түрлі
нысандағы меншік иесіне тиесілі тұрғын үйлерге
қол сұғушылықтың алдын алудың
құқықтық аспектілері
Кындыбаева
Р. Р.
Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ-нің
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Утегенова
Г.А.
Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ-нің
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2014
жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына
Жолдауында «Қазақстан әлемде
адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы
елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен
тұрақтылық, әділ сот және тиімді
құқық тәртібі дегеніміз – дамыған
елдің негізі» деп көрсеткен болатын [1]. Осыған орай,
азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын құқыққа қайшы
әрекеттерден қорғаудың ерекше маңыздылығы
көрінеді.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының
25-бап 1-тармағына сәйкес «тұрғын үйге қол
сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз
тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын
үйге басып кiруге, оны тексеруге және тiнтуге заңмен
белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi» [2].
Революцияға
дейінгі кезеңде Қазақстан территориясында қазақ
патриархалды-құқықтық қоғамында
қалыптасқан
қылмыстық-құқықтық нормалар
қолданылды. Тұрғын үйге қол сұғылмау
институты қазақ әдет-ғұрып нормаларында қарастырылмады
десе де болады. Ұрлық және тонау сияқты мүліктік
қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік
белгілейтін ережелердің тұрғын үйге қол сұғылмау
құқығына жанама қатысы болды. Қазақ
әдет-ғұрып нормалары бойынша сыртта тұрған
мүліктен гөрі үй ішінде тұрған
бөтеннің мүлік ұрлау неғұрлым ауыр
қылмыс болып есептелген. Тонаудың бір түрі ретінде
бөтеннің үйіне баса-көктеп кіріп, меншік иесінен
күштеп тартып алу әрекеті көрсетілген. Бұл жерде
тұрғын үйге қол сұғу жеке қылмыс
емес, ұрлық пен тонауды саралаудағы шарт болып
саналған.
Сонымен
қатар үй иесінің рұқсатынсыз бөтеннің
киіз үйіне кіру абыройына нұқсан келтірудің бір
түрі ретінде есептелген. Сондай-ақ қылмыстың киіз
үйде жасалуы жаза тағайындауда кінәні ауырлалатын
мән-жайларға жатқан.
Қазақтардың
әдет-ғұрып құқығы бойынша
тұрғын үйге заңсыз басып кіру ұрлық, тонау
және абыройына нұқсан келтіру қылмыстарының
саралаушы құрамы ретінде қарастырылған және
аталған қылмыстарды жасаған тұлғалардың
жауапкершілігін ауырлататын мән-жайларға жатқызылған.
Қазақстанның
Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін қазақ
әдет-ғұрып нормаларының күші біртінден шектелді
немесе мүлде тоқтатылды. Орыс қылмыстық құқық
нормалары кеңінен тарала бастады. Оған қазақ
қоғамында орын алып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер себеп болды.
Ресейде
тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты
бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік ХІХ
ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. Қазақ
әдет-ғұрып нормаларына қарағанда
революцияға дейінгі орыс қылмыстық заңнамасында
тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты
бұзу қылмыстық-құқықтықтың
дербес объектісі ретінде қарастырылған.
Кеңестік
билік алғашқы кезеңдерде жұмысшы-шаруа табының
тұрғын үйіне қол сұқпау
құқығын мойындалды, сондай-ақ Кеңестік
мемлекет дипломатиялық өкілдер мен дипломатиялық
палатаның мүшелерінің де табының тұрғын
үйге қол сұқпау құқығын бекітіп
берді.
Заңдылық
қағидасын бұзу болып табылатын қылмыстық
әрекетті қате сарлауды болдырмас үшін, «тұрғын
үйге заңсыз басып кіру» түсінігіне заңды талдау жасау
керек. Тұрғынжай дегеніміз - тұрақты тұруға
арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген
техникалық, санитариялық және басқа да міндетті
талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара
тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы
бөлме). Тұрғынжайға заңсыз басып кіру –
басқа бір тұлғаның ешбір
құқықтық негізсіз, онда тұратын
адамдардың еркінен тыс, кез-келген әдіспен үйге кіруі болып
табылады. Ол ашық немесе құпия түрде, сондай-ақ
тұрғын үйде тұратын адамдардың қарсылығымен
немесе қарсылығынсыз жүзеге асуы мүмкін.
1997 жылғы 16
сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын
үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабымен
айқындалған «тұрғын жай», «тұрғын
үй», «тұрғын үй-жай», «жатақхана»,
«қызметтік тұрғын үй» және «қызметтік
тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй»
түсініктеріне жасалған талдау түрлі нысандағы меншік
иесіне тиесілі тұрғын үйлер пайдалану мерзімі бойынша
тұрақты және уақытша болатынын көрсетті. Алайда
заңда көрсетілген тұрғын үй
түсінігінің мазмұнында оған көңіл
бөлінбеген және тұрақты тұруға
арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген
техникалық, санитариялық және басқа да міндетті
талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі деп
көрсеткен [3].
Тұрғын
үй заңнамасында қолданылатын «тұрғын үй»,
«тұрғын үй-жай» түсініктеріне талдау жасау арқылы
тұрғын үй-жайға тұрғын үй ретінде пайдаланылатын
жеке тұрғын үй бірлігі болып табылатын пәтер ғана
жататынын анықтадық. Тиісінше, «тұрғын үй»
түсінігі «тұрғын үй-жай» түсінігіне
қарағанда кем ұғым болып табылады. Азаматтардың
тұрғын үйге онда тұрып жатқан адамдардың
еркінен тыс құқыққа сай кіруін реттейтін әр
түрлі нормативтік құқықтық актілерде «кіру»
термині қолданылады.
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінің 149-бабында
кінәнің тек қасақана кінә нысаны
қарастырылған. Бұл жерде кінә тұрғын
үйге онда тұрып жатқан адамның еркінен тыс басып кіруге
бағытталған кінәлі тұлғаның тікелей ниетті
әрекетінен көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінің 149-бабының
2-тармағында «күш қолдану» мен «күш қолданамын
деп қорқытуды» тонау, қарақшылық және
өзше де қылмыс құрамдарына қатысты
қолданылатын адам өмірі мен денсаулығына қауіптілік
деңгейіне қарай күш қолданудың белсенділік
деңгейіне қарай талдамаған. «Күш қолдану» мен
өмір мен денсаулыққа қаупі жоқ «күш
қолданамын деп қорқытуды» бір деңгейге қою
қате болып табылады. Ол аталған әрекетті дұрыс
сараламауға әкелуі мүмкін. Тұрғын үйге
заңсыз басып кіру барысында күш қолдануға бөлек,
күш қолданамын деп қорқытуға бөлек
қылмыстық жауапкершілік тағайындаған жөн.
Қазақстанда
тұрғынжайларға қол
сұғушылықтың
алдын алу үшін оның себептері мен шарттарына жалпы
әлеуметтік және арнайы криминологиялық шараларды өзара
байланыстыра отырып әрекет ету арқылы мақсатты әсер
етуді мемлекеттік деңгейде қолға алынып, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
құқыққа қайшы әрекеттерден
қорғалуы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2
Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Юрист,
2014.
3 Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Тұрғын
үй қатынастары туралы Заңы. (2014.01.13. берілген
өзгерістер мен толықтырулармен).