объектi мен субъектi арасындағы құндылық жайындағы ойдан бағалау пайда болған. «Құндылық» терминi адамның қоршаған ортамен байланысынан туындап, кең не тар ұғымда қолданыла бередi [3,389]. Адамның әлеуметтiк, мәдени тұрғыдан құндылықты қатыстыруы заттың жағымды не жағымсыз жақтарын танытып, оның қандайда бiр құндылығын, сапасын баға арқылы беру алқылы танытуында болмақ. Осылайша баға беру үшiн контекске енген бағалауыш сөз ерекше құрылым құрайды. А.Ивин баға берудiң төрт компонентiн белгiлейдi. Олар: субъектiсi, заты, сипаты, себебi [4,21].

Субъектi – бағалауыш құрылымындағы басты элемент. Субъект арқылы эмоция бiлiнедi. «Кейбiр бағаның субъектiсi дегенiмiз құндылық бағасын жеткiзу мақсатымен қандай да бiр затқа телитін тұлға, не бiр топ» [4,21]. Бағалауыш субъектiсi не адам, не социум (әлеуметтiк тұлға) болуы мүмкiн. Субъектiсiз баға берiлмейдi[5,27]. Субъектiнiң зат не құбылыс, iс-әрекетке беретiн бағасы бағалауыш сөздiң қатарын түзедi. Субъектi баға берудiң құрылымы, ол арқылы жақсы/жаман белгiлерi арқылы эмоция бiлiнедi [6,364], баға берудiң субъектiсi адам екендiгiн З.Темiрғазина дәлелдейдi [7,27]. Субъект жалпы және жеке баға бере алады.

Көптеген зерттеуде бағалауыш екi түрлi бағытта сипатталады. Алғашқысы – субъект және оған деген көзқарас; екiншiсi – объект және оның негiзгi қасиетi.

Бағалуыштың екiншi компонентi – объект, яғни бағаланатын зат. Баға беруде субъектiден басқа объектiге де назар аудару қажет. Бағалауыш зат дегенiмiз – бағаланатын зат. Өмiрдегi түрлi құбылыс әлеуметтiк жағдайға орай, қоғамдағы қарым-қатынасқа сай түрлiше баға берудi қажет ететiндiгi түсiнiктi.

Үшiншi компонент – бағалауыш сипаты. Баға беру абсолют және салыстырмалы болып бөлiнедi. Аты өзi айтып тұрғандай абсолют «жақсы», «жаман», «таза» тағы басқа, ал салыстырмалы «өте жақсы», «тазалау», «жаманырақ» сияқты белгiмен сараланады [6,364].

Соңғы компонент – себеп. Не үшiн бағалау қажет деген көзқарастан туындайтын компонент. Себеп түрлi функционал қызмет атқарады. Сонымен қатар, баға беру шкаласы үнемi өсу, не кему бағытында болады.

Бозарып кеткен инженер:                      

-Бас тартуға еш мүмкiндiгiм жоқ, - дедi.

-Тек шын жақсы көретiн, шынайы сүйген адам ғана сынай, да мiней де алады, - дедi Әйгерiм сәлден соң (мүмкiндiк мағынасында).

-Актерлiкке түссем де беген ойым бар, - дедi жасаң жiгiт....

-Сiз, менiң байқауымша, түрлi әлеуметтiк сұрақтың басын ашқалы отырсыз, ә?!(қимылдың қажеттiлiгi).

-Жастайынан сөзге шешен Қасекең осы кезде тосылып қалайын дедi.

-Тыңдаушыларын алдымен «иiскеп алатын» Сабыр бүгiнде сол әдетiне салды (әдеттiлiк мағынасында/модальдылық/).

-Мен сендей хайуанды да асырадым-ау!-, дедi ана күрсiнiп (қимылдың эмоциялық бағасы).

-Кеше, байқаусызда сiзге еркiндiктi молынан бердiм ғой деймiн, ә, достым,- дедi Сәкен...(мақсатты/мақсатсызығы турасынан берiлген баға) (бұл жерде орыс тілінен алынған тіркестің аудармасы да септігін тигізіп тұр).

-Сiз өстiп отырып күлейiн дедiңiз, ә!,-  дедi шын ашынған Мерейлiм.

-«Бастан құлақ садаға» деп отырсам, сiз мән соғып әкетiп барасыз ғой, өзi, - дедiм...(этикалық баға).

-Сiздiң менi тыңдай алатындай шамаңыз бар ма?

-Дегенмен, байқаймын, Сәрсен басшылыққа таласу туралы ойынан бас тартқысы жоқ...(модальдық ерiктiк баға).

-Әкеңнiң аузын ұрайын, қар борамақ түгiл, қан бораса да атқа қонам! – дедi Аман тiсiн қайрап...(эмоциялық баға).

Қандай да бiр объектiге субъектi көзқарасын бiлдiру, оған жағымды не жағымсыз баға беру, ол бағаның қандай тұрғыдан берiлгендiгiн анықтау үшiн баға берудiң құрылымын бiлу қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.                Биекртон Д., Введение в лингвистическую теорию метафоры //Теория метафоры. - М.: Прогресс – 1990г.

2.                Момынова Б., Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). Алматы: «Арыс» баспасы. 2003ж.

3.                Жүсіпова А., Бағалауыш сөздердің перформативтік қызметі// «Қазақстанның саяси және экономикалық жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.388-390.

4.                Ивин А., Основания логики оценкок –М.: - 1970г.

5.                Вольф Е., Функциональная семантика оценки. М.: 2002, С.280.

6.                Жүсіпова А., Бағалауыш сөздердің ғаламның тілдік бейнесіндегі орны// «Қазақстанның саяси және экономикалық жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.362-365.

7.                Темиргазина З., Оценочные высказывания в русском языке. –Павлодар: 1999г.