Халидуллин
Ғизатулла - тарих ғылымының докторы, профессор
(Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)
Аманқұлова Ләйлә - Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық
университетінің магистранты
(Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)
ЖАСТАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ
МУЗЫКА
ӨНЕРІНІҢ РӨЛІ
Қазіргі таңда жас
ұрпаққа
халқымыздың рухани мұралары арқылы
әлемнің тынысын байқау, баланың сана-сезіміне
әсер етіп, оларды
тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін
одан ары тереңдетіп, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеп,
өмір шындығын сезінуге, елін, жерін, отанды сүю сезіміне
баулу мәселесі бүкіл
халықтық іс болып отырғаны баршамызға
мәлім. Сондықтан жас ұрпақтың дүниетанымын
қалыптастыруды, іс жүзінде асыруда домбыра аспабымен орындалатын
шығармалардың үлкен манызы бар. Олардың ерекшелігі жастардың санасына ғана емес,сезіміне де, ой-өрісіне әсерін тигізетіні анық.
Шығарманы тыңдатар кезде өлеңнін мазмұнын
түсінуге, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне
мүмкіндік беріледі.
Қазақстанның музыка өнері ғажап әрі көп
жанрлы. Өз еліміз бен шетел тындаушыларының құрметі мен
ықыласына бөленген керемет сазгерлері мен орындаушыларын
халық лайықты мақтан етеді. Осы жетістіктер ғасырлар
бойы сақталып, қазақ халқының
ұрпақтан ұрпаққа жеткізген бай рухани
мұрасының нәтижесінде келген. Ал қазірде жас
ұрпақты тәрбиелеуде оның рөлі және жалпы
білім беретін оқу орындарында
музыка мәдениетінің алар
орны ерекше.
Қазақтың музыкалық мұрасын жинап теріп,
оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған
Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, сол
сияқты М.Ақынжанов, М.Әуезов, А.Затаевич, академик
А.Жұбанов, өнер зерттеушілері Б.Ерзакович, П.Аравин, Б.Сарыбаев
сияқты ғалымдардың ұлан-ғайыр еңбектері
халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан -
ұрпаққа жалғасып келеді.
Қазақтың ұлттық музыкалық
аспаптарының шығу тегі, дамуы оның түрлері мен
ерекшеліктері жайлы Ә.Марғұлан, Қ.Арғынбаев,
А.Жұбанов, Ө.Жәнібеков, Б.Сарыбаев т.б. ғалымдар
өз зерттеулерінде қарастырған.
Ал кейінгі кезде музыкалық
аспаптардың технологиясын О.Бейсенқұлов, С.Медеубекұлы,
З.Жанұзақов, Д.Шокпаров, С.Шалтабаева, т.б.
ғылыми-әдістемелік шығармаларында негіз болған. Жалпы орта мектептегі
қазіргі музыкалық тәрбие мәселелеріне арналған
зерттеулер отандық және
бүкіл адамзаттық педогогикалық-ғылыми ойлар тәжірибесіне сүйенеді. Қазақ
музыкасының ірі саласы күй өнерінің
мазмұндық құрылымын тұтас ала отырып, сол
күйлерге байланысты туған аңыздарды оның
құрамдас бөлігі ретінде қарастырған
А.Сейдімбектің зерттеу еңбегінде ұлттық музыкамызды
айқындауға қадам жасалған.
Музыкалық-эстетикалық
білімінің жеке тұлғаның үйлесімді дамуына
музыкалық-эстетикалық тәрбиеге қатыстылық
мәселелері А.Нұғыманова, П.М.Момынов,
С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаева, Т.А.Қышқашпаев,
А.А.Қалықбекова, Ш.Б.Құлманова, Р.К.Дүйсембінова,
Ж.Ж.Еңсепов, және басқа ғалымдар зерттеулерінде
өзінің ғылыми-теориялық шешімін тауып, оларда
ұлттық музыкамыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін
оқу үдерісінде пайдалану жолдары көрсетілген.
Жастарға музыкалық тәрбие беруде, қазақтың
дәстүрлі ән
өнері мен музыкасы, яғни күй
жанрының мәні мен мазмұнын ашып, оқу-тәрбие
үрдісіне ендірудің
әдістерін қарастыру өз алдына зерттеуді қажет
тұтатын мәселе.
Қазіргі таңдағы жалпы музыкалық білім берудің басты мақсаты
бүкіл әлемдік музыканы, қазақ халқының әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның
өмірмен байланыстылығын түсінетін эстетикалық
және музыкалық танымы дамыған рухани бай жеке
тұлғаны тәрбиелеуге бағытталып отыр. Мектеп табалдырығынан бастап
музыкалық білім беруде музыканттардың өмірі мен
шығармашылығын, олардың көрнекті туындылары мен
музыкалық аспаптардың шығу тарихы мен ойнау ерекшеліктері
жайында терең ой қозғап, оқу-тәрбие
үрдісінде композиторлардың еңбектерін, аспаптар туралы
ой-пікірлерін қоғам дамуындағы өзгерістің
басты жолын ұтымды да
орынды айтып түсіндіру
арқылы жастардың
музыкалық танымын, нәзік сезімдерін, талғамын
қалыптастыра аламыз. Осы орайда, тұлғаның мақсатқа бағытталған
даму жүйесін құруды
талап ететін музыкалық
тәрбие беру өнерсіз,
атап айтқанда музыкасыз,
болмаса ол жайындағы көзқарастардың жас ұрпаққа түрлі де жан-жақты әсерін,
оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.
Әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын,
сонымен бірге ой мен
сезімнің тұтас
бірлігін қалыптастыратын адам әрекетінің бір түрі-өнер. Тек өнер ғана адамның
шындыққа тарихи
қалыптасқан музыкалық-эстетикалық
қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды.
Бұл музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және еш нәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады.
Өнердің эстетикалық
тәрбие беруге қатысуы
оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Ғылыми
мен өнердің әдіснамалық, дидактикалық мәселелері мол қамтылған
«Музыканың ұлы кітабы» еңбегінде Әл-Фараби жастардың білімді, тәрбиелі,
тәлімді болып қалыптасуында
музыка ғылымы мен
өнердің көтерер
жүгі ерекше деп оған аса зор
мән беріп қарастырған. Музыканың негізгі
мақсаты адамның эстетикалық қажетін
қанағаттандыру. «Адамзатқа тән бір ерекше
жақсы қасиет,
қоршаған дүниенің әсемдік сырларына
үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік
сезімін образдар арқылы паш ету», - деп шығыстың ұлы
ойшылы Әл-Фараби айтқандай, музыкалық білім берудің
мақсаты, жаңа адамды тәрбиелеу.
Ұлы ғұламаның музыка ғылымы туралы айтқандарын қысқа
түрде төмендегідей түйіндеуге болады: Музыка –
адамның жан дүниесіне көркемдік жағынан әсер
етуде таптырмайтын құрал, музыкалық әуендер жақсы
мінез-құлық нормаларын, адамның армандары мен мұраттарын
қалыптастыруда елеулі рөл атқарады, музыка адамда
көркем-эстетикалық
сезімдерді туғызу арқылы, адам өзін-өзі
тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал
етеді. Музыкалық дарын ерекше
қасиеттермен қатар, өлшеусіз еңбек пен үздіксіз
жаттығу мен дайындықтың жемісі. Музыка теориясының негізгі принциптерін танып
білуде адамның есту түйсіктерін дамыту елеулі рөл
атқарады.
Сонымен, қазіргі музыка мәдениетінің алдындағы ең ауқымды
істерінің бірі, ұрпақ тәрбиесін халықтық құндылықтар
негізінде жетілдіру керектігін айта келе, тарихи асыл музыкалық
мұраларды біліп, қастерлеп, бүгінгі мен келешегіміздің
нәрлі кезеңіне айналдыру
өмір қажеттілігінен туындап отырған, әрбір музыка
мұғалімнің азаматтық
кәсіби парызы.
Пайдаланылғын әдебиеттер:
1. Х.Елебекова «Ән аманат» –
Алматы «Өнер» 1989.
2. А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» – Алматы «Өнер» 2001.
3. «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» І том – Алматы 1990.
4. «Қазақөнері»
Энциклопедия – Алматы 2002.