ТУРИСТІК ФИРМАЛАРДЫҢ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНЕ

ИННОВАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ

 

Кудабаева Л.А.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

Туризм индустриясында жаңару әркімнің өз қалауына қарай жүзеге асырыла алады. Қазіргі таңда әрбір туристік фирмаларда жаңа технологиялардың қолданылуы сол кәсіпорындардың ұзақ уақыт бойы жұмыс жасап тығырықтан оңай шығуының басты кілті болып отыр.

  Әрбір фирмаларға немесе мекемелерге инновацияларды ендіруден алдын олардың қай жерлерге қажеттілігі бар, сол мәселені анықтап алу қажет. Өз кәсіпорындарында жаңа технологияларды қолдану барысында ол қалай әсер етеді, соған әрдайым сараптама жүргізілген дұрыс. Бұл қадам фирманың қандай жағдайда жұмыс атқара алады, соны анықтауға мүмкіндік береді. Және де әрбір ұйым және кәсіпорындар заманауи жағдайларға сәйкес жаңа өзгерістерге дайын болуы тиіс. Қазіргі  таңда туризм индустриясына инновацияларды қолдану барысындағы жетістіктер, екінші туризм индустриясында инновацияларды қолданбаудын салдарынан келіп жатқан зардаптар. Аталған салалардағы инновацияларды тиімді пайдаланып жатқан  мекемелердің бірі бұл қонақ үйлер және турагенттіктер. Бұлардың өз салаларына жаңа технологияларды енгізудегі ең алғашқы мақсат бұл уақыттарын ұтымды және тиімді пайдалану. [1]

Осы  қазіргі таңдағы кейбір кәсіпорындарымыз инновацияларды  толық ендіріп қолданудың арқасында мынадай даму көрсеткіштерін анықтап көрсетуде. Сол кәсіпорындардың ішінде бастыларын атап өтетін болсақ.  Қонақ үйлердің ішінде Алматы қаласындағы Анкара Интерконтинентал, Қазақстан, Мариот, Рехсос секілді қонақ үйлеріміз үздік әлемдік қонақ үйлердің дәрежесінде дамып сапалы қызмет көрсетіп жатыр. Олай болу себебі бұл кәсіпорындар тек жаңа технологиялардың көмегімен жұмыс атқара алады. Ал саяхат агенттіктерінің ішінде Гулнар тур кәсіпорны, Тez Tour секілді агенттіктер жаңа технологиялардың көмегімен даму үстінде.

Тez Tour - бұл фирма алғаш Түркия мемлекетінде құрылған. Арада үш жыл өткеннен кейін бұл кәсіпорынның бөлімшелері Тайланд, Египет, Испания, Куба мемлекеттерінде де ашыла бастады. Бұл кәсіпорынның негізгі мақсаттары алғашқы кездерден бастап-ақ адамдарға әртүрлі сапарларға тур ұйымдастырып, сапалы да жылдам қызмет көрсету болып табылды.

Ал қазіргі таңдағы Тez Tour саяхат агенттігі жаңа технологиялардың ең соңғы түрлерімен қатар жаңа бағдарламаларды қолдану арқылы жұмыс атқарады. Соның нәтижесінде төмендегідей жоғарғы дәрежедегі нәтижелерді көрсетіп отыр.  Осы саяхат агенттігіне сараптама жүргізу нәтижесінде соңғы үш жыл ішіндегі даму көрсеткіштері анықталды. [2]

                   Диаграмма 1

Tez Tour саяхат агенттігінің үш жылдық қызмет көрсеткіші

2011ж – 450 мың туристке қызмет көрсетілген, пайдасы-4 млрд, турөнім саны-250

2012ж – 600 мың туристке қызмет көрсетілген, пайдасы-6 млрд,турөнім саны-500

2013ж – 750 мың туристке қызмет көрсетілген, пайдасы-7,5 млрд, турөнім саны-650                                                     

      

Тez Tour саяхат агенттігінің әлемдік деңгейде туристерге соңғы жылдары сатылған турөнімдерге қатысқан туристердің саны диаграммада анықталып көрсетілді. Осы нәтижелер бұл саяхат агенттігінің соңғы жылдарда нәтижелі қызмет көрсеткенін анықтап, даму көрсеткіштерін қарастырған. Бұл даму көрсеткіштерінің мұндай тұрғыда қарқынды даму себептерінің негізі жаңа технологияларды саяхат агентіктеріне ендіріп, жаңа бағдарламалар арқылы жұмыс атқаруының нәтижесінде пайда болып отыр.

  Еліміздегі туризм индустриясының негізгі нысандары көбінен үлкен қалаларымызда өз қызметін ұсына бастады. Соның ішінде қонақ үйлер, көңіл көтеру орындары, мәдени үйлер секілді туризм индустриясының нысандары бірте-бірте ашыла бастады. Алайда еліміздің тәуелсіздігін жаңа алған мемлекетімізде әлемдік нарықтағыдай жаңа өзгерістер бола қойған жоқ. Бұлай айтуымыз барлық кәсіпорындар өздеріне деген жаңа өзгерістерді, яғни жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіншілік ала алмады. Жалпы инновация дегеніміз не, ол біздің мелекетімізде қалай пайда болды деген сауалдар көпшілікті қызықтыратыны анық. [3]

Қорыта келе туристік саланың кез-келген кәсіпорындарында  инновацияны қолданудың маңызы жоғары екендігін байқаймыз. Ал бүгінгі дамыған заманда бұл технология түрлерін әлі күнге дейін қолданбайтын кәсіпорындардың дамуы тежелуде, тіпті үлкен шығынға ұшырауда десек те болады.

Әдебиеттер:

1. А.Д. Чудновский "Туризм и гостиничное хозяйство" - М.: Экмос, 2000

2. www. Tez tour. Com

3. Деловой туризм Казахстана [Электронный ресурс] / Режим доступа:

      http:www.tio.kz. - Загл. с экрана.