ҚР Білім беру ісінің
«Құрметті қызметкері» Алдынгурова С.Р.
Ы.
Алтынсарин атындағы №159 гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
Мектеп –
баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі
қалыптастырып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір
балалардың мінез-құлқының қалыптасуында
шешуші рөл атқарады. Баланың тұлғалық
дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет –
олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау. Міне осы
орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып,
жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық және
педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне
байланысты.
Жалпы
білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар
оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан
өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы
себебі – мектептік оқуға деген
қызығушылығының төмендігі немесе
психологиялық дайын еместігі. Осыған қоса мектепте
оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары
ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар,
қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай
бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп
іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды
кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап
оларға интеллектуалдық және физикалық күшті
қажет ететін тапсырмалар береді. Сондықтан қазіргі
таңда жалпы білім беретін мектептердің барлығында мектеп алды
даярлық орталықтарын ашу жүзеге асырылуда.
Бастауыш
мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы
тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның
қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Оқушы
мінезімен пара-пар мұғалімнің жеке басының
үлгісінің, жүріс тұрысының балаларға
әсер ететіндігін белгілі. Мұғалім баланың байсалды,
сабырлы болуына баса назар аударып, оларға қай жағынан болса
да, өнеге көрсетіп отыруы тиіс. Олардың арасында
жолдастық, достық, әдептілік мәселелеріне
арналған әңгіме, диспут, пікір-таластарын ұйымдастырып,
шәкірттердің өз ойларын ортаға салып, талдап отырғаны
абзал.
Балада
тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез
қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау маңызды:
-
баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беруі.
Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз
қолынан келетін істе ғана ата – ана көмек көрсетіп
жіберуге міндетті.
- баланы
еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке
бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа
үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ,
қорқақ етіп өсіреді.
Балаларды
мектепке дейінгі дайындыққа кеткен уақыт пен күшке
қарамастан, бастапқы оқу кезеңінде барлық балалар
белгілі бірнеше қиындықтарды басынан кешіреді. Бұл
балалардың мектепке бейімделу кезеңі. Балалардың мектепке
бейімделу кезеңі мектепке дейінгі және мектептегі өтпелі
кезеңді айтуға болады.
Мектепке
оқуға қабылданар баланы
мектептік болмысқа ендіру, толққанды оқу әрекетін
қалыптастыру - өтпелі кезеңге тән психикалық
дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Сондай
– ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық
өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі
оқу – тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік
береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың
мектептегі оқуына берік тұрғыда қамтамасыз ету. Ол
мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың
ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Баланың
мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық
әсер етеді:
Біріншісі, мектептің
жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш
отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта
орындау жзәне тб. Мұндай дағдылар балада бұрын
қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан
қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб.
Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік
әдеттрдің қалыптасуының алғышарттары
қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа
құбылыстарға бейімделу қиынға соғады.
Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жадайларды дұрыс
ескергендері маңызды.
Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен,
құрбыларыме және отбасымен өзара қатынасына
байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай
ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің
ааторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез
құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын
талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын
бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл
ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ,
ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша
қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада
өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы
бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап
қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды.
Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да
өзгереді. Оның міндеттері де және
құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы
оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет
болғадықтан үлкендер оның ңүн
тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына
қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп,
уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен
ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына
қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы
кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады.
Мұғалімдер бұл кезеңде оқушымен сыртқы
жағдайларына да әсер ететін тапсырмалар береді. Сондықтан бастауыш
сынып мұғалімінен жан-жақты
терең ғылыми білімді, жоғары педагогикалық шеберлікті, адамгершілік қасиетті, табанды ерік-жігер мен
парасатты мінез-құлықты талап етіледі.
Әдебиетер:
1.
Венгер Л.А. Психологическая
готовность ребенка к школе. //Вопросы психологии, - 1984. №4
2. Стыбаева А.Ш. Первичная психологическая адаптация детей
6-7 лет к условиям школы.-Т.,2003.