Баламалы энергияны қолдану заман талабы

 

Жумадилова А.К. т.ғ.к., Есенбаева А., Мақашева А.

5В060800-«Экология» мамандығының студенттері

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз ету бірінші кезекте энергияның экологиялық тиімді өндірісін қолдау жолымен жүзеге асырылатындығы баса айтылған. Осы ретте еліміздің орнықты дамуының индикативті көрсеткіштері жөніндегі жоспарларға сәйкес, отын-энергетикалық теңгеріміндегі энергияның альтернативті көздерінің үлесі 2024 жылға қарай шамамен 5 пайызды құрауы тиіс. Бұл бастаманы жүзеге асыру арқылы мемлекет экономикасын ілгерілетіп қана қоймай, ауаға, жалпы қоршаған ортаға залал тудыратын қалдықтардың көбеюіне жол берілмейтін болады.

Қазіргі уақытта баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі жалпы энергия тұтынудың Европалық Одақта 6%-ын, АҚШ-та 3%-ын, Ресей Федерациясында 0,3%-ын және Қазақстан Республикасында – 0,02%-ын құрайды. Ал Европалық Одақ 2010 жылға бұл көрсеткішті 10%-ға, 2040 жылға – 30%-ға жеткізуді жоспарлап отыр (1-диаграмма).

 

1-диаграмма. Энергияның баламалы көздерін пайдаланудың жалпы энергия тұтынудағы үлесі

 

Жоғарыда айтылғандар, қайта жаңғыртылатын ресурстар мен энергияның баламалы көздері - қазақстандық экономиканың дамуының ең маңызды аспекті екендігін, елдің энергетикалық қауіпсіздігін ұзақ уақытқа қамтамасыз ететін фактор екендігін анық көрсетеді. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы жағдайында қайта жаңғыртылатын ресурстарға жер, су және биологиялық ресурстар, қайта жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарға - күн, жел, гидро-, биоэнергетикалары, топырақтың, жерасты және термальдық сулардың жылуы жатады. Мәліметтерге сүйенсек, осы ресурстарды пайдаланудың мүмкін қоры Қазақстанда жылына 12 млрд. доллар құрайды.

Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы - қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.

Қазақстанда күн энергиясын, қайтарымды қуат көздерін дамытуға толықтай негіз бар. Жағрафиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті.

Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық мәселелердің асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. 

Отын энергетикалық кешенінің негізгі элементтерінің бірі электр энергетикасы болып табылады, республиканың өнеркәсіп өндірістерінің бүкіл көлемінің 7%-нан аса тұтындырады. Шартты түрде отандық энергокешенді үлкен үш өңірге бөлуге болады: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік, Батыс. Солтүстік және Орталық өңірлерге Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары кіреді. Электр энергиясын өндіруде бірінші орынды Екібастұз электр стансасы алады (4000 МВт-қа дейін). Бұл жерде көмір көздері өндірілетін болғандықтан ауданда көмір электр энергиясы басым қолданылады. Оңтүстік өңірі. Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары ортақ желіге біріктірілген, бұл өңірлер Қырғызстан мен Өзбекстан энергия жүйелерімен тығыз байланыста. Арнайы мамандардың бағасы бойынша елімізде жаңартылған энергия көздерінің потенциалы жоғары және оны өндіріп тұтынуға мүмкін, егерде осы көздерді игере бастаса, электр энергия өндірілуі тұтынудан асып түсуі мүмкін. Алайда, мамандардың айтуы бойынша еліміздің территориясы үлкен болғандықтан оны жабдықтау және жаңартылған энергия көздерінің көлемін нақты анықтап білу өте қиынға соғады. Қазіргі уақытта елімізде жел электр энергиясын дамытуға және қолдануға бізде жақсы мүмкіндіктер бар, мысалға Жоңғар ауданында және Шелек аймақтарында желдің жылдамдығы 7-9 м/с және 5-9 м/с. Маңайындағы электр берілістердің болуы да тиімді болып келеді. Егерде елімізге қайта жаңартылған энергия көздерін өндіріске кіргізсек, Қазақстан мыңдаған тонна табиғи ресурстарды үнемдейді және еліміздің табиғаты, ауасы тазарады. Осы бағытты елімізге игеруге басты мәселелердің бірі: - жаңартылған энергия көздерін толығымен жақсы игерген мемлекет біріншілікке ие болады және отынға деген бағаны беріп отырады; - жоғарыда айтылғандай, ол табиғи көздерді сақтап қалуға және оны химиялық өнімдерге және өнеркәсіптің басқа бағыттарына жұмсалуына мүмкіндік береді, өзінің бағасын ақтау уақыты қысқа және балама энергетикаға бағалар төмендейді, ал дәстүрлі энергетикада керісінше қымбаттайды; - табиғатқа зияны тимейді, көптеген экологтардың зерттеулері бойынша отындарды энергетикада қолдану климаттың бұзылуына алып келеді; - адамдардың санының өсуіне байланысты, СЭС және АЭС-тің зияны адамдарға кері әсер етпейтін жерге салуынуы тиіс, АЭС салынған жерлерде адамдардың онкологиялық аурулардың санының өсуі және де басқа аурулардың пайда болуына алып келетіні белгілі; эволюциялық-тарихи: Жердегі отын ресурстарының шектелгеніне байланысты, сонымен қатар атмосферадағы және биосферадағы дағдарыстық өзгерістердің экспоненциальді өсуіне қарай дәстүрлі энергетика дағдарысқа әкелуші болып көрінеді; қоғам эволюциялық дамуы үшін баламалы энергия көздеріне көшуді бастау қажет. Қайта жаңарту энергия көздеріне көшудің тағы бір себебі, олардың негізінде көптеген жоғары технологиялық бағыттардың дамуы, ғалымдарға келетін көмектердің көбеюі. Өзіміздің елімізде 5 МВт-қа дейінгі жел қондырғыларын шығаратын болды, биогазды да ауыл шаруашылығында қолдана бастады, Балқашта елімізде бірінші күн-жел біріктірілген жүйесі салынды. Дәстүрлі емес энергия жүйесі бізде жаңадан және барлығы басынан бастап салынатын болғандықтан ауқымды түрдегі капиталдық инвистициялар қажет. Бірақ, дәстүрлі энергия жүйесінде қолданылатын органикалық отынның құнының өсуі, қоршаған ортаны қорғау мақсатында бөлінетін қаржылардың өсуі дәстүрлі емес энергия көздеріне салынатын ақшадан асып түседі. Ал бұл бағыт әлі де дамыйды және де еліміздегі энергияны сақтаудың ең маңызды бөлігі болып саналатын болады.

Жамбыл облысында алдағы 3 жылда 200 МВт энергия өндіретін су, жел, күн электр станциялары салынады деген жоспарлар бар. Сондай-ақ, Жуалы ауданында қуаттылығы 100 МВт-тық жел электр станциясы, Шу ауданында 110 МВт-тық жел электр станциясы, Т.Рысқұлов ауданында 24 МВт-тық күн электр станциясы, сонымен бірге 18 МВт-тық Меркі ауданында гидро-электр станциясының жобалары жасалуда.

Өңірде қазіргі уақытта жаңартылмалы энергия көздерінің (шағын су, күн және жел электростанциялары) қуаттылығы 78 МВт құрайтын 8 нысаны тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 15,1 МВт-тық төрт гидро-электр станциясы, 12,5 МВт-тық екі жел электр станциясы, сонымен қатар Елбасының қатысуымен өткен жылдың 2 шілдесінде телекөпір барысында ірі жобаның бірі - жылдық қуаттылығы 50 МВт, құны 23,2 млрд.тенге «Burnoye Solar-1» күн электр станциясы іске қосылды. Сондай-ақ, осы кешеннен тағы 50 МВт энергия өндіретін күн электр станциясының жобасы қолға алынуда.

Жоба 3 компания - «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, Ұлыбританияның «United GreenEnergyLimited» және «Тараз» ӘКК» Ұлттық компанияларының қатысуымен жүзеге асуда.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облыс электр энергиясына  деген сұраныстың 40-50%-ын жабуға мүмкіндік береді.

Заманауи талапқа сәйкес еліміздің климатына сай баламалы энергия көздерін қолдану арқылы дамыған қуатты елдердің қатарына кіреміз деген үміттеміз. Сол мақсатта қоршаған ортаға зиянсыз әрі қалдықсыз технологиялар көзіне баламалы энергия көздерін жатқызуға болады. Дамыған елдердің барлығында баламалы энергияны қолдану арқылы дамыған қуатты мемлекетке айналып отырғаны белгілі. Жамбыл облысының аймағы баламалы энергетика көздерін қолдануға ыңғайлы болып келеді. Сондықтан да баламалы энергия көздерін қолдану арқылы біз өлкеміздің экономикасын дамыта отырып, әлеуметтік жағдайды көтеріп, экологияны жақсартуға үлес қосамыз. Артық орын алып отырған күн, жел энергияларын тиімді пайдалануға және ауылшаруашылығынан, мал шаруашылығынан шығып отырған қалдықтарды биогазбен дұрыс алмастыра отырып қалдықсыз ортаға айналуға себепші боламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.М. Берковский, В.А.Кузьминов «Қалпына келтіретін, дәстүрлі емес энергия көздерінің адамдарға қызметі», 1987 ж. 

2. Жамбыл облысының статистикалық мәліметтері, 2015 ж.