Бастауыш сынып мұғалімі Кенжешова Г.А.

Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназиясы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дарынды балаларда әлдекімдер байқамағанды сезу, көру қабілетінің басым болуы заңды. Сонымен қатар, әзіл-оспақ қабілеттілігі дарынды балаларда ерте кезінен қалыптасады. Бұл дарындылықтың негізі және психологиялық қорғау механизмі. Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі – мектептегі оқу кезінде кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды бала туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, «орта» қабілетті бала мектепте мақталады да «ақылды» балаға сенімсіздік жасалады. Оның қабілеті көп жағдайда ескерілмейді. Соның салдарынан дарынды балалар ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай ықпалының нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды. Сөйтіп,  өз деңгейінде дамып жетілмей,  шектеледі. Бұл жерде дарынды балаларды таңдап, олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірде дұрыс бағдар бере білуіміз қажет. [1; 25].

Дарындылықтың жиі байқалатын түрі – бұл ерте сөйлеу мен үлкен сөздік қор. Сонымен қатар, айрықша байқампаздық, айналаға қызығушылық және есте сақтау қабілетінің ерекше жетілуі. Дарындылықтың бұлай ерте байқалуы үздік ақыл – ой қабілетін білдіреді [1; 43]. Тіпті дарынды балалардың барлығы дерлік нәресте кезінде ата-аналарын өз талантымен таң қалдыра бермейді.   Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен абстрактылы ойлауға негізделген есте сақтауы жақсы жетілген. Олар топтастыру қабілеті, мәлімет пен тәжірибені категориялауда алынған білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады. Олардың топтастыру мен шешімге бейімділігі, дарынды балалардың  сүйікті ісі - коллекция жинау мысал бола алады.Балаларға өз коллекциясын жүйелеп жинау мен  қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледі, бірақ әсемдеу, тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды. Ал,талантқа талдау жасасақ, дарындылықтың жоғары деңгейі; ол қызмет өнімін алуға рұқсат етеді. Данышпандық – бұл дарындылықтың жоғарғы деңгейі (талант). Қызметтің белгілі бір сферасындағы принципальды ілгері жылжуды жүзеге асырады.

Талантқа қалай көмектесу керек?

Егер сирек кездесетін музыкалық, спорттық, көркем өнер және бишілік қабілеті балада 6-7 жасында пайда болса, онда ата-анасына барлығы түсінікті. Онда мақсатқа бағытталған жақсы педагогтар, жаттықтырушылар және хореографтар айналысуы, еңбектеніп және нәтижеге жетуі керек. Ал, егер бала «бәріне бірдей» әуестеніп біресе анаған, біресе мынаған жүгіріп теннис секциясынан би студиясына ауысып өзін-өзі таба алмаса не істейміз? Құр қол отырмаймыз ғой. Балаға қалай көмектесуіміз керек?

Оған сіздің көмегіңіз неге әуестенетінін таңдауда қажет болады. Баламен оның әуестенгендерінің әр қырынан қызығушылығы туралы әңгімелесіңіз және олардың біреуіне тоқтауына көмектесіңіз. Мүмкін, сіздің балаңызға басқа қасиеттерінен көмек қажет шығар?  Қалай таңдау жасауын білмей, мүмкін өзін сенімсіз сезінуі? Тіпті, ол ауыр, іш пыстыратын шеберліксіз орындай алмайтын күнделікті жұмысты орындауға еңбектене алмайды. Балаға жеке тұлғалыққа қалыптастыратын жақсы қасиеттермен көмектессеңіз. Шыдамды болыңыз және талантты іздеу сіздің өміріңіздің мағынасы болмауы керек екенін есте ұстаңыз. Баланы шынайы сүйіңіз және онан ерекше қабілетті іздеп тағатсызданбаңыз. Болмаса бала сізге оның өзі емес, таланты керек екен деп сезінуі мүмкін. Егер қалыпты жағдайда ақыл-ой дамуы тез дамыса, онда сол және басқа іс- әрекетте жетістігінде дарынды деп атауға болады. Балалармен қарым-қатынаста бала қасиеті өзінің болашақ мүмкіндіктеріне шынымен кепіл бола алса, бірақ, ондай балаларды анықтау психологияда күрделі және нашар шешілген мәселе болып табылады. Бала кезінде көрінетін дарындылықты бағалау өте қиын [3 ].

Психологтар баладағы ерекшелікті анықтау үшін көп нәрсе жасай алады, оның ерекше мүмкіндіктері оны зерттеу кезеңінде, бірақ, оның қайсы ерекшеліктерін сақтауға, дамытуға, өз көмегін көрсетуге, ары жалғастыруға болжам жасауға – бұл аз [4 ].

Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» - бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуальды жоғары сатысымен, шығармалық потенциалымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.

          Әдебиеттер:

1.     Волков И. П. Много ли школе талантов? – М., 1989. – 358 б.

2.     Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. – М.: Просвещение, 1991. – 92 б.

3.     Даумов Ғ.Н. Дарындылармен жеке жүмыстарды үйымдастыру. Дарын 2004   №3.

4.     Крутецкий В. А. Психология математических способностей школьников. – М., 1968. -380 – 390 б