Халидуллин Ғизатулла - Тарих ғылымының докторы, профессор

Сейітов Мадяр - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің магистранты

(Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)

 

ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ (ШАМАНИЗМНІҢ) САҚТАЛУ БЕЛГІЛЕРІ

 

Бүгінгі таңда қазақ халқының ежелгі заманда басынан кешірген наным-сенімдермен діни көзқарастарының, ұстамдарының әліде болса ел арасында орын алатынын айтпауға болмайды.

Сол себептен Отандық зерттеушілер осы мәселеге көптеп мән берген.

Көптеген ғалымдар шаманизм өте көне замандарда, таптық қоғамға дейінгі кауымдастыкта пайда болған деген пікірді қостайды. С.А. Токарев: «Шаманизм - айрықша дін формасы, оның мәні - өзін шабытқа келтіру арқылы рухтармен қарым-қатынасқа түсетін қабілеті бар адамдардың қоғамда ерекшеленуі», - дейді. О. Хюльткранцтың пікірінше, шаманизм толық мағынадағы дін емес, діни көзқарастар жүйесінің бір бөлігі, алайда ол кейбір халықтардың діни жүйесінде басым болуы мүмкін. И.А. Крывелев «рух», «анимизм» терминдерінен бас тартуды, оларды «демон» және «полидемонизм» терминдерімен ауыстыруды ұсынды, осы тұрғыда шаманизм, ғалымның көзқарасына сәйкес полидемонизмнің әдет-ғұрыптық жағы ғана. И.С. Вдовин шамандықты зұлымдықпен күресте, көріпкелдікте, болашақты болжауда айқындалатын, басқа діни әдет-ғұрыптарға тәуелсіз көзқарастар комплексі деп қарастырады. Ол шаманизм эволюциясындағы үш кезеңді атап көрсетеді. Алғашқы шамандар тек науқасты емдеумен, көріпкелдікпен, болашақты болжаумен, табиғат күштерін тыныштандырумен айналысады. Келесі кезеңде шамандар кейбір қауымдық діни әдет-ғұрыптарды орындауды узурпациялайды. Соңғы кезеңде барлык қауымдық және отбасылық әдет-ғұрыптар шамандардың жетекшілігімен өтеді [кар. Вдовин И.С. Заключение. Проблемы аборигенов Сибири. - Л.: Наука, 1965. - 267-277 бб.].

        Шамандык дінді жүйелі түрде,  оны  қалыптастырған мәдени жүйемен    бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. «Шамандық дегеніміз, - дейді Шокан - әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және олгендердің рухын қастерлеу, әруағын   ардақтау. ...Шамандық сенім табиғатқа  бас  иеді». Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды. «Шамандар аспан Тәңірі мен  рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған».

       Бақсының зікір салуы адамның тылсымдық дүниесін оятуға бағытталған. Бұл - ішкі шексіз болмыс пен рухани бірігудің тәсілін іздеу. Бұл тәсілді бақсының ойыны деп те қарастыруға болады. Бақсы ойыны кезінде дүниені жаратушы рөлін атқарады, ол айналады, ғарыштық тұлғалық деңгейде қайталайды, мистикалык тұтастану арқылы жақсылық пен жамандықты айырады, зиянды қасиеттерді көшіреді, аластайды, қамап қояды».

Шамандық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір
салардың алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір
нәрсе, шамандық тұқымқуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы
мұраланады. Барлық шамандар өз әулетінде, ата-бабаларының бірінде
осындай қасиет болғандығын айтады.

Қазактар Тәңірді тылсым дейді. Тылсым киелі құпия адам танымынан жоғары, оған ақыл-парасат жетпейді. Философияда тылсым трансценденттілік деп аталады. Тылсым табиғат пен әлемнің шексіздігін де білдіреді.

Тәңірілік тылсым арқылы адам табиғатпен ұштасады, ондағы үйлесімділікті сезінеді, көшпенді дүниені танудан гөрі түсінуге ұмтылады, сөйтіп түсінуді танудан жоғары қояды. Адам өзінің дәрменсіздігін кұдіретті тылсыммен бетпе-бет келгенде сезінеді. Түркілер күллі дүниеге үйлесімділік дарыткан кұдіретті Тәңір деп мойындайды, алайда мойындау мойынсұну емес, себебі Тәңір адамға ерік берген, әлемдік діндердегі осы жалған дүниеде құдайға кұлшылық етсең, жаратушы еңбегіңді ескертіп о дүниеде бейішке барасың деуі Тәңірлікке жүрмейді, Тәңірлік «жазмыштан озмыш» жоқ деп қол қусырып отырғанды да қаламайды, өйткені оған фатализм жат кұбылыс. «Мәңгілік аспан, - дейді Л.Н. Гумилев, тек көмек көрсететін ғана емес, сонымен бірге өзіне сиынушылардан белсенділік танытуды да талап ететін құдай... Тәңірлік дін  адамды  өз  іс-қимылына,   әрекетіне,  пиғыл-ниетіне  есеп  беріп   отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса, түркілер «Тәңір колдады» дейді. Қателік жасап, адасса, «Тәңірім кешіре гөр», - дейді.

Діни наным-сенімдер жалпы дүниемен қатар, билік пен мемлекеттің, билік кұзіретінің пайда болуын да түсіндіреді және оларға тылсымдық сипат береді. Бұл көне заман халықтарының бәріне тән деп айтуға болады. Көне түркілік деректерді зерттеу де осыган дәлел бола алады. Орхон-Енесай жазбаларында ондағы басты кейіпкерлер туралы деректермен қатар, түркілердің діни наным-сенімдері, мемлекеттілігі, мемлекетті басқару тәсілдері, адамгершілік-құқықтық түсініктері туралы да мәліметтер беріледі. Соларға сәйкес аспан мен жер және олардың арасында адамзат жаратылғаннан кейін адамзат қауымындағы билік пен басқару түркі хандарына тапсырылған. Хандар түркі мемлекетінің заңдарын жасады. Ханның басты міндеті - мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету. Бұл жазба мұраның өзегі - билік пен халықтың бірлігі. Билік Тәңірі арқылы беріледі. Тәңір тек ханның ғана емес, бүкіл түркі жүртының қамқоршысы. Қаған Тәңір кұдіретіне сай билік етеді, билікті алған қаған өзінің қол астындағы халық үшін Тәңір алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы керек. Ал түркі халқынан Тәңір қағанға адал болуды және соған қызмет етуді талап етеді. Қағанға жүктелген Тәңірілік биліктің халық тарапынан мойындалуы мен танылуы билікке киелі сипат береді. Көне түркі жазбаларындағы мемлекеттілік, елдік, билік, басқару мен бағыну мәселелері Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында жан-жақты талқыланады. Сондықтан бұл шығарманы көне түркі құқының маңызды ескерткіші ретінде қарастыруға болады. Түркі қағандарының титулында жиі кездесетін «құт» сөзінің мағынасы тек бақыт, молшылық ұғымдарымен шектелмейді. Біздіңше «кул» қуат, күш деген мағынада да қолданылады. Саяси мағынада ол биліктін қуаттылығын, пәрменділігін білдіретін сияқты. Өйткені «кұт» қағанға Тәңірдің құдіреті арқылы дариды. «Құт» сөзінің қазіргі синонимі - «бақ». Алайда кұт қонған адам оны дұрыс танып, жүзеге асыра білуі керек. Қаған үшін құт мемлекет пен халыктың қамын ойлауда, қайткен күнде де мемлекеттілікті нығайтуда, өсіріп-өркендетуде, яғни қаған құтты қолында берік ұстауы керек. Бұл қағаннан қайратты, жігерлі, намысты болумен қатар, білімділікті, парасаттылыкты, әділеттілікті талап етеді. Осының бәрі Тәңірдің аманаты, өсиеті ретінде қабылданады. Қаған елінің қамын ойламаса, елі қағанына бас имесе түркі жұртының берекесі кетеді, іргесі сөгіліп, кұты қашады. Мемлекеттіліктің қажетті алғышарты елдің бірлігі болып табылады. Осы алғышартты жете түсіну көне түркі жұртының саяси-құқықтық санасының жетілгендігі мен өзіндік ерекшелігінің көрінісі болды. Түркі азаматының мұраты - елі мен мемлекетіне қызмет ету. Мұны түркі адамы Тәңір алдындағы парызы деп санайды. Бұл идеяны Жүсіп Баласағүн Оғділміш пен Одғүрміш образдарын салыстыру арқылы жеткізеді. Өзінің ақылы мен парасатын қоғам мен мемлекет ісіне арнаған Оғділміш бала күнгі досы, тақуа Одғүрмішке мемлекеттік баскару жүйесінде лайықты орын алып, ел-жұртына қызмет етуді ұсынады. Бірақ Одғұрміш оның бұл ұсынысын қабыл алмайды, қайта оз өмір салтының басымдылығын мойындатуға талпынады. Тақуалық омірден бас тартпаған Одғұрміш біраз уақыттан  соң дертке шалдығып қайтыс болады.

     Огділміш болса өзінің өмірі мен талантын, күш-жігерін елі мен жеріне, мемлекетіне қызмет етуге жұмсайды. Оғділміштің ұстанымы - көне түркілердің өмірлік фәлсафасы. Адам өмірінің мәні шығармашылық пен еңбекте, өзіңді, қоршаған ортаны Жарық дүниеге айналдыруда. Тәңірлік дінді зерттеуші ғалым М. Аджи: «Түркілер діні тек Далада ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуропа мәдениетінде өз қолтаңбасын қалдырды», - дейді.

Кейіннен ислам дінінің таралып, ислам өркениетінің қалыптасуы барысында Тәңір Аллаһтың синониміне айналады. Исламның таралуы Алтын Орданың тәуелсіз мемлекет ретінде нығаюына және жаңа қалалардың дамуына ықпал етті. Ислам тек қана материалдық мәдениеттің емес, рухани мәдениеттің де, соның ішінде ғылым мен әдебиеттің дамуына жаңа серпін берді. Түркі ғалымдары мен ақындарының, дана ойшылдарының шығармалары ислам өркениетінің ажырамас буыны болып табылады. Жалпы алғанда, ислам Азия, Африка, Еуропа кұрлықтарын қамтыған өркениеттік құбылыс болды. Еуразия даласын мекендеген түркі мемлекеттері бұл өрқениеттік үрдістерден шет кала алмады және кала алмайтын да еді. Ислам діні әртүрлі мәдениеттерді бір өркениеттік ағымға біріктірді. Ислам осы дінді қабылдаған халыктардың мәдениетін жойып жібермей, керісінше, жаңа сатыға көтерді. Қоғам мен мәдениет үнемі қозғалыста, дамуда болатын жүйелер. Түркі мәдениеті мен ислам өркениеті туралы айтқанда олардың бір-бірін толықтырып отырғандығын ескеруіміз керек. Түркілердің түсінігінде Тәңір мен Аллаһ бір жаратушыны білдіреді. Ескі діннің көптеген көріністері ислам канондарына бейімделуге мәжбүр болды. Ал ислам діні өзінің негізгі канондарын нығайтып, бекіту үшін тұрғылықты халыктың наным-сенімдерімен санасты. Қазақ халқының ұлттық санасында бұл екі діни дүниетаным мен кұндылыктардың аражігін ашу, жіктеп бөліп беру мүмкін емес.

 

 

 

Әдебиетттер тізімі:

1.     Вдовин И.С. Заключение. Проблемы аборигенов Сибири. – Л.: Наука, 1965

2.     Ревуненкова Е.В. Народы Малайзии и заподной Индонезии. – М.: Наука