С.Р. Ермухаметова
аль-Фараби
атындағы ҚазҰУ-ң заң факультетінің
азаматтық құқық және азаматтық іс
жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының
доценті, Алматы қаласы, Қазақстан.
e-mail:saulehan11r@mail.ru
Сисенова Ш.
Заң факультетінің
азаматтық құқық және азаматтық іс
жүргізу, еңбек құқығы
кафедрасының магистранты
Қосылу шарттарындағы тараптардың
құқықтық жағдайы
Ғылыми
жұмыстың мақсатына
сәйкес қосылу
шарттарындағы тараптардың құқықтық
жағдайына талдау жүргізілді.
Зерттеу барысында қосылу
шарттарының жасалуының ерекшеліктеріне қарай
тараптардың құқықтық жағдайы
салыстырмалы талданады.
Негізгі
сөздер: қосылу
шарты, жария шарт, шарт нысаны, жауапкершілік.
Ermuhametova S.R. Sissenova.
Sh.
Keywords: a contract of adhesion, a public contract,
a contract form, responsibility.
Резюме. В стaтье рaссматриваются
вопросы правового положения сторон договора присоединения. В ходе исследовании
рассматривается соотношение договора присоедениния с другими
гражданско-правовыми договорами.
Ключевые
слова: договор присоединения, публичный договор, форма договора,
ответственность.
Ключевые слова: гражданское судопроизводство, судебная
защита, публичные правоотношения, административное правоотношение.
Шарттар азаматтық
құқықтық қатынатардың пайда болуы,
өзгеруі және тоқтатылуының негізі бола отырып,
нарықтық экономика жағдайында маңыздылығын
күшейтуде. Шарттардың сан алуан түрлілігі олардың
азаматтық айналымда субъектілердің шарт жасау кезіндегі шарт жасау
нысаны мен ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы
азаматтық құқықтық шарттар жүйесінде
қосылу шарты азаматтық құқықтық
шарт ретінде өзіндік ролі мен
орны бар. Қазақстандағы саяси және әлеуметтік
реформалар құқық жүйесінің өзгеруіне және
экономикалық қызметтердің еркіндігінің заңда
бекітілуін қажет етті. Дербестікке, жеке бастамашылыққа
негізделген жаңа экономикалық қатынастар азаматтық
айналымдағы шарттардың маңызының көтерілуіне
ықпал етті.
Нарықтық
экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа
қатынастар туындауда, оларды
шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың
екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды
реттеуге болады.
Азаматтық
құқықтың жалпы бастауына негізделген ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта
болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл
қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын
өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.
Азаматтық
кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу
жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге
тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір
қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын
жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға
қатысушылардың құқығы бүтіндей салады
және соған сәйкес шарттың қатынастардың
жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары
кепілді қорғалады.
Экономикалық реалдар, ғылым
мен техниканың тез дамуы, өнімнің көп шығарылуы
және стандартты тауарлар мен қызметтердің қолданылуы
шарттардың табиғатына жаңаша қарауды қажет етті
және жаңа азаматтық-құқықтық
шарттардың заңды түрде бекітілуін қажет етті.
Азаматтық құқықтағы
осындай жаңалықтардың бірі қосылу шарттарының
құқықтық реттелуі. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес,
ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты
нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған
шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт
қосылу шарты деп қарастырылған.
Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан заңына сәйкес, салымшының жеке
зейнетақы шотын ашу туралы өтініші негізінде бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке
тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін
Орталыққа электронды хабарлама
жібереді.
Жалпы қосылу шарты өзінің жасалу
процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер
әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса,
қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты
формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа
ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт
қосылу шартынан жай шартқа айналады.
Негізінен, қосылу шарты экономиканың
әртүрлі салаларына таралды, соның ішінде электр және
жылу қуатын, газды және коммуналдық
кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы
шарттарды, көлік ұйымдарымен жасалатын шарттар.
Кей жағдайларда көптеген жария шарттар, бір
жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты
пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария
шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт
жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк
ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа
қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады.
Бұл шарт негізі шартқа қосылушы тарапты
қорғауға бағытталған. Азаматтық
кодекстің 389-бабында
қосылушы тараптың шартты бұзуға
құқы бекітілген.
Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға
қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады,
ақылға қонымды принцип жайында АК-ның 8-бабын негізге
алуға болады.
Қосылу шарты арқылы шарттарды
жасау шарттық қатынастардың рәсімделу
процедурасының жеңілдетілуіне мүмкіндік береді.
Дегенмен мұндай жағдайда
шартты жасау кезінде контрагенттердің теңсіздігі байқалады,
себебі екінші тарап шарттың мазмұнын талқылай алмайды, тек
қосылады немесе оны жасаудан бас тартады. Бұл шарттарда белсенді
тарап өзінің жеке тәуекелдерін ұсына отырып, ол
талаптарды шарттың формулярында анықтайды, өзінің
үстем жағдайын паайдалана отырып, шарт бұзылған
жағдайдағы жауапкершілігін шектеп қояды.
Қазіргі кезде қосылу шарты
кәсіпкерлік аясында көп қолданылады. Бұл көбінесе
жолаушыларды тасымалдау, байланыс қызметтерін көрсету,
сақтандыру шарттары, банк қызметі бойынша қолданылады.
Қосылу шарттарын
құқықтық реттеу кезіндегі
заңнамалардың жетіспеушілігін немесе кемшілік тұстары ретінде
қосылу шартарына бір тарап ретінде тұтынушының
қатысугның мәселелерінің қарастырылмауы да
жатады.
Сондықтан
қосылу шарттарының теоретикалық ережелерін өңдеу
әлсіз тараптардың мүдделерін қорғаудың
бірден-бір негізі болар еді.
Негізінен қосылу шарттарының
анықтаушы белгілеріне жолданатын офертаның стандарттық нысаны
болып табылады. Бұл қосылу ұсынылған стандартың
талаптарына тұтастай қосылуды қарастырады. Сонымен қатар
қосылу шарттары жазбаша нысанда жасалады. Формуляр шарттық
міндеттемелердің нақты түрі мен талаптары
қарастырылған шарттың стандарттық нысаны және
шарттың бір тарапымен немесе үшінші тұлғалармен
өңделген үлгілік, стандарттық құжат.
Тараптар қосылу
шарттарын жасаған кезде ұсынылған формулярдың бір
немесе бірнеше талаптарын келіскен жағдайда, шартты өзгерту
және бұзу туралы жалпы нормалар тараптардың келісілген
бөлігіне қатысты ғана қолданылады. Егерде тараптар
келіссөзсіз тұтастай қосылған жағдайда бұл тарапты осындай шарттар бойынша
берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе
мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың
жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап
үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың
талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып
тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды
түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ
қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты
бұзуды талап етуге құқылы.
Қосылу шарттары
арқылы шарттарды жасау еріктің автономдығы немесе шарт
еркіндігіне қатысты болғандықтан, шарттың мазмұны
тараптардың біреуімен анықталады, ал қалған
бөлігі тек талқылануы мүмкін еместігімен ғана емес,
таңдау құқығы да берілмейді.
Дегенмен қосылу шарттары контрагенттің
құқықтарын бұзуға бағытталмайды,
құқықбұзушылық тек өзінің
құқықтарын шамадан тыс пайдалану кезінде орын алады.
Себебі қосылу шарттарында көбінесе шарттың ережелерін
біржақты анықтауға басымдылық орын алады.
Біз қарастырғандай қосылу
шарттары әдеттегі шарттардай шарт еркіндігі және тараптардың
теңдігі қағидасы қосылған тарапқа
қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ, сондықтан
заңшығарушы алдында қосылған тараптың
құқығын қорғау мәселесі тұр.
Бұл жерде әлсіз тараптың құқықтары
қорғаудан бас тартылуы мүмкін, егерде шарттың
талаптарын ұсынған тарап шарттағы стандарттық ережелер
туралы ескерткен жағдайда және шартты жасау кезінде шарт
ережелерімен танысуға мүмкіндік берген жағдайда.
Азаматтық кодексие қарастыстырылғандай
ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты
нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған
шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт
қосылу шарты бойынша заңнама формулярлар немесе өзге
стандартты деген нысанды қарастырмайды.
Басқа мемлекеттерді ңтәжірибесі
көрсетіп отырғандай, формулярлардағы екінші тараптың
құқығын шектейтін немесе бұзатын ережелер сот
және басқа да уәкілетті органдар тарапынан
қадағаланып отырады. Сондықтан мұндай
қорғау механизмін жүзеге асыру мүмкін, егерде
нормативтік актілерде шарттың формулярларын уәкілетті органдарда
келісуін міндеттейтін нормаларды енгізу арқылы.
Қосылу шартын енгізудің негізгі мақсаттары
біріншіден, «монополияға қарсы» нормаларды дамыту, екіншіден,
шартты жасау кезіндегі таңдау құқығының
болмауы. Үшіншіден, трансакциондық
шығындар, яғни шарт жасаумен байланысты
шығындар. Көптеген ғалымдардың айтуынша қосылу
шарттарының басқа шарттардан басты айырмашылығышартты жасау
тәсілінде.
Қосылу шарттарын жеке санатқа
бөліп шығарудың негізі де шарттың ережелерін
анықтау еркіндігінде. Сонымен қатар қосылу шарттарында
субъективтік құрам шектелмегендігімен анықталады, бұл
жерде жария шарттардың субъективтік құрамынмен
салыстыруға болады. Қосылу шарттарын пайдаланған кезде
шарттық жұмыстардың техникасы келіспеушілік хаттамаларын
жасау, шарттың ережелерін талқылау сияқты тәсілдерді
қарастырмайды. Негізінен, қосылу шарттары бөлек
құжатты жасамай ақ жасалуы мүмкін. Ол жария оферта
жолымен жасалуы мүмкін. Мысалы,
үлгі бойынша тауарды сату, каталог немесе интернет-дүкендер
арқылы сату, автоматтарды пайдалану арқылы сату.
Біз қорыта келе, қосылу шартыңда
қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге
құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт
бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны
үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген нормаларды ескере
отырып, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар екендігін
қарастыра келе, ол - қосылған жақтың
кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін
шартқа қосылуын атап өтеміз. Егер кәсіпкер шарт
тараптарының қандай екендігін білмеген болса және білуге тиіс
болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын
қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте
қиын, тіптен мүмкін емес.
Азаматтық кодекс нормаларына
сәйкес, егер қосылу шарты заңдарға қайшы
келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн
құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi
бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн
жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда
анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге
қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң
ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала
отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа
қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге
құқылы. Бұл шарттың
түрін құқықтық бекіту қажеттілігі
кәсіпкерлік үлгілік және стандарттық шарттарды
пайдалану азаматтық айналым субъектілерінің арасындағы
шаруашылық байланыстарды дамыту және шарттардың әрекет
етуінің мерзімін ұлғайту үшін қажет.
Сонымен,
қосылу шарттары әдеттегі шарттардай шарт еркіндігі
және тараптардың теңдігі қағидасы
қосылған тарапқа қорғауды қамтамасыз етуге
мүмкіндігі жоқ.
Сондықтан заңшығарушы алдында қосылған
тараптың құқығын қорғау
мәселесі тұр. Бұл жерде әлсіз тараптың
құқықтары қорғаудан бас тартылуы
мүмкін, егерде шарттың талаптарын ұсынған тарап екінші
тарапқа шарттағы стандарттық ережелер туралы ескерткен
жағдайда және шартты жасау кезінде шарт ережелерімен танысуға
мүмкіндік берген жағдайда.
Дей тұрғанмен қосылу
шарттарының қолданылу тәжірибесі болуы тиіс және
қосылу шарттары негізінде жасалатын шарттар тізбесі аталған бапта
қарастырылғаны дұрыс болар еді.
Сот
шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша
жүргізіледі. АК-ның 401-бабының 2-тармағында шартты
бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі — шарттың
едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың
бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт
артуға құқылы болғанынан едәуір
дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы.
Мысалы тапсырыс беруші шарт жасасқан кезде құрылыс
объектісінің уақтылы және сапалы
тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ
мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізгенде жобаның
өрескел бұзылуына жол берген.
Шарттардың
кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын
нақты бұзушылықтар белгіленген.
Мысалы,
АК-ның 476-бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін
кемшілігі бар сапасыз тауарлар жеткізіліп, ол кемшіліктерді сатып алушы
үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері
неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше
қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады.
Екінші жағдай — АК-да, басқа заң актілерінде немесе шартта
мұндай жағдайларды белгілеуге мүмкіндік беру. Мысал ретінде
АК-ның 389-бабының 2-тармағын келтіруге болады, онда шарт
ережесінде өзіне залал келетін баптар болса қосылған
тараптың шартты бұзуды талап ету құқығы
көзделген.
Заключение.Conclusion.
Қорытынды. Жоғарыда атап
өткеніміздей, қосылу
шарттарын жасау кезінде екінші тарап шарттың мазмұнын
талқылай алмауына қарай контрагенттердің теңсіздігі
байқалады. Себебі, белсенді тарап
өзінің жеке тәуекелдерін ұсына отырып, ол талаптарды
шарттың формулярында анықтайды, өзінің үстем
жағдайын паайдалана отырып, шарт бұзылған
жағдайдағы жауапкершілігін шектеп қояды. Сондықтан
қосылу шарттарының негізгі құқықтық
табиғатын анықтау қажет және тәжірибеде
аталған шарттың мазмұнының және мәнінің
толық қалыптаспауына байланысты қосылу шартын
құқықтық реттеу қажет едеген
қорытындыға келеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
Жалпы және ерекше бөлім.//zakon.kz
2. Брагинский М.И. Витрянский В.В. Договорное право. Книга вторая:
Договоры о передаче имущества. М.: Статут, 2000. - 800 с.
3. Витрянский В.В. Новые типы гражданско-правовых договоров //
Закон. -1995. №6. - С. 91-93.
References:
1. The Civil Code of the Republic of
Kazakhstan .// zakon.kz
2.Braginskii M.I.Dogobornoe pravo. Dogovori o
peredashe imushestva.M.Statyt, 2000-800p.
3. Bitrianskii B.B. Nobie tip
gragdansko-prabobix dogovorov//Zakon.-1995 №6.-P.91-93
Авторлар туралы
мәліметтер:
Ермухаметова
С.Р. - аль-Фараби атындағы
ҚазҰУ-ң заң факультетінің азаматтық
құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының доценті, Алматы
қаласы, Қазақстан.
Сисенова Ш.-Заң
факультетінің азаматтық құқық және
азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы
кафедрасының магистранты