Право/ 5.Уголовное право и
криминология
Берікқожа
С. Қ., «Жаңа-Ру» жастар коалициясының
Президенті, Заң ғылымдарының магистрі
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР
АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕCУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ
ЖАРҚЫН КЕПІЛІ
Жеткіншектердің ерік-жігері
төмен бөлімінің көңіл-күйі мен
сана-сезіміне кері ықпал етіп, оларды жағымсыз қылықтар
жасауға итермелейтін факторлар көп-ақ. Oлардың
барлығын тізбектеп, әрқайсының жасөспірімнің
теріс қылық жасауға қаншалықты деңгейде
ықпал ететіндігін есептеп жатудың қажеті шамалы. Aл, оқушы
жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық
жасаушылықтарын батырлыққа, ерлікке бағалап,
олардың сондай жағымсыз қылықтарды көптеп
жасауына ықпалы көбірек болып отырғаны
бұқаралық ақпарат көздері екені баршамызға
мәлім. Aқпарат құралдары болғанда да, жекеменшік
ақпарат құралдары - тобырлық санаға
арналған басылымдар, лас бейнефильмдер мен қылмыстық
хроникалар көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған
жекеменшік телестудиялар болып отыр. Ал, жасөспірімнің жан
дүниесі нәзік, сезімтал. Естігенін тез қабылдайды.
Cондықтан, телеарналардан үнемі беріліп тұратын қылмыс
хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік
көңілін жаулап алып, олардың санасына қатыгездік пен
жүгенсіздік ұрығын себуде. Социолог Э.Дюргеймнің
пікірімен айтсақ, «тобырлық тұрпайылыққа» бастауда.
Кеңес заманында кезкелген қылмыстық әрекет
баспасөзде жарияланып, пікір-талас туғызатын. Oсындай өткір
қоғамдық пікірден қаймыққан
құқық қорғау органдарының
қызметкерлері әлгі қылмысты тез ашуға ұмтылып,
жан-жақты іздестіру жұмыстарын жандандыратын. Бұл
күндері қаншама ауыр қылмыстар жасалып, ол
қоғамдық пікірді қозғағанымен,
баспасөз бетінде талқыланбақ түгілі, жарияланатын
кездері сирек. Өткен ғасыр-дың 80-жылдары қылмыс
түріне қатысты болмаса да, қоғамдық
тыныштықты бұзатын «хиппилер», «панктар», «металлистер»,
«жылтырбастылар», «мотоциклистер» сияқты бейресми топтардың
жөн-жосықсыз қылықтары баспасөз беттерінде
түрлі пікір-талас туғызып жататын. Яғни, жағымсыз
қылықтарға үйір жасөспірімдердің
тәртібі, мінез-құлқы, тұлға ретінде
қалыптасу мәселелері көпшілікті қатты ойландыратын.
Көп болып олардың жаман жолға түсіп кетпеулеріне
атсалысатын. Қазір «адам адамға жат» деген жаман пиғыл
халық санасына бара-бара сіңіп бара жатқан сыңайлы.
Қылмыс - бұл
«қылмыскердің мемлекеттік немесе қоғамдық
құрылысқа, қандай да болсын меншікке,
азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және
басқа құқықтары мен бостандықтарына
қиянат жасайтын, қоғамға қауіпті іс-әрекет,
сондай-ақ қылмыстық заңда көзделген
құқықтық тәртіпке қиянат жасайтын
қауіпті іс-әрекеті». Oсы тұрғыдан
қарастырғанда, қылмыс қылмыскердің саналы
әрекеті, яғни еркін әрекеті, алға қойған
мақсатын іс жүзіне асыру үшін белгілі бір мақсат
тұрғысынан оны іске асыратын құрал-сайман
әзірлеп, жоспар түзіп, қиянатты іс-қимыл жасауы.
Pеспублика бойынша
соңғы он жылғы статистикалық мәліметтер
кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған
қылмыстың жылдан жылға кеміп келе жатқандығын
көрсетіп отыр. Мысалы, 1998-2005 жылдар аралығында кәмелетке
толмағандар тарапынан жасалған қылмыс республика бойынша
жасалған қылмыстың 12,7 пайызын құраған
болса, бұл көрсеткіш 2006-2008 жылдар аралығында 7,4-6,5
пайызға азайған
Дегенмен, жасөспірімдер
жасаған қылмыстық істерді талдағанымызда, жас
балалардың қылмыстық істерге араласуы
алаңдаушылық тудырады. Ол аздай, қыз балалардың қылмыс
жасауы да күрт өсіп отыр. Олардың арасында
қылмыстық жауапқа
тартылғандары 13 пайызға жетті.
Mемллекет жеткіншектердің
азғындауы алаңдатуының негіздері. Кәмелетке толмағандардың
үйінен ұрыс-керіс, кикілжің арылмайтын отбасылардың
балалары кұрайтыңдығы тағы да жалған емес.
Ұл-кызының қайда, не істеп жүргенін білмейін осындай
ата-аналар есірткіге бой алдырған баласын өз еркімен наркологиялык
емдеу мекемесіне апара ма? Ешқашан апармады.
Cондықтан
кұқық қорғау органдарамен медициналық емдеу
мекемелері амалсыз әлгі жеткіншектің 18 жасқа толуын
күтеді. Осы уақыт аралығында ол есірткіні пайдаланбаса
дірілдеп-қалтырап тұра алмайтын нағыз нашақордың
өзі болып шығады. Hарколог дәрігерлердің пікірінше,
ондай адамды емдеп, қатарға косу мүмкін емес. Aл әлгі
бейбактың кәмелекеттік жасқа толғанша кылмысқа
баратындығы, өз катарына ондаған, тіпті жүздеген
жасөспірімдерді тарта-тыңдығы белгілі. Cоңдықтан
нашақорлыққа бой алдырған жеткіншектердің 18
жасқа толуын күтіп жатпай, оларды мәжбүрлеп емдеу
мәселесін дереу шешкен жөн дегіміз келеді.
Eлімізде есірткі заттарын
дайындау, сақтау, тасымалдау және сату әрекеттеріне тиым
салынған. Өйткені, ауыр қылмыстардың басым бөлігі
осындайдан туындайды. Шалқар аудаңдық ішкі істер бөлімімен
есірткі заттарына қарсы күрес барысывда 68,59 грамм героин, 62 түп марихуана
тәркіленді.
Cонымен катар аудандық
прокуратураның ғимаратында өтетін
құқық корғау органдарының Үйлестіру
Кеңесіңде осы маңызды мәселеге ұдайы назар
аударылыпкеледі.
Eсірткі бизнесімен айналысатын
қылмыстық топтар аса ірі мөлшерде есірткі, псахотроптық
заттарды, прокурсорларды заңсыз айналымға шығарып, пайда табу
үшін жанталаса әрекет жасауда. Cоған орай
кұқық қорғау оргаңдары есіркі заттардың
заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашу, олардың жолын
кесу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табу
жұмыстарын ширата түсуде. Өйткені, есірткі заттарын
тұтынатын адамдардың заңсыз есірткі айналымына тікелей бел
шеше, білек сыбана қатысатьшы байқалады.
Шалқар аудандық
сотында заңсыз есірткі айналымы мен психотроптық заттарға
байланысты 5 адам жөніңде 5 әкімшілік және 2 адам
жөніңде 2 қылмыстық іс қаралды және 2
адамға айыптау үкімі шығарылды. Сотталған
адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу
шарасы тағайындадды.
Тараз қаласынан Ж.Бисенбаев
деген азамат белгісіз адамнан жүйкеге күшті әсер ететін
пакетке оралған 68,63 грамм героинді сатьш алып, заңсыз
сақ-таған, тасымалдаған және оны Шалқар
қаласына алып келген. Бірак ол осы әрекетімен
үзаққа бармай, айғақты есірткі заттарымен
құрықталды. Шалқар аудандық сотының
үкімімен Ж.Бисенбаев ҚР ҚК-нің 259-бабының 2
бөлімімен 3 жьш 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына
кесідді.
Cол сияқты кылмыс жасады деп
сезік келтірген 1999 жылы туылған Б.Шуйншалин деген азамат ұсталды.
Oл Шалқар ауданы Жаңа-Қоңсы селосына қарасты
«Өмір-Темір» қыстағынан бір шақырым жерде
құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған
сора өсімдіктерінің тұкымдарын егіп, еккен жерінің
айналасын сым темірмен қоршап, сол маңнан арнайы суаратын құдық
қазып, оны суарып, күтіп, баптап, 62 дана сора (конопля) есірткі
өсімдігін ірі мөлшерде заңсыз өсірген.
Aлдын ала тергеу амаддарын-да
бұл кылмыстық істің мән-жайы жеткілікті сараланды.
Шалқар аудаңдық сотының үкімімен Б. Шуйншалинге
ҚР ҚК-нің 262-бабының 2 белімі «в» тарма-ғымен 3
жылға бас бостаңдығы-нан айыру жазасы тағайыңдальт,
жазаны етеу түзеу колониясы-ның жалпы режимі деп белгіленді.
Қорыта айтқанда,
бүгінгі таңда жас ұрпақ өзінше ерекше назар
аударуды, тәрбиелеу бағытындағы ықпалды шараларды
үздіксіз жүргізіп отыруды, көмек керсетуді қажет етеді.
«Mемлекетіміздің ең
қымбат қазынасы - адам және оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары. Неке мен отбасы, ана
мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады,
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу
ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп
Ата Заңымызда көрсетілген.
Cебебі, өсіп келе
жатқан жас урпақтың тәрбиелі, білімді азамат болып
өсуінде ата-ананың берер тәрбиесінің маңызы
зор.Үядан үшқан әрбір балаға өмірлік
жолдама беріп, әрбір істе жауапкершілікті сезіндіре алатын
отбасының алатын орны ерекше. Aл ата-аның ажырасуы,
жумыссыздық пен маскүнемдікке салынуы - баланың келешегіне
әсер етіп, кәмелеттік жасқа жетпей-ақ, теріс
қадам басуға жетейлейтіні анық. Жасөспрімдерді
тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат
құралдары да ерекше рөл атқарады. Eң күшті
насихат қүралы саналатын - телеарналарда қатыгездікті
насихаттайтын керсетілімдерді уақыт таңдамай көрсетсе,
көшелер мен дүңгіршектердегі самсап түрған
басылымдар да одан қалыс қалар емес.
Қазақстан
Pеспубликасының 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған
«Қазақстан Республикасындағы баланың
қүқықтары туралы» Занының 37-бабында
«Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі
бүйымдарын сатуға тыйым салынады» деп жазылса да, бүл
талаптың бузылуына жол берушілерді де аратұра кездестіруге болады.
Осы сорақылықтарды көріп, «өнегесіне» сусындаған
жас жеткіншектердің келбеті қандай
болмақ?
AҚШ еліндегі
дүкендерде алкогольді ішімдік пен темекі жасы кәмелетке
толмағандарға сатылмайды. Aл қызын қырық
үйден тиятын, ұлын намысшылдық пен батырлыққа
тәрбиелейтін қазақ жерінде осы мәселе қандай
деңгейде көтеріліп
жүр?
Cебебі, ертенгі еліміздін тізгінін
үстайтын, келешегімізді кемелдендіріп, үлтымыздың атын
сақтап қалатын да осы - үрпақ. Oсы және
басқа да бала қүқығын қорғауға
қаты-сты заңдарда көрсетілген талаптар ез дәрежесінде
орындалып жатыр ма?
Kәмелетке
толмағандардың ісі және олардың
қүқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
жүмыстары өз дәрежесінде емес. Mысалы, республикалық
комиссияның құрамындағы жекелеген лауазым иелері
басқа жұмыстарға ауысып кетсе де, комиссия қүрамы
қайта бекітілмеген. Осындай жағдай Tалдықорған, Өскемен және Қызылорда қаласы әкімияттарында да
орын алған. Сонда жауапты қызметкерлердің
жасөспірімдерді тәрбиелеумен шүғылданбайтыны,
жұмыс жүргізбейтіндігі және олардың тағдырына
деген жауапкершілікті сезінбейтін болғаны ма? Кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстылық пен
құқық бүзушылықтың алдын алу
жұмыстарын жүргізетін негізгі органдардын бірі - ішкі істер
органдары. Aлайда жасөспірімдердін жасаған қылмыстары
өсу үстінде. Оларды тіркеу мен есепке алу да белгіленген талапқа
сай емес. Мысалы, 3 жасеспірім алдынала сөз байласьш, қылмыс жасаса
да полиңия тарапынан ешқандай ықпалды шара қабылданбаған.
Tағы бір көкейде
түрған мәсенің бірімүмкіндігі шектеулі балалардын
қүқықтары мен мудделері қорғалмаи,
оларға тиісті көмектің дүрыс жеткізілмей
отырғандығы. Құрбы-құрдастарына жанарлары
жасқа тола қарайтын мүгедек балаларға протездің,
ата-анасының «балам» дейтін сөзін естуіне септігін титізетін есту
аппаратынын, кішкене болса да қадам басуына себешаі болатын
ортопедиялық аяққиімнін, тағы басқада
әлеуметтік көмектің толығы-мен жеткізілмеуі
анықталды. Hәтижесінде, прокуратура орган-дары тарапынан заң
бүзушылықтарга жол берген кінәлі лауазым иелері жауапкершілікке
тартылып, тиісті шаралар
қабылданды.
Заңгар жазушымыз
М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген
астарлы сөзінде терең мағына жатыр. Ендеше егеменді
еліміздің еркін үландарының тағдырын назардан тыс
қалдырмай, олардың жазатайым жаза баспауын қадағалап,
келешегіміздің тағдырын бүгіннен бағдарлап, зерделеуде
селқостық пен енжарлық танытпағанымыз абзал. Себебі,
бүгінгі жасөспірім - тәуелсіз еліміздің ертеңгі
азаматы, ел қорғаушысы.
Kәмелетке
толмағандарға қатысты қозғалған
қылмыстық істер бойынша алдынала тергеу мен аныктау
заңдылығына прокурорлык кадағалауды ұйымдас-тыру
барысында биыл облыс прокуроры-ның төрағалық етуімен
екі мәрте кұқық қорғау органдарының
үйлестіру кеңесі болып өтті. Онда кәмелетке
толмағандарға қатысты облыстағы құқык
тәртібін нығайтудың алғы шарттарын, прокурорлық
қадағалау пәрменділігін одан әрі карай арттыру туралы
мәселелер көтеріді.
Жасөпірімдер тарапынан
жасалатын қылмыстың себеп-салдарын, олардың отбасы мен
мектептегі тәрбиенің нашарлап кетуінен, тұрмыс-тың
төмеңдігі мен әл-аукаттың нашаршылығынан іздеуге
болады.
Тәрбие берудің негізгі
мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене
балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше.
Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар
тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық
айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше
жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей,
мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның
айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген
кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі
негізгі қағида. Пайғамбарымыз барлық адамзаттан
сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен жақсы
көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл
бөлетіндіктен, әр сахаба өзін «Пайғамбардың ең
жақсы көретін адамы мен шығармын» деген ойға
қалатын. Алайда, Алла Елшісінің балаларға деген мейірімі
тіптен ерекше еді. Төмендегі
«Рафиғ ибн Амр оқиғасы» – осының нақты
дәлелі.
Бірде мәдиналық бір
кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас
лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға
әкелді. Бала – жас та болса Ислам дінін қабылдаған
Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген сыңайда.
Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса, сол сабырлы қалпын сақтады.
«Балапаным, құрма ағашына неге тас лақтырдың?»,-
деп сұрады. Бала: «Қарным қатты ашты. Құрма жегім
келді»,- дегеннен артық сөз айтпады. Мұхаммед (с.а.у.)
балаға: «Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі
құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?»,-деді. Сосын
баланың басынан сипап, оған былай деп дұға жасады: «Уа,
Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра
гөр!»-деді.
Дедектетіп
Пайғамбарымызға әкеле жатқанда бұл бала
қандай үрейді бастан кешті десеңізші?! «Қап,
маған енді не істер екен? Не деп ұрсып, қалай жазалар екен»
деп қатты қорқып келген балаға пайғамбарымыз
«балапаным!» деген жалғыз-ақ ауыз сүйіспеншілікке толы жылы
сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан сипап,
мейірлене қарады.
Баланың қатесін
түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар
екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ жазалаудан бұрын
қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың
әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі, балалар көбіне
жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді.
Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің
пайдасынан зияны басым.
Бала тәрбиесінде
психологтардың пайымдауынша үш кезеңнен тұру
қажет. Ол баланы кішкене кезінде иыққа салып патша
тәрізді, есейе келе құл тәрізді жан-жақты
еңбекке баулу, білім нәрімен сусындау және есейген
шағында онымен досы, әрі құрдасы сынды сырласы да,
мұңдасы болу керек деп тұжырымдаған.
Сонымен қатар, біріншіден
балаға құлақ асу да маңызды. Баланы әуелі
тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі
дүниесін ашып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге
бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап
тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған
себептерді іздемейміз. Дереу өзіне ұрса жөнелеміз.
Жоғарыдағы Рафиғ ибн Амр оқиғасында
пайғамбарымыз оған дереу дүрсе қоя берген жоқ,
«Әй, оңбаған! Біреудің бақшасында нең бар?!
Енді тас лақтырады екенсің көресеңді көрсетем, қолыңды
тура шағам!» деп ұрысқан жоқ. «Неліктен тас
лақтырдың?» деп, онымен тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны
ашқаны, құрма жегісі келгендігі анықталды. Аш
баланың мұндай әрекетке баруы табиғи жағдай екені
сөзсіз. Не істесе де дереу жазалауға жүгірмей, алдымен баланы
сөйлетіп, тыңдай білу қажет.
Балалар балалықпен
қате жасайды. Ал үлкендер болса, олардан үлкен кісінің
істейтін ісін күтеді. Қате жасаса дереу ұрсып, жазғыра
жөнеледі. Көбіне балаларын тыңдауды қажеттілік деп те
ойламайды. Бала болса, өз ісінің қателігін
түсінбегендіктен ата-анасының яки үлкендердің не
үшін ұрысқанын, яки жазалағанын түсінбей дал болады.
Сөйтіп, үлкендер маған жамандық жасады яки ата-анам
мені жақсы көрмейді деген ойға қалады. Міне
сондықтан баланың ішкі дүниесімен сырласпастан, оның
ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін
түсіндірместен оған ұрысу, жазалау дұрыс емес.
Екіншіден балаға балама
нәрсе көрсету. Ата-аналардағы қателіктердің бірі
– баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың
қате қылығын тыйған кезде, орнына басқа бір дұрыс
нәрсені көрсету керек. Олай болмағанда бала баяғы
істеген қателіктеріне қайта басуы, я болмаса қырсық
мінезділікке бейімдеуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен
ойнағысы келгенде, дереу қолынан ыдысты жұлып алғаннан
гөрі «ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна» деп
оған басқа ыдыс беру керек. Үйдің керегелерін
сызғыштап ойнаған баланың қолына дереу басқа бір
дәптер яки қағаз ұстатып: «сызсаң мынаған
сыз», «жүгірсең, мұнда емес ана жерде жүгір»,
«көрсең, бұл фильмді емес ана фильмді көр» деген
секілді баламаларды көрсетуіміз қажет.
Үшіншіден балаға тілек тілеу не бата беру.
Ата-бабамыздан мирас болып кележатқан салт-дәстүрдің
бірі. Дана халқымыз «батамене ел көгерер, жаңбырменен жер
көгерер» деген. Шариғатымызда ата-ананың балаға деген
дұғасы міндетті тұрде қабыл болады делінген тағы
да бар. Ата-ана қашанда баласының тілегін Құдайдан
сұрауы жөн. Бұл барлық ата-ана үшін де
маңызды. Көптеген хадистерде баласының тілеуін тілеген
ата-ана дұғаларының қабыл болатындығы
айтылған.
Халқымыздың сан
ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ,
«Адамның бақыты – балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан
тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап
пен қызметтен іздестіреді. Адамға өмірдегі бақытты –
тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам
ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Олай болса адам өмірінің мәні – өзұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге
келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын,
қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол – бала тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы», деп қазақ
бекер айтпаған. Бала үшін ата-анадан артық тәрбиеші
жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық,
қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты
қасиеттерді балаға жанұяда қалыптастыру керек.
Балаға тәрбие сөзбен, теориямен ғана емес
үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап
ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық
даналығы.
Ата-анабала тәрбиесіндегі
басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де
балаларының жан дүниесіне үңіліп,
мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны
ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен
із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы
қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән
беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты
парызы. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз
бақытымызды бағалай білейік.
Ата-анаға көз
қуаныш
Алдына алған еркесi,
Көңiлiне көп жұбаныш,
Гүлденiп ой өлкесi –
депұлы Абай бала ата-ананың қуанышы, гүлденген
үмiт-арманы екенiн тебiрене жырлап кеткенi бәрiмiзге мәлiм.
Ислам діні отбасыға перзент
бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық
сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ ретінде
қарайды. Ұрпақтың жалғасып, олардың баянды
өсіп-жетілуі ата-анаға тікелей байланысты. Алла тағала
ұрпақтың жалғасуын негізгі бес қасиетті
ұғымдардың қатарына қосып, оның
сақталуына үлкен маңыз артқан. Қасиетті
шаңырақты шайқалтпай негізін қалыптастыратын ең
берік тірек – әке-шеше. Баланың жарқын болашағы мен
бақыты үшін тыным таппай шарқ ұрған
ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан
тауқыметінің қандай болатынын кесіп-пішіп айту аса
қиын. Ислам діні жанұяның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға
ерекше мән берген. Мықты отбасы негізінде баянды қоғам
қалыптасатынын айта отырып, осы күрделі мәселеге
қатысты бұлжымас қағидаларды орнықтырған.
Қазақ отбасында атам
заманнан отағасының орны ерекше болған. Өкінішке орай,
осы бір тамаша үрдіс бүгінгі таңда өз құнын
жоғалтып алды. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Олай
дейтініміз, ерлер ежелден отбасының асыраушысы саналған. «Сананы
тұрмыс билеген» қазіргі қоғамда дәл осы
мәселеде ер-азаматтардың сағы сынып тұр. Бүгінгі
таңда арамызда тірі жетімдер мен жалғыз ілікті аналар көп.
Атам қазақ қай кезде жетімін жат қолына жіберіп еді.
Тіпті, жесірлерін де қара бала қамы үшін
қаңғытпаған. Ал, қазір ше, бәрі керісінше.
Бес баланың екеуі, не үшеуі әкесіз. Алланың жазуымен
жетімдік күйін кешсе де мейлі ғой. Жауапсыздық
құрбанына айналған тірі жетімдер. Әкелерін не бар, не
жоқ деуге дәттері жетпей қыбыжықтаған қара
көздерге қарап жүрегің езіледі.
Көңілдері
жараспаған жандардың ерте ме, кеш пе, әйтеуір ажырасатыны
анық. Солай бола тұра балаларына өз іс-әрекеттерінің
зардабын тарттырмайтын жауапты әкелер, әрі оған
түсіністікпен қарап, әрқашан баласының
әкесінен алшақтамауын ойлап отыратын зерделі аналар жетерлік.
Бірақ бізді ажырасу барысында балаларын қару ретінде пайдаланатын
ата-аналар әрекеті қынжылтады. Баланы кәмелеттік жасқа
жеткенше бағып-қағу – әке-шешеге бірдей міндет.
Өкінішке қарай, бұл міндетті қазіргі заманның
“әкелері” толық сезінбеуде. Жоғарыда айтқан бабадан
балаға жалғасар ер-азаматқа деген оң
көзқарастың төмендеу себебін осыдан іздеуіміз керек. Асқар
таудай әкелер мен ақжүректі аналардың бұл
әрекеттері ертеңгі болашаққа да кері ықпалын
тигізері сөзсіз. Әйтпесе, Алла берген баланың тағдырын
көкпарға салмай, соның келешегі үшін ортақ
мәмілеге келу соншалықты қиын іс емес. Тек оған
ақыл-парасат жетсе болғаны.
Еліміз Женева қаласында
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала
құқықтары жөніндегі комитетінде екі рет есеп
берді. Комитет әзірлеген екінші есеп Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі
комитетінің 45-сессиясында берілді. Аталған сессияда
Қазақстанға берілген ұсыныстарды іске асыру
мақсатында комитет іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ол адам
құқықтары бойынша халықаралық
гуманитарлық құқық және халықаралық
шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып
бекітілді. Осы мақсаттарда Қазақстан Үкіметінің
2007 жылдың 24 мамырындағы №415 қаулысымен Үкімет
жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясы құрылды.
Комитет білім беру органдары
басшыларына, қорғаншылық және
қам¬қоршылық мамандарына тәжірибелік көмек
көрсету мәселелеріне жіті көңіл аударды.
Халықаралық және үкіметтік емес
қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, түрлі форумдар,
конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер,
байқаулар, т.б. өткізеді. Мысалы, балалардың
құқықтары мен заңды мүд¬делерін
қорғау мәселелерін шешудегі Қазақстанның
қол жеткізген жетістіктерін ескере отырып, комитет ЮНИСЕФ-тің
қолдауымен 2006 жылдың желтоқсан айында Орта Азия
мемлекеттері балалардың құқықтарын
қорғау бойынша Бірінші форумды өткізді. Аталған
форумның жұмысына балаларды қорғау мәселелерімен
айналысатын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан
мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың
өкілдері, Ресей, Румыния, Литва және басқа да мемлекеттерден
келген шетелдік қонақтар қатысты. Форумның
қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Конвенциясы
«Мыңжылдық мақсаттар және Балалардың өмір
сүруіне лайықты әлем» тұжырымдамасы негізінде
баланың құқықтарын жүзеге асыру бойынша
Орта Азия елдері арасында ведомствоаралық ынтымақтастық
тетігі жасалды.
Жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұрғын үй құқығын
қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдау үшін
Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет және Ішкі істер
министрліктері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі
мамандандырылған сот, БҰҰ Балалары қоры (ЮНИСЕФ)
өкілдерінің қатысуымен «Жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдары
тәрбиеленушілерінің атына тұрғын үйді бекіту мен сақтаудың
өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық семинар
өткізілді.
Білім және ғылым
министрлігінің Балалар құқықтарын
қорғау комитеті және оның жергілікті органдары
халықаралық және мемлекеттік емес қоғамдық
ұйымдармен бірлесіп, біздің еліміздегі балалардың
жағдайын жақсарту мақсатындағы жұмысын одан
әрі жалғастыра береді.
Барлық
құқық түрлері сияқты баланың жеке
басына қатысты заңның да ерекше тақырып ретінде
қаралуы немесе оның жасөспірім құқығы
мен балаға байланысты мекемелерарасы қатынастар тарихы
жағынан ортаға жаңа шығып келе жатқан
ұғым екені белгілі. Адамзаттың пайда болуынан бастап
өткен әр ғасырда қоғамның балаға
деген көзқарасы да түрлі өзгерістерге
ұшыраған. Сондықтан бала және оның
құқығын қорғау сұрақтарын
мәдениет пен құқықтың даму
сатыларының ішінен зерттеу қажет.
Тарихи қалыптасу барысында
балаға деген игі мен оның қорғау ауқымы
және түрі де өзгеше бір көрініс табады. Бұл
өзгешелік қоршаған ортаның экономикалық,
мәдени және қоғамдық құбылыстармен
байланысты болған. Бұл себептен қоғамның
мақсатына, экономикалық дамуына және мәдени
көзқарастың өзгеруіне тепе тең бала
құқығы түсінігі де өзгеріп отырған.
Әрбір қоғамдық ортам өзіне өзгеше бір
балаларын қорғау мәжбүрлігін туғызатын
түсінік қалыптастырған.
Бала
құқығы белгілі бір
құқықтық ұғым ретінде
адамзаттың алғашқы дінді қабылдау кезеңінен
басталып, балаларға қамқорлық көрсетіле
басталған. Бірақ ол қазіргі кезеңдегі
жасөспірімдер құқығынан өзгеше және
белгілі бір діни ұғымнан аспай қалған.
Жаңа
құқық жүйесінде бала
құқығы негізгі екі принципке сүйенуде.
Олардың біріншісі:
Жасөспірім бір адамзаттың баласы екендігі. Бұл принципке
байланысты балаға адам ретінде қажетті қамқорлық
пен мейірім көрсету.
Екіншісі: Бірлік принципі.
Баланың бір мемлекеттің және қоғамның
айрылмас бөлігі ретінде қарау. Бұл екі принципке байланысты
қазіргі модерн құқықтық системасы баланы
қоғамдық қажеттілік үшін қорғау
түрінде дамуда. Бұл себептен бала қоғамдық
қажеттілік үшін қорғауға алынады және
мемлекет осы бағытта шығарылған заңнамалармен
қамтамасыз етеді. Бала құқығын
қоғамдық қажеттілік үшін қорғау десек
те, кейбір мемлекеттерде, мәселе Германия, Австрия және Франция
сияқты елдерде заңшығарушылар ұлттық
заңдарының ішінде бала мен жасөспірімге байланысты бірнеше
баптар болғанмен, жүйелі түрде шығарылған
заңнамалар жоқ. Ал бұған қарсы Италия, Швецария
және Түркие сияқты мемлекеттер өздерінің
ұлттық заңдарында, соның ішінді азаматтық
кодекстерінде бала мен жасөспірімнің
құқығын толығымен қамтып жазған.
Қазақстан Республикасы Бала құқығы
жөніндегі заңында да баланың міндеттері белгіленіп,
оның құқықтық кепілдігі және
баланың денсаулығын қорғау, жеке басының
бостандығы мен өмірі, қоғамдағы рөлі, жеке
меншік пен білім алу құқығы сияқты негізгі
қағидалар белгіленген.
Баланың бағылып
қағылуына, дамуына, білім алуына және
қоғамдық өмірге қатысу үшін жетілуі
кімнің мойнындағы міндет екендігі, бізді отбасы және мемлекет
атты құрылыммен бетпе бет қоюда. Бірақ, бұл арада
тағы да айта кететін жайт баланың дамуына мемлекетпен
отбасының қосатын үлесі бірдей, өйткені олардың
мақсаты да ортақ. Сондықтан басқа
құқық системаларында сияқты біздің
ұлттық құқығымызда, соның ішіндегі
ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясының
27-ші бабы неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің
қорғауында екендігін көрсеткен. Сонымен бірге жоғарыда
аталған Атазаңымыздың тиісті бабында балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың
етене құқығы әрі мендеті ретінде белгіленген.
Бұл арада тағыда қоса кететін болсақ, мемлекет ата
анамен бірге балаға қамқорлық қамтамасыз ету мен
шетеліп қалмай, олардың міндеттерін керегінше орындау парызын да
жүктеуде, әрі қадағалауда.
Қазіргі таңда
еліміздің Астанасы және Алматы қаласында ювеналдық сот
жұмысын атқаруда. Соттардың белгілі бір салада
мамандандырылуы қоғамдық қажеттіліктен туындап
отырған мәселе. Егер ертеде тек шаруашылықпен айналысып,
даудамайлар жер талабынан аспаса, бүгінгі күні күрделі
қоғамдық және экономикалық қарым
қатынастан туындап отырған істер өндіріске келіп
түсуде. Сондықтан азаматтарға кәсіби қызмет
көрсету үшін, соның ішінде бала
құқығының қорғауды қамтамасыз
ету мақсатында мамандандырылған ювеналдық соттардың
басқа да өңірлерде ашылуы дұрыс басталған
құқықтық саясаттың логикалық
жалғасы болар еді.
Eгемен
Қазақстанымыздың қазіргі кезеңде
ұлттық мәдениеттердің көне үлгілерін заман
талабына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ
тәрбиесіне қолданып, жоғары оқу орындарында
болашақ педпгогтарды дайындау жүйесіне енгізу жаңа
ізденістерді қажет етеді. Демократияның қанат жайып
көркеюінің басты кепілі – құқықтық
мәдениетінің жан-жақты дами түсуі.
Қазіргі біздің
қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және
халықаралық денгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын,
жан-жақты, адамгершілік-этикалық нормаларды меңгерген,
отансүйгіз, патриоттық сезімде тәрбиеленген
ұрпақтар тәрбиелеу.
Құқытық
мәдениетті қалыптастыру-үйлесімді тәрбиені білім
беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие
нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың
құқықтық санасын қалыптастыруда,
олардың қоғам алдындағы жауапкерсілігін арттыруда
қолдану басты іс болып табылады.
Нарықтық
экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне
сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологияларды
өз бойына жинаған жоғары білікті оқушылар даярлау ісі
құқықтық білім беру және
құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.
Cондықтан да қазіргі
кезде құқықтық мәдениеті жоғары
білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек
күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың
қатарында тұр. Жас тәуелсіз мемлекетіміздің алдында
ертеңгі күні айқын, мәдениетті және
тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті тұр.
Mектеп оқушыларының
құқықтық мәдениетін қалырптастыру
мәселелері осы уақытқа дейін зерттеліп келе жатқан
тақырыптардық қатарына жатады. Бұл мәселе
көптеген ғалымдардың ден коюын біз жалпы мектеп
оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру қоғам дамуының
талап-тілектеріне сәйкес өзгеріп отыратын құбылыс
екендігімен түсіндіре аламыз.
Oқушылардың
құқықтық мәдениетін жетілдіру
бағытында атқарып жатқан іс-әрекеттердің
маңызы мен мәнін саралау, оқушылардың
құқықтық мәдениетін қалыптастыруда
құқықтық тәрбиенің атқаратын
рөлі, оқушылардың құқықтық
мәдениетінің қалыптасу құрлымы мен даму
кезеңдері зерттеудің нақты оьектісін айқындайды.
Берілген зерттеу мақсатында
мектеп оқушыларының құқықтық
мәдениетін өмірдің дербес құбылысы есебіндегі,
мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін
көтеру ісіндегі оқушылардың
құқықтық санасының қалыптасуы мен
оған ықпал ететін қозғаушы күшердің
деңгейін анықтау қарастырылған. Мектеп
оқушыларының құқықтық өмірдегі
рухани бастауларын зерттеп-зерделеп, оқушылардың құқықтық
мәдениетін қалыптастыруда салт-дәстүрдің
тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын,
бағыт-бағдарын айқынауымыз керек. Cонымен қатар, мектеп
оқушыларының құқықтық
мәдениетінің астарының негзгі құрамдас
бөліктерін жіктеу, олардың жеке-жеке орнын, өзара байланысын,
қатынасын сарапқа салып, оқушылардың шешендік
өнері мен құқықтық мәдениет
арасындағы тамырластың төркініне көз жүгіртуіміз
қажет.бұдан басқа да көптеген атқарылатын
іс-шаралар бар. Мысалға, мектеп оқушыларында
құқықтық мәдениетті қалыптастырудың
нысандары мен әдіс-тәсілдерін саралап, мектеп
оқушыларының құқықтық
сана-сезімінің қалыптастыруына ықпал ететін факторларды
айқындап, зерделеуіміздің қажеттілігі бар.
Балалардың
құқығын қамтамасыз етуді міндеттейтін
халықаралық құжаттар бар.
Қазақстанның халықаралық ұйымдардың
дербес мүшесі болғандықтан халықаралық
құжаттарда бекітілген құқықтарды
орындауға міндетті.
Құқықтық
білімнің негізін мектепте тек жалаң сөз арқылы емес,
баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты
әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың
ғылыми зерттеу орталықтары тәрізді жұмыстар жоқ.
Жартылай орта мектептерде 5-8 сыныптарда «Құқық
негіздері» пәнін енгізіп, онда балалардың санасына мемлекет,
заң, әділеттік, тәртіптілік,
құқықтық жауапкершілік, әлеуметтік
теңдік, жоғары азаматтық сезімдер туралы қалыптаса
бастаған пікірлер мен ұстанымдарды одан әрі тереңдете
түсу қажет. 9 сыныпта Қазақстан Pеспубликасының
Конституциясы туралы сабақ жүргізіледі. 10-11 сыныптарда
құқықтың негізгі салалары туалы бастапқы
мәліметтер беру керектігі көзделген. Сөйтіп мектеп
қабырғасында құқықтық білім
берудің өзіндік жүйесін қалыптастыруда. Бұл
әрине қуантарлық жайт. Оқушы 1-сыныптан бастап
2-сыныпқа дейін құқықтық
ұғымдармен танысып, олардың мәнін терең
түсінбесе де, сондай ұғымдар, заңдар бар екенін біліп
жүреді. Мұның өзі үлкен жетістік.
Әрине, қазіргі
уақытта құқық пәнінен кез-келген бос
мұғалім өткізіп жүр. Бұл дұрыс үлгі
емес. Кез-келген жақсы бастама, бағдарлама әкеп іске асыратын
кәсіптік дайындығы бар, өз ісіне жетік біліктімаман болмаса
орындалмай қауы мүмкін. Mектеп жұмысына жауап беретін
департаменттің бастапқы міндетін құқық
пәнін оқытатын мамандарды жұмысқа тарту. Оларға
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Құқық әліппесін әрбір оқушының
санасына жеткізу оңай емес. Ол үшін құқық
туралы теорияның білімдерімен қатар баланы қызықтыра
алатын әртүрлі тәсілдерді ойлап таба алатын біліктілік жажет.
Aдамның жалпы
мәдениеті мен оның құқықтық
мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар.
Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың
рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік
ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да
құқықтық тәрбиенің адамгершілікті адам
тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде
қарастырамыз.
Қоғамды қайта
құру кезеңінде құқықтық
мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу
ерекше орын алады. Бұл жұмыс
нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету
үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп олардың жеке
адамдарға және қоғамға қандай зиян
келтіретін білу керек.
Күнделікті өмірде
көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол
құбылыстарға қатынастардың көмескелігі,
бағалаудың нақты болмауы олармен күресті
қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе
топ болып төбелесу көп кездсетін жай. Нәтижесі кейде
қайғылы уақиғаларға да душар етеді.
Oқушылардың
құқықтық мәдениеті – жалпы
құқықтық мәдениеттің
құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп
оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру, өркендету, сақтау, дамыту,
тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық
қатынастарды дәріптеуге тәрбиелеу. Oқушылардың
құқықтық мәдениетін қалыптастыру
үшін ұрпақты тәрбиелеп шығаруымыз қажет.
Мектеп оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру үшін азамат жасайтын және
адамдардың рухани қазеттіліктері мен мүдделері
қанағаттандыруға бағытталған материалдық
және рухани құндылықтардың жиынтығын
әрбір оқушы санасына жеткізу қажет.
Oқушылардың
құқықтық мәдениетін көтеру
болашақ еліміздің стратегиялық маңызы бар қызмет
бағыттарының біріне құрап отыр. Бұл қазіргі
кезде елімізде құқықтық, демократиялық,
зиялы қоғам орнату бағытында өте үлкен маңыз
алуда. Cондықтан да демократияның өзі – адамның
ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті. Oлай болса
еліміздің алдында жас ұрпақ тәлім-тәрбиесі мен
құқық тарапынан жүйелі, ғылыми негізде
концептуалық бағдарламалар қажет.
Mектеп оқушыларының
құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі
өте күрделі мәселелерді шешуде жаңаша ойланыстарды
талап етуде. Демек оқушылардың құқықтық
мәдениетін қалыптастыруға байланысты, әлемдік денгейде,
өркениетті негіздегі тәрбиелік, үлгі-насихаттық
іс-шаралар қоғамының әлеуметтік-экономикалық даму
бағытында туындайтын өзгерістерді тез сезіп, білім-тәрбие
беру ғаламдық мәні бар мәселелерге бейімдеуге
ыңғайланып отыруы қажет. Oнсыз мектеп
оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру ісі өз дәрежесінде нетижесін
бермейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДИБЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының
Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.-Алматы:
Жеті Жарғы, 1995.
2. Минимальные стандартные правила ООН,
касающиеся отправления правосудия в отношении несовершеннолетних от 29 ноября
1985 г.
3.Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1 қаңтар
1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
4. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі 1 қаңтар 1998 ж.-Алматы: Жеті
Жарғы, 1998.
5.
БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенция.
20 қараша 1989 ж. – Алматы: Юрист, 2009