Экономикалық ғылымдар /4. Инвестициялық қызмет және қор нарықтары

 

Э.ғ.к. Айдосова Б.Х.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

Уақыт ішіндегі қолма қол және фьючерстік бағалар

 

Фьючерстік келісім-шарттың бағасы биржада жарияланымдық, жұрт алдында және ашық сауда арқылы анықталады.

Фьючерс саудагерлері негізінен базалық нарыққа бағытталған.

Алайда қазіргі уақытта, фьючерс нарығындағы операциялар көлемі нақты тауарлар нарығындағы операциялар көлемімен тек салысытырылатындай ғана емес, одан асып түсетіндіктен нақты тауар саудагерлері фьючерске қарай бейімделе бастады.

Нақты және фьючерстік нарықтар – барлығы бір-бірімен өзара байланысқан бірыңғай жүйе. Егер «спот» нарығының көлемі фьючерс нарығының көлемінен көп болса, онда базалық нарықтың туынды нарыққа әсері қаттырақ. Ал егер «спот» нарығының көлемі фьючерс нарығының көлемінен аз болса, онда барлығы керісінше болады [1, c.138-139].

Базистің тағы бір маңызды қасиетін айта кеткен жөн – белгілі уақыттық кезеңдердегі олардың іс әрекетінің қайталанымдылығы. Оны нақты ауылшаруашылық тауарда көрсетейік. Ауылшаруашылық тауарларына келесі тенденциялар тән: өнімді жинау уақытында базис негізінен әлсіз болады, себебі тауар нарықта көп, ал жыл бойы базис біртен бірте күшейеді. 

Сұраныс пен ұсыныстың сәйкес болу жағдайында нақты тауардың оған қоса келешекте жеткізуі бар тауар бағасы шынайы қолма қол бағаға оған қоса тауардың осы уақыттан жеткізу уақыты келгенге дейінгі тасымалдау мен сақтау шығындарын қосқандағы бағаға шамамен тең болады. Бұл шығындар тауарды жеткізу шығындары деп аталады, және қолма қол бағаға фьючерстік бағаның үстемелеуін анықтайды және базистің өзгеруіне айтарлықтай маңызды әсер береді [2, c. 223].

Шығындарды есептеу үшін үш компонент есептелінеді: тауарды сақтау құны, тауарды сақтандыру құны, көрсетілген шығындарды қаржыландырумен байланысты пайыздық төлемдер.

Тауарды жеткізу шығындары:

- тауарды сақтау құны;

- тауарды сақтандыру құны;

- көрсетілген шығындарды қаржыландырумен байланысты пайыздарды төлеу.

Мысал. 1 бушель жүгеріні сақтау айына 5 цент тұрады, ал сақтандыру айына 1 бушельге 0,25 цент болады. Пайыздық төлемді есептеу үшін сақталынып отырған тауардың құнын сәйкес жылдық пайыздық қойылымына көбейтіледі. Осылайша, егер жүгерінің 1 бушелі 2,50 $ және пайыздық қойылымы жылдық 10 пайыз болса, онда 1 бушель жүгерінің сақтау пайызының сомасы жылына 25 цент болады немесе айына 2 центтен кішкене ғана көбірек болады. 

Біздің мысалымызда келесі шығындар бар:

- сақтау: айына 1 бушельге 5 цент;

- сақтандыру: айына 1 бушельге 0,25 цент;

- пайыздар: айына 1 бушельге 2 цент.

Барлығы: айына 1 бушельге 7,25 цент.

Ұзағырақ уақытқа шығындарды есептеу үшін бір айдың шығынын тауарды сақтау керек айлардың санына көбейту қажет. Егер шығындар 1 бушельге 7,25 цент болса, онда толық шығын қарашадан наурызға дейінгі айды есептегенде 29 цент болады(7,25 х 4 ай). Наурыз саналмайды, себебі қолма қол бидай наурыздық келісім-шарт бойынша 1 наурызда жеткізілуі мүмкін [2, c. 224].

Ұсыныстың сұраныспен тең болу жағдайында, фьючерстік бағалар осы күннен бастап тауарды жеткізу айының бірінші күніне дейінгі сақтау бағасына тең болатын қолма қолға сыйақысы болады. Сонымен, фьючерстік бағалар ағымдағы қолма қол бағаға тауарды сақтаудың сәйкес шығындарын қоса есептегенде шамамен тең келеді. Мұның өзінде нақты тауарды сақтау расында да осы тауарды сақтау мен оның сапасын өз деңгейінде ұстауымен қатысты шығындарға жол береді, ал фьючерстік келісім-шарттың шығындары нольге тең десек те болады (жалғыз ғана шығынмаржаны төлеуғ бірақ оның көлемі өте аз). Фьючерстік келісім- шартты ұстаудағы нағыз шығын ол комиссиялық шығындар, бірақ олардың көлемі нақты тауардың шығындарымен салыстырғанда айтарлықтай көп емес.

Сонымен, келесі қорытындыны жасауға болады:

Тауарға ие болудың екі әдісі бар:

1) нақты нарық (спот) – жедел ие болу, қосымша шығындар;

2) фьючерстік нарық – мерзімі ұзартылатын иелік, қосымша шығындардың болмауы.

Мысал. Қараша айында тамақ өнімдерін өндіруші наурыз айында жүгері  сатып алу керек екенін біледі. Ол үшін оған екі жол бар.

1. Бағаның өсетінін біле тұра және өз шығындарын қазір бекіту арқылы, ол жүгеріні қазір –қол сатып алып наурызға дейін сақтауына болады. Бұл өз кезегінде, төрт ай ішінде айына бір бушельге 7,25 цент шығын болады, яғни бір бушельге 29 цент. Егер қазіргі қолма қол жүгерінің бір бушелі 2,25$ болса, онда жүгерінің жалпы бағасы – наурызға дейін сақталатын төрт айды қоса есептегенде бір бушелі 2,54 долл. болады (2,25 + 0,29).

2. Ол наурыздық фьючерсті сатып алып, төрт ай бойы қолында ұстап және тауардың жеткізілуін күтуіне болады. Бұл жерде фьючерсті ұстап тұруға шығын болмайтындықтан, фьючерстің бағасы 2,54$ аз болуы – тиімдірек балама. Демек, сақтауға кететін шығын айырмашылығы бүгін жеткізілген қолма қол тауардан гөрі бушелі 29 цент тұратын фьючерсті бағалырақ етеді (оның өзінде біз сапа мен тасымалдау факторын есептемейміз) [2, c. 225].

Әдебиеттер:

1. Царихин К. С. Практикум по курсу «Рынок ценных бумаг». Учебное пособие. Часть I. – М.: – 212 с.

2. Дегтярева О.И., Кандинская О.А. Биржевое дело: Учебник для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997. -503 с.