Қанат
Қасымов – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
мамандығының 3 курс студенті
Жетекшісі –
оқытушы Жүсіпова Ә.Р.
Ақтоты Құрметбек – Ауыл
шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығының 1
курс студенті
Жетекшісі – ф.ғ.к.
аға оқытушы Жүсіпов А.Е.
«С.Сейфуллин
атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қайшы
тілдік тұлғаның диалог, монолог және басқа да
формада қолданылу ерекшелігі
Қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада
түркі тілінде қайшы тілдік тұлғаны зерттелуі кештеу
басталды. Осы мақалада ҚТТ (қайшы тілдік тұлға) 1
тілдік тұлға және 2 тілдік тұлға деп бөлініп,
диалог, монолог және басқа да формадағы болмысы талданады.
Қайшы тілдік тұлға субъект, объектіге қатысты, сонымен
бірге дискурсте жан-жақты талданған. Монологтағы
қайшылықты анықтау өте күрделі үрдіс,
сондықтан шығармалардан мысал таңдау барысында да осы
мәселеге басты назар аударылды. Мақалада
қайшы жұптар әлемнің тілдік бейнесінде дұрыс
қабылдануы үшін қажет құбылыс ретінде
қарастырылған.
Мына мысалда кейіпкер,
Майра, бастапқыда Тілектестің (әлі бейтаныс) баратын жеріне
жеткізіп салайын деген ұсынысынан бас тартты. Содан соң, бірден
емес, бірақ тез-ақ, келісті. Әр шешімі бірдей – рахмет – ілеспесімен берілген,
әрқайсысы көлемді әрі шынайы уәжбен
қосталған. Күрделі тұлғааралық қатынастың
заңды көрінісі арқылы қайшылық ашылады.
Тұлға қайшылығын уәж тереңдете
түседі: «Отырыңыз, мен жеткізіп салайын, - деп бұйырды ол
(Тілектес), әлдеқандай көңілсіз шараны орындағалы
тұрғандай, немқұрайлы, бапты
дауысымен.//Ыңғайсыздыққа ұшарттым-ау деген ой
Майраға тым кеш келді. Сөйлескен екен, көмек ұсынбаса
болмайды. Күзетшілерін жібере алмайды – олар оны күзетуі керек. Ол
бұны үйіне жеткізіп салу деген не ой. Мүмкін емес.
Бұның қатарындағы адам көліксіз
қалған қызды үйіне апара бермейді. Секеновтен
сыбағасын молынан алатын болды, сайтан алғыр, мүмкін емес,
мүмкін емес! Майра: тез әрі
қатаң түрде бас тарту керек деп өзіне бұйырды. –
Рахмет, Тілектес ағай, - деп міңгірледі ол, - мен
қалаға таксимен жетемін, рахмет.//Ол оның бетін анық
көре алмады – түн, қар, көзілдірігі жарыққа
шағылысып тұр... Бірақ ол оның мырс еткенін
көргендей болды.//– Түсінбедім, - деді ол бір сәттік
үзілістен соң, - Сіз менімен керісейін деп тұрсыз
ба?//Бәрі түсінікті болды. Тілектес
Салықов ұсынған кезде бас тарту дегенің ақымақтық.
Тырысу дегенің – күлкілі. Тезірек орындау керек, созатын
уақыт жоқ.//Содан соң ол өзін әуестігі
үшін артынан тағы да сабар, неге ғана Тілектестен әрі
жүрмеді, неге ғана көзіне түсіп еді. Не деген
бассыздық. Уақыт та созылып... //Рахмет, Тілектес ағай, деп сыбырлады да, сөмкелерін
сүйретіп джипке міне бастады. //Жүктеріңізді
қалдырыңыз, - деді Тілектес, - жігіттер багажникке салар» (Т.У.).
Бас тартудан келісуге,
қайшылықтың бір шегінен екіншісіне өту егжей-тегжейлі
ашылған, бұл үзіндіні кеңейтіп те тереңдетіп те
тұр. Түрлі құрал тартылған. Олардың ішінде
ерекше көзге түсетін әрине, Рахмет сөзі. Прагматикалық тұрғыдан
бұл энантиосемия: (а) үзіндісінде бас тарту, ал (ә)
үзіндісінде келісу. Бұл үзіндіні көршілес деп
қарастырып көрелік – ал негізгі мәтінде олар өте
алшақ, жеке орналасқан. Микроүзіндіні (а-ә) зерттеу
мақсатында «біріктіру» тілдік тұлғаның
эстетикалық тұрғыдан уәжсіздігі,
ұстамсыздығынан хабар береді:
(а) Майра: тез әрі
қатаң түрде бас тарту керек деп өзіне бұйырды.
- Рахмет, Тілектес ағай, - деп міңгірледі ол, - мен
қалаға таксимен жетемін, рахмет.
- Түсінбедім, -
деді ол бір сәттік үзілістен соң, - Сіз менімен керісейін деп
тұрсыз ба?
(ә) - Рахмет, Тілектес ағай, деп
сыбырлады да, сөмкелерін сүйретіп джипке міне бастады.
Түрлі
қосымша құралдың контекстіде молнынан жұмсалуы
арқылы туындаған салыстыру Рахмет
сөзінің категориялық лексикалық мүмкіндігімен
берілген. «Рахмет, рақмет нұсқасы» зат. (1) Ілтипат білдіріп
айтылатын ризалық, алғыс және сөздіктерде тіркелмеген
(2) қарсы шығу, келіспеу, бірдеңеден, әрекеттен бас тарту
мағынасында да жұмсалады [1,179-180]. Бұл заңды
құбылыс қайшы тілдік тұлғаны сипаттаушы ретінде
жұмсалған. Осылайша, диалогке жүгіну арқылы, не
жүгінбестен тілдік тұлға бойында қайшылық туындай
береді [2].
Бір адам, бір тілдік
тұлға өмір ағымымен түрлі жағдайға
байланысты түрлі әлеуметтік мәдени ортада (Ресейде және
шет елде) екі түрлі өмір кешіп жүр. Мәтін ішінде
екітүрлі антропониммен белгіленген. Криминалмен шатысы бар, сан
қайғыны басынан кешірген туғандағы есімі – Катя.
Соңынан беделді, белді бизнеследиге айналған әйелдің
аты –Рахиль: «Ал енді – көз алдыңа елестет, «Европа» отелінде
тұрып жатқан Рахиль Даллет ханым – шындығында Екатерина
Дмитриевна Званцева екені анықталса не болмақ...// Ол бардан кетіп
қалды, себебі ол оқ жазасына кескен адам көзіне
қарауға дәті шыдамады... Өлімде лимит деген жоқ.
Лимитсіз-ау, ол сайқал.//Сен не сайқал емессің бе, сен оны
сүйетін едің ғой, -деп сұрады өзінен Катя.
//Иә, сүйдім... мүмкін әлі де сүйетін
шығармын. Сол жүргіш оңбағанды, бірақ.//Не,
бірақ?//Мен солай деп шештім...//Соңына дейін жеткізуім
керек.//Катя қолында арағы бар, үстел жанында отыр.//Не
үшін ішесің, Катя?//Жұмыстың сәттілігі
үшін, Рахиль!//Қандай жұмыс, сіңлім? Тірілерді
өлілер еліне аттандыру? Кімсің сен, Катя?//Үніңді өшір,
салдақы. Өзгенің ісіне кіріспе.//Қалайша,
Катя?...олардың бәрін өлтіреді ғой. Сен не оларды
аямаймысың?//Түкірдім де қол қойдым. Маған
ақыл айтпақсың ба? Басыңа шайнап жақ.
Тойған тазы менің өмірім туралы не білуші ең?//
Тоқта, - деді Рахиль. – Сен мен емессің бе? Денеміз де бір.
Айнаға қарашы, Катя.//Э-э-э, жоқ, сіңлім...денеміз бір,
бірақ біз онда бөлек өмір сүрудеміз. Сен МЕНІҢ
(белгілеген автор) өмірім туралы, шексіз шығыным туралы? Тастанды
балам туралы? Тумаған сәби туралы? Сүйіктімнің
сатқындығы туралы? Түрме туралы?
Қайғы-қасірет пен Босфордағы жалғыздығым
туралы не білемін деп отырсың? //Менің есімде...//Жоқ,
сіңлім, менің ЕСІМДЕ. Бәрі менің есімде. Мен
ештеңені де ұмытқан да кешкен де жоқпын.//Андрей
ше...//Андрейдің көзіне су құйылғалы қашан.
Мен оны түсіндім, ал сен еш түсіне алмайсың.
...Құдайым-ау! - деп күбірледі Катя. – Құдайым-ау!
Мен не бүлдірдім? (А.К.).
Катя - Рахиль атаулары - қайшылықтың
негізгі көзі. Осы мысалдағы қайшы тілдік тұлғаны
сипаттаушы мына сызба: 1R 1S 1n - 2 1S
2n. Атауыштар белгілеген ілеспені салыстырумен байланысты, оны ашу
үшін түрлі шылау және басқа да сәйкес тәсіл
қолданылған. Қайшылықты туындатуда жоқ, тоқта, солай ма, қалайша сияқты
бірліктер ерекше қызмет орындап тұр. 2ТТ ойымен ішкі
диалогтық әңгімеде өзінің екінші сыңарын
1ТТ ойластырған зұлымдығынан бас тартуын өтінеді.
Зұлым 1ТТ «мейірімді қарсыласы» мен автор екі тәсілмен: Катя, сіңлім сөздерімен
сипаттайды. 2ТТ автормен де, адам өліміне әкелер қылмыс
жасамақшы болған сыңарымен: Рахиль, сіңлім, сайқал, салдақы сөздері
арқылы бейнеленген. Атауыштар тек тілдік тұлға қырын
ашу үшін ғана емес, тұлға тұтастығын атау
үшін де жұмсалған. Осы мысалда – үзіндідегі
соңғы сөйлемдегі Катя атауышы: ...Құдайым-ау! - деп күбірледі Катя. –
Құдайым-ау! Мен не бүлдірдім?
Қайшылықтың
түрлі салада жұмсалуын талдай, саралай отырып біз:
тұлға қайшылығы лесикалық бірліктің
алмасуы, түрлі оним жұмсалуы, регистр алмасуы,
бағдардың өзгеруі, диалог, монологтағы көрінісі
арқылы лексикалық және грамматикалық бірліктің
көмегімен бейнелетіндігін анықтап отырмыз [3,17].
Сарапталған
материалдағы салыстырмалы категориялық мағына тұлғаның
қандай да бір «бұзылуы» кезінде белгілі тұтастық
түрінде жұмсалуын анықтауда таптырмайтын құбылыс.
Осы тәсілдің жүзеге асуына екі құрал: салыстырмалы
орталықтың толығуы және 1ТТ және 2ТТ контекстік
қолдауы сеп боладыи [4]. Салыстырмалы контекстің өзара
алмасуы: біріншіден, салғастырмалы құрылымдық элементті
сипаттаушы белгілі шектеуді және екіншіден, қайшы тілдік
тұлға өкілінің жеке тобында бекіген маңызды да
мәнді белгіні анықтауға мүмкіндік берді [5,55]. Ол
мүмкіндік монолог кезінде жүзеге асырылады. Бұның іске
асуы түрлі субъектілік жоспарды реттеуші диалогта қайшы тілдік
тұлғаның жұмсалуын заңды етеді [6], [8].
Аталып өткен
салыстырмалы семантиканың диалогтық ерекшелік пен мүмкіндігі
қайшы тілдік тұлғаны сипаттау үшін мол мүмкіндік
жасайды. Монологтегідей күрделі қайшы тілдік тұлғаны
сол тілдік тұлғаға тән, құрылымдық
орталыққа шоғырланған мәндік ерекшелік ашып
береді. Қайшы тілдік тұлғаны сипаттау үшін
қолданылатын диалогтық бірлік басқа да сипатты бірлікпен
үйлесіп тұрады. Олар өз кезегінде іске асу
мүмкіндігімен ғана емес өзінің тұрақты
құрамымен де қайшы тілдік тұлғаны ашуға
бағытталады [7,39].
Қазіргі тіл біліміндегі қайшы тілдік біріліктің монолог пен диалог, басқа да формадағы топ бөлінуі арасындағы
айырмашылық тілдік таным ерекшелігін сипаттауға септігін тигізеді.
Материалға ерекше кешен – қайшы тілдік тұлғаны монолог, диалог
және басқа да аралас формада ерекше назарға алынатын
көлемі ұлғайған сапалық қырынан
оларға ұқсас қарапайым топпен анықталатын
құбылыс та енеді. Әрине, жоғарыда
аталған құбылыстардың сипаты нақты тілдік
материалға тура байланысты.
Пайдаланылған
әдебиет тізімі:
1.
Ишханова Д., Противительные отношения на различных ярусах
синтаксиса: автореф. дисс....канд.филол.н. Ставрополь, 2007. -22с.
2.
Солнцев В., Язык как системно-структурное
образование М., 1977
3.
Жүсіпов А., Қайшылық:
семантикалық лингвистикалық табиғаты. Материалы ІХ
Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy
-2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 17-19.
4.
Карпов А., Дискурс: классификация контекстов//Вопросы философии.
2008. №2.
5.
Жүсіпов А.,
Қайшылықтың мәдениеттанымдық қыры мен
тынысы. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika
naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 54-57.
6.
Меликян В., Синтагматические свойства коммуникем со значением
«утверждения/отрицания» и «оценки» //Язык, текст. Дискурс. Ставрополь;
Пятигорск; СГПИ; ПГЛУ, 2004. Вып. 2
7.
Жүсіпов А., Паремиялық қайшылықтың тіл
тілдегі қолданысы
Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych
badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 39-41.
8.
Меликян В., Актуальные вопросы
синтаксиса русского языка: теория нечленимого предложения. Ростов н/Д: РГПУ, 2002. -243с.