800:61-057.875 “Филологические
науки”
Ботабек А.А., Жандарбекова Л.Ө., Ракишева Л.Г.
Қарағанды
мемлекеттік медицина университеті
Қазақ тілін оқыту кезінде жаттығулардың
ерекшелігі.
Бүгінгі
таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат
ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді
жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым
бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің
көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны
анық.
Осыған
орай қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс
қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту
технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. Тәуелсіз
еліміздің болашағы білім беру жүйесіне
байланысты.Осығай байланысты педагог мамандар оқытудың
ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе
жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра
қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың
жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп,
өздерінің сабақтарында қолданады.
Қазіргі
кезде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
қазақ тілін студенттерге жете түсіндіру мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының білімін
жетілдіруіне зор көмегін тигізеді. Бұндай оқытушылардан білім
алатын студенттердің де шығармашылық қабілеттері арта
түседі.
А.Байтұрсынұлы:
«Әдіс-керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің
жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек
қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ,
бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп
айтуға болмайды. Екеуінің
тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне
қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы
мүмкін»,- дейді өзінің «Қай әдіс жақсы»
мақаласында [1].
Сабақ
барысында осындай кеңінен қолданылуы қажет
әдістердің біріне жаттығу әдісін жатқызуға
болады. «Жаттығу әдісі оқушыларды білім алуға
үйретіп, дүниетанымын кеңейтетін әдіс»,- деп
қазақтың педагог-ағартушысы Ы.Алтынсарин атап
өткен [2].
Жаттығуларды
орындату арқылы оқытушы студенттердің білім алуына
жағдай жасайды. Жаттығулар тіл үйренушінің
ой-өрісін кеңейтіп, оны жан-жақты дамытуда маңызды орын
алады. Жаттығулар жүйесі тіл үйренушінің білімін,
дүниетанымын арттырады.
Жаттығулар
жүйесі деген ұғымның өзі 1930 жылдары кеңес
әдістемелігінде алғаш рет пайда болған. Орыс ғалымы
А.А. Миролюбов жаттығулар жүйесінің тарихи жолын
қарастырып зерттеген. Ғалымның айтуы бойынша, сол жылдары
тілдерді оқыту ісі біршама жетістіктерге қол жеткізгеніне
қарамастан, кемшіліктер де кездескен, сондықтан жаттығулар
жүйесі мәселесін анықтауға ғалымдар сапалы
түрде бет бұрды [5].
Жаттығулар
әдісін сабақта қолдану арқылы мынадай нәтижелерге
қол жетеді:
- студенттің
ой-өрісі кеңейеді;
- еркін ойланады;
- шығармашылық
қабілеті дамиды;
- өздігінен
ізденуге тырысады;
- ойын жеткізе
алуға талпынады.
Біздің
сабақта талдайтын мәтіңдеріміз медициналық
тақырыптағы мәтіндер болғандықтан, студенттеріміз
арнаулы пәндерден алған білімдерін ой елегінен өткізіп,
жаттығу жұмыстарын орындағанда сол білгендерін пайдаланады,
сөйлемдер мен сөз тіркестерін медициналық тақырыпта
құрастырады. Ол үшін студент мәтінмен жұмыс
жасайды.
Мәтінмен
танысу барысында тіл үйренушілердің орфоэпиялық нормаларды
сақтай отырып, сөздерді дұрыс оқуына назар аударылады.
Мұнан соң мәтіндегі мағынасы таныс емес,
түсініксіз сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Оның орыс тіліндегі баламасын жаздырып, қазақ тілінде
синонимдерін табу туралы тапсырылады. Бұл жаңа сөздерді есте
сақтауға, сондай-ақ, тіл үйренушінің
сөздің синонимін табу арқылы сөздік қорының
артуына септігін тигізеді. Келесі кезекте осы бейтаныс сөздермен
сөз тіркестерін құрату қажет. Жаттығудың
бұл түрі арқылы тіл үйренуші сөздердің
тіркесімділік қабілетін таниды, сөз тіркесін жасай білу
дағдылары қалыптасады. Мәтінді түсініп, жете
меңгерген студенттің ой-өрісі дамып, сөйлеу
қабілеті артады, сөз байлығы молаяды.
Жаттығу
жұмыстарын жүйелі түрде әсерлі ұйымдастыру
оқытушының әдістемелік шеберлігіне және ізденіс
деңгейіне байланысты. Жаттығулар жүйесін қалыптастыруда
түрлі қолданылған әдістердің
теориялық-практикалық тұрғыдан оқытушылар
тарапынан жетілдіріліп және оның ғылыми әдебиеттерде
талдануының маңызы зор. Тіл үйретудің барлық
кезеңдеріне, яғни, оқушыны сауатты оқуға,
жазуға үйрету, дұрыс байланыстырып сөйлеуге баулу,
дұрыстап оқуға дағдыландыру, сөздік қорды
байыту және практикалық білім беру мақсатында тиімді
қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі-жаттығулар жөнінде
ғалым Н.Ж. Құрманова былай дейді: «Жаттығулар
оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады,
өйткені, жаттығулар қандай да бір қызметтің,
іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды
қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім
алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін, оларды
тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде
анықтау керек. Егер жасалған жаттығулар жүйесі тіл
бірлігін дамыта оқыту барысында тиімді және оң нәтижелі
болсын десек, онда жаттығулардың оқушының теориялық
ойлау мен тілін дамытуға үлесін қосуына саналы түрде
бет бұруымыз керек» [6].
Сабақ
барысында оқытудың әдістерін, соның ішінде
жаттығу әдісін қолдануда қазақ тілі
оқытушысына тән іскерліктерге мыналар жатады:
- әдістерді
қолдану арқылы студенттің жеке тұлғасын дамытуды
басты мақсат етіп, өз бетімен білім алуға дағдыландыру
қажет;
- студент өз
бетімен ізденуші, өзін-өзі дамытушы ретінде тәрбиелену керек;
- оқытушы
студентке тапсырманың мақсаты мен міндеттерін белгілеп,
нақтылауға көмектесу керек;
- студент
қиындыққа кездескенде, оқытушы кеңес алуға
болатын тұлға ретінде тұруы керек;
- студенттің
тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасауына көмектесу,
тілдік қарым-қатынаста болу;
Осы
жаттығулар жүйесіне байланысты пікірін тіл білімінің маманы
профессор А. Алдашева былай деп алға тартады: «Әдістеме
ғылымында назар аударатын ұғым-түсініктердің тағы
бірі-жаттығулар жүйесіне қатысты. Бұл-оқыту
материалдарының басты бөлігі, сабақ тақырыбын
меңгертудің негізгі құрылымы. «Үй жұмысы»,
«аудиториялық жұмыс» түріндегі классикалық
жаттығулардан гөрі қазір ғалымдар: а) сөйлеу
дағдысын қалыптастыратын жаттығулар; ә) сөйлеу
шеберлігін дамытатын жаттығулар болуы керек деген тұжырымдарын
ұсынады; осыған орай сұрақ-жауап, алмастыру, салыстыру,
сипаттау, суреттеу, бағалау, шартты сөйлеу, өйтүрткі
жаттығулар тәрізді түрлері ажыратылады. Анығын айту
керек, өзгетілді аудиторияларға арналған кейбір оқу
құралдарында жаттығулар жүйесі «берілген
сөздерден сөйлем құраңыз», «көп
нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз»,
«аударыңыз» дегендермен шектеледі. Ғылым тұрғыдан
дұрыс болғанымен, бұлар тәріздес жаттығу
үлгілері қазақ тілін оқытып-үйретуге
қойылып отырған қазіргі талаптар тұрғысынан
қарағанда, аздық етеді [4]. Бұл туралы
әдіскер-ғалым З. Күзекова былай деп жазады: «Бүгінде
қазақ тілі оқулықтарында жаттығулар жүйесі
мүлдем ескерілмеген, кейбір оқулықтардың тілді
үйретуге қабілетсіздігі де, осалдығы да осы жаттығулар
мәселесінің дұрыс жолға
қойылмағандығында.» [3].
Тіл
үйренушілердің ынтасын арттыру үшін әр түрлі
жұмыстар жүргізілуі қажет. Аударма жұмысына байланысты
мынадай жаттығулар орындауға болады:
а) жеке
сөздерді аудару;
ә) сөз
тіркестерін аудару;
б) сөйлемдерді
аудару;
в) мәтін
мазмұнын сол тілде айтуға жаттығу.
Оқушыларға
сұраққа жауап бере білу дағдысын үйрету
үшін де мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:
а)
құрамында жаңа сөздері бар сұрақтарға
жауап беру;
ә) жауап
сөйлемінде жаңа сөздер қамтылатындай
сұрақтар қоя білу;
Ғылыми
ізденуші Г.Есенова: «Жаттығу іріктеу – сипаты, міндеті,
дидактикалық талаптары анықталғаннан кейінгі басты
мәселелердің бірі.
Қ.Сарбасова
жаттығу іріктеуде мынадай талаптар ескерілуі тиіс дейді:
Жаттығудың
өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге
бағытталуы;
Жаттығу
кездейсоқ болмай, белгілі бір ретпен келуі, жүйелі ұсынылуы;
Жаттығу
оқушының қызығуын, ынтасын арттырарлық болуы,
Өз беттерінше
жұмыс істеуге дағдыланддыру;
Шығармашылық
сипаттағы жаттығулардың (түсіну сезімі арқылы) болуы;
Жаттығулар
арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу
әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде тіл
үйренушілердің ақыл- ой әрекеттері, ақыл- ой қызметінің
белсенділігі қалыптасады, дамытылады. Жаттығулар бір
мақсатқа бағытталған, өзара байланысты
әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. [8].
Г.И.Богиннің айтқанындай: «...упражнения выступают как форма единения
учебного материала и конкретных действии с ним». Себебі, жаттығулар
тілдік материалдарды меңгеру үшін және тілдік дағдылар
мен сөйлеу біліктердің қалыптасуында басты рөл
атқарады.»,- дейді [7].
Қорытып
айтқанда, тілді үйретудің жаңа технологияларын
тәжірибеде кеңінен қолдану студенттің белсенділігін
арттырып, оқытушының шығармашылық қабілетін
жетілдіреді. Осындай тиімді әдістерді сабақта пайдалану үшін
маман көп еңбектеніп, ізденуі керек.
Қазіргі
қоғамдық өмірімізде көрініс тапқан сан-
салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар,
жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне
сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, студенттерге
берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та
оқытушының іс- әрекеті, беретін білімі мен үлгі- өнегесі арқылы
қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол
мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер
жүктейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алдашева А. Тілді оқыту әдістемесінің негізгі
түсініктері (Әдістеме әлемінде. Ғылыми-
әдістемелік жинақ). Алматы, 2008
2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1957
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: «Ана тілі», 1992
4. Есенова Г. Қазақ тілі жаттығулары туралы (Әдістеме
әлемінде.Ғылымыи- әдістемелік жинақ) Алматы, 2008
5. Күзекова З. Екінші тіл ретіндегі Қазақ тілі
оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері. Алматы,
2008
6. Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі
синтаксисін дамыта оқыту технологиясы. Ақтөбе, 2004
7. Миролюбов А. Разработка теоретических вопросов системы упражнения в
советской методике обучения иностранным языкам в средней школе. Под ред.
Климентенко А., Миролюбова А.М.: Педагогика, 1973