Экономические
науки/2. Экономика сельского хозяйства.
Экономика Магистры Жаналиева Л.Т.
Мухамед
Хайдар Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан
Ауыл
шаруашылық өндірісін дамытудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»
атты халыққа арнаған
Жолдауында еліміздің тәуелсіздік жылдарында өз тарихында
бұрын-соңды жетпеген жетістіктерге жетіп, биіктерге
көтерілгендігін атап өтті.
Тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылығына да көп
көңіл бөлініп отырғаны белгілі, соған
қарамастан кейінгі жылдары ауыл тұрғындары көптеп
қалаларға көшкендіктен, кейбір ауылдарда ауыл шаруашылығының
кейіндеп қалғандығы жасырын емес. Оның үстіне
ауыл шаруашылығы жұмыстары
қажырлы да табанды еңбекті талап етеді.
Қазіргі кезде халқымыз
үшін Ұлы дала дегеніміз- туған жер, туған ауыл екендігі
жиі айтылады. Демек, мемлекетіміздің тірегі, іргетасы да ауылда,
тамырымыз да –ауылда. Сондықтан ауыл мәртебесін көтеру
әрбір саналы азаматтың парызы десек те болады. Дегенмен ауыл
шаруашылығын көтеру мәселелері бірден шешіле салмайтыны
анық, себебі Қазақстанның аграрлық секторы
бұрынғы одақтық шикізаттың қосалқы
саласы ретінде дамыды және аграрлық өндірісте капитал
салуға ең қолайлы сала астық өндіру кешені болып келді.
Жалпы
Жамбыл облысының ауа райы және табиғаты ауыл
шаруашылық
өнімдерінің қандай түрлерін өсіруге де
қолайлы екендігі анық.
Бірақ жекешелендіру
жылдары көптеген шаруашылықтың тарап кетуіне байланысты,
жеміс-жидек, алма – жүзім, қызылша, көкөністер
өсіретін шаруашылықтар жұмыстары тоқтап
қалғандығы аян. Облыс тұрғындары мұндай
өнімдерді, тек қана базарлардан алады және олар жақын
ТМД елдерінен, тіпті алыс шет елдерден әкелінеді да бағалары
қарапайым отбастарына қолжетімсіз болады. Қандай жеміс ексең де аямай өнім беретін дархан
жерлерімізді тиімді пайдалану туралы ойлайтын мезгіл жеткен сияқты. Осындай игі істерді дамытудың жолдары
қандай болмақ?
Еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі
жағдайы инвесторлар үшін келесі факторларға байланысты
тиімсіз, қауіпті сала болып отыр:
- аграрлық өндірістің табиғи факторларға
тәуелділігіне байланысты жақсы өнім алып, салынған
қаржыны толық қайтарудың сенімсіздігі;
- ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы
жұмыс күшін, материалдық-техникалық және
басқа қорларды толық пайдалануға мүмкіндік
бермеуі, яғни табыстың
бірқалыпты түспеуі.
Капитал айналымы жай және түсетін пайда өте төмен
болғандықтан инвесторлар бұл салаға аса
қызықпайды. Әлемдегі аграрлық экономикасы дамыған
елдер тәжірибесіне қарасақ, олар табиғи
факторларға байланысты алдын ала шаралар қолданып, ауыл
шаруашылығы өнімін өндірушілерге әртүрлі
қолдау көрсетіп, жағдай туғызып отырады.
Қазіргі кезде кез-келген кәсіпорындар үшін қаржы
ресурсы бірінші маңызды құрал екендігі аян. Олар
өндірісті ұлғайтуға (қызмет көрсетуге),
өндіріске қажетті шикізатты сатып алуға және өз
қарамағындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын
көтеруге жұмсайды.
Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншікті
инвестициялық мүмкіндігі шектеулі.
Бірақ алдағы
уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз
үшін отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қойылатын
болады. Жамбыл облысы агроөнеркәсіптік кешені дамыған
құнарлы өлке болып табылады. Облыстың ауыл
шаруашылығы өндіріп отырған өнім үлесі жалпы
республикалық көрсеткіштің 4,7 пайызын құрайды,
деп хабарлады pm.kz сайты.
Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің
көлемі 1994 жылғы 5 млрд. теңге көрсеткіштен 68,5 млрд.
теңгеге дейін өсті. Жетілген агротехникалық
технологиялардың арқасында өңірде егін шығымы
тұрақты артуда. Атап айтқанда, дәнді
дақылдардың шығымдылығы 1994 жылғы 9,4
центнер/гектар көрсеткіштен 2014 жылғы 16,4
центнер/көрсеткішке дейін өсті. Астықтың орташа
жылдық өндірісі 480,3 мың тоннаны құрайды. 2014
жылы 376 млн. тоннадан астам дәнді дақыл жиналды.
Жамбыл облысында егін шаруашылығын әртараптандыру
жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда,
дәнді дақылдар егілген алқаптар 1991 жылмен
салыстырғанда 6,4 есеге, көкөніс-бақша алқабы - 4,4
есеге, жеміс-жидек алқабы - 3,5 есеге, картоп алқабы 1,9 есеге
ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші
кәсіпорындар өндірген өнімдердің көлемі 1994
жылмен салыстырғанда 21 еседен астамға ұлғайды.
Жылыжай
шаруашылықтарының ауданы да 1991 жылмен салыстырғанда 2,1
есеге өсіп отыр. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында жалпы
ауданы 21,2 гектарды құрайтын 304 жылыжай жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы дамыған шетел өндірістерінде ауыл
шаруашылық кооперациясы кең тараған. Оларда табысы мол
кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде,
азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу
және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер
көптеп ұйымдастырылған.
Мысалы, Батыс Еуропада ауыл
шаруашылық кооперативтері төмендегідей қызметтермен шұғылданады:
-сүт өнімдерін өңдеу;
-ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін,
материалды-техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, ішкі
нарықта өнімді сату және экспортқа шығару;
-астық өсіру, жинау және өңдеу;
-ет және ет өнімдерін өңдеу;
Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі
және сыртқы нарықта
ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырады
және қадағалайды.
Жеміс-жидек, жүзім өндіру
және оларды қайта өңдеумен айналысады.
Ауыл шаруашылық
коорперациясының өзіне тән орындалатын ерекшеліктері
төмендегі бағыттармен жүзеге асады:
-өндірістік кооперативтерге еркін
мүше болу және кооператив мүшелерінің
экономикалық мүддесіне
қайшы келмеу;
- шаруашылық кооперативтерін басқару жүйесіне
сәйкес, демократиялық келісушілікке қарай
өзін-өзі басқару;
- коорперация мүшелері қажетті деңгейде табыспен
қамтамасыз етіледі.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кооперация негізінде
бірлесуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұрмыс
жағдайының тез арада жоғары деңгейге көтерілуіне
қолайлы жағдай туғызады. Мұндай шаралар мен
жетістіктерді Дания елдері кооператив қозғалысындағы
тәжірибеден көруге болады. Данияда алғашқы ауыл
шаруашылық кооперативтері ХІХ ғасырдың соңында
құрыла бастады, содан бері олар елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді.
Оларда, кооперативтер арқылы өндірістің жоғарғы
деңгейде, тұрақты дамуы қалыптасты.
Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан
басқа, өндіріске құрал-жабдық, саймандарды
үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа
қызметтерді табысты атқарып келеді.
Мұндай тәжірибені үйрену Қазақстан
агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер
ететіндігі даусыз. Қазақстандағы меншіктіктің көп
түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын кооперация негізінде
дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта дамуына
жол ашар еді. Сонымен қатар
өндірістік кооперативтер басқа да
құқықтық ұйымдастыру түрлерімен
бірге, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде немесе шаруа
(фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде
құрылуы арқылы дамуы тиіс.
Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін:
астық, жеміс-жидек, мақта, сүт, ет және тағы
басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде,
толық кешенді технология жүйелерін пайдалана отырып
ұйымдастырылуы қажет. Олар кооперативке бірігу арқылы,
арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника,
инновациялық технологияларды дер кезінде сатып алып, өндіріске
білікті ауыл шаруашылық мамандарын дайындап, қатыстыру арқылы, өзіндік құны
төмен, бәсекелестікке жауап берерлік сапалы өнім
шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.
Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың
жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары,
арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының
қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері
жете бермейді. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың
қуатын толық және тиімді пайдалана алмауда. Себебі,
шағын ұйымдардағы, техникаларды пайдаланатын жер және
өндіріс көлемі өте
төменгі дәрежеде және шағын аймақтарға
орналасқан. Мұның барлығы, өндірісте қол
еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің
өзіндік құны деңгейінің жоғары болып,
сапасыз өнім өндірілуіне әкеп соқтырады. Олардың
өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін,
қаладағы тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін,
үлкен шығын және қиыншылыққа айналуда,
себебі алып-сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен
кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан
өнім сататын, сенімді, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындармен
жүргізгісі келеді.
Сонымен қорыта
айтқанда,
агроөнеркәсіп өндірісінде кооперациялау процесін
дамыту, кең көлемде арнайы техника, жаңа технологияларды
бірлесе пайдаланып, нарықтық сұраныс талабына сай,
бәсекеге қабілетті
жоғары өнім өндіруге мүмкіншілік тудырады.
Әдебиет:
2. Жақашев, Б. Р,
Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін
жақсарту мәселелері/ Дала мен қала. 2014
3.
Б. Мырзабаев, Ауыл шаруашылық салаларының қазіргі даму
жағдайлары /Қоғам және дәуір. 2005